Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Инклюзивті білім беру - біртұтас қоғам келбеті
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ – БІРТҰТАС ҚОҒАМ КЕЛБЕТІ
ИНКЛЮЗИВНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ-ОБЛИК ЕДИНОГО ОБЩЕСТВА
INCLUSIVE EDUCATION IS THE FACE OF A UNIFIED SOCIETY
Автордың аты – жөні
Аңдатпа: Бұл мақалада инклюзивті білім берудің артықшылықтары жөнінде жан – жақты жазылған. Қоғамда ерекше балаларға қамқорлық көрсетудің тетіктері, оқу үрдісінде оны жүзеге асыру, жалпыға бірдей тең құқықтың маңызы мақала барысында кеңінен дәріптеледі. Инклюзивті білім беру барысында ескеруге қажет басты алғышарттар тілге тиек етіліп, әдіс – тәсілдер көмкерілген. Ерекше балалармен жұмыс жасау барысында атқарылуға тиіс талаптар тізбегі ұсынылып, инклюзивті білім берудің басымдықтары сөз етіледі.
Кілт сөздер: инклюзивті, білім, балалар, мектеп
Негізгі бөлім:
Білім беру – баршаға ортақ. Денсаулығына кінәраты бар жандар да өз қатарластары тәрізді қалаған оқу ордасында білімін жетілдіріп, тәрбие алуға құқылы. Сол себепті қазіргі таңда инклюзивті білім беру үрдісі қарқынды дамып, өзінің тиімділігін аңғартуда.
Инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке – дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылардың білім алуына тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс.
Инклюзивтік тәсіл бағытындағы білім беру ұйымы қызметінің негізгі бағыты – бұл ерекше білім алуды қажет ететін балаларды әдетте, құрдастарымен дамитын және «бірдей дәрежедегі серіктестер» құқығындағы ересектер ұжымына, мектептік өзін – өзі басқару арқылы мектеп өміріне «қосу», инклюзивті кеңістіктегі қатысушылар тұрғысынан қабылдаушы «толеранттық» жағдайын қалыптастыру болып табылады. [1, 3 б.]
Инклюзивті білім беру саласындағы маңызды міндеттер – инклюзияның тиісті мақсаттарына білім беру ұйымдарының мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Бұл кез – келген білім беру немесе әлеуметтік – мәдени ұйымның білім беру ортасына қойылатын талаптарды белгілейді: ол әртүрлі мүмкіндіктері бар ересектер мен балалардың білім беру қарым – қатынастарына қосылу үшін дайын болуы керек.
Аталмыш білім берудің басты тетігі – қазіргі заманның сәнді үрдісі ғана емес, жалпы білім беру жүйесін дамытудың табиғи және заңды бөлігі, арнайы білім қажеттіліктерін меңгерген, ерекше балаларға білім берудің жалпы тәсілі. Ол балалардың дене, психикалық, зияткерлік, мәдениэтикалық, тілдік және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, сапалы білім беру ортасына айрықша білім алу қажеттіліктері бар балаларды қосуды, барлық кедергілерді жоюды, олардың сапалы білім алуы үшін және олардың әлеуметтік бейімделуін, соцуимге кірігуін көздейді.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар адамдар (балалар) – денсаулығына байланысты білім алуда ұдайы немесе уақытша қиындық көріп жүрген, арнайы, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын қажет ететін адамдар.
Инклюзия идеясы «қоғамға кіріктіру» концепциясына негізделетіні белгілі. Қоғам мен оның институттарының өзгерісі, денсаулық мүмкіндігі шектеулі адамдардың нәсіліне, дініне, дене, психикалық, мәдени – этикалық және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан қоғамда қолайлы жағдай туғызуынан көруге болады.
Бүгінгі таңда инклюзияны немесе білім беру ортасына кіріктіруді, ерекше қажеттіліктері бар балаларды басқа дамуы қалыпты оқушылармен бірге оқыту деп те атауға болады. Ерекше білім алуды қажет ететін балалар осындай тәжірибе арқылы басқа балалармен араласады, өсиді, дамиды және қалыпты білім беру мекемесіне барып, онда өз достарын табады. Жалпы айтқанда, барлық балалар сияқты өмір сүреді. Бұл идеяның ерекшелігі, ерекше қажеттілігі бар балалар сапалы білім алып және қоғамда психологиялық бейімделу үшін басқа балалармен белсенді түрде бірлесіп әрекет етуі керек. Бұндай қарым – қатынас олардың дамуында немесе дансаулығында ешқандай шектеу жоқ балалар үшін де маңызды. Бұның барлығы инклюзивті білім берудің, кіріктіріп оқытудың рөлін атқарады және ерекше балалардың әлеуметтену мүмкіндіктерін кеңейтуге көмектеседі.
Инклюзивті білім беруді сәтті жүзеге асырудың маңызды шарттарының бірі, жалпыға бірдей мемлекеттік білім беру стандартын игеруді оңтайландыруға қарай оқыту және тәрбиелеу бағдарламаларын бейімдеу және білім беру ұйымына тиімдірек болып табылатын педагогикалық – психологиялық технологияларды енгізу.
Білім берудегі инклюзивті жұмысты тиімді жүзеге асыру үшін барлық балалардың, олардың қабілеттері мен мүмкіндіктеріне тәуелсіз білім алу сұраныстарын қанағаттандыруға икемді білім беру ортасын құру қажет. Қазіргі заманғы педагог білім алушылардың толыққанды дамуы және өзін – өзі дамытуы, ата – аналармен, мамандармен, медициналық қызметкерлермен, қоғамдық және арнайы ұйымдардың өкілдерімен өзара әрекеттесе алуы үшін жағдай жасай отырып, олардың жеке сұраныстарына икемделуге дайын болуы қажет. Осыған байланысты оның кәсіби құзіреттілігіне талаптар өсуде. [2, 4 б.]
Инклюзивті білім беру – гуманизмге, руханилыққа, әлеуметтік әділдікке жетелейтін әрі солардан бастау алатын, өзіндік ерекшелігі мол сала. Адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттары әрбір адамның қоғамдық өмірге теңдікпен және дискриминациясыз араласуы керек деген идеяға негізделетіні белгілі. Сондықтан да әлемдік білім беру жүйесіндегі соңғы жылдары жаңашыл идеялар көптеп енгізіліп, олардың діңін ЮНЕСКО – ның «Білім барлығы үшін» бағдарламасы қалап келеді. Оқыту мекемелеріне инклюзивтік білім беруді енгізу үрдісі – уақыт талабы. Дегенмен, бұл қадам – білім беру жүйесіндегі гуманизмнің қарқынды даму нәтижесі екенін де атап өту керек. Әрине, өскелең ұрпаққа, олардың физикалық, интеллектуалдық, этникалық мүмкіндіктеріне тәуелсіз сапалы білім беруді, тәрбиелеуді, дамытуды және әлеуметтендіруді қамтамасыз етуде практикада инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын және кәсіби міндеттерді шығармашылықпен шешетін, педагогикалық, психологиялық және әдістемелік білімді терең меңгерген педагогтер қажет.
Қазақстанда біраз жылдан бері инклюзивті білім беруді жүзеге асырып келе жатқан мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдары бар. Жыл сайын инклюзивті білім беруге жағдай жасалған мектептердің саны артып келеді. [3]
Қазіргі кезде өтпелі кезеңнің қиындықтарына қарамастан, әрбір оқу жылының басында инклюзивті білім беруге жағдай жасаған мектептер саны көбеюде. Жергілікті жерде білім ұйымдарын кадрлық, материалдық – техникалық қамтамасыз ету мәселелері шешілуде, оқу – әдістемелік құралдар әзірленіп, шығарылуда, дегенмен инклюзивті білім беру әдістемесін қолданудың бірыңғай механизімін жолға қоюға біршама уақыт қажет. Бұл жағдайлар инклюзивті білім беруді дамытып келе жатқан білім ұйымдарына ғылыми – әдістемелік, кеңестік – ақпараттық қолдау көрсету үшін ресурстық орталықтардың жұмысын жандандыру қажеттілігіне алып келді. Жалпы білім беру ұйымдарының базасында ашылған ресурстық орталықтардың жұмысының нәтижесі, мұндай тәсілдің тиімділігін көрсетеді, себебі, мектептің жағдайы белсенді тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. [4, 17 б.]
Әр бала өз қатарластары тәрізді толыққанды білім мен тәрбие алуға құқылы екендігін ескерсек, инклюзивті білім беру бұл мәселенің оң шешімін табуға ықпал етіп, адамдардың таңдауына құрметпен қарайды.
Қорытынды:
Қазіргі заманда инклюзивті білім беру – бұл барлық дамыған мемлекеттерге қатысты болатын жаһандық қоғамдық процесс. Әлемдік қоғамдастықта сапалы білімге тең қолжетімділікті жүзеге асырудың тиімді механизмдерінің бірі ретінде танылған инклюзивті білім беру жүйесінің барлық компоненттерін қайта түсінуді талап ететін көпаспектілі процесс болып табылады.
Бүгінгі қоғамда инклюзияны түсіну негізгі проблемалардың біріне айналды.
Ерекше білім алуды қажет ететін адамдардың қоғамда өздерін қалай жүзеге асыратыны маңызды емес, ең бастысы, адамзаттың осындай адамдарға деген қарым – қатынасы. Себебі әр адам айналасындағы адамдардың қолдауы мен қабылдауына мұқтаж. Инклюзия ерекше қажеттіліктері бар адамдарға барлық әлеуметтік процестердің формасы мен құралдарын таңдауға және іс – шараларға қатысуға шектеу қоймайды, білім берудің барлық деңгейінде, бос уақытты ұйымдастыру процесінде, жұмысында, әртүрлі әлеуметтік рөлдер мен қызметтерді жүзеге асыру барысында олардың еркіндігі сақталады. Инклюзивті білім берудің кедергісіз енуі, тек рухани – адамгершілікке, ізгілікке, салауатты өмір сүруге негізделген қоғамға байланысты болмақ.
Қазіргі қоғамда ерекше білім алуды қажет ететін балаларды жалпы білім беру мекемесіне интеграциялау – бұл дамыған елдердің барлығына әсер еткен қоғамның жаһандану процесі болып табылады. Оның негізгі қоғам мен мемлекеттің мүгедек және ерекше білім алуды қажет адамдарға қатысты барлық жүйені қайта қарауға дайын болуы. Білім алу – әр адамның құқығы.
Әдебиеттер тізімі:
-
Білім беру ұйымдарында инклюзивтік мәдениетті қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар = Методические рекомендации по формированию инклюзивной культуры в организациях образования [Мәтін] : әдістемелік ұсынымдар / ; ҚР Білім және ғылым мин-гі ; Ы. Алтынсарин атын. Ұлттық білім акад.... – Нұр-Сұлтан : Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ; Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2019. - 319 б. –
-
Инклюзивті білім беру үдерісінде қатысушылардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін арттыру бойынша әдістемелік ұсынымдар = Методические рекомендации по повышению психолого-педагогической компетентности участников инклюзивного образовательного процесса [Мәтін] : әдістемелік ұсынымдар / ; ҚР Білім және ғылым министрлігі ; Ы. Алтынсарин атын. Ұлттық білім акад.... – Нұр-Сұлтан : Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2019. - 399 б.
-
Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің жай – күйі мен дамуы туралы Ұлттық баяндама, 2015 жыл. С.Ирсалиев, А.Култуманова, Э.Тулеков және т.б. – Астана: «АТО» АҚ, 2016 – 450 б.
-
Инклюзивті білім берудің ресурстық орталығының ережесі = Положение о ресурсном центре инклюзивного образования [Text] / ; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ; Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы... – Астана : [б. ж.], 2016. - 55 с.