Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ғылыми жоба "Б. Момышұлының нақыл сөздеріне анықтама"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мазмұны
1. Аннотация ..............................................................................................2-4
2. Кіріспе.......................................................................................................5
3. Негізгі бөлім............................................................................................6-9
3.1 24 жыл бойы латын қарпіне талпыныс..............................................10
3.2 Жаңғыру жазудан басталады ..................................................................11
3.3 «Айтулы қырық екі».................................12-13
4. Кириллицамен жазылған .................14
5. Қорытынды....................................................................................................15
6.Қолданылған әдебиеттер тізімі..........................................................16
Аннотация
Зерттеудің мақсаты – қазақ тілінің дыбыстық жүйесін дәл бейнелейтін әліпби қалыптастыру.
Зерттеудің объектісі – елбасының рухани жаңғыруға байланысты айтылған латын әліпбиі туралы мәселесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы егерде ұлттық және бірыңғай рухани жаңғыруға байланысты қолжазбаларды қазіргі ұрпақ латын қарпінде шөлі қанғанша сусындаса,әр таңбаның қасиеті мен құндылығын жете меңгерсе,онда жас жеткіншектер нағыз елінің абыройын асқақтататын азамат болып өсер еді.
Зерттеудің міндеттері:
1. Қазақ тілін латын әліпбиі арқылы ұлттық, рухтық тәрбие берудің мәні және оның өзектілік сипатын ашу;
2. Елбасы жолдауындағы рухтық тәрбие беру ойларын талдау;
3. Елбасы жолдауындағы рухтық тәрбие беру туралы ойларды қазіргі тәрбие процесінде пайдаланудың мүмкіндіктерін анықтау.
Зерттеудің жетекші идеясы:Елбасының 30 қарқынды дамыған елдің қатарына кіруге бағытталған 2025 жылға қарай латын әліпбиіне толықтай заман талабына сай көшу туралы бағдарламасы.
Зерттеудің әдістері: зерттеу проблемасы бойынша ғылыми әдебиеттермен (тарихи, философиялық, филологиялық, психологиялық), оқу-тәрбие үдерісі құжаттарымен танысу, латын қарпі бойынша салыстырулар мен талдау жасау, әңгімелесу, сауалнамалар жүргізу.
Зерттеу кезеңдері.
І кезеңде зерттеудің тақырыбы, мақсаты, нысаны, мәні, міндеттері айқындалып, ақын мұралары қарастырылды. Кітапханалардағы, мұрағаттағы құжаттар жинақталып,әзірленді.
ІІ кезеңде кириллицамен жазылған қазақ шығармалары латын қарпіне аударылып, оларды қазіргі тәрбие процесінде пайдаланудың мүмкіндіктері анықталды.
Annotation
Тhat depicts exactly: System sound
language of Kazakh aim research to form
alphabet.
Object research: head of thestate, talked, about alphabet of
Latin question.
Manuscript: associates national and single spiritualinvestigates scientific prognosis saws renovates nowadaygeneration the desert drinks enough appeasesthirst, a look brand quality and value masters in detail, meyoung teenager actual country prestige compels to be proudof citizen is grows is.
Duties research:
1. Language of Kazakh
through alphabet of Latin nationally, to open importance and her character of actuality summerresidence spirit education;
2. Ideas spirit education summer residence in message ofhead of the state to discuss;
3. Possibilities the use nowaday education on that to give spirit in message of head of the state educationideas about, to expose.
Toinvestigate: 30 rates to the row of country, that developed, to Investigate
anchorman
looking 2025 year, that wasdirected to enter, to the alphabet of
latin to the requirement ofepoch a ravine fully moves program.
Аннотация
Цель исследование – форматировать точный алфавит соответствующий фонетике казахского языка.
Объект исследование – актуальная проблема поднявших глава государство о духовной модернизаций переходе латинскому алфавиту.
Научная гипотеза исследование если будущее поколение будет достаточно ознакомлен духовной и национальной модернизаций, будет совершенстве владеть свойствами знака и понимать его ценность то новое поколение будут патриотами своей страны.
Обязанность исследование
-
Открыть актуальность в воспитании о духовности через латинского алфавита.
-
Анализировать мысли послании глава государство о духовной воспитании.
-
Определить смысл послании о духовной процесс воспитании нынешнего поколении и его возможности.
Программа Президента быть в рядах за развитых стран 2025 годам о полном переходе латинскому алфавиту.
Метода исследование
Ознакомление с научной литературой документами учебно воспитательного процесса сделать сравнение и анализа по латинскому алфавиту, интервью, проводить анкетирование.
I этапе были выбраны цель, объект, ознакомился историей латинского алфавита. Собраны подготовлены документы в библиотеках.
II этапе был переведён произведение написанной кириллице в латинский алфавит, и его использование так же выдвини возможности латинского алфавита.
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақ халқының ықылас-пейілінің кеңдігі сондай - дарқан даласындай Атыраудан Алтайға, Арқадан Қаратауға дейін ұшы-қиырсыз, шетсіз-шексіз. Не көрсек те, не істесек те түпнұсқадан асып түсеміз: ағылшын тілі, орыс тілі, және т.б. . Еліктесек, есін шығарамыз. Құрметтесек, көкке самғатамыз. Не істесек те, асырамыз. Себебі қазақы көңіл даладай кең, біздің мақсат «қол созады аспанға» (Т.Досымов). Бірақ кез келген нәрсе мөлшерден асса пайдасыз: не сасиды, не шіриді, не ауытқиды. Сөздің құнын, істің мәнін білетіндер үшін ұлттық индикаторды алыстан іздеудің қажеті жоқ. Ерінбей, Елбасының мақаласын оқып шықса, соқырға таяқ ұстатқандай. 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын айтып отырмын. Алдымен келісейік.. Жағымпаздық, жарамсақтықты жинастырып қояйық. Мен ешкімді мақтамаймын. Ал сіз мұрын шүйірмеңіз. Әркім өзіне қажеттісін алсын, өзіне керектісін түсіндірсін. Жақсы. Әрі қарай кеттік. Жолдаудың өзегі -ҰЛТТЫҚ КОД. Код – негіз. Код – құлып. Салыстырып көрейікші. Телефонда код болмаса, ол - әр адамның көз қызығы. Есікте код болмаса, құнды дүние қолды болады, немесе көрінген былғайды. Ал ұлттың коды ше!? Ол - халықтың иммунитеті. Елдің ертеңі - мына біз, жастармыз. Бүгінгі «ойын арзан, күлкі қымбат» күйбеңімен жүрген бала көңіл болғанмен, ертеңгі күннің дана жүрек қариясымыз. Құлақты сырғалап, жыртық шалбар, тар етекке таңылған замандастарға қайран қалам. Тілінен безіп, жат жұрттың сөзінде сайрағандарға не деуге болады!? «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай». Ендеше, ұлттық кодты жаңғырту ана тілін құрметтеуден басталады. Басқалай болуы мүмкін емес. Ұлттың коды – тілінде. Тіл тірілсе, дәстүр жанданады. Дәстүр жанданса, рух күшейеді. Рух күшейгенде ғана ұлт жаңғырады.
Гипотеза: Ұлттық код - халықтың өзіне ғана тән тарихи қалыптасқан мәдени болмысы. Халықтың сан ғасырлар бойы бойына біте қайнасқан әрі өзге этнос өкілдерінен өзгешеілігін танытатын белгілері. Мұны ары қарай әлемге паш етіп, ұлттық кодымызды таныту біздің міндетіміз.
Негізгі бөлім
Еліміз саяси егемендігін алды, эконмикалық егемендіктің нәтижесін күнде көріп отырмыз, тарихи егемендікті мекен-жайлар мен көшелердің атаулары айғақтап отыр, мәдени егемендіктің жетістіктері де үйреншікті болып қалды. Ендігі жетпей тұрғаны - жазу (әліпби) егемендігі. Әзірге әліпби егемендігіне қолымыз жете қойған жоқ. Қазақ жазуы (әліпбиі) саяси өктемдіктің салдарын әлі басынан кешіп келеді. Бұған дейін де латын әліпбиіне көшу жайлы көп жазып, көп әңгімелеген болатынбыз. Мемлекет басшысы қоғамды жаңғыртуда Батыс елдерінің үлгісіне көзсіз еліктемей, халықтың рухани кодын сақтап, дамыта отырып ұлттық санамызды жаңғыруға шақырады. Менің түсінігімше, ұлттық кодты ұлттық тарихымыз туралы қалыптасқан түсінігіміз, ұлттық мәденеитіміз, салт-дәстүріміз және әдет-ғұрпымыз құрайды. Елбасымыз: «Бірақ ұлттық кодымды сақтаймын деп бойындағы жақсы мен жаманның бәрін, яғни болашаққа сенімді нығайтып, алға бастайтын қасиеттерді де, кежегесі кері тартып тұратын, аяқтан шалатын әдеттерді де ұлттық сананың аясында сүрлеп қоюға болмайтыны айдан анық. Жаңғыру атауы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғыртудың маңызды алғышартына айналдыра білу қажет» - деген ойды алға тартады. Қазіргі қоғамда Қазақстанның үшінші жаңғыру идеясына, жаһандық әлем құбылыстарымен мүлде қабыспайтын ұлтымыздың біртұтастығының нығаюына қолбайлау болып отырған рушылдық, жершілдік т.б. кертартпа әдеттер кедергі болуда. Мемлекеттік қызметте әртүрлі деңгейдегі басшылардың ашық болмаса да өз руынан, туған жерінен шыққан жақын-туыстарын, жерлестерін, сенімді таныстарын командасына тарту әрекеттерінің бары ешкімге құпия емес. Бұл заңға да, қарапайым адамгершілік қағидаларына да қайшы әрекеттер. Менің ойымша Мемлекет басшысының бұл мақаласы, ең алдымен Қазақ елінің иесі, барлық этностарды ұйыстыратын қазақ ұлтына арналған, оның бойындағы қазіргі заман талабына үйлеспейтін зиянды әдет-ғұрыптарға қарсы бүкіл ұлт болып күресуге шақырған, ұлттық санамызды жаңғыртуға шақырған үндеу деп қабылдаған жөн сияқты.
Алайда оның бәрі көпшілік оқырман-тыңдармандарға арналғандықтан емле-ережені аса күрделендірмей, қарапайым үлгіде жеткізуге тырысқан едік. Енді болса, оқытушы-мұғалімдердің назарына арналған арнайы «грамматикалық» әңгімені ұсынғалы отырмыз. Өйткені әліпби ауыстыру науқаны бәсекеге айналып кетті, сөйтіп екі жар пікір қалыптасты. Бір жағында информатика және техникалық мамандар отыр. Олардың пікірінше, болашақ әліпби компьютер түйметақтасындағы 26 таңбадан шығып кетпеу керек, басқаша айтқанда, әртүрлі амалмен (апостроф/дәйекшіні пайдаланып немесе таңбаларды қосақтап) қазақ тілі дыбыстарын белгілеп шығу керек. Солай жасап та жатыр. Сондағы басты дәйектеме компьютерді сол тұрған күйінде пайдалана беруге болады, ешқандай шығын шықпайды, бәрі дайын тұр. Бұл ұсыныс жоғарыда билікте отырған орыс тілді және ағылшынша сауаттанған ағайындарымыздан қолдау тауып отырған сықылды. Өйткені жоба авторлары өздерінің ұсыныстары өтіп кететініне сенімді-ақ. Қазақ тілін компьютерге икемдеудің, бұрында айтқан едік, оңай да жалған-жасанды жолы көп,. Оңай болатын себебі - одан-бұдан өгей дыбыс жинап, таңба талғамай қиып-құрап, жамау-жасқау әліпбиді әркім-ақ түзе береді. Жоба ұсынғандардың 99 пайызы осы жолмен кеткендігі дәлел. Пікірдің екінші жағына ұлттық әліпби жасаушыларды топтастыруға болады. Елбасымыз айтқандай, "Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты - сол ұлттық кодыңды сақтай білу", ұлттық әліпби сол ұлттық кодтың ең бастысы десе де болады.
Ал ауыр да ақиқат жолы біреу-ақ - ұлттық әліпби құрастыру. Қиын болатын себебі - бір ғасыр бойы баса-көктеп, қордаланып қалған көп дыбыстың ішінен төл дыбысты танып-біліп, жиып-теріп, өлшеп-пішіп, қазақ тіліне лайықты төл әліпби жасау. Соның нәтижесінде қазақ тілінің төл дыбыстарына сай төл әріптер қалыптасады. Қазіргі тіліміздегі басы артық ондаған жаңсақ емле-ережелер өзінен өзі жойылып, басы артық кірме әріптердің тіл бұзар машақатынан құтыламыз. Жетілген әліпби - қолдағыны жеңіл қалыптастырудың, көзтанымды оңай жаттықтырудың, ең бастысы, ана тілінің айтылым үлгісін ұрпақтан ұрпаққа бұзбай жеткізудің кепілі. Жазудың сөздің айтылым үлгісіне ықпалы зор екенін ескерсек, жазу жүйесін қалыптастыруға жауапкершілікпен қарау керек. Ол үшін жазу ережелері (әліпби құрамы, таңба үлгісі, емле-ережесін бірге қарау керек) сол тілдің ішкі табиғи заңдылықтарына телінгенде ғана жүйелі жазу шығады. Бүгінге дейін әліпбишілер әліпбиді дыбыс естіліміне қарай түзіп келеді. Ал дыбыстың естілімін әркім әртүрлі қабылдайды (түйсінеді). Ұсынылып жатқан жобалардан кетіп жатқан жаңсақтықтар осыған байланысты. Жоба ұсынушылардың көп болып жатқаны да сондықтан. Бұл дұрыс жол емес, дыбыстың таңбасы оның жасалымынан (артикуляциясынан) туындау керек. Бұл кез-келген адамның қолынан келе бермейді. Ол үшін жоба жасаушы маман фонетист болу керек. Қазіргі кездегі шешімін табу қиын болып тұрған қазақтың төл сөздерінің құрамына еніп кеткен кірме таңба/дыбыстар болып табылады. Тіптен басқаларды былай қойғанда, тіл мамандарының арасынан орыс тілінің и, у тәрізді кірме "жетістіктерінен" айрылғысы келмейтіндер табылып жатыр. Олар оны қазақ тілінің "даму жетістігі", тіптен "жаңа сатыға көтерілген түрі" деп бағалап, қазіргі орыстекті ми, ки, су, ту деген жазуымызды латын негізінде mi, ki, tu, su деп жазуды ұсынып отыр. Егер қазақтың мый, кій, сұу, тұу деген сөздерін қайтадан mi, ki, tu, su деп, қазақ сөзінің түбір, буын, морфем айтылымын бұзып жазатын болсақ, онда әліпби ауыстырмай-ақ орыс жазуында қала бергеннің өзі жөн. Оларға қазақ сөзінің өз айтылым үлгісі бар екенін түсіндірудің өзі қиын. Жазу сол қазақ сөзінің төл айтылым үлгісін сақтаудың амалы болу керектігін түсіндіріп әлек болып келеміз. Сондықтан қазір жан аяп, жан аясып қалатын кез емес. Көресіні орысша тәлім алған орыс тілді және ағылшын тілін меңгерген ағылшын тілді ағайындарымыздан көретін боламыз. Орыс жазуы арқылы тілі шығып, құлағына сіңген дыбыс пен қолы жаттыққан әріптің бәрін қазақ тіліне әкеліп тықпалай беруге болмайды. Сонымен, жоғарыда ескерткеніміздей, оқытушы-мұғалім қауымның назарына төмендегі жайды ұсынамыз. Морфем талданым: - оқы етістігінің көсемше түрі оқи болса, сонда көсемшенің көрсеткіші дауысты и дыбысы болғаны ма? Онда көсемшенің бір "көрсеткіші дауыссыз й [y]" деген ереже қайда қалады? - оқы етістігінің тұйық рай түрі оқу болса, сонда тұйық райдың көрсеткіші дауысты у дыбысы болғаны ма? Онда тұйық райдың "көрсеткіші дауыссыз у [w]" деген ереже қайда қалады? Ең сорақысы, осы жердегі «дауысты ы дауысты у-мен алмасады» деп түсіндіретін ереженің барын қайтерсің! Ал оқы етістігі дауысты ұ-ға (жарайды, тіптен, көз елес ы дауыстысы бола қойсын) аяқталып тұрғаны, оған келіп дауыссыз у[w] тіркесіп, тұйық рай оқұу [oquw] жасалатыны қаперімізге кірмей-ақ қойды. Қазақтың ұу дыбыс тіркесінің естілімі орыстың у дауыстысының, қазақтың ый(-ій) дыбыс тіркесінің естілімі орыстың ы(-и) дауыстысының естілімімен жалған ұқсас екеніне сеніп қалғанбыз (жоқ, сеніп қалғансыз!). Буын талданым: - миы сөзінің буын құрамы ми-ы болып, алғашқы буын дауысты и дыбысына аяқталып, келесі буын дауысты ы дыбысынан басталып тұр ма? Онда қазақ сөзінің ішінде «буын дауысты дыбыстан басталмайды» (А.Байтұрсынұлы) деген ережені қайда қоямыз? Оның үстіне сөз соңында «дауысты буын тұрған деген не?» деп, аң-таң боламыз. - суы сөзінің буын құрамы су-ы болып, алғашқы буын дауысты у дыбысына аяқталып, келесі буын дауысты ы дыбысынан басталып тұр ма? Ендеше қазақ сөзінің ішінде «буын дауысты дыбыстан басталмайды» деген ережені тағы еске сала кетеміз. Оның үстіне «сөз соңында дауысты буын неге тұр?» деп, тағы аң-таң боламыз. Тасымал талданым: - жиын сөзі жи-ын болып тасымалданып, тасымал жігі екі дауыстының арасынан өтіп тұрады ма? Онда "қазақ сөзінің ішінде екі дауысты қатар тұрмайды" деген ережені қайда қоямыз? Оның үстіне "сөз соңында тұйық буын тұрған деген не?" деп, әрі-сәрі боламыз. - суық сөзі су-ық болып тасымалданып, тасымал жігі екі дауыстының арасынан өтіп тұрады ма? Ендеше "қазақ сөзінің ішінде екі дауысты қатар тұрмайды" деген ережені тағы қайталаймыз. Оның үстіне "сөз соңында тұйық буын неге тұр?" деп, әрі-сәрінің үстіне дел-сал боламыз. Көріп отырғанымыздай, аттаған сайын сұрақ белгісі алдымыздан шығып отыр. Бұл - бүгінгі қазақ жазуының, жұмсартып айтқанда, күманды тұстары көп деген сөз. Сондықтан да бүгінгі әліпби ауыстыру науқанын жазу реформасына айналдару керек деп отырмыз. Бұл кірме таңбалардың бір тобы ғана, соның өзі тіліміздің ұзын тұрқын түгел бұзып болған екен.
Ал біз болсақ, сол латынға
бұрын өткен республикалардың тәжірибесін байқап алуымыз керек
болды. Ондай жоспар Астанадағы Түркі академиясы мен А.Байтұрсынұлы
атындағы Тіл білімі институтында орындалды, орындалып та жатыр.
Көршілер жіберген қатені біз қайталамауымыз керек. Ол үшін, бірінші
кезекте қазақ тілінің төл дыбыс құрамын қоспасыз, таза күйінде
анықтап алуымыз керек.
Мәселе – «айтулы қырық екімен» байланып қалған көпшілік санасын
оятып, «өзіміздікі деген – мынау, өзгенікі деген – анау» деп,
түсіндіріп алу. Біздің ойымызды дұрыс түсінген жөн. Өйткені
басқаларды былай қойғанда, қазақ тілі пәнінің мектеп мұғалімдері
мен жоғары оқу орындары оқытушыларының өздері төл дыбыстардың басын
ажыратып ала алмай жүр. Кірме әріптерді «дыбыс» деп жазып беріп
отырған оқулықтар мен «дыбыс» деп оқытып отырған мұғалім/оқытушылар
әлі баршылық. Әрине, бұл олардың кінәсі емес. Мектептен бастап,
жоғарғы оқу орнын бітіргенше бір ғасырға жуық «қазақ тілінде 42
дыбыс (әріп) бар» деп тоқпақтай берсе, кімде болса сеніп қалады.
Сеніп қалған соң бұрыстың өзі дұрыс көрініп, дұрыстың өзі бұрыс
көрініп жатады. Біз бәріміз қазір осы күйді бастан кешіп отырмыз.
Өз ағайындарымыздың өзінен қазақтың бар дыбысын жоқ деп, жоқ
дыбысын бар дейтін уәжді әлі көп еститін боламыз. Құлақ үйренген
орыс тілінің дыбыстарынан, көз үйренген орыс тілінің әріптерінен
арылтып алу оңай болмайды. Тағы да қайталайық, «айтулы 42-ден»
айрылсақ далада қалатындай сезінеміз.
Сонымен, бірінші кезекте, мамандар анықтап берген қазақ тілінің төл
дыбыс құрамын танып-біліп, оны бәріміз түгел мойындауымыз керек.
Соған лайық айтылым/жазылым емле-ережені меңгеріп алуымыз
қажет.
Ең жақсы жазу деп ереже-ескертпелері мейлінше аз жазуды айтады.
Ондай жазу үлгісі тілдің төл дыбыстары мен төл таңбалар үйлесімін
тапқанда ғана құрастырылады. Ендеше, әліпби құрамы дұрыс анықталып,
оның таңбалары қазақы реттелсе, емле-ережені жөнге салудың төте
жолы ашылады.
Кез келген жазуды кез келген тілге жамап-жасқап пайдалана беруге
болады. Алайда, мақсат «әйтеуір жазу» болмау керек. Жазу ең алдымен
тілдің ішкі заңдылығымен қабысып жатуы керек. Сонан соң жазу тілдің
дыбыс жүйесіне нұқсан келтірмейтін, керісінше, оның әдеби үлгісінің
қорғанышы болу керек. Осы екі мақсатты орындау үшін жазудың
емле-ережесі көшірінді емес, төл болу керек. Таңбада тұрған ешнәрсе
жоқ.
Жетілген әліпби – қолдағдыны жеңіл қалыптастырудың, көзтанымды оңай
жаттықтырудың, ең бастысы, ана тілінің айтылым үлгісін ұрпақтан
ұрпаққа бұзбай жеткізудің кепілі. Латын әліпбиінің қолданба
бағыттағы саласының аса қажет екеніне еш күман жоқ. Бірақ қазақ
тілін компьютерге икемдеудің оңай да жалған-жасанды жолы көп, ал
ауыр да ақиқат жолы біреу-ақ. Оңай болатын себебі – одан-бұдан өгей
дыбыс жинап, таңба талғамай қиып-құрап, жамау-жасқау әліпбиді
әркім-ақ түзе береді. Қиыны – бір ғасыр бойы баса-көктеп,
қордаланып қалған көп дыбыстың ішінен төл дыбысты танып-біліп,
жиып-теріп, өлшеп-пішіп, қазақ тіліне лайықты төл әліпби жасау.
Соның нәтижесінде қазақ тілінің төл дыбыстарына сай төл әріптер
қалыптасады. Қазіргі тіліміздегі басы артық ондаған жаңсақ
емле-ережелер өзінен өзі жойылып, басы артық кірме әріптердің тіл
бұзар машақатынан құтыламыз.
Әрине, мұндай ұсыныс орыс сөздерінің айтылымын қазақ тілінің әдеби
нормасы деп қарастырып отырған қазақ ағайындарымызға ұнай қоймайды.
Жарайды, орыс сөзінің айтылым үлгісіне тиіспей-ақ қояйық, бірақ
орыс тілі дыбыстарының таңбалау реті басқа болады. Орыс тілі
дыбыстарының айтылу үлгісін латын әліпбиі негізінде арнайы
емле-ереже реттеп отырады. Ондай тәжірибе еуропа тілдерінде
бар.
Бұның
артында үлкен саясат және үлкен экономика жатыр. Үлкен саясат
дейтініміз, Қазақстан ерте ме, кеш пе, детоталитаризация және
деколонизация үдерістерін өзінің басынан өткізуі керек. Рухани
құлдықтан шығудың, Ресейдің ықпалынан шығудың бірден-бір жолы,
жалпы түрік халықтарымен бірге болудың бір үлкен жолы – ортақ
әліпбиде жүру. Қазақ тілінің латын әрпіне көшуі – алдымен қазақтың
шаруасы. Орыс тіліне, орыстың мектебіне, басқасына бұның ешқандай
қатысы жоқ. Сондықтан бұл мәселені тым саясиландырмай, шын
өзіміздің ұлттық мүддемізден туындайтын осындай қадамдар жасауымыз
керек. Менің түсінігімде, Өзбекстан тәжірибесі аса мәз емес. Кем
дегенде Әзірбайжан сияқты мемлекеттердің осындай үлкен қадам
жасағанын ескеру керек. Біз де ХХ ғасырдың өзінде 2-3 рет әліпбиді
ауыстырдық. Сол тәжірибенің бәрін зерттейтін үлкен орталық ашып,
сонда 2-3 жыл бойы барлығын саралап, бүгінгі заманға лайықты
әліпбидің нұсқасын жасап, жүйелі түрде үлкен саяси шешіммен,
жігермен іске асыратын болсақ, қазақ ұлты ол тұрғыдан ұтылмайды.
Керісінше, ұтады. Қазақтың латын әрпіне көшуі – кем дегенде бүкіл
ұлтты бір күнде партаға отырғыза алатын жағдай. Яғни, бәріміз қайта
жаза бастаймыз, қайта үйренеміз. Сол арқылы тілді білмеген
азаматтардың өзі де қатарға қосылып, бізбен бірге үлкен жетістікке
де жетуге болады. Өзге ұлттардың да қазақ тілін оқуға, зерттеуге
деген сұранысын туғызуы әбден мүмкін.
Қазақ тіліндегі кірме сөздер деп жүргеніміздің бәрі орыс тілінің
айтылым үлгісіндегі сөздер. Ал шын мағанасындағы халықаралық
сөздерді (орыс тілінің айтылым үлгісіне икемдемей) сол өз латын
үлгісіндегі жазылымын ала салуға болады. Күнделікті шет тілін
көріп-тыңдап, оқып-жазып жүрген балаға да, ересекке де оның еш
қиындығы жоқ. Қайта оқу-әдістемелік тұрғыдан ұтымды болып
шығады.
Қазақ әліпбиінің бұл үлгісін ұлттық жоба деп отырмыз. Өйткені
қазақтың 28 дыбысының әрқайсысына тән 28 таңбасы бар. Сондықтан
компьютер түйметақтасына біршама сиымтал емес, арнайы бағдарлама
керек болады. Оның үлгілері түрік, неміс, т.б. тілдердің жазуында
бар. Егемен еліміз арнайы бағдарлама жасаудың амалын табар. Жоба
таңбалары Түркі мемлекеттері ұсынған, Астанадағы Түркі академиясы
қолдаған «ортақ латын әліпбиінің» құрамынан алынды. «Жоба» қазақ
сөзінің үндесім әуезін, морфем құрамын, буын тұрқын, тасымал жігін,
сөйлеу ырғағын бұзып жазуға еш мүмкіндік бермейді. «Жоба»
мазмұнынан ешқандай тіл бұзар (бүлдіргі) жаңсақ айтылым емле-ереже
туындамайды.
Сонымен, біріншіден, орыс жазуына байланысты алған
жартыкеш-жарамсақ емлеміз бен әліпбиіміздің ана тілімізге тигізген
бүгінгі зардабын көре отырып, әлі де болса орыс жазуында қаламыз
деудің енді реті келе қоймас. Тіптен, орыс жазуында қала қойғанның
өзінде оған түбегейлі өзгерістер енгізу керек. Ал оған өзгеріс
ендіреміз десек, оның дауы латынның дауынан да асып түсетініне еш
күмән жоқ. Екіншіден, араға ғасырға жуық уақыт салып, араб
әліпбиіне қайта оралып жатудың тағы жөні жоқ. Өйткені қазіргі ұрпақ
үшін араб жазуы – көп бейтаныс жазудың бірі ғана. Үшіншіден, латын
жазуы қалай-қалай дегенде де әлеми ақпарат жетістігінің бірден-бір
құралы болып қалды. Оның үстіне егер латынға қазақтың төл
дыбыстарын баптап өте алсақ, қазіргі жазуымыздағы тіл бұзар басы
артық таңбалар мен емле-ережелер жол-жөнекей өзінен өзі түсіп
қалады. Жазу реформасы дегеніміз-осы.
Ендеше латын әліпбиін жатырқамай, дер кезінде қабылдау керек
болады, тек емле-ережесін баптап өтейік, ертең-ақ көз үйреніп, қол
жаттыққан соң күмән сейіліп, үрей өзінен өзі
басылады.
Мысал-өрнек:
Нұрсұлтан
НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының
Президенті
«Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру»
Nursultan NAZARBAEV,
Qazaqstan Respublikasɪnɪŋ
Prezidenti
«Bolaşaqqa bağdar:
ruqanιy
jaŋğιruw»
Бұл мәселеде әлі де бір тоқтамға келген жоқ. Латын әліпбиінің қисынды, қисынсыз жобалары қазірдің өзінде жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кетті. Шешім қабылдайтын уақыт тақап келеді. Қазақ тілінде заманауи технологияға ене алмай, өркениеттің көшінен қалып қалу қауіпі бар. Қолдағы бар мүмкіндіктерге қарай қазақ тілінде терілген мағлұмат бір компьютерде ашылып, екіншісінде ашылмайды, қазақ әріптерінің орнына иероглифтер шығып жатады. Сонымен қатар, интернет арқылы қазақша хат та әлі дұрыс жазылмайды, қажетті мәліметтер қазақ тілінде табылмайды (әсіресе төл дыбысты әріптерге байланысты). Мұндай қарапайым мәселелерді былай қойғанда, қазіргі кезде орнығып келе жатқан GPS (global position system), электрондық карта, электрондық банкинг, электрондық коммерция, e-mail, SMS, қолжазба, дыбыс тану, роботтық технологиялар жайлы айтсақ, оларда біздің мемлекеттік тілді қолдану еш сын көтермейді. Енді осы мәселелерді шешудің нақты жолдары қандай?
Ол – жаңа ақпараттандыру әлемінде «ABCnet» (эй-би-си нет) жобасындағы латын әріпін пайдалану. Бұл жобаның авторлары, бұның рухани да, экономикалық та пайдасы зор деп отыр.
Бұл: 1) өзіміздің төлдік дыбыстарымызды, жазуымызды қайта түзетуге, түлетуге реформалар жасалады;
2) әлемдік өркениетке жетудің алғышарттарын жасап, қазақ тілінің жаңа жетістіктерге жетуіне мүмкіндік береді;
3) алдымен латыншаға қазақ тілділер өтсе, орыс тілділердің бірте-бірте оларға ілесіп, ынталану мүмкіндігін болжауға болады;
4) Қазақстан халқының бірегей мемлекеттік әліпбиі болады әрі шетелдерде тұрып жатқан 5 миллионға жуық қандас бауырларымызбен ортақ әліпби мәселесі шешіледі;
5) қазақ тілінің жаңа ақпараттық технологияда кеңінен қолданылуына зор мүмкіндіктер туады» - деп санамалап тұрып дәлелденіп отыр.
«ABCnet» - ағылшын тілінен аударғанда желі әліппесі, ал желі дегеніміз, - бүгінгі күні жер шарының бүкіл байланыс саласы, тіпті ғарыштық байланыстың өзі де желіге жатады.
Жаңа әліпбидің бізді жаңа мүмкіндіктерге, зор жетістіктерге бастайтыны сөзсіз. Себебі латын қарпі – ғылым мен техниканың, интернет пен IT-технологиялардың тілі. Латын әліпбиі рухани болмысымызды байытып, қоғамдық ой-санамызды жаңғыртады. Бұл әліпби қазақстандықтар үшін ғана емес, сонымен қатар төрткүл дүниеге тарыдай шашылып кеткен қандастарымызға да ортақ әліпби болмақ. Латын әліпбиі – түркі әлемімен ықпалдасудың төте жолы. Өз ерекшеліктерімізді сақтай отырып әліпбиді өзгерту тіліміздің халықаралық аренаға шығуына және ғылыми-техникалық прогрестің заманауи жетістіктеріне жол ашады, әлемдік мәдени тұтастықты нығайтып, коммуникациялық үдерістерге одан әрі интеграциялануға мүмкіндік туғызады. Ақпарат алу мүмкіндіктері кеңейіп, шет тілдерден енген сөздер ұлттық ерекшеліктерімізге қарай икемделетінін, көп ұлтты халқымыздың бірлігін одан әрі бекемдеп, бүкіл түркі әлемін біріктіруге күш салатынын да атап айту керек.
Латын әліпбиіне көшу – Қазақ елін өркениетке жетелейді. Игі қадам қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны заманауи ғылым мен ақпараттың тіліне айналдырады. Бастысы, жаңа әліпби ұлттық кодымызды одан әрі нық қалыптастыруға ықпал етеді.
Қорытынды
Зерттеу жұмысы барысында қол жеткен нәтижелер төмендегідей қорытындылар жасауға мүмкіндік берді:
1 Қазақ тілінің латын қарпіндегі үлгісі жастардың рухани талғамдарының қалыптасуына теріс әсерін тигізетін келеңсіздіктерді жоятын бірден-бір құрал екені белгілі болды.
2. Бұл әліпбидің барынша қазақ ұлтына сіңіп кетуіне себепкер болсақ, жасөспірім ұрпақ арасындағы ұлтжандылық пен адалдыққа тәрбиелеу, Еуропа төріне деген есіктің кілтін ашу мүмкін болар еді.
3.Ана тіліміздің дыбысталу тазалығына себепкер құралы бола алатыны көрсетілді.
Ұлттық код қайда? Ұлттық код – ең алдымен, тілде, сосын дәстүріміз бен салтымызды, мінезімізді айқындайтын ділде, ұлттық мәдениетте. Қазақ баласының тағылымы мол тарихында мәдени-рухани болмысы ізгілікпен әдіптеліп, қарапайымдылықпен шыңдалып, парасатпен шырайланған. Ұлттық кодымызда ізгілік, адалдық, перзенттік инабаттылық, адамгершілік, парыз, этикет, ақыл-парасаттылық кеңінен өрістеген, молынан қамтылған.
Ұлттық кодта парыз бен әділдік қатар сомдалып, Ж. Баласағұни, М. Қашқари, А. Иасауи, Абай мен Шаһкәрім, Ақымет пен Әлихан, Мағжан мен Міржақып шығармашылығы арқылы халыққа дәріптелген, астары мен арқауы мықты оралымды сөз өрнегімен, ұғынықты тілмен өрілген. Қазақтың ұлттық кодында әділдік тұжырымдамасы ежелгі дәуірден бастап жинақталып, туыстығы жоқ үлкенге деген сыйластық болып танылған. Сыйластық пен ізгілік, ізеттілік пен имандылық қазір енді этикетке айналған тұста, осы ұлттық кодты дамыта отырып, рухани мәдениетімізді жаңғыртуымыз қажет. Ұлттық кодымызда ұят категориясы бар. Бесіктен белі шықпаған баладан бастап, ұят боладыны айтып өсірген ата-ана баласын жақсылық пен жауыздықтың бөлінетінін айтып, мінезін қалыптастырады. Жауыздықпен күрес пен жақсылықты дәріптеу коды қазіргі мораль мен өнегелік категориясын дамыта түседі.
Мен өз сөзімді саясаттанушы Айдос Сарымның сөзімен аяқтағым келеді: «80-жылдардың аяғы 90-жылдардың басында жалпы ұлттық дәрежедегі тілге деген тың көзқарас бар еді. Екі адамның бірі «Ана тілі» газетіне хат жазып, терминге таласып, «дұрыс аудармасы мынау» деп лингвистикалық даулар жүріп жататын. Сол заманды сағындым. Бұл жиырма бес жыл өткен соң жаңа белес сияқты. Ұлт болып жауапкершілікпен қарастыру керек. Тілімнің шекарасы – санамның шекарасы. Әліпби ауыстыру мемлекеттік қозғалыс болғанда ғана латынға көшу үйреншікті науқан емес, ұлттық дәрежедегі компанияға ұласады». Осы компанияны рухани бағытта дамыту біздің, яғни жастардың міндеті деп білемін.
Қолданылған әдебиеттер:
-
«БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ».Нұрсұлтан Назарбаев.Егемен Қазақстан газеті.
-
«Тарих тоғысында» Н.Назарбаев.
-
«Қазақстан жолы» Н.Назарбаев.
-
Ақылдың кені. Атамұра. 2010
-
Қазақстан: 2050 стартегиялық оқулығы.
-
«Ұлы адам туралы ұлағатты кітап». Николай Зинькеевич.
-
«Қазақ елі тарихы». К.Ван.
-
«Әдебиет танытқыш» Ахмет Байтұрсынов. 1989
-
Интернет ресурстары.