Материалдар / Имандылық адамгершілік тәрбиесіндегі халықтық үлгі өнегелер

Имандылық адамгершілік тәрбиесіндегі халықтық үлгі өнегелер

Материал туралы қысқаша түсінік
оқытушыларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қаңтар 2021
360
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазіргі заманда бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу үшін алдымен өзіміздің атабабамыздан қалған салт-дәстүрді, мәдениетімізді сақтай отырып, келешек ұрпақты руханиадамгершілік құндылыққа тәрбиелеу керек. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа – адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру – оның туған кезінен басталуы керек. Халықта: «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың»,- деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне деген сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін оқу орындарына қойылатын талап – тәуелсіз еліміздің азаматын тәрбиелеу, оқушылардың ұлттық сана-сезімін ояту, рухани құндылық, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілік көзқарасын қалыптастыру.

Қай халықты алсақ та, әрқайсысының өзіне тән ұлттық дәстүрі, саз әуендері бар. Оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізу – үлкен міндет. Егер осы алтын қазыналар: ұлттың салт-дәстүрі, саз-әуені, мәдениеті жалғасып, атадан балаға мұра болмаса, халықтың келешегі де жоқ. Қазіргі таңда қоғамдағы кең етек алып келе жатқан ой-пікірлердің көбі бүгінгі ұрпақтың тәрбиесіне келіп тіреледі. Қай елде, қай кезде болсын бала тәрбиесіне ерекше мән берілгендіктен, халқымыздың ардақты азаматы Мұстафа Шоқай «Ұлт мәдениетінен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажетіне пайдалы азамат шықпайды» деп ұлт болашағын, ұлттық рухты мектепте тәрбиелеудің қажеттігін атап көрсеткен екен.

Тәрбие тамыры – халық даналығында. Жас ұрпаққа жан-жақты өнегелі, жарасымды тәрбие беруде ата-бабалар дәстүрін өнеге етудің үлкен тәрбиелік маңызы бар. Халқымыздың патриоттық үлгісін Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Ақтамберді, Бұқар жырау және XX ғасырдың басында қалыптасқан А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, Ж.Аймауытов, С.Торайғыров, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев сияқты қазақ қайраткерлері жасап берді деуге негіз бар. Бұлар барша қазақ даласын дүр сілкіндірген педагогикалық-психологиялық тұжырымдарын артына қалдырып кеткен. Әйтеке би «Өмірім халықтікі, өлімім ғана өзімдікі» деп, халыққа қызмет етудің, ұлтжандылықтың айнасы бола білді. Тәуке хан заманынан бері қазақ қоғамында ұлтжандылық байлықтан да жоғары бағаланды. Қазақстан Республикасының Ата Заңында қазақстандық ұлтжандылықты қалыптастыру және оны азаматардың ой санасына сіңіруді мемлекеттік дәрежедегі мәселе ретінде жариялаған. Өшпес мұра қалдырған ойшылдарымыз Баласағұн, Қашқари, Иассауилардың еңбектері – қазіргі ұрпақ тәрбиесі үшін теңдесі жоқ қазыналар. Сондай-ақ, Асан Қайғы, Ақтамберді сияқты ақынжыраулардың толғаулары мен дана өсиеттерінің қазіргі жастардың тәрбиесі мен біліміне берер пайдасы, қосар үлесі қаншама?! Абай мұрасының, оның педагогикалық көзқарастарының алар орны тіпті ерекше. Жарық жұлдыздарымыз Шоқан, Ыбырайлардың да тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері қазіргі заман талабымен үндесіп жатыр. Ш.Уәлиханов: «Халық кемеліне келіп, өркендеуі үшін, ең алдымен, азаттық пен білім керек»,- деп өте орынды айтқан. Ал Ж.Аймауытов: «Тәрбие екі түрлі: дене тәрбиесі және рух тәрбиесі. Хайуан көбінесе денесін тәрбиелейді, ал адам баласына дене тәрбиелеумен бірге рухын, ақылын, сезімін, жігерін, мінезін тәрбиелеуі керек.

Мұхаммед пайғамбардың хадистерінде де ата-ананы қадірлеу жайында жақсы айтылған. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, қарызыңды өтей алмайсың», «Әуелі анаңа, тағы да анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса», « Егер атаң мен анаң бір мезгілде үн қатып қалса, әуелі анаңа жауап бер», «Кімде-кім ата-анасының ризалығын алған болса, Алла соның өмірін ұзартады» секілді хадистердің бала тәрбиесіне тигізер ықпалы зор. Жақсы адамгершілік қасиеттердің түп негізі отбасында қалыптасатыны белгілі. Адамгершілік қасиеттер ізгілікпен ұштасып жатады. Өз халқының мәдениетін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті азамат қалыптасады. Қазақ халқының әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау ұлттық дәстүрге айналған. Отбасында, балабақшада , қоғамдық орындарда үлкенді сыйлау дәстүрін бұзбау және оны қастерлеу әрбір адамнан талап етіледі. Халқымыздың тәлім-тәрбиелік мұрасына үңілсек, ол адамгершілікті, қайырымдылықты, мейірбандықты дәріптейді. Ата-бабаларымыз баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді сыйла», «Сәлем бер, жолын кесіп өтпе» деген секілді ұлағатты сөздердің мәні өте зор. Адамгершілікті, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өзі парасатты болады. Ондай адамды халық «Иманжүзді кісі» деп құрметтеп сыйлаған.

Оқушыны имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиесінің жемісі. Балаларды адамгершіліке тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашанда халық тәрбиесін үлгі ұстайды. Ал, адамгершілікке тәрбиелеудің бірден-бір жолы осы іске көзін жеткізу, сенімін арттыру. Осы қасиеттерді бала бойына жас кезінен сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттердің берік ірге тасын қалағанымыз. Адамгершілік- адамның рухани арқауы. Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен, адалдығымен, қайырымдылығымен ардақталады. Бүгінгі күні өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуге қойылған мақсаттың бірі – қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, жан-жақты дамыған, жеке тұлға қалыптастыру. Адамның бойында адамгершілік сезімі қалыптасқан күнде ғана

Отан алдындағы парызды орындау үшін саналы түрде қауіп-қатерге бас тіге алады. Б.Момышұлы «Әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге міндетті деген. Бұны отбасында өсіп келе жатқан жас буындарды ұлтжандылыққа тәрбиелеуде ерен үлес қосатын аса маңызды әлеуметтік орта деп ой түюге болады». Кез келген баланы ата-ана, мұғалім, балалар ортасы тәрбиелейді. Оған өмірдің түрліше жағдайлары әсер етеді. Мектеп өсіп келе жатқан баланың рухани-адамгершілік тәрбиесіне едәуір ықпал етеді. Ол белгілі бір жүйеде жүзеге асырылады. Мектепті бітіргеннен кейін адам мінездің жаңа сапаларын игермейді, қайта бұрынғыларын шыңдай түседі немесе түзетеді. Сондықтан балалардың мектепте алған адамгершілік тәрбиесі адамгершіліктің барлық салаларын қамтуы тиіс. Мектептегі адамгершілік тәрбиесі біздің өміріміздің тек осы кездегі талаптарын ғана емес, болашаққа да бағытталуы міндетті.

Адамгершілік тәрбиесі балалар арасындағы тәрбие жұмысының барлық буындарында, сабақта, оқу және еңбек үрдісінде, дене тәрбиесінде жүзеге асырылады. Адамгершілік нормаларын тек жаттап алу жеткіліксіз, оны ой елегінен өткізіп, бастан кешіруі керек. «Тәрбие – табалдырықтан басталады» дегендей, оқушыларды мектепке келген күннен бастап парасат биігіне, адамгершілікке тәрбиелеу, ежелгі халық тәрбиесі үлгісімен адамгершілік дағдысына үйрету – тәрбие жұмысының негізгі бөлігі. «Тәрбиесіз адам – адамгершілік жағынан надан, дүмше,- деп жазады В.А.Сухомлинский,- бұл да бір, ақаулы двигательмен ұшырылған самолет те бір, өзі өледі, өзгені де ала кетеді». Баланың өзін ізгі, адамгершілігі мол адам ретінде көрсетуіне жағдай жасап, өзгелерге жақсылық, қайырымдылық жасау оның да қолынан келетінін үнемі ұғындырып отырған жөн. «Бала тәрбиесі – баршаға ортақ» дегендей, мектеп ұжымынан бөлек ата-ананың бала тәрбиесіндегі ролі ерекше, үйретері, берер тағылымы, үлгі-өнегесі мол. Баланы рухани-адамгершілікке, ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу өзі өскен ортада ата-анасы арқылы беріледі. «Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын бір шарт – жас кезінде көрген өнеге» деген екен Ж.Аймауытов. Олай болса, «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, ата-ана отбасында баланы бауырмашылдыққа, мейірімділікке, сүйіспеншілікке, жақсы ізгі мінез-құлықтарға, ұлтжандылыққа тәрбиелеу керек.

Жасөспірімдердің рухани-адамгершілік қасиетін қалыптастыру арқылы толыққанды жетілген азамат тәрбиелеуге болады. Сондықтан келер ұрпақты тәрбиелеу мен білім беру өзегі ұлттық құндылықтар негізінде рухани-адамгершілік, ұлтжандылық қасиеттерін қалыптастыруда жатыр деп түсінеміз. Қоғамның белгілі қайраткері, ақын М.Шахановтың «Халықта ең бірінші ұлттық рух болуы керек» деген сөзін әр кез есте сақтап, еліміздің жарқын болашағы үшін ат салысуымыз қажет. Рухани тәрбиемен нұрланбаған адам өзінің алған білімін қара басының пайдасына жұмсап, өз мүддесі үшін адамзатқа апат әкелуі мүмкін. Оның мысалы тарихта аз емес. Тек сол арқылы ғана халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған бай рухани мұрасымен жастардың бойына адамгершілік ізгі қасиеттерді қалыптастырып, сіңіріп, өзінің Отанына адал азамат етіп тәрбиелей аламыз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