Қазақстан Президентінің сайлауы-2022: Жаңа Қазақстан – біздің болашағымыз!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақстан Президентінің сайлауы-2022: Жаңа Қазақстан – біздің болашағымыз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1-қыркүйекте Қазақстан халқына жолдауы өткен болатын. Жолдауда Қазақстанды дамытуға бағытталған реформалардың негізгі бағыттары белгіленді. Қазіргі таңда болып жатқан геосаяси жағдайда мемлекетіміз мықты, болашағымыз айғақ болу үшін реформалар мен мемлекетті дамыту бағдарламаларын нық ұстануымыз керектігіне баса назар аударды. Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет екендігі айтылып, көптеген дамыған, озық мемлекеттер секілді президент өкілеттігі мерзімдерінің саны мен ұзақтығы қайта қаралды. Осылайша президент мандатының ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеу ұсынылған болатын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Президентінің сайлауы-2022:

Жаңа Қазақстан – біздің болашағымыз!


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1-қыркүйекте Қазақстан халқына жолдауы өткен болатын. Жолдауда Қазақстанды дамытуға бағытталған реформалардың негізгі бағыттары белгіленді. Қазіргі таңда болып жатқан геосаяси жағдайда мемлекетіміз мықты, болашағымыз айғақ болу үшін реформалар мен мемлекетті дамыту бағдарламаларын нық ұстануымыз керектігіне баса назар аударды.

Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет екендігі айтылып, көптеген дамыған, озық мемлекеттер секілді президент өкілеттігі мерзімдерінің саны мен ұзақтығы қайта қаралды. Осылайша президент мандатының ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеу ұсынылған болатын.

Осылайша, Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, 1 қыркүйекте Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтетіндігін мәлімдеді. Кезектен тыс президенттік сайлау 2022 жылдың 20 қарашасына белгіленді.

Осыған байланысты, соңғы жылдары көптеген мемлекеттердің қызығушылығын тудырып отырған – Оңтүстік Кореяның президенттік сайлау жүйесін мысалға алып салыстыратын болсақ, 1987 жылдың желтоқсан айынан бастап президентті жалпыға бірдей, тең құқылы, тура және жасырын сайлау негізінде халық сайлайды, және де мерзімі аяқталғаннан кейін екінші рет сайлауға қатысуға құқығы жоқ. Оңтүстік Корея Конституциясына сәйкес, президенттік мерзімі бір бес жылдық мерзіммен шектеледі, яғни 2022 жылы 9 наурызда өткен сайлауда 47,85 жеңіске жеткен қазіргі президент Юн Сок Ёль екінші мерзімге сайлауға түсуге құқығы жоқ. Мұндай сайлау жүйесі халық арасындағы президентке деген сенімді арттырып, президенттің халыққа деген адалдығын жоғарлатады.

Қазақстан президентінің сайлауына екі аптадан аз уақыт қалды. Президенттікке үміткерлер: қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, «Ауыл» партиясы атынан - Жигули Дайрабаев, «Аманат» кәсіподақтар достастығы атынан - Мейрам Қажыкен, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан - Нұрлан Әуесбаев, кәсіби әлеуметтік жұмыскерлердің ұлттық альянсы» атынан - Қарақат Әбден, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» бірлестігі атынан - Салтанат Тұрсынбекова.

Әр үміткерлер ең алдымен халыққа кандидаттың саяси бағытын, оның міндеттері мен идеясын анықтауға мүмкіндік беретін өзінің сайлау алды бағдарламасын ұсыну қажет. Әр үміткер мемлекеттік істерден хабардар, қоғамдық қөңіл-күйді түсіне алатын, әр халықтың өмірін жақсартуға бағытталған нақты-нақты іс-қимыл бағдарламалары болуы қажет.

Халық тарапынан, ең алдымен әрбір үміткердің бағдарламаларын егжей-тегжейлі қарастырып, мемлекеттің болашағына пайдасы тиетін халық адамын сайлау керек. Осыған байланысты, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің әр факультетінде дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, үміткерлердің бағдарламалары қызу талқыланып жатыр.

Ел басшысы Қазақстан халқына жолдауында Реформалардың табысты түрде жүзеге асуының ең басты кепілі – халықтың сенімі екендігін атап өткен болатын. Әр үміткерлердің бағдарламаларын жақсылап талдап, сеніммен қарап, 2022 жылдың 20 қарашасында өтетін президенттік сайлаудан қапы қалмай, өз болашағымыздың негізін сенімді түрде қалайық!



Бегалиева Маржан

Алматы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 

Шығыстану Факультеті, 

Қиыр Шығыс кафедрасы


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.11.2022
346
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі