«Мақсатым - тiл ұстартып, өнер шашпақ...»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Мақсатым - тiл ұстартып, өнер шашпақ...»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың әдебие­тіне жан берген: сөздің сыртын сырлап, ішін түрлеген, өлеңнен өрнек шығарған Абай еді. Ақыл, білім, сезім, терең ойлылығына қарағанда Абай қазақтың шыққан философ. Өмір жолында Абайдың айтпағаны аз», – деген екен Абайды ең алғаш білгірлікпен танып, бағасын беруге талап қылған Жүсіпбек Аймауытов. Бұл сөзімде жалған жоқ Айтылмай сөзім қалған жоқ, – дейді Абайдың өзі. Оның кешегі айтқаны біз­дің ХХІ ғасырдағы бүгінгі өмірімізбен сон­­шалықты үйлесім табуда. Жамандар қыла алмай жүр адал еңбек, Ұрлық, қулық қылдым деп қағар көлбек. Арамдықтан жамандық көрмей қалмас, Мың күн сынбас, бір күні сынар шөлмек. Берекеңді қашырма, Ел тыныш болса, жақсы сол, – деп тү­йін­­д­ейді Абай. Немесе: Көп шуылдақ не табар Билемесе бір кемел, – дейді тағы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мақсатым - тiл ұстартып, өнер шашпақ...»

 

Қазақтың әдебие­тіне жан берген: сөздің сыртын сырлап, ішін түрлеген, өлеңнен өрнек шығарған Абай еді. Ақыл, білім, сезім, терең ойлылығына қарағанда Абай қазақтың шыққан философ. Өмір жолында Абайдың айтпағаны аз», – деген екен Абайды ең алғаш білгірлікпен танып, бағасын беруге талап қылған Жүсіпбек Аймауытов.

     Бұл сөзімде жалған жоқ


Айтылмай сөзім қалған жоқ, –


дейді Абайдың өзі. Оның кешегі айтқаны біз­дің ХХІ ғасырдағы бүгінгі өмірімізбен сон­­шалықты үйлесім табуда.


Жамандар қыла алмай жүр адал еңбек,


Ұрлық, қулық қылдым деп қағар көлбек.


Арамдықтан жамандық көрмей қалмас,


Мың күн сынбас, бір күні сынар шөлмек.



Берекеңді қашырма,


Ел тыныш болса, жақсы сол, –


деп тү­йін­­д­ейді Абай. Немесе:


Көп шуылдақ не табар


Билемесе бір кемел, –


дейді тағы.


Өмірдегі қандай құбылыс, адамға, қо­­ғамға, ғаламға қатысты нендей мәселе бол­са да, Абайдан бір ой ұшығын таппай қал­маймыз. Өйткені, Абай – Физули, Фир­доуси, Гете, Байрон, Пушкиндермен қатар тұрар ұлы ақын, Платон, Сок­рат, Конфуций, Дрепэрлермен ой жа­рыстырар ғұлама ойшыл.


Иә, Абайдай алып тудырған ха­лық­тың бағы кемел, мерейі үстем болуға лайық. Өкінішке орай, планетарлық ау­қым­дағы осындай данышпанды өзге жұрт­қа танытпас бұрын, көп жағдайда өзі­­міз де оның қаншалықты биіктігін бол­­жауға өреміз жетпей, тереңіне бой­ла­у­ға білім-білігіміз олқы соғып, таң­ғажайып жұмбақ әлемін еркін аралай ал­мадық. Оған кейде тарихи, саяси жағ­дайлар, кейде қанымызға сіңген «шын сөз қайсы біле алмай, әр нәрседен құр қа­лып» жүретін марғаулығымыз да себеп болған сияқты. Әлі де болса, кемең­гер­­дің «жүрегіне терең бойлай алмай», «ет жүрексіз еріннің сөзін» айтып, бе­ті­нен қалқып жүргендей күйдеміз-ау. Тәуелсіздік  бұл кезеңде жастар білім алып, тәжірибе жинақтап, тіпті кейбірі ақыл тоқтатып та үлгереді. Қазір елімізде 14 пен 29 жас арасын­дағы 4 миллионға тарта жас бар.


Қай кездің жастары қашан қандай "идеялармен ауырды", олардың трендіндегі мәдени-әлеуметтік немесе субмәдени құбылыстар, ең басты приоритеттері, жалпы мағыналық идеалдары, кеңінен қолдау тапқан жаңаша жөн-жоралғылар, неге алаңдады, нені қажетсінді т.б. тәрізді шоғыр-шоғыр сауалдар қазіргі жастардың образын ашудың параметрі бола алады. Мұндағы негізгі өлшем – құндылықтар жүйесі. Әр ұрпақтың өз түсінік-көзқарасы барын ешкім жоққа шығара алмайды. Біздің білуімізше, құндылықтардың әлеуметтік-тұрмыстық, моральдық, абсолютті-мәңгілік, жалпыадамзаттық, ұлттық, материалдық, саяси, рухани-діни, мәдени, тарихи түрлері Ендігі жастар сол олқылықтардың орнын толтыруға күш салып, Елбасы Н.Назарбаевтың: «Абай әрқашан біздің ұлт­­тық ұранымыз болуы керек. Абайды тану арқылы біз Қазақстанды әлемге та­нытамыз», – деген сөздерін айқын бағ­­дар етіп ұстануы қажет.


Көк тұман – алдыңдағы келер заман деп бекер айтылмаған. Менiм ше Абайдай дана,ғұлама болғын келсе ақының карасөзiнен, өсиетiнен баста. Абай әлемі бізді  жеті түнде адас­тырмас темірқазық іспетті. Соған қарап, тір­лігіміздің дұрыс-бұрысын сараптай ала­мыз. Өз халқын «өссін, өркендесін» дей­тін әрбір азамат әуелі Абайды оқы­сын, Абайға құлақ ассын», – деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзін жан-жү­ре­гімен түйсінетін азаматтар қатары жыл сайын Абай оқуларына қатысқан са­налы ұрпақпен толығып отырды деген се­німдеміз.

     Шешімiм бiреу - ақ, қайрат пен бiлiмдi қатар ұстап қалу үшін алдымен бала Абайдан, содан соң дана Абайдан, кейін хакiм Абай қалдырған мұрасын тырысып бағып ұғыну керек.!

                                           НАЗЫМ МЕРЕКЕҚЫЗЫ



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.06.2022
249
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі