Материалдар / Ғаламтор мен мультимедияны қолданудағы кемелденеу үрдісі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғаламтор мен мультимедияны қолданудағы кемелденеу үрдісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа өмір жаңашыл болғандықтан жаңа әрекеттерді талап етеді. Білім беру саласына сандық-мультимедиялық қорлардың енуі ұстаз қауымының стилін, оқыту әдістемесін өзгертті. Компьютерлік индустрия күнделікті білім сапасында жаңа технологияларды қолданудың мүмкіндіктерін барынша айқындай түсуді және білім континентінің сапасын арттыруға да ерекше назар аударып отыр. Оқытудың жаңа технологияларын меңгеру ,оны өз тәжірибеңде жүзеге асыру қазіргі заман талабы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қазан 2018
202
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Тұрсынов Н.

«Е-learning»- сандық түрге ену әлемдік ресурстарды қамту,
Ғаламтор мен мультимедияны қолданудағы кемелденеу үрдісі

Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік
бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге
қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «білім беру
реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге
мүмкінік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру- жаңа ақпараттық технологияларды
пайдалану арқылы дамыта оқыту, жеке тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын
жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі
мен сапасын жоғарлатуды көздейді. Бұл негізінен адамдардың білім көкжиегін
кеңейтіп, олардың техникалық және әлеуметтік үрдістерін басқару
мүмкіндігін дамытатын, ақпаратты жинау, ұйымдастыру, сақтау, өңдеу,
сұрыптау болып отыр.
Жаңа өмір жаңашыл болғандықтан жаңа әрекеттерді талап етеді. Білім
беру саласына сандық-мультимедиялық қорлардың енуі ұстаз қауымының
стилін, оқыту әдістемесін өзгертті. Компьютерлік индустрия күнделікті білім
сапасында жаңа технологияларды қолданудың мүмкіндіктерін барынша
айқындай түсуді және білім континентінің сапасын арттыруға да ерекше назар
аударып отыр. Оқытудың жаңа технологияларын меңгеру ,оны өз тәжірибеңде
жүзеге асыру қазіргі заман талабы.
Дамыған елдерде кең тараған «E-learning» электронды оқыту жүйесін
меңгерген ұстаз сынып журналын толтыру, күнделіктерді тексеру, ата-ананы
смс арқылы хабардар ету ,т. б. жұмыстарын енді компьютер арқылы іске
асырады. Яғни, ұстаздың уақыты көбейіп, дарынды балалармен жұмыс,
білімін көтеру сынды қосымша жұмыстарымен айналысады. Бұрынғыдай
ғаламторды аралап, өзіне қажетті құжаттарды іздеу қиындық
туғызбайды. Электрондық оқытудың арқасында, бірінші кезекте, әрине, оқып
үйренетін пән бойынша білімдер мен біліктіліктерді, тағы да ақпаратты
іздестіру, сұрыптау, талдау сияқты амалдарды, алынған ақпаратты пайдалану
мен ұсынуды меңгеру біз үшін қазір ең тиімді болып отыр. Сонымен қатар
бейнедәріс, кеңес беру, онлайн семинар сабақтары, практикалық сабақ,
зертханалық жұмыс, бақылау жұмысы, виртуалды зерханалық жұмыстар,
өзіндік жұмыстарды да орындай алатындығымыз. Оқу пәнінің ерекшелігіне
байланысты оқу іс-әрекетінің басқа түрлерін тағайындау да мүмкіндігі бар.
Атап өткендей, электрондық оқыту жағдайында оқушы сандық білімдік
ресурстар мен қолданбалы бағдарламалық өнімдердің көмегімен қажетті
білімдерді, біліктер мен машықтарды ала отырып, оқыту мазмұнының үлкен
бөлігін өз беттерімен игереді. Мектеп оқушыларының өзін-өзі бағалауын
қалыптастыру және ата-аналар тарапынан бақылау мүмкіндіктерін кеңейту
қамтамасыз етілді. Қазіргі таңдағы заман талабына сай SMS көпшіліктің қол
жетімділігінде SMS мұғалімдер мен ата-аналарға оқушылардың үлгерімі мен


Page 2

қатысушық динамикасын, сондай-ақ мектеп оқушыларының, педагогтарының
және басшыларының рейтингін жүргізуді қадағалауға мүмкіндік береді.
«Е-learning» жүйесінің ақпаратпен алмасу модулі мына қызметтерді атқару
арқылы іске асады:
-асихрондық байланыс – форумдар, хабарландыру тақтасы,
-электрондық пошта.
-синхрондық байланыс – дыбыстық және компьютерлік чат,
бейнеконференциялар, бағдарламалық өнімдерді бірге пайдалану, бұл өмір
талабы. ХХI ғасырда мұғалімге қойылатын талаптардың зор екенін көреміз.
Себебі, бұл бағдарлама бойынша ғаламтор жылдамдығы күшейіп, барлық
компьютерлер желіге қосылулары үшін сымсыз байланыстың, яғни wi-fi
нүктесінің ауқымы кеңейіп білім мекемесін толық қамтамасыз етіп отыр.

