Шығармашылық орта
туғызу-ұлттық рухыты орнықтыру
Шығармашылық орта
туғызу-оқушының шығармашылықпен жұмыстануға деген ынтазарлығын
арттыруға көңіл бөлу оқушы бойына тілдік рухты орнықтыруға қызмет
етіп, тіліміздің жасампаздығын арттыру. «Тілдік рух» деген ұғым әр
қазаққа ана сүтімен даритын құдірет. Тілдік рухта – біздің
салт-санамыз, ата дәстүріміз, қазақи болмысымыз көрініп тұрады.
Қазақ тілінің әдеби, лексика-фразеологиялық, терминдік, синонимдік,
аймақтық тілдік нормалары жан-жақты сондықтан сөз қолдануда
оқушылардың сөз мағынасын дұрыс түсінбей жататындығы байқалады.
Әдістемелік оқу құралы бірнеше бөлімнен
тұрады: «Шешенің судай төгілген,
тыңдаушың бордай езілген» бөлімі оқушыларды шешендік
сөздердің құндылығы тек шындығында емес, айтушының ойының
тапқырлығында және қиядан жол,қиыннан сөз табу–шешеннің бағалы
қасиеттері екендігін айқын түсініп, халық қазынасы болып табылатын
шешендік өнер дәстүрін дәріптей отырып, осындай тіл өнерін тудырған
«қазақ» сынды дана халық ұрпақтары екендіктеріне мақтаныш сезімін
ояту.
«Мені танығың келсе,
сөзіме үңіл...» бөлімінің басты мақсаты: әр
оқушының бойындағы тілді сезіну, қазақ сөзінің табиғатын танып-білу
қасиеттерін ашу.
Бұл жұмыстың ерекшелігі
мұғалімге оқушының жан–дүниесіндегі толғаныстарды білуге көп көмек
береді. Оқушының орфографиялық сауаттылығын арттырады, өзіндік
сөйлеу, жазу қолтаңбасы (стиль) пайда болады. Ой толғау жазуда
қойылатын талаптын бірі оқушының өз ойының болуы, қозғаған ой
аясынан алшақтамай, мазмұнын толық ашуға тырысу, сөздерді орынды,
дәл қолдану арқылы аз сөзге көп мағына сыйғызу. Міндетті түрде
жоспардың болуы, ойды жүйелі түрде жеткізу кепілі. Жазу арқылы
оқушы өз ойын жинақтап, пікір айтуға, қазақтың бай ауыз әдебиетінен
жинақтаған білімдерін қолдануға, қазіргі әдебиет өкілдерінің жазу
стильдерін тануға үйреніп, өзіндік қолтаңбасын
қалыптастырады.
«Мақал сөздің –
мәйегі»
атты бөлім халық даналығы
мақал–мәтелдердің тақырыбының жан–жақтылығын тану, тамыры тереңге
кеткен қазақ халқының тарихын мақал-мәтел жанрынан танып білу және
оқушының логикалық ойлау шеберліктерін дамыту, қысқа да нұсқа
сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, орынды пайдалануға
дағдыландыру.
«Қазақтың
даналығы–сөзінде» атты бөлімде қазақ халқының
тұрақты сөз тіркестерінің табиғатын танып – білуді мақсат еттім.
Фразеологизмдер – құрамы жағынан тұрақты болғанымен, талғампаз,
мағынасының тереңдігімен ерекшеленетін тілдік құбылыс.
Фразеологизмдердің тағы бір ерекшелігі – олардың бойында көнелілік
белгі, сөздердің байырғы күйі, ескілік сипаты сақталған, сөз
мағынасын, сөз табиғатын терең танығысы келетін жанға таптырмас
қазынаның бірі. Оқушылар сөз мағынасын ашып қана қоймай, олардың
шығу тарихына басты назар аударады, адам физиологиясымен
байланыстылығын зерттеп, ізденушілік жұмысқа баули отырып, қазақтың
даналығы – сөзінде екендігін тағы бір рет түсіндіргендей
болады.
Бүгінгі таңда, жас ұрпақ
алдында көз ілеспес өркендеп жатқан заман- жастардың ғылыми –
шығармашылық дамып, өз мүмкіндіктерін жетілдіре алатын тұлға
болуларын талап етуде. Өз ойын еркін, толық жеткізе білетін
жандардың сөзі де, ісі де жүйелі болады. Әр педагогикалық қызмет
«жақсы адам жарқын болашақ құрушысы» деген бағытта болса,
мұғалімнің әр жұмысы үлкен мақсатқа жетуге жасалған қадам болып
табылады.