Материалдар / Отандық шоу-бизнестің тағдыры…
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Отандық шоу-бизнестің тағдыры…

Материал туралы қысқаша түсінік
Өнер сүйер қауым үшін шоу-бизнес әрдайым құпия мен сырға толы әлем болып келеді. Көрерменге өнер адамдарының тек көгілдір экрандағы жарқыраған бейнелері, ақиқат не жалғандығы белгісіз берген сұхбаттары мәлім. Расында, бізге экраннан сахна, образ, ән, қойылым-барлығы дерлік дайын кейіпте көрсетілгендіктен, ешбір мін байқамай, бәрі оңай сияқты қабылдап жатамыз. Осы бір «мінсіз» көріністің артында қандай үлкен еңбектің жатқаны, қанша қаражаттың салынғаны біз үшін жұмбақ. Алайда, отандық шоу-бизнестің пайда болғанына талай жыл өтіп, қанша қаражат салынса да, бір орыннан ілгері қозғалар түрі көрінбейді. Дәл осы мәселе қазақ өнеріне жаны ашитын әрбір жанды алаңдататыны анық.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Маусым 2022
169
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Отандық шоу-бизнестің тағдыры…

Өнер сүйер қауым үшін шоу-бизнес әрдайым құпия мен сырға толы әлем болып келеді. Көрерменге өнер адамдарының тек көгілдір экрандағы жарқыраған бейнелері, ақиқат не жалғандығы белгісіз берген сұхбаттары мәлім. Расында, бізге экраннан сахна, образ, ән, қойылым-барлығы дерлік дайын кейіпте көрсетілгендіктен, ешбір мін байқамай, бәрі оңай сияқты қабылдап жатамыз. Осы бір «мінсіз» көріністің артында қандай үлкен еңбектің жатқаны, қанша қаражаттың салынғаны біз үшін жұмбақ. Алайда, отандық шоу-бизнестің пайда болғанына талай жыл өтіп, қанша қаражат салынса да, бір орыннан ілгері қозғалар түрі көрінбейді. Дәл осы мәселе қазақ өнеріне жаны ашитын әрбір жанды алаңдататыны анық.

«Неліктен ұлттық өнеріміздің өрісі тар?, Отандық музыка неге жастар талабына сай емес?, Қазақстандағы шоу-бизнестің дамуына не және кімдер кедергі?» Қоғамдағы жиі қойылатын осы сауалдарға жауап іздеп көрейікші. Ең алдымен, шоу-бизнестің бір жерде тапжылмай тұруының себебі-сапасыздық және ескішілдік. Иә, заманауи стильде жасап көріп жатқандар бар, дегенмен оларды ескіше ойлайтындар, стереотиптен шыға алмай жатқан әншісымақтар басып кетуде. Анығында, көне менталитеттен аса алмай, қазаққа мынау тән емес, анау тән емес деген түсінік шоу-бизнестің дамуына кедергі. Оның үстіне, шоу-бизнес той-бизнеске ұласып кеткен. Мұнда пайда бар, өсу жоқ. Өз кезегінде, 90-шы, 2000-шы жылдары АБК тобы, А'Студио, Нұрлан&Мұрат дуеті, Батырхан Шукенов сияқты әншілер қазақ өнерін біршама көтеріп, жаңа дыбыс алып келді. Бірақ, бір мезетте той әндері, әншілері көбейіп кетті. Тіпті қазірге дейін солай. Осы орайда Ninety one тобының белді мүшесі ZAQ-тың:«Менің мұңым-ол ұлтымның ұлудай жылжуы» деген сөздері бұл жағдайды дәл сипаттап тұрғандай. Егер де осылай жалғаса беретін болса, өнеріміздің өркендеп, өрісінің кеңеюі екі талай. Әлбетте, осы себепті де жастар отандық музыканы тыңдамайды. Олар батыстың мәдениетіне қызығып, соларды үлгі тұтады. Әсіресе, АҚШ-тың шоу-бизнесі бүкіл ғаламды өзіне қаратып тұр. Оған қоса, соңғы 10 жылда Оңтүстік Корея «K-pop» жанрын белгілі деңгейге шығарып, өз мәдениетін әлемге паш етті. Бұл жерде мынадай сұрақ туындайды: Осы екі елдің музыкасын не байланыстырады? Байланыстыратын нәрсе-«Жұмсақ күш». Олар өз музыка нарығын орысша айтқанда «Мягкая сила» арқылы дамытады. Яғни, әрдайым заманауилыққа ұмтылады.

Қазақ шоу-бизнесінің осыншалықты баяу қозғалысының тағы бір үлкен себебі-нарықтың жоқтығы. Бұл туралы еліміздегі жаңа бағытты қалыптастырған Ninety one тобының продюсері, Orda тобының солисті Ерболат Беделхан НТК телеарнасындағы Revue бағдарламасында берген сұхбатында:«Бізде нарық, сұраныс болмағаннан кейін өте қиын. Оған көп адам мән бермейді, тек тұтынушы ретінде қарайды, іште не болып жатқанын түсіне бермейді. Мен өзімнің компаниямның, жеке басымның ғана қамын ойлаймаймын, менің ең басты миссиям және арманым-Қазақстанда нарық қалыптастыру. Нарық болса, біз тұтас дами аламыз. Бізде сұраныс, пайда тек қана тойда болғандықтан, көптеген Q pop топтардың тарап кетуі-қаражатты қайдан аламыз, кіммен жұмыс жасаймыз деген сұрақтармен байланысты. Q pop-тың не екенін адамдар толық түсіне алмаса да, біз Қазақстанда заманауи музыканың бар екендігі туралы түсінік қалыптастырдық, бағыт бере алдық. Келесі этап-бизнес, инвестиция, заң, нарық мәселесі. Бұл продюсерлер үшін өте маңызды. Көптеген инвесторлар шоу-бизнеске сенбейді, қаншалықты іске асатынына, пайдасына сенімсіздікпен қарайды. Егер де біз Корея индустриясы сияқты болсақ, қазақ тілінде әлемді билер едік. Олар тұтас бір мемлекет ретінде жұмыс істеп жатыр. Мемлекет тарапынан инвестиция, қолдау бар. Бұл жерде бастысы-мемлекеттің мықтылығы. Біз тек жастардың арасындағы сұранысты көрсете алдық, бізге керегі де сол ғой. Бірақ үкімет тарапынан қолдау жоқ.» деген болатын.

Жоғарыда атап өткен фактілер айтылған жерде қалмай, қолға алынса деген үміт бар. Отандық шоу-бизнестің тағдырын өзгерту, оны жаңа деңгейге шығару тек біртұтастық пен сенім арқасында қалыптаспақ. Ұлттық өнерді дәріптей жүріп те, заманауилықты жүзеге асыруға болады. Бізге «қазаққа тән емес» деген стереотиптерден арылып, жаңашылдыққа ұмтылу керек. Сонда ғана, мәдениетімізді, өнерімізді әлемге таныта аларымыз хақ.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!