Ұстаз қауымы жоспарлы және жоспардан тыс жиналыстар, кездесулер,
рубрикалар туралы оқушылардың ата-аналарына e-mail немесе sms-
хабарламалар жіберіп тығыз байланыс орнатқан. Барлық оқушының үлгерімі
мен сабаққа қатысуы туралы мәлімет ата-ана назарында. Бұл ата-ана үшін де
өте тиімді. Бұл жүйеде сонымен қатар, сабақ кестесі, үлгерім мониторингі мен
оқушылардың сабаққа келуі де жүзеге асырылады.
Мектептегі электрондық жүйені басқару моделі әкімшілік тарапынан
қадағаланады әрі модератор мониторинг жүргізіп отырады. Мектепте сонымен
қатар, сандық білім ресурстарын үнемі қолданады. Біліктілік арттырудағы
көзқарас, ізденіс. Бұл бағдарлама жұмыс жасау үрдісін әлдеқайда жеңілдетіп
отыр. Ұстазда сандық-мультимедиялық құрылғыларды қолданып,
жылжымалы интерактивті тақтаны пайдалануды жақсы меңгерді.
Мультимедиялық, интерактивті тақтамен жұмыс арқылы өтетін сабақтар
оқушының көңіл-күйіне де жақсы әсер етіп, сабақ көңілді әрі қызықты өтуіне
өз септігін тигізуде.
Қоғамның дамуы бүгінгі таңдағы білім беру процесінде дамыған елдер
стандартына деген ұмтылысты қажет ететін кезеңде электронды оқыту жүйесі
орта білім беру мекемелеріне ақпараттандыру үдерісінің ағымдағы жай-күйді
талдауға баға беруге, оқу сапасын арттырып қана қоймай, білімді басқарудың
тиімділігін көрсетіп отыр. Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасының жаңаша
түрін қалыптастырған Е-learning жүйесі – ұстаз үшін көмекші құралға айналып
отыр. Бұл жүйе өз кезегінде қазақстандық білім көрсеткішінің әлемдік
деңгейге көтерілуіне мүмкіндік бермек. Электрондық оқулықтарды
пайдаланудың негізгі мақсаты білім беру, білімді пысықтау, бекіту, бақылау,
ақпараттық ізденіс жұмыстарын қалыптастыру, ойлау қабілетін дамыту,
таным көкжиегін кеңейту. Ақпараттық құзыреттілікті қалыптастырылудан
күтілетін нәтиже жаңа заманға сай ақпараттық технологияларды өмірде
қолдана алатын өз бетінше жұмыс істеу дағдысы қалыптасады. Бүгінгі
жаһанданған әлем бізден келешек ұрпағымыздың ғаламдық білім додасында
бәсекеге қабілетті болғанын талап етіп отыр. Өйткені ұлтты биікке шығаратын
сала-білім мен ғылым. Сандық – мультимедиялық технологиялар арқылы
оқушыны ізденіске баулып, ұйымшылдығы шығармашылығы артады, сабаққа


Page 3

сабақтан тыс жұмыстарға қызыға қатысуға мүмкіндік береді, ал мұғалімдерде
шығармашылық шыңдауда өзіне деген кәсіби сенім қалыптасады, оқу-тәрбие
үрдісін тиімді ұйымдастырады. Ақпараттандырылған қоғамның талабына сай
мұғалім де, оқушы да жаңаша көзқарасты, терең ойлы болуы керек. Елбасы
Н.Ә. Назарбаев: «Бәсекеге қабілетті дамыған ел болу үшін, біз жоғарғы білімді
ұлт болуымыз қажет», – деп атап өткен болатын. Бұл ұстаздар алдына
қойылған жүгі ауыр, үлкен міндет. Білім саласындағы отандық және әлемдік
озық тәжірибелерді игеріп, кәсіби шеберлігін үздіксіз жетілдіріп, шыңдаған
ұстаз ғана табыс критерийіне қол жеткізіп, үздік нәтиже береді. Сондықтан
заман талабына сай жас ұрпақты көкірегі ояу, ізденімпаз, өзіндік
шығармашылық жұмыспен айналыса алатын дәрежеге жеткізу жолында
бірқатар жұмыстар өз нәтижесін береріне сенімім мол.
















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!