Материалдар / Инклюзивті білім беруде тиімді әдістерді қолдану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Инклюзивті білім беруде тиімді әдістерді қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Инклюзивті білім берудегі тиімді әдістер жайлы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Мамыр 2020
3257
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Муратова Раушан Дуйсенбаевна

Математика пәні мұғалімі

Қостанай облысы «Рудный қаласының №15 орта мектебі» КММ



ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕ ТИІМДІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ

Кілт  сөздер:   инклюзивті  білім  беру,     мүмкіндігі шектеулі балалар, үйден оқыту, отбасының ролі, интернет желісі, ұрпақтар, тәрбие, адамгершілік, мінез-құлық, ынталандыру.

Аннотация.

Мақалада  инклюзивті  білім  беру,   инклюзивті оқытудың мақсаты, тиімі әдістерін қолдану, әрбір мемлекет қоғамында мүмкіндігі шектеулі балалар өмір сүріп, білім алып, тəрбиеленіп жатқандығы жайлы, мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығын қадағалау дəрігерлердің қызметі болса, тəрбиеленуі ата-аналар құзырында, ал білім беру мен тəрбиені қатар ұйымдастыру педагог-психологтардың міндеті екені жазылған. Дамуында ауытқулары бар балалар үшін арнайы жағдайлар жасалуы керектігі, ол үшін білікті тәрбиешілер мен мұғалімдер еңбек етіп, педагогтер осы балалардың ата-анасымен ынтымақтаса білуі, оларға білікті көмек бере білуі тиіс екендігі айтылған.



Бала тәрбиесін, оқытуын жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерді өзі жақсы білуі керек, екінші баланың табиғатын біліп, көңіл- сарайын танитын адам болуы керек. Оны білуге баланы туғаннан бастап өсіп жеткенше тәнімен қатар ақылы қалай кіретін жолын іздеуі керек, баланың ісіне, түсіне қарап ішкі халінен хабар аларлық болуы керек.

Ахмет Байтұрсынов

Қазақ халқы қай уақытта болмасын, ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған.
Бүгінгі таңда бүкіл әлемде өзекті болып отырған мәселелердің бірі ұлтына, тіліне, дініне қарамастан барлық адамзат үшін бірдей күрделі мәселе, дамуында кемістігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқыту болып отыр, яғни, инклюзивті оқыту.
Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. 

Мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығын қадағалау дəрігерлердің қызметі болса, тəрбиеленуі ата-аналар құзырында, ал білім беру мен тəрбиені қатар ұйымдастыру педагог-психологтардың міндеті. 

Қазір мектепке дейінгі және мектеп жасындағы дамуында кемістігі бар балаларды инклюзивті оқыту мәселесі тәрбиешілер мен мұғалімдердің алдына үлкен міндеттер қойып отыр.

Инклюзивті білім берудің мақсаты: ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Инклюзивті білім беру - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу ұйымдарында, ұйым өміріне белсене қатысуға, балалардың тең құқығын анықтауға және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.

Инклюзивті білім беру жүйесін дамытуда «Мүгедектердің құқықтары туралы» Конвенция аясында инклюзивті білім берудің ұлттық жоспарын жасап, сапалы білім алуды қамтамасыз ету үшін, қоғамдық институттардың тәжірибесін ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі жандарды үздіксіз оқытудың тұжырымдамасын жасау аса қажет болмақ. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың үйде білім алуын қамтамасыз ету, жай және арнайы мектептерде оқуға мүмкіндігі жоқ балаларды қашықтықтан оқытуға жағдай жасау мемлекеттің басты мақсаттарының бірі. Осыған орай әрбір мұғалімнің бағдарламаға сай электрондық оқулығының болуы, үлгерімі төмен және мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жеке жұмыс жасай алуы керек. Әрбір оқушының үлгермеу себебін анықтап, мүгедек баланың диагнозына қарай жұмыс жасаса, оқушының білімге деген құлшынысы артып, өзіндік дарындылығы айқындала түседі деп ойлаймын. Қазақстан Республикасында инклюзивтік білім беру процесінің енгізілуі тек жаңа пайда болған мәселе ретінде қарастырылып отыр. Қазіргі кезде бұл мәселенің шұғыл шешілуі қажеттілігіне даму ауытқуы мен тежелуі бар балалар санының артып келе жатқандығы айғақ бола алады  [3]


Дамуында кемістігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқыту күрделі әлеуметтік және педагогикалық мәселе екені белгілі.

