Эссе «Шоқтығы биік
педагог»
Жұбанышбаева
Р.Ж.
«Туризм және қонақжайлылық
индустриясы колледжі», Алматы қаласы 87056604649,
rakonia@mail.ru
Дүниедегі мамандық атаулының
төресі – ұстаздық. Ұстаз – қиын да, құрметті
мамандық. Осы қадірлі де құрметті мамандықты таңдағаныма қуанам.
Қуанатыным, әрине, менің де адам тәрбиелеп, қоғамға үлес қосатыным.
Ұстазға кішкентай баладан бастап, ұлы ғалым да бас иеді, өйткені
ғалым ұстаздың шәкірті. Адам бір жылын ойласа - дән
себеді, бар ғұмырын ойласа - ағаш отырғызады, ал ғасырлық болашағын
ойласа - ұрпақ тәрбиелейді. Иә, расымен ақылдың кені болған бабалар
сөзі тегін айтылмаған болса керек.
Мектеп қабырғасында ұстаздық
тұлғаға қызығушылығым артып, сол арманның жетегінде жүре Абай
атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде «Информатика»
мамандығы бойынша маман иесі болып
шықтым. «Жақсы мұғалім мектепке жан
кіргізеді, басқа кемшілігі болса, мұғалімнің жақсылығы жабады,
білдірмейді», – деген болатын. Дегендей – ақ, білім нәрін себуші
ұстаз білікті болса, өз білімін алдында отырған шәкірттерінің
санасына сіңіре білсе, ол мұғалім – өз ісінің нағыз шебері. Осыны
анық түсінген аталмыш білім ордасындағы ұстаздар қауымы білімді
шәкірт тәрбиелеуді өз алдарына ең бірінші мақсат етіп қойған білім
ордасының білім жолында кездескен
ұстаздардың бәрін жеке дара суреттеп кетуге қағаз да жеткіліксіз
болар, дегенмен соның ішіндегі дарасын түртіп кетпесем, күнә болар.
Ол- Халыкова Гулира Заманбекқызы. Мұндай ұстаздан білім алған
студент мықты шәкірт болып шықпауы мүмкін емес
еді.
Мұғалімнің бір ғана сыры - оның мамандығы.
Бұл дүниеде теңдесі жоқ мамандық тек мұғалімге ғана лайық.
Сондықтан ұстаз адам - кәсіби мамандығына құштар, оны жан-тәнімен
сүйетін, барлық өмірін соған арнауы тиіс. Олай болса мұғалім
еңбегінің сан қырлылығы осыдан өрбиді. Мұғалім адамның өз пәнін
терең меңгеруі оның ең алғашқы қыры, кәсіби шеберлігін үздіксіз
ұштай, шыңдай түсуі екінші қыры болмақ. Үшінші қыры - мұғалімнің
тілді меңгеруі - тіл шеберлігі. Сөзді жетесіне жеткізе сөйлей
білудің өзі - өнер. Себебі, тіл - тәрбие құралы. Төртінші қыры -
байқағыштық сезімі-көрегендігі. Бесінші қыры - әр жүректі
білім шұғыласымен нұрландырудың ең тиімді, ең төте жолын таба
білетін жасампаздығы. Алтыншы қыры - жан-жақты дарындылығы. Жетінші
қыры - үздіксіз, тынымсыз ізденімпаздығы. Сегізінші қыры -
үлгі-өнегесі, мұғалім мәдениеті немесе педагогикалық әдеп -
этикасы деуге болар еді.
Енді «Шоқтығы биік педаог» қандай болу керек
дегенге тоқтала кетейік: Біріншіден, мұғалім жеке көзқарасы бар
және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы
қажет. Зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар мұғалім жалтақ болмайды.
Өз ісін жетік біліп табанды жүргізетін мұғалім ғана түпкі нәтижеге
қол жеткізе алады. Ондай мұғалім әрбір күніне есеп беріп отырады,
азаматтық ар-ожданын үнемі қорғай алады. Екіншіден, педагогтік,
психологиялық білімін жетілдіріп үйренумен қатар, сол білімін
күнделікті ісінде шебер пайдалана білетін болуы керек. Мұғалім қай
пәннен сабақ бермесін, ол баланы өмірдің әр саласына қатысты кез
келген сұрағына жауап беруге даяр болуы керек. Әр мұғалімнің
педогогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс.
Психологиялық басты заңдылық "Адам өзінің шығармашылық өзгерушілік
қызметі арқылы адамдармен қарым-қатынас жасайды және жеке ойлау
қабілеті зор жеке тұлға болып қалыптасады" дейді. Үшіншіден,
міндетті орта білім беру, стандартты оқулықтарды пайдалану,
ақпараттардың көбеюі, т.с.с. Өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға
үйретпеген мұғалім қазір түпкі нәтижеге қол жеткізе
алмайды.
Төртіншіден, мұғалім ұйымдастырушылық,
құрылымдылық, бейімділік сараптамалық қабілеттермен қатар өз
бойындағы педагогикалық жағдаяттарды, дәйектерді, құбылыстарды
талдай білуі және солардың пайда болуының себеп-салдарын анықтай
білуге де бейім болуы шарт. Соның негізінде күрделі жағдайларда
шешім таба алатын дәрежеге жету мүмкін. Бесіншіден, мұғалімнің
адамгершілік, саяси идеялық ұстанымы жұмысында көрініс тауып, ол
ұстанымда бала тәрбиесіне негіз етіп алуы шарт. Қысқасы, бала ықпал
ету объектісі емес ынтымақтаса қызмет ететін тұлғаға айналуы
қажет. Сонымен, педагог ол өз кәсібінің майталманы, осы
мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі
айтпасада түсінікті. Бұл - әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше
талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет. Сондай-ақ
ұстаз күнбе-күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі
кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап
және оның оң шешімін табуға дайын болуы тиіс. Сондықтан да ұстазды
әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп
қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге
болады. Осы ұстанымды ұстай отырып,
жаңа заманға сай жігерлі де
намысты ұлдарымызды, инабатты да ибалы қыздарымызды білім нәрімен
сусындатып қана қоймай, қазақы болмысымызбен тәрбиелеуге
атсалысайық.