Материалдар / Ғылым жолын қуған кемел жандар

Ғылым жолын қуған кемел жандар

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада Қазақстан Республикасының ғылым саласына зор үлес қосқан, Қазақстан елін әлемге паш еткен, әлемнің үздік оқу орындарында дәріс оқыған Темірғали Көкетаев, Қайша Атаханова секілді ғалымдар туралы ақпарат берілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Маусым 2022
231
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҒЫЛЫМ ЖОЛЫН ҚУҒАН КЕМЕЛ ЖАНДАР



ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжі

ВТиПО-20-1 тобының студенті

Жақсылықов Бекзат Қалдыбекұлы

Ғылыми жетекшісі: Керимова Г.К.


«Ғылым таппай мақтанба, орын таппай баптанба» - алғаш мектеп табалдырығын аттағалы құлағымызға үйреншікті болып кеткен, ой санамызда қазақ әліпбиіндей әбден жатталып қалған осы шумақтардың мағынасы өте терең. Әсіресе қазіргі, ғылым мен технологиялардың қарқынды дамып келе жатқан заманында, қалтасында қаражаты бар адам емес, білім мен ғылыммен айналысатын, білімді әрі алғыр мамандардың мәртебелері биік тұратыны мәлім.

Қазақ халқының арасында ғылымның дамуына өз үлесін қосқан ғалымдар аз емес. Солардың бірқатары тек елімізде ғана емес, әлем бойынша аталған салада еңбек ететін адамдар арасында атақты, әрі беделді. Бұл жеке ғалымдарға ғана емес, тұтастай еліміз үшін үлкен дәреже десек артық болмайды. Алайда, өкінішке орай, елімізде бұл тарихи тұлғаларды бірі білсе, бірі білмейді.

Темірғали Көкетаев - физика-математика саласының ғалымы, тұңғыш қазақ физигі. Оған шетелдік ұйымның ұсынысымен 25 жыл бойы зерттеп ашқан «Қатты дененің абсолюттік спектроскопиясы» атты жаңалығы үшін «Outstanding people of the 20 th century» (XX ғасырдың көрнекті адамы) атағы берілген. [1] Темірғали Көкетаев 1938 жылы Қарағанды облысына қарасты Жеткіншек ауылында дүниеге келген. 1964 жылы Абай атындағы педагогика институтының физика-математика факультетін аяқтап, білімін Эстонияда орналастқан КСРО-дағы беделді жоғары оқу орындарының біріне оқуға түседі. Осылайша, 1970 жылы ол осы оқу орнында докторлық диссертациясын қорғап шығады.

Оның ғылыми жетекшісі Темірғали ағамыздың ғылыми пікірімен толық келіспеген, сондықтан ол өз идеясын өзі әзірлеп, қорғап шыққан екен. Физика заңы бойынша, кез-келген қатты денені 180 градусқа дейін қыздырғанда ол сыртқа жарық шығарады, ал ол қыздырмай-ақ сыртқа жарық шығару жолын ойлап тапқан.

Темірғали Көкетаев 2005 жылы әлем университеттеріңнің үздік ондығынан ойып тұрып орын алып отырған Оксфорд университетінде дәріс оқыған болатын. Әлемнің ғылыми, экономикалық және саяси тұрғыдан әлдеқайда ілгері дамыған Ұлыбритания, Жапония, Франция секілді елдерден 70 тен астам ғалымдар Көкетаевтың дәрісін тыңдаған. Көкетаев дәрісін өз ана тілінде оқығысы келген, алайда аударма мәселесінде қиындықтар туындағандықтан орыс тілінде оқыпты. Бірақ дәрісі аяқталған соң ол қай елден келгенін, қай ұлттан екенін атап өткенде ондағы адамдардың қазақ халқына қызығушылығы артып, ол университет басшылығының келісімімен Қазақстан туралы тағы екі сағат арнайы дәріс оқыған болатын. Темірғали Көкетаевтың ғылыми жетекшісі кейінірек Лущик «Сен Оксфорд университетінде дәріс оқыған тұңғыш қазақсың!» деп шәкіртіне құрметін білдірген.

Іргетасы 1242 жылы қаланған бұл университетте Ұлыбританияның премьер-министрлері Уинстон Черчиль, Маргарет Тетчер білім алған. Дүние жүзі елдеріне өз білімі мен беделін дәлелдеген, тарихи және алып университетте дәріс оқу екінің біріне бұйыра бермейтін мәртебе екенін түсінетін әр қазақ үшін бұл мақтануға тұрарлық оқиға. [2]

Технологиялар мен ғылымның дамуы өте маңызды, және ел экономикасына пайдалы және саяси маңызы бары белгілі, алайда өнім өндіріп шығаратын зауыттар мен өнімдердің қалдықтары табиғатқа елеулі зиян әкелетіні тағы бар. Жылдар бойы бір адамдар қару-жарақ, химиялық қоспасы бар, тағы да басқа зиянды өнімдерді шығарса, тағы бір адамдар табиғат құқығын қорғап, «адам табиғатсыз өмір сүре алмайды», «табиғатты аялайық», деген секілді лозунгтармен қоршаған ортаны қорғау мақсатында әр түрлі шаралар ұйымдастырып жатады. Адамзаттың табиғатқа әкелетін зияны тікелей адамға кері әсерін тигізеді. Біз мұны өз елімізде өткізілген тәжірибелерден білеміз. Мәселен, КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі Семейде көптеген экологиялық мәселелер бары бүкіл әлемге мәлім. Бұл аумақта радиацияның әсерінің зардабын адамдар мен жан-жануарлар шегіп отыр.

Қайша Атаханова Қарағанды қаласынан шыққан биолог, радиациядан пайда болатын генетикалық ауытқуларды зерттеген маман. Ол 2005 жылы қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық «Goldman» сыйлығына ие болған. Немесе басқаша оны «Green Nobel Prize» (яғни, «Жасыл Нобель»)деп те атайды. Атаханова аталған сыйлықты алған жалғыз қазақ болып табылады. [3]

Оның өсімдіктер мен жан-жануарларға, жалпы табиғатқа деген сүйіспеншілігі оны биология ғылымына әкелді. Уақыт өте ол радиациядан пайда болатын ауруларды, олардың генетикалық ерекшеліктерін зерттей бастаған. Оның бұл мәселені зерттеп бастауының себебі оның отбасымен тығыз байланысты. Қайша Атаханованың ата-анасы мен апасы қатерлі ісіктен қайтыс болған, ағасы да осы ауруға шалдыққан болатын. Осылайша, ол Семей полгиноны аумағында өмір сүріп жатырған адамдар мен жануарларға радиацияның тигізген әсерін ғылыми түрде зерттеген.

Ол 1992 жылы радиацияға ұшыраған адамдарға кеңес пен ақпарат беретін Эко орталығын ашып, оны басқарған. Қарағанды Экологиялық орталығының мақсаты - адамдарға радиация туралы және оның өмір сүруге қаншалықты әсер тигізетіні туралы толыққанды ақпарат беру болды.

Атаханова шетелдік радиоактивті қалдықтарды елге коммерциялық мақсатта импорттау және сақтау жөніндегі үкіметтік жоспарға қарсы шығып, оны алдын алу бойынша науқанды басқарды.

«The Goldman Environmental Prize» ресми веб парақшасында Қазақстанда Хиросимадағы 20000 бомбаның жарылысына тең ядролық сынақтар жүргізілгені, және соның нәтижесінде елдің дақылдары, жері және малдары радиация жұқтырғанын, сонымен қатар әрбір оныншы қазақстандық кеңестік ядролық мұрадан тікелей зардап шегетіні баяндалады. Еліміздің сенімді дереккөздерінің хабарлауынша Қазақстанда қауіпсіз көмуді күтіп тұрған 237 миллион тонна радиоактивті қалдықтар сақталуда.[3]

«Адамды адам ететін еңбек» демекші, әрқайсымыз өз мамандығымызды сүйсек, сонда бар ынтамызбен, бар жанымызбен жұмыс істейміз. Осылайша, біздің еңбегіміз жемісті болып, еңбегіміз бізді биік асуларға жеткізеді деген пікірдемін. Сондықтан сөз соңында айтарым, қалаған ісімізбен айналысайық, еңбек етуге ерінбейік, ғылымды сүйіп, табиғатты аялайық! Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет!



Қолданылған әдебиеттер:


1. https://egemen.kz/article/292777-alem-moyyndaghan-qazaq-ghalymdary


2. https://qadam.asia/gylym/oksfordta-dәris-oқyғan-tұңғysh-қazaқ/


3. https://www.goldmanprize.org/recipient/kaisha-atakhanova/


4. https://qazaqtimes.com/article/71776

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