Павлодар педагогикалық
университеті
Тақырып: Инклюзивті білім беруде дарынды
балалармен жұмысты ұйымдастыру. Дарындылық дарынды бала
анықтамалары. Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастырудың
ерекшеліктері
Орындаған: Жанай Ақмарал
Топ:География-тарих -31
Павлодар 2021
Глосарий
-
Негізгі түсінікпен термин
сөздер
Инклюзивті білім
беру-білім алушылардың өзге санаттарымен тиісті білім
беретін оқу бағдарламаларына тең қолжетімділікті, арнайы
жағдайларды қамтамасыз ету арқылы дамуға түзету-педагогикалық және
әлеуметтік қолдауды көздейтін мүмкіндіктері шектеулі адамдарды
бірлесіп оқыту және тәрбиелеу.
Логопедия (гр. logos —
cөз, ілім, paіdeіa —
тәрбиелеу, оқыту) - психология мен педагогиканың тіл
кемшілігін, оны жою мен оның алдыналудың әдістері мен қағидаларын
зерттейтін саласы. Бала тілінде болатын кемістіктерді зерттеп, оны
жоюдың жолдарын іздестіретін
арнайы педагогика тарауының
бірі.
Дефектология (лат. defectus – жетімсіздік
және гр. λόγος –
ілім) – педагогиканың көру, есту, сөйлеу мүшелерінде,
ақыл-ойының дамуында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту мен
тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін арнаулы
саласы.
Дарынды
бала дегеніміз – басқа
балаларға қарағанда мүлдем өзгеше, ерекше балалар. Ондай бала
білімқұмар, қозғалмалы, дербес, көңіл-күйі әрқашан көтеріңкі,
қарым-қатынасқа тез әрі жеңіл
түседі.
Білім беру
деңгейі-талаптардың белгілі бір бірыңғай жиынтығымен
сипатталатын аяқталған білім беру циклы
Білім беру қатынастарына
қатысушылар-білім алушылар, кәмелетке толмаған білім
алушылардың ата-аналары (заңды өкілдері), педагог қызметкерлер және
олардың өкілдері, білім беру қызметін жүзеге асыратын
ұйымдар.
Білім беру саласындағы қатынастардың
қатысушылары-білім беру қатынастарының қатысушылары және
федералды мемлекеттік органдар, Ресей Федерациясы субъектілерінің
мемлекеттік органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, жұмыс
берушілер және олардың бірлестіктері.
Оқу
жоспары-оқу пәндерінің, курстардың, пәндердің
(модульдердің), практиканың, оқу қызметінің өзге де түрлерінің
тізбесін, еңбек сыйымдылығын, реттілігін және оқу кезеңдері бойынша
бөлінуін және егер осы Федералдық заңда өзгеше белгіленбесе, білім
алушыларды аралық аттестаттау нысандарын айқындайтын
құжат.
Мүгедектігі бар адам
–
жұмысқа орналасу және тұрақты жұмыспен қамтылу перспективалары
физикалық, психикалық немесе әлеуметтік факторлардың салдарынан
айтарлықтай шектелген адам.
Интеграция-адамның тепе-теңдік негізде осы әлеуметтік
топпен өзара әрекеттесуін қамтамасыз ететін әлеуметтік топтың
құрамына енуі деп түсініледі. Инклюзия ұғымы сияқты, интеграция
даонтикалық немесе оникалық мағынаға ие, яғни.не тиісті, не бар
екенін көрсетеді. Деонтикалық мағынада интеграцияға қатысты адамның
топпен нақты қарым-қатынасын, мысалы, жеткіліксіз интеграция
ретінде анықтауға болады.
Орындалатын
тапсырмалар:
2. Мектепке дейінгі мекемелерінде
инклюзивті білім беру
Инклюзивті
білім беру – этникалық
тегіне, діни сеніміне, экономикалық мәртебесіне және дамуындағы
ерекшеліктеріне, жасына, жынысына, қарамастан, барлық балаларды
жалпы білім процестеріне толық енгізу және яғни, жалпы білім беру
сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік
саясат.
Мүмкіндігі шектеулі балалар инклюзивтік
білім алуда логопед, дефектолог, дене шынықтыру нұсқаушысы,
психологтың жылдық жоспарларына сәйкес күннің ІІ жартысында өзімен
жасты балалармен қатысады (сурет салу, жапсыту т.б.) және
мамандардан оқу-тәрбие және танымдық-педагогикалық көмек
алады.
Даму мүмкіндігі шектеулі балалар жалпы топта
тәрбиешілердің ұйымдастырған оқу іс-әрекеттеріне қатысып үлгілік
оқу бағдарламасы бойынша білім
алады.
