Материалдар / Информатика сабағындағы іс-әрекетті зерттеу.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Информатика сабағындағы іс-әрекетті зерттеу.

Материал туралы қысқаша түсінік
Іс-әрекетті зерттеу тәжірибесін тарату. Мақала
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Сәуір 2024
53
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
700 тг 525 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Информатика сабағындағы іс-әрекетті зерттеу


«Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі

мектеп жанындағы интернатымен» мемлекеттік мекемесі

Педагог-сарапшы, информатика пәнінің мұғалімі

Толендиева Алма Кумарбековна

«Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ол ізденуді тоқтатқанда оның мұғалімдігі де жойылады» деп К.Ушинский айтып кеткен сөз бүгінгі күнде мұғалімдер үшін ең актуалды мәселе сияқты. Заман талабы, жаһандану, ақпараттың ұлғаюы мен технолигояның қарыштап дамуы ілесіп қана отырмай, алдыңғы қатарларда болу үшін әркімнен үздіксіз дамуды талап етеді. Сондықтан мұғалім дамуының, үздіксіз дамуының бірден бір құралы шығармашылықпен, зерттеумен айналысу деп білемін.

Мұғалімнің міндеті оқыту болса, оқушыдан күтетініміз оның оқуы. Оқу дегеніміз не?

  • Оқу білім көлемінің сандық ұлғаюы ретінде;

  • Оқу есте сақтау ретінде;

  • Оқу ақпарат жинақтау ретінде;

  • Оқу мағынаны ұғыну және оның мәнін анықтау ретінде;

  • Оқу шынайылықты өзгеше түсіну және түсіндіру ретінде қарастыруға болады.

Менің ойымша оқушыға бар білімді құя алмаймыз, өйткені ол шексіз. Бәрін есте сақтауы да міндетті, әрі мүмкін емес. Барлық ақпаратты жинақтау да тиімсіз, оның тұтастығына кепілдік жоқ. Сондықтан оқушыға оқығанын ұғыну, түсіну, оны өз қажетіне қолдануды үйрету маңызды болып отыр. Осыдан келіп оқушыларда әртүрлі дағдылар қалыптастыру, функционалдық сауаттылықты арттыру маңызды. Мұнда оқушымен жұмыс істеу үшін, оның қажеттіліктерін қанағаттандыру және оқуын жақсарту үшін оның іс-әрекеттін, сондай-ақ мұғалім іс-әрекетін де зерттеу қажет болатыны да сөзсіз.

Оқу жылы басында А.Алимовтың курсы мен деңгейлік курсының материалдарын, және алдыңғы оқу жылында іс әрекетті зерттеумен айналысқан әріптестермен сұхбаттаса отырып оқушылардың іс-әрекетін зерттеу жоспарын құрдым. Информатика басқа пәндермен тығыз байланысты, логикаға сүйенетін және тапсырмалары функционалдық сауаттылыққа (математикалық сауаттылық, қаржылық сауаттылық, оқу сауаттылығы, цифрлық сауаттылық) негізделген пән ретінде ерекшеленеді, тапсырмалары талқылауды қажет етеді. Сондықтан «Сабақ соңында талқылауды ұйымдастыру арқылы оқушыларды рефлексия жасауға дағдыландыру» зерттеу сұрағымен жұмыс жасадым. Өйткені білім беру жүйесінің мақсаттарының бірі - рефлексияшыл тұлға қалыптастыру.

Іс-әрекетті зерттеу жоспары

Кезеңдер

Іс-әрекеттер


Мерзімі

Дайындық

-Сабақ беретін сыныптарды бақылау

-Әдебиеттермен, интернет материалдарымен танысу (іс әрекетті зерттеу туралы )

Қыркүйек

Қалыптастыру

-Зерттеу тақырыбын анықтау;

-Жоспар құру;

-Сынып және оқушылар туралы деректермен (үлгерімі, әлеуметтік жағдайы, қызығушылықтары т.б.) танысу;

-сабақты талқылау және рефлексия туралы әдебиеттермен, материалдармен танысу;

-атқарылған жұмыстар бойынша есеп жазу;

Қазан

Қолдану

-Мәселені шешудің жолдарын қарастыру;

-Сабақтарда талқылауды ұйымдастыру;

-СТО әдістерін қолдану;

-Рефлексия жасау әдістерін қолдану;

-Деректерді жинау;

-Нәтижелерді талдау


Қараша -ақпан

Жинақтау

-Зерттеу нәтижелерін талдау

-Қорытынды жоба дайындау (Презентация, мақала)

-Тарату, бөлісу

-Келесі тақырыпты анықтау

Сәуір



Қалыптыстыру кезеңінде әр сынып туралы деректермен, және рефлексия туралы материалдармен таныстым. Информатика аптасына 1 рет болатындықтан процесс баяу жүріп отыруы мүмкін, сол себепті жоспар толық оқу жылына жасалды. Егер сабақ соңында белсенді әдістер арқылы тақырып талқыланса, онда оқушылар нақты рефлексия жасай алады. Себебі, талқылау әдістері сын тұрғысынан ойлануға, жетелейді. Информатика сабағында кейбір тақырыптар көп практикалық тәжірибені талап етеді. Сондықтан сабақ соңында қысқаша талқылау жүргізу тиімді болуы ықтимал.

Зерттей келе талқылау сабақ соңында ғана емес, сабақтың басқа кезеңдерінде де жүріп отыратындықтан, топтық талқылау кезінде оқушылар белсендірек болатыны анықталды. Төменде сабақта тиімді болған топтық талқылау тапсырмаларын ұсынып отырмын.

8 сынып.

Тақырыбы: Компьютер пайдаланудың кері аспектілері.

Оқу масқсаты: 8.4.1.1 -адам ағзасына түрлі электронды құрылғылардың әсері туралы мысал келтіру және қорғану тәсілдерін тиімді қолдану.

Сабақта оқушыларды 3-тен топқа бөліп, «Рөлдік ойын» әдісін қолдандым. Топтарға суреттер мен рөлдер берілді.

1-топ:

Рөлдер: 1-оқушы дәрігер, 2-оқушы ата анасы, 3-оқушы баласы.

Дискриптор: - құлаққаптың зиянын түсіндіреді.

2-топ:

Рөлдер: 1-оқушы, 2-оқушы, 3-оқушы қойма күзетшісі.

Дискриптор: - Электронды құрылғылардың зиянын түсіндіреді.



3-топ:

Рөлдер: 1-оқушы, 2-оқушы, 3-оқушы ата- анасы.

Дискриптор: - ұялы телефонның зиянын түсіндіреді.

4-топ:

Рөлдер: 1-оқушы, 2-компьютерлік құрылғылар сатушы, 3-оқушы ата-анасы.

Дискриптор: - монитордың зиянын түсіндіреді.

Әртүрлі өмірлік жағдаяттарды рөлдер арқылы көрсетіп, топтық талқылау жақсы жүргізілді, соған орай рефлексия да «Маған қызықты болды..., мен түсіндім..., менің білгім келеді....» аяқталмаған сөйлемдер арқылы оқушылар белсенді жауап берді.

Рөлдік ойын сабақта оқушының барлығын белсенді етуге, еркін ойларын айтуға, ізденуге, талқылауға, қызығушылығын арттыруға себеп болды. Тапқырлық танытып, ақ қағаздан дәрігер қалпағын жасаған оқушы болды, ата-аналарына соңғы үлгідегі қымбат телефон алып бермегені үшін ренжімейтіндерін де білдірді. Басқа да өзіндік сыни пікірлер айтылды. Сәйкесінше нақты: «маған дәрігер болған қызықты болды, мен құлаққаптың зиянын түсіндім, оны пайдалану ережесін білдім, қандай зиянсыз құлаққап бар екенін білгім келеді...» сынды рефлексиялар жасалды.

Рөлдік ойындар арқылы топта талқылау тиімді болғандықтан басқа оқу мақсатында қолданып көрдім.

Тақырыбы: Кіріктірілген функциялар.

Оқу мақсаты: 8.2.2.3 - электронды кестені қолдана отырып есептерді шешуде кіріктірілген функцияларды қолдану. Оқушыларға болашақта мамандық иесі ретінде кездесуі мүмкін жағдаяттарға байланысты есептер берілді. Топтық талқылау болды.

Shape1

1-топ: Салыстырмалы сілтеме

«Дүкенші» есебі

2-топ: Абсолютті сілтеме

«Есепші» есебі

3-топ: Аралас сілтеме

«Синоптик» есебі

Функционалдық сауаттылыққа арналған тапсырмаларды рөлдерге кіре отырып орындау арқылы берілген excel функцияларының маңызын талқылады. Рефлексия кезінде маңызды есептеулер жасағандықтан өз әрекеттерін «БББ кестесінде» сипаттай алды.

Оқушыға талқылау жасауға уақыт пен мүмкіндік, еркіндік беру керек. Сабақтың мақсатына байланысты талқылау жасау нақты рефлексия жасауға жетелейді.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!