Кемтар балаларды оқыту мен тәрбиелеу жанұя мен мектептің тығыз байланысына тікелей әсер етеді. Кемтар баламен тәрбиелік жұмыс оның жеке тұлғалық және жас ерекшелігін ескере отырып жүргізіледі. Онда дербестігі, өзіне – өзі қызмет ету дағдысын, еңбек және мәдени мінез – құлқын, ұжымда еңбек етіп, өмір сүруін қалыптастыруға бағытталған.

Отбасындағы тəрбиеге байланысты əр түрлі адамдар өсіп шығады: төзімді, еңбексүйгіш, тез ашуланшақ, жауапкершілігі жоқ, психикасы бұзылған т.б.

Отбасындағы өзара қарым-қатынас балалық шақта ғана емес, өмірдің кейінгі жылдарында да маңызды болып қала береді. Ата-ана мен баланың арасында эмоциялық шынайы қарым-қатынастың болмауы, маңызды тұлғалық қатынастардың бұзылуы баланың жүйке дамуындағы кемістіктердің пайда болуына əкеліп соғады. Сондықтан отбасы тəрбиесінде ата-аналардың жалпы ұстанымы, педагогикалық мəдениеті, тəрбиелеу стилі, баламен өзара қарым-қатынасы басты рөл атқарады. Мұның өзі бізге отбасының əлеуметтік бейнесін сипаттауға мүмкіндік береді. Отбасыларының əр түрлі болатыны белгілі: жақсы жəне нашар, толық жəне толық емес. Осындай отбасында балалар бар. Балаларға толық, бірақ қолайсыз отбасында өмір сүру өте қиын. Отбасы тəрбиесінде ата-аналардың үйлесушілігі, мінезі, өз-өзін ұстауы да ерекше орын алады. Әсіресе баланың туылғаннан кемтар болуы, отбасындағы қолайсыздықтар оның өмірге құлшынысын кемітеді, ол осындай жайсыздықтардың себебін таба алмай, онымен күресуге өзінің әлсіздігін сезгеннен бастап, оның жүйкесі жұқарып, тіпті өзіне қол жұмсауға дейін де баруы мүмкін. Сондықтан кемтар баламен жұмыс бастаған әрбір педагог оны үнемі бақылауда ұстауы, білім берумен бірге әркүні оның көңіл-күйіне, отбасылық жағдайымен санасып, баланы тек жақсылыққа, өмірдің қиындықтарына төзе білуге, шыдамдылыққа тәрбиелеуі тиіс.

«Тəрбие мақсаты — баланы тəрбиешінің дəл өзіндей қылып шығару емес, болашақ өз заманына лайық қылып шығару ғой» деп М. Жұмабаев тəрбие мақсатын келер күн талабымен байланыстырғысы келеді. Қазіргі таңда, ақпараттың дамыған заманында, бəсекеге бейімді ұрпақ тəрбиелеу оңай іс емес. Интернет желісімен санасын улап, психологиясы əлсіз, тынымсыз, шыдамсыз оқушыларды өмірдің алауан түрлі сынына дайындаудың қиындығын М. Жұмабаев болжап дұрыс айтқан [1]. Кемтар балалардың алға ұмтылуы, өмірге деген белсенділігін арттыру үшін бүкіл әлемде, әртүрлі салада кемтарлығына қарамастан жетістіктерге жетіп, қиыншылықты жеңіп, барлық адамдармен тең дәрежеде өмір сүріп жатқан балалар жайлы түрлі мәліметтермен таныстырып, бейне таспаларда жазылған фильмдерді көрсетіп отыру керек. Бүгінгі ХХІ ғасырдың басты мəселесі дұрыс ұрпақ қалыптастыру, олардың болашаққа нық сенімді болу болып табылады. Ұрпақтың мəдениетті, ұлттық санасының жоғары болуын қалыптастыру мақсат етіледі. Осынау заманның сан-қилы мəселелерімен ата-ананың бала тəрбиелеудегі үлкен қиындықтарға тап болатыны да белгілі. Негізінен, барлық мəселе ата-аналар тарапынан баланың бос уақытын дұрыс, орынды пайдаланбаудан, тұрмыстың нашарлығы мен отбасындағы келеңсіз жағдайлардан бастау алатындығы да болады. Бала тəрбиесін жас ерекшеліктеріне қарай жүргізсе, баланың ынтасын дамыту арқылы əдіс-тəсілдерді жаңартып отырса, заман талабына сай мектеп пен ата-аналар дұрыс жолға қойылған тəрбиелік мазмұны жоғары жұмыстар атқарса іс нəтижелі болып жемісін беретіндігі сөзсіз [7].