Даму мүмкіндігі шектеулі балалар мектепке дейінгі
ұйымның өміріне белсене қатысады: іс-шаралар мен ойын-сауықтарға
өзге балалармен бірігіп қатысуы, ертегілер мен концерттерді ұжыммен
көруі олар үшін шынайы мереке. Осындай шараларға қатыстыру арқылы
балалар ұжымда өмір сүріп, құрбыларымен қарым-қатынасқа түсуге
үйренеді. Егер бала осы сатыдан өтсе, мектепте оған едәуір оңайырақ
болады. Ең бастысы, бұл балалар болашақта жалғызсырамай, өздерімен
жасты балалармен бірге тәлім-тәрбие алуды
жалғастырады.
Қорыта айтқанда , инклюзивті оқыту
мектеп жасына дейінгі балаларды оқуда, түрлі салаларда жетістікке
жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.
Инклюзивті оқыту – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу
орындарында, мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқыту – балалардың тең құқығын анықтайды және ұжым
іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Адамдармен қарым-қатынасына
қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту
– барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін ерекше қажеттілігі бар
балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің
дамуы. Инклюзивті оқыту балалардың оқу процесіндегі қажеттіліктерін
қанағаттандырып, оқытудың жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Әр балаға
жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие-сапалы білім беру өмір
талабы болып табылады.
Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық
құндылықтарымыз, әр баласы еліміздің ертеңі екенін ескерсек
әрбір мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алып, азамат
болып қалыптасуына жағдай жасау біздің
міндетіміз.
3. Мектепке дейінгі мекемелерінде
инклюзивті білім беруді ұйымдастыру
Инклюзивті білім беруді ұйымдастыру 4 кезеңде
жүргізіледі:
1.Мектепке дейінгі
ұйымда балаға консилиум мамандары кешенді динамикалық бақылау жасау
арқылы қамтамасыз етіледі. Консилиум құрамына мектепке дейінгі ұйым
меңгерушісінің бұйрығымен дефектолог, логопед, әлеуметтік педагог,
психолог, медбике, дене шынықтыру нұсқаушысы, топ тәрбиешісі
енгізіледі. Мамандар мектепке дейінгі ұйымға қабылданған мүмкіндігі
шектеулі балаларға 2 апта мерзімінде жеке бақылау
жүргізеді.
2.Жұмыстың
түзетушілік-дамытушылық кезеңінде балаға әсер ететін шаралар
кешенін қарастырады. Жетекші әрекет түрін қалыпқа келтіру және
жетілдіру, жеке даму кемшіліктерін түзету, яғни мүмкіндігі шектеулі
баламен жеке дамыту, түзету жұмыстарын
жүргізу.
3.Жұмыстың мектепке
дейінгі білім берушілік кезеңі. Балаларды мектепке дейінгі ұйымда
оқу іс-әрекетін меңгеру тәсілдеріне үйретуді, әрбір жас кезеңіне
тән олардың танымдық белсенділігін дамытуды, сондай-ақ баланың жеке
басының мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, топ
тәрбиешілері мектепке оқуға даярлауды
қарастырады.
4.Әлеуметтік тәрбие
жұмысы. Әлеуметтік педагог мүмкіндігі шектеулі балалардың үйіне
барып, ата-анасымен пікірлесіп отбасының әлеуметтік жағдайын
анықтайды, яғни бала мен отбасының дербестігін арттыруға, дамуында
ауытқушылығы бар тәрбиеленушілердің қалыпты дамыған құрдастары
арасында арте, толыққанды әлеуметтік кіріктіруге, мектепалды
баланың әрекеті мен мінезіндегі адамершілік бағыттарының
қалыптасуына, мүмкіндігі шектеулі баланың жеке басының қасиеттеріне
бақылау жүргізеді.
4. Инклюзивті білім беруде дарынды
балалармен жұмысты ұйымдастыру.
Практикада
дарынды балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін алдын ала
жоспар немесе оқу жоспары және оқу материалдарын
дайындайды. Жекешеленген оқу
жоспары білім бағдарламасының мазмұнынының игерілу ерекшелігі және
дарынды баланың білім қажеттілігі
ескеріледі.
Жекешеленген оқу жоспарының құрылу барысында
модульдік принціпі қолданылуы мүмкін, себебі оқу жоспарына кіретін
әр түрлі пәндердің, курстардың, модульдердің сәйкестігі
алынады.
Оқу бағдарламасының іске асырылу барысында
дарында балаларды оқытуда сәйкесінше әр түрлі оқыту
технологияларын, сонымен қатар қашықтықтан оқыту технологиясы,
электронды оқыту қолданылуы мүмкін.
Дарынды және талантты балалармен жұмыс
бағдарламасы жаңа ақпараттарды қолданудың мүмкіндігінің болуын
қамтамассыз етуі қажет, олардың оқуда дамуын, ойларын қолдап,
балалардың қиын ой процесстеріне шығармашылығына және жасау
шеберлігіне көңіл бөлу.
Дарынды балаларға білім беру программаларының
қажеттіліктері: - оқу барысына кең ауқымды тақырыптарды және
мәселелерді таңдау, бұл студенттердің универсалды болуына
қызығушылық тудырады, олардың жалпылауға құштарлығы артады,
болашаққа теориялық бағдары және қызығушылығы артады; - білім
беруде пәнаралық байланыстың маңызы зор, себебі дарынды балалар
білімдерін кеңейтуде және тереңдетуде ынталанады, сонымен қатар әр
түрлі құбылыстарға шешім табуда қабілеті артады; - «ашық түрдегі»
мәселені талқылап уйрену, балалардың зерттеуге құштарлығын арттыру
және зерттеу дағдысын қалыптастыру, дамыту; - жоғарғы дәрежеде
дарынды баланың қызығушылығын ескеру және студенттің өзі таңдаған
тақырыбын тереңдеп оқуын мадақтау; - дербес ізденіп оқуын қолдау
және дамыту; - оқу процессінің мазмұны жағынан икемділігін,
оқытудың формасы мен әдісінің өзгеріп жатқан қажеттіліктерге
байланысты, жеке тәсілдерге байланысты студенттің өзіне реттеуге
мүмкіндік беру; - оқу жағдайын, оқу материалының сонымен қатар, оқу
бөлмелерін керекті құрал жабдықтармен толықтыру, сәйкесінше
оқулықтармен толықтыру, дала зерттеулерін ұйымдастыру,
зертханаларда, мұражайларда жұмыс орнының болуын қамтамассыз ету; -
студенттерді өздерінің жұмыстарының нәтижесін маңызды критериилер
арқылы бағалауға, көпшілік арасында талқылау және өз ойларын және
нәтижесін қорғау дағдысын қалыптастыру; – ата – анасының қолдауына
және бақылауына келісімін алу.
Дарынды балалар үшін жеке білім бағыты
құрастырылады. Жеке білім бағыты – бұл мақсаткерлік білім
бағдарламасы, ол білім алушыларға мазмұнын таңдауға тұлғалық
мүмкүндік береді. Тұлғалық -бағытталған білім процессіне жеке дара
жасалатын білім бағдары адекватты. Ол белгілі бір дарынды оқушыға
жасалады. Бағыт бағдардың жасақталуы барысында дарынды оқушы
дифференциалды білімнің таңдаушысы ретіндегі жеке тұлға болып
есептеледі, ал бағыт бағдарды іске асыру барысында іске асырушы
тұлға ретінде қарастырылады.
Жекешеленген білім бағыт бағдарының жоспары білім
беру қажеттілігіне, қызығушылығына, қабілетіне байланысты
болады.
Баланың дамуы бірнеше білім беру бағытына
байланысты, олар бірге немесе тізбектелуі мүмкін. Осыдан
түсінетініміз педагогтың басты мақсаты – студентке мүмкіндіктер
спектрін ұсыну және оған таңдауға көмек
көрсету.
Индивидуалды оқу жоспары - дарынды балалармен
жұмыстың жекешеленген шарты. Жеке бағдарланған жұмыс жоспары
баланың қандай пәнді тереңдетіп, ал қандай пәнді қайта бастап
оқитынына таңдау жасауы.
5.Дарынды
балалармен жұмысты ұйымдастырудың
ерекшеліктері
«Дарын-адам
бойындағы асқан талант, ерекше қабілет. Ал дарындылық-бала
бойындағы алғырлық, зеректік»
деп
психологиялық ұғым тұрғысынан анықтап, оның мынадай ерекшеліктеріне
тоқталған:
1.
Ойлау қабілеті басым, түрлі болжам жасауға қабілетті, қиялға ұшқыр,
өзін тануға құштар келеді.
2.Шығармашылықпен айналысуға, өз білімін
сынауға тырысады.
3. Қиялы
жүйрік, жан дүниесі нәзік, табиғатты танып білуге
тырысады,
4. Ақыл-ой
қабілетін тек өзін қызықтыратын іске бағыттайды.сонымен қатар
қорыта келе қабілетті, дарынды оқушыларды дәл таба біліп,
әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, табиғи талантын одан әрі
дамытып, ерекше қабілеті бар баланы дарындыға айналдыра білуіміз
қажет. Сонда ғана өз қабілетінің арқасында түрлі байқауларға,
конференцияларға қатысуға ұмтылысы жоғары дарынды балалар саны
көбейе түседі- деп шебер жеткізе
білген.
Оқушылардың
шығармашылық дарындылығының даму деңгейлерін 3 –ке бөлген. Олар
:
1. Креативті
деңгей, өзін-өзі дамытуға, жаңаны ашуға, шығармашылық іс-әрекетке
тұрақты танымдық ынтасы болумен
сипатталады.
2.
Интегративті деңгей, шығармашылық қызығушылығы жеткілікті,
кез-келген жұмысты жоғары нәтижеге жеткізуге ұмтылады,
ой-өрісінің ұшқырлығын көрсете
алады.
3. Когнетивті деңгей, танымдық
қызығушылықтары басым болғанымен, өзін-өзі үнемі дамытуға
ұмтылмайды, шығармашылық іс-әркетке қабілеттілік танытқанымен, оны
үнемі қадағалауды, бағыт-бағдар
беруді қажетсінеді