Материалдар / ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДЕ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ОҚУШЫЛАРДЫ ТЬЮТОРЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДЕ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ОҚУШЫЛАРДЫ ТЬЮТОРЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Инклюзивті білім беру. Тьютер сөзіне анықтама беру. Білім берудегі тиімді әдіс - тәсілдерді талдау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қырқүйек 2024
126
0 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ӘОЖ


ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДЕ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ОҚУШЫЛАРДЫ ТЬЮТОРЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Анық Гүлсезім Едігеқызы, Аманжол Гүлнұр Алмасқызы, Орналина Айшат Орланқызы

Ғылыми жетекші: Аты – жөні, ғылыми атағы, дәрежесі


Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Университеті


Білім беру – баршаға ортақ. Денсаулығына кінәраты бар жандар да өз қатарластары тәрізді қалаған оқу ордасында білімін жетілдіріп, тәрбие алуға құқылы. Сол себепті қазіргі таңда инклюзивті білім беру үрдісі қарқынды дамып, өзінің тиімділігін аңғартуда.

Инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке – дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылардың білім алуына тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс.

Инклюзивтік тәсіл бағытындағы білім беру ұйымы қызметінің негізгі бағыты – бұл ерекше білім алуды қажет ететін балаларды әдетте, құрдастарымен дамитын және «бірдей дәрежедегі серіктестер» құқығындағы ересектер ұжымына, мектептік өзін – өзі басқару арқылы мектеп өміріне «қосу», инклюзивті кеңістіктегі қатысушылар тұрғысынан қабылдаушы «толеранттық» жағдайын қалыптастыру болып табылады. [1, 3 б.]

Инклюзивті білім беру саласындағы маңызды міндеттер – инклюзияның тиісті мақсаттарына білім беру ұйымдарының мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Бұл кез – келген білім беру немесе әлеуметтік – мәдени ұйымның білім беру ортасына қойылатын талаптарды белгілейді: ол әртүрлі мүмкіндіктері бар ересектер мен балалардың білім беру қарым – қатынастарына қосылу үшін дайын болуы керек.

Әсіресе, ерекше балалармен жұмыс жасайтын мамандарға жүктелетін жауапкершіліктің жүгі басым. Жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндігі шектеулі оқушыларды тьютерлық сүйемелдеу барысында ескеретін жайттар өте көп.

Тьютор – ағылшын тілінен аударғанда «қамқоршы», «жәрдемші» деген мағынаны білдіреді. Яғни, инклюзивті білім беруді жүзеге асыруға қарқынды қызмет ететін жан.

Соңғы жылдары аталмыш бағытта еңбек ету барысы кең етек алып, қоғамдағы назар аударуға қажет тұлғалармен жұмыс жасау барысын жетілдіру жан – жақты жүргізілуде.

Аталмыш білім берудің басты тетігі – қазіргі заманның сәнді үрдісі ғана емес, жалпы білім беру жүйесін дамытудың табиғи және заңды бөлігі, арнайы білім қажеттіліктерін меңгерген, ерекше балаларға білім берудің жалпы тәсілі. Ол балалардың дене, психикалық, зияткерлік, мәдениэтикалық, тілдік және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, сапалы білім беру ортасына айрықша білім алу қажеттіліктері бар балаларды қосуды, барлық кедергілерді жоюды, олардың сапалы білім алуы үшін және олардың әлеуметтік бейімделуін, соцуимге кірігуін көздейді.

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар адамдар (балалар) – денсаулығына байланысты білім алуда ұдайы немесе уақытша қиындық көріп жүрген, арнайы, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын қажет ететін адамдар.

Инклюзия идеясы «қоғамға кіріктіру» концепциясына негізделетіні белгілі. Қоғам мен оның институттарының өзгерісі, денсаулық мүмкіндігі шектеулі адамдардың нәсіліне, дініне, дене, психикалық, мәдени – этикалық және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан қоғамда қолайлы жағдай туғызуынан көруге болады.

Бүгінгі таңда инклюзияны немесе білім беру ортасына кіріктіруді, ерекше қажеттіліктері бар балаларды басқа дамуы қалыпты оқушылармен бірге оқыту деп те атауға болады. Ерекше білім алуды қажет ететін балалар осындай тәжірибе арқылы басқа балалармен араласады, өсиді, дамиды және қалыпты білім беру мекемесіне барып, онда өз достарын табады. Жалпы айтқанда, барлық балалар сияқты өмір сүреді. Бұл идеяның ерекшелігі, ерекше қажеттілігі бар балалар сапалы білім алып және қоғамда психологиялық бейімделу үшін басқа балалармен белсенді түрде бірлесіп әрекет етуі керек. Бұндай қарым – қатынас олардың дамуында немесе дансаулығында ешқандай шектеу жоқ балалар үшін де маңызды. Бұның барлығы инклюзивті білім берудің, кіріктіріп оқытудың рөлін атқарады және ерекше балалардың әлеуметтену мүмкіндіктерін кеңейтуге көмектеседі.

Ал, бұл машықтардың бәрін тьютор ерекше балалардың бойына күнделікті сіңіріп, іс – әрекетті ұдайы қайталау арқылы санаға сіңіреді. Тьютерлік қолдау қашан да өзінің маңыздылығын байқатып, қоғам үшін құнды қызмет қатарынан көрінеді. Себебі, мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдау көрсету, оларға психологиялық – педагогикалық демеу беру, жан дүниелеріне үңіліп, денсаