Материалдар / Химия сабағында белсенді оқыту әдіс-тәсілдері оқушылардың зерттеу дағдыларының дамуына қалай әсер етеді?

Химия сабағында белсенді оқыту әдіс-тәсілдері оқушылардың зерттеу дағдыларының дамуына қалай әсер етеді?

Материал туралы қысқаша түсінік
Заманауи білім беру саласы мұғалімнен өзінің пәні бойынша білімінің терең болуымен қатар, өз тәжірибесінде кездесетін мәселелерді анықтап, оларды шешу жолдарын табуды талап етеді.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алматы қаласы Алатау ауданы №152 мектеп-гимназия


Іс-әрекетті зерттеу: Химия сабағында белсенді оқыту әдіс-тәсілдері оқушылардың зерттеу дағдыларының дамуына қалай әсер етеді?

Авторы: Мухамадиева Мираш Демеубековна

 Заманауи білім беру саласы мұғалімнен өзінің пәні бойынша білімінің терең болуымен қатар, өз тәжірибесінде кездесетін мәселелерді анықтап, оларды шешу жолдарын табуды талап етеді.

Lesson Study — мұғалімнің тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Lesson Study циклін іске асыру кезінде мұғалімдер педагогикалық тәсілдерді жаңартып, жетілдіруге ұсыныстар жасап және оларды әріптестеріне Lesson Study семинарлары немесе басылым ретінде жариялайды. Химия пәнін оқытудың мақсаты оқушыларға химиялық үрдістердің мағынасын, негізгі заңдар мен заңдылықтарды түсіндіріп, оларды шынайы өмірде қауіпсіз қолдана алуға, проблемаларды шешуге, ақпаратты сыни бағалауға және шешім қабылдауға, түрлі формада тиімді коммуникация орнатуға мүмкiндiк беру . Химия сабақтарының басым бөлігі зертханалық-практикалық жұмыстарды орындау арқылы өткізіледі, осындай сабақтарда барлық оқушылар гипотеза жазу, эксперимент жолын анықтау және оны іске асыру, бақылау жүргізу, жасаған гипотезаларына дәлелдемелерді келтіру, талдау және қорытынды жасауға үйренеді. Оқушылардың практикалық жұмыстарының қорытындысы бойынша есептерін талдау кезінде, көп оқушыларға гипотеза жазу және бақылаулары бойынша қорытынды жасау қиынға түсетіні анықталды.

– Зерттейтін сыныпты таңдауда оқу ісінің меңгерушісі Жақыпбекова Н.А. және пән мұғалімдерімен бірлесе ақылдаса отырып, зерттеуге 8«И» сыныбын алдық. 8 «И» сыныбында жоғарыда айтылған мәселе бойынша 48,6 % оқушы анықталғандықтан Lesson Study форматында зерттеуге осы сынып таңдалды. Себебі, ол сыныпта білім сапасының төмендігі байқалды. Зерттеуді химия пәнін бойынша жүргізуде ұйғарым жасадық.

– Келесі қадам – осы сыныптағы проблеманы анықтау болды. Осы мақсатта осы сыныпқа сабақ беретін негізгі пән мұғалімдері ақылдаса отырып бірнеше проблемалар анықталды. Одан кейін зерттеуші топтың отырысы болды. Бұл отырыста осы бірнеше проблемадан ортақ проблема шығарылды. Ортақ негізгі проблеманы: «Тиімді әдіс-тәсілдерді топтық жұмыстарда қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруға бола ма?» – деп алдық.

Зерттеу сабағы химия пәні: Сабақтың тақырыбы: «Қышқылдардың металдармен әрекеттесуі» болды. Оқушыларға түрлі-түсті қағазға бейорганикалық қосылыстар (қышқылдар, негіздер, тұздар) жазылған қағаздар таратылды, сол бойынша топтарға бөлінді. Бақылау нысаны ретінде 3 оқушы таңдалды (А оқушы: белсенді, химиядан білім деңгейі жоғары, В оқушы: орташа, С оқушы: баяу); әр оқушыға психологтен мәліметтер алынды (Гарднер бойынша интеллект типі, Брунер бойынша ойлау типі, IQ деңгейі, оқуға деген уәжінің деңгейі); Lesson Study форматында сабақты зерттеу келесі циклдер бойынша жүргізілді: сабақты бірлесе отырып жоспарлау, сабақты өткізу мен оны бақылау, сабақтан кейінгі талдау; сабақты зерттеу бойынша мектеп координаторы Н.А.Жақыпбековадан Lesson Study форматында сабақты зерттеу бойынша кеңестер алынды. Зерттеу тақырыбы бойынша мәселелерді шешу үшін оқушыларды белсенді оқытудың келесі әдіс-тәсілдері қолданылды: - оқушылардың өздігінен жұмыс жасауға ынталандыру мақсатында химиялық доллар, бұл әдіс бойынша әр оқушыға алдын-ала доллар белгілі саны таратылады; болжам жасау, тәжірибе орындау мен қорытынды шығару барысында оқушы көмек сұраған кезде доллары азаяды, демек сабақ мақсатына жетпейді; - 1-ші сабақты бақылау кезінде В мен С оқушылары бірге отырғандары С оқушысының одан баяуырақ жұмыс істеуіне себеп болды, ал В оқушысы, керісінше, көшбасшылық дағдыларын көрсетті; 2-ші сабақта В және С оқушыларының белсенділіктерін арттыру мақсатында С оқушысын белсенділігі одан да төмен оқушымен, ал В оқушысын, белсенділігі одан жоғарырақ оқушымен отырғыздық; келесі сабақта оқушыларды жұпқа “жұптас” әдісімен бөлдік; - болжамды дұрыс жаза алуды үйрету мақсатында дифференциацияланған тапсырмалар берілді: “Сәйестендір” тапсырмасы С оқушысына (санмен байланысты); “Сөйлемді аяқта” тапсырмасы В оқушысына (күрделік деңгейі орташа), “Бос орынды толтыр” тапсырмасы А оқушыға берілді; - қорытындыны дұрыс жаза алуды үйрету мақсатында келесі сабақта проблемалық сұрақтар қойылды. Жасалған зерттеу жұмысы келесідегідей нәтижелер берді: Долларды қолдану А және В оқушыларына ғана емес, сонымен қатар басқа да оқушылардың өздігінен болжам мен қорытынды жазуларына оң әсер етті. С оқушының одан баяуырақ оқушымен отырғаны оның белсенділігінің жоғарырақ болғанына оң әсер еткені бақыланды; B оқушының белсенділігі баяулады; құрастырған гипотезалары 78 % оқушыда дұрыс болды; оқушылардың жазған қорытындылары гипотезаға сәйкес болды. Сонымен қатар, зерттеу барысында кемшіліктер де анықталды. Мәселен, долларды қолдану оқушылардың өздігінен жұмыс жасауларына оң әсер еткенімен, болжам мен қорытындыларының сапалы жазылуына әсер етпеді, А және В оқушыларының болжамдары толық және нақты болған жоқ; В оқушыны одан белсенділігі жоғары оқушымен отырғызғанда оның белсенділігі артады деп болжадық, алайда іс жүзінде оның енжарлығын бақыладық. Аталған кемшіліктерді зерттеу барысында жасалған бақылаулар келесі қадамда мына жағдайларға назар аудару керек екендігін көрсетті: дәлелдеме келтіру модельдерінің болжам мен қорытынды жасай алу дағдыларының дамуына қалай әсер ететіндігін анықтау; таңбалау жүйесін қолдану ауызекі тілдің дамуына әсерін бақылау; осы сыныптың қазақ тілі, орыс тілі сабақтарына қатысу; тапсырмаларды құрастыру мен оқушыларды жұпқа немесе топқа бөлу барысында оқушылардың жеке ерекшеліктері мен дарындылығын ескеру.

 Сабақ соңында оқушылардың суммативті бағасын шығара отырып, стикерге барлық сынып бойынша көңіл – күйлерін жазу арқылы смайликтерге орналастырғыздым. Мен бұл сабақ барысында зерттеу нысанындағы 3 – деңгейлі балалардың деңгейлік тапсырмаларды орындауын, топтық тапсырмаларға белсене атсалысуын байқай отырып, әлі де бұл балалармен топтық тапсырмаларды және деңгейлік жаттығуларды тиімді қолданғанда ғана балаларды білім нәрімен сусындатып, талантты және дарынды тұлға қылып қалыптастыра алатынма толықтай көзім жетті.

Сабақтағы сәтті тұстарым:

  1. Оқушылардың берілген деңгейлік тапсырмаларды өз дәрежесінде орындай алуы;

  2. Оқушылар топтық жұмысқа белсене араласа алды, А – деңгейлі оқушылардан көшбасшылық қабілеті шыңдалды.

  3. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамыды, яғни берілген сыни тапсырмаларға жауап беру кезінде өз ойларын толыққанды жеткізе алды.

  4. Оқушылар тақырып мазмұнын жақсы түсіне алды.

Сабақтағы сәтсіз тұстарым:

  1. С – деңгейлі оқушыларымның сабаққа араласуға енжарлық танытуы;

  2. «ББҮ» әдісінде «білемін» кестесін толтыруда біршама балалардың тосылып қалуы, дегенмен түсіндірме жұмыстарды жүргізу нәтижесінде ары қарай тапсырманы алып кетті.

  3. Постермен жұмыс жасатуда балалардың тіл байлықтарының аз, біршама балалар өз ойын жеткізуде қиналып тұрды.

Болашаққа болжам:

  1. Сабақта оқушылардың тіл байлықтарын дамытуға ықпал жасау үшін диалогтік оқыту әдістерін қолдану;

  2. Күрделілігі жоғары деңгейдегі деңгейлік тапсырмаларды беру үшін А, В, С деңгейлі балалармен дамыту жұмыстар жүргізу;

  3. Оқушылардың таланттылық, дарындылық қабілеттерін шыңдау




Әдебиеттер:

  1. Pete Dudley. Lesson Study: Руководство. — 2011 г.

  2. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ. Кіріктірілген білім беру бағдарламасы. «Химия» пәнінен оқу бағдарламасы. Негізгі мектеп. 7–10 сыныптар. – Наурыз, 2015 ж.

  3. Савенков И. А. Учим детей выдвигать гипотезы и задавать вопросы //Одаренный ребенок. 2003. № 2


Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!