Материалдар / Күнделікті кітап оқуға 5 себеп

Күнделікті кітап оқуға 5 себеп

Материал туралы қысқаша түсінік
Мен-рухани байлыққа толы,адамның жан дүниесін тазартумен қоса,білім мен тәрбиеге жетелейтін маңызды құралмын.Қазіргі кезде мені әсіресе жастар сирек оқитын болды.Күн сайын өзін дамытып,таңым көкжиегін кеңейтіп,білімге деген ұмтылысын арттырудың орнына керісінше істеп жатады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Шілде 2022
187
0 рет жүктелген
693 ₸ 770 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күнделікті кітап оқуға 5 себеп

Мен-рухани байлыққа толы,адамның жан дүниесін тазартумен қоса,білім мен тәрбиеге жетелейтін маңызды құралмын.Қазіргі кезде мені әсіресе жастар сирек оқитын болды.Күн сайын өзін дамытып,таңым көкжиегін кеңейтіп,білімге деген ұмтылысын арттырудың орнына керісінше істеп жатады.

Жасөспірімдер арасында кең таралып кеткен бұл мәселені ескере отырып,бүгін мен сіздерге мына 21ғасырда мені күнделікті оқуға маңызды 5 себеп жайлы айтамын.

1.Мен миыңызды тыңықтырамын

Егер де сіз жанынызға жақың кітапты тауып,бүкіл назарыңызды маған аударып,беріліп оқысаңыз,стресс,қобалжулардан арылып,өзіңізді тыныш сезінесіз.

2.Мен жазу шеберлігінізді жақсартып,сөздік қорыңызды байытамын

Мені күнделікті оқыған адамның сөйлеу мәнері дамып,сауаттылық деңгейі жоғарылай түседі.Көпшіліктің алдында еш қиналмай,өзінізді сенімді түрде ойынызды анық жеткізетін боласыз.

3.Мен нағыз білім ошағымын

Мына мені «білім-өмір шырағы»демекші,мен адамдарды білім нәрімен сусындатамын.Түрлі қызықты дереккөздер немесе сюжеттер оқу арқылы оқырман менен өзіне жаңа ақпарат алып,басқаларымен бөліседі.Біліктілігі мен ақылдылығының арқасында басқаларына үлгі болып,олардың үлкен құрметі мен алғысына бөленеді.

4.Мен қиялы көзқарастың дамуының кілтімін

Мен-адамның фантазиясының жұмыс істеуіне үлкен себепкермін.Мені оқып жатқан сәтте,оқырман кейіпкерлерді елестетіп,оқиғаның суретін ойша құрастырады.Фантазияны дұрыс қалыптастырудың арқасында, оқиғаны басқашалай өзгертіп,кейін болашақта өзіңіздің түрлі қызықты әңгімелеріңізді жазып немесе фильмдегі сюжет құрастыруынынызға кепіл боламын.

5.Мен аналитикалық қабілетті дамытамын

Күнделікті мені оқу оқырманның оқып жатқан романының әрбір детальға мән беруі арқылы оның құпиясын ашуға көмектеседі.Аналитикалық қабілеттің жақсы дамығанының әсерінен,шығарманың дұрыс құрылуын немесе сөздердің орынды қолдануы сияқты нәрселерді критикалық түрде бағалау қабілетіне ие боласыз.

Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!