Қазіргі жас ұрпақтың болашақтағы еліміздің ертеңі болып табылатын балалардың сана-сезімін, мінез-құлқын, ақыл-ойын дамыту үшін өзін-өзі басқаруды нығайтып ұжымдық, шығармашылық істерге қатыстырудың тəрбиелік маңызы зор. Сондықтан мектепте жүргізілетін тəрбие жұмыстарында ұстаз оқушылардың жеке жас ерекшеліктерін, дамуындағы кемістігін ескере отырып жұмыс істегені абзал. Себебі мұғалім оқу-тəрбие саласында қандай жұмыс жүргізгенімен, сыныптағы оқушылардың мінез-құлқын жете білмесе, алға қойған мақсаттарына жете алмайды [2].

Инклюзивті оқыту барысында әрбір мұғалім өзі білім беріп жатқан баланы оптимизм мен сенімділікке тәрбиелеуі, қиыншылықтарды жеңе білуге, жақсы қасиеттерді үйренуге, өз қылықтарына сын көзбен қарай білуге үйретуі керек.

Кемтар балаларды оқыту мен тәрбиелеу – бұл әрбір мұғалімнен білімді, шеберлікті, икемділікті талап етеді және баламен жеке тіл табу, жүйелілік, көрнекілік, материалды ақырындап меңгерту, яғни «оңайдан қиынға».

Оларға жүйелі білім берудің түрлі әдіс-тәсілдерін пайдалану, деңгейлік тапсырмалар беру, сергіту сәттерін үнемі дағдыға айналдыру, керек болса оларға талаптар қою, уақыт тауып оларды әлемде болып жатқан қызықты оқиғалардан, саяси жаңалықтардан хабардар етіп отыру олардың өз-өзіне сенім артуына, өзін-өзі бағалай білуге, қоршаған ортасына сүйіспеншілікпен қарауына жол ашады. Оқудағы негізгі қиындықтары жойылады. Жағымды мінез-құлық қалыптасады .

Мен өзім оқытып және тәрбиелеп жатқан мүмкіндігі шектеулі бала үшін мынадай әдістерді қолданып келемін:

  1. Баланы үнемі қолдап отыру, яғни қолдау әдісі, баланың сабаққа құлшынысын қолдап отыру, ой-пікірлерін, ұсыныстарын мұқият тыңдап, оны жеке тұлға ретінде қолдау.

  2. Ынталандыру әдісі, баланың сабақ барысындағы, тапсырмаларды орындау кезіндегі оның әрбір іс-қимылын бақылап, мақтап, мадақтап отыру, осы арқылы оны білім алуға ынталандыру, аз болса да өз жетістіктерінің ескерілгенін сезіндіру.

  3. Жеке талап қою әдістемесі, оқушының өзіне деген сенімін бекіте түсу үшін оның мүмкіндігіне қарай сабақ жүктемелерін беру, қосымша тапсырмалар беру.

  4. Жеке тұлғалық қатынас әдісі. Өзінің мүмкіндігін ескере отырып, түрлі іс-әрекет түрлеріне қатыстыру арқылы дамуына ықпал ету.

  5. Оқушының жетістігін бағалау әдісі. Бұл арқылы сынып ұжымында оқушының беделін, оның мектепке деген көзқарасын қалыптастыру.

Инклюзивті оқыту арқылы оқушының адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамыту, олардың басқа оқушылармен тең құқықты екендігін сезіндіру мүмкіндігін береді. Балаға жан-жақты көңіл бөлу, оның мүмкіндіктерін үнемі қолдап отыру, білім алуға құштарлығын ояту, қоғамның белсенді бір мүшесі ретінде қарап ынталандырып отыру ата-аналар тарапынан да белсенділікті арттырады, олардың мектеппен қарыным-қатынасын күшейтеді. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс атқарып келе жатқан ұстаздар аянбай еңбек етіп, бала бойындағы келешекке деген үміт отын сөндірмей, оның лаулап жануына, баланың алға ұмтылып, оның да өмірде, қоғамда орны бар екендігіне сенімін нығайтып, жігеріне жігер қосуға, әрбір баланың бір жұлдыз болып жарқырауына себепші болса екен деп тілеймін.























1. Қазақ зиялыларының бала тәрбиесі жайлы айтқандары
2. Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары. 25-б
Алматы: Жазушы, 1991.

3. Керімов Л.К. «Қиын» оқушылар жəне оларды қайта тəрбиелеу мəселелері.

59, 60-б

4. Өтеген Қ. Қазақстан мектебі № 7. 2012

5. Батырғалиева А.С. Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу жолдары.

-Алматы, 2011. – Б.17-25.










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!