Баланы таяқпен тәрбиелеген дұрыс па?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баланы таяқпен тәрбиелеген дұрыс па?

Материал туралы қысқаша түсінік
«Балалы үй-базар, баласыз үй –қу мазар» деп жатамыз. Кез келген отбасының мәні мен сәні-бала. Бала-өміріңнің жалғасы, өзеніңнің арнасы. Оның әр риясыз қылығы жаныңа жұбаныш,көңіліңе қуаныш сыйлайды.Әр ата-ана бағып-қағып отырған перзентінің келешекте салиқалы, елінің бетке ұстар азаматы болғанын қалайды. Ол үшін ең алдымен балаға дұрыс тәрбие бере білу керек. Себебі, ұрпақ тәрбиесі-қай кезде де маңызды мәселе. Алайда баланы таяқпен тәрбиелейтін отбасылар қаншама. Өкінішке қарай, әке-шешелердің басым көпшілігі зорлық-зомбылықты тәртіпке салумен шатастырып жатады. Халықаралық ЮНИСЕФ мәліметінше, елімізде ересектердің шамамен 75%-ы отбасыдағы балалардың жүріс-тұрысын бақылау үшін физикалық күш көрсетуді құптаса,ата-аналардың 67%-ы балаларды тәрбиелеуде зорлық-зомбылық түрлерін қолданады екен. Елімізде балаларды ұрып-соғу фактісі жиі тіркелетіні жасырын емес.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Баланы таяқпен тәрбиелеген дұрыс па?

«Балалы үй-базар, баласыз үй –қу мазар» деп жатамыз. Кез келген отбасының мәні мен сәні-бала. Бала-өміріңнің жалғасы, өзеніңнің арнасы. Оның әр риясыз қылығы жаныңа жұбаныш,көңіліңе қуаныш сыйлайды.Әр ата-ана бағып-қағып отырған перзентінің келешекте салиқалы, елінің бетке ұстар азаматы болғанын қалайды. Ол үшін ең алдымен балаға дұрыс тәрбие бере білу керек. Себебі, ұрпақ тәрбиесі-қай кезде де маңызды мәселе. Алайда баланы таяқпен тәрбиелейтін отбасылар қаншама. Өкінішке қарай, әке-шешелердің басым көпшілігі зорлық-зомбылықты тәртіпке салумен шатастырып жатады. Халықаралық ЮНИСЕФ мәліметінше, елімізде ересектердің шамамен 75%-ы отбасыдағы балалардың жүріс-тұрысын бақылау үшін физикалық күш көрсетуді құптаса,ата-аналардың 67%-ы балаларды тәрбиелеуде зорлық-зомбылық түрлерін қолданады екен. Елімізде балаларды ұрып-соғу фактісі жиі тіркелетіні жасырын емес. Әсіресе,соңғы кезде балабақшада бүлдіршіндерді таяқтың астына алды дегенді естігенде біртүрлі күй кешесің. Жалпы, баланы қамшымен де, қабақпен де қаймықтырған қазақи тәрбиенің жөні бөлек болған-ау. Жақында бір анадан осы мәселе төңірегінде сұрадым. Сондағы жауабы: -Әкенің айбаты ғана емес, шапалағы да керек. Үйде біреуден сескенбеген бала дұрыс адам болмайды. Адам қорыққанын сыйлайды. Өзіміз де таяқ жеп өстік, бірақ жаман болған жоқпыз..

Әрине,еш ата-ана өз бауыр еті баласын жамандыққа қимайды. «Баланы ұрмау керек» деп айту оңай болғанмен, үлкен кісі балаға еш себепсіз қол көтермесі аян. Қызметіндегі келеңсіздік, әлеуметтік жағдайының төмендігі сияқты ашу-ызасын баладан алуға түрткі болатын жағдайлар аз емес. Бірақ,сана болмаса, сабаудан пайда жоқ. Өйткені, үнемі соққы көріп, ер жеткенше үлкендердің айғайынан көз ашпау баланың денсаулығына да, ақыл-ойына да теріс әсер етеді. Мамандар үнемі ұрып-соғу арқылы тәрбиеленген бала өз қатарластарынан физикалық және әлеуметтік тұрғыда кеш жетілетінін айтуда. Психоэмоционалдық қысым салдарынан баланың ұйқысы бұзылып, тәбеті қашады, тіпті тілінде мүкістік пайда болуы мүмкін. Өзінен әлсізге күш көрсетіп, күштіден жалтақ болады. Күйзеліске түсіп,өз-өзіне қол жұмсауға дейін барады.Қандай да бір істі тек сізден қорыққанынан жасаса, соңы не болмақ? Бала бойындағы осындай депрессия ұлғая келе, мінез ерекшелігіне қарай агрессиялық әрекеттерге жетелеуі мүмкін. Өзіне деген сенімділігі төмендеп, айналасына жеккөрініштікпен қарайды.Сонымен қатар, баланың тілін табу қиын болған жағдайда психолог,әлеуметтік қызметкерге барып көр деген секілді кеңес ұсынып жатады. Бірақ өз баласын дұрыс тәрбиелей алмаған ата-ананы қандай да бір маман түзу жолға түсіріп, қиын жағдайдан біржолата құтқарады деуге болмас. Және баланың қабілет-қарымын, туабітті мінезін психолог емес алдымен өзінің әке-шешесі біледі емес пе?! Сөйтіп балаңыздың өзіңізге, жалпы өмірге деген кіршіксіз көңілін кірлетіп аламын деп қорықпайсыз ба? Сізден жасқанып,өтірік айтуға мәжбүр болады. Ал заң бала құқығын қалай қорғайды? Әлемнің 42 мемлекетінде балаларды ұруға толық тыйым салынса, Африка мен Шығыс Азияның көптеген елдерінде балаларды жазалауға заңды түрде рұқсат берілген. Қазақстанда бүлдіршіндер мен жасөспірімдерді ұруға тыйым салатын арнайы заң жоқ. Қылмыстық кодексте кәмелетке толмаған адамды тәрбиелу жөніндегі міндеттерді орындамау (140-бап), балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамау (141-бап),қорғаншы не қамқоршы құқықтарын теріс пайдалану (142-бап) іс-әрекеттері үшін жаза қарастырылған. Осы орайда балаларға зәбір көрсетіп не болмаса өміріне қауіп төндіретіндей жағдайға ұшыратқан ата-аналарды жазалайтын арнайы заң шығарылғаны дұрыс деп есептеймін. Және мемлекет жекеменшік балабақшадағы былықты жіті қадағалауы керек. Ең сорақысы, бір рет жұдырық жұмсағанның өзінде қаншама сәби суицидке барып, қыршын кетіп жатыр. Сондықтан, бала тәрбиелеп отырған ата-аналар, балаларыңызды емес, бірінші кезекте өздеріңізіді тәрбиелеңіздер. Қазіргі жаhандану заманын бұрынғы кезеңмен салыстыруға мүлде келмейді. Соған байланысты балалар да өте сезімтал,осыдан отыз-қырық жыл бұрынғы балалар секілді қамшыға қайғырмайтын емес. Бір ауыз дөрекі сөйлесең, соның өзі психикасына әсер етеді. Сол үшін оларға тек үлгі болу арқылы тәлім бере аласыздар. «Санасызға сан айт, оясызға он айт» деген даналық бар. Ең бастысы, ата-ана мен бала арасында рухани үйлесімділік болуы тиіс. Белгілі бір істің дұрыс-бұрысын сөзден гөрі іспен көрсету үздік тәрбие қағидаттарының басты шамшырағы екені халық педагогикасында айтылған. Елбасымыздың жарлығымен 2022 жыл «балалар жылы» деп жарияланды. Себебі, ел болашағы жалынды жастардың қолында. Ал отбасында қорлық-зорлықты көп көргендіктен өз ойын ашық айта алмайтын, жасқаншақ болып өскен бала елдің ертеңі бола ала ма?

Жоғарыда айтып өткендей, қазақстандықтардың 75%-ы балаға қол көтеруге болады деп санайды. Демек, біздегі баланың жартысынан көбі тіл алғыш, бірақ тұлға емес. «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын» дегенді естен шығармаған жөн болар.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.07.2022
302
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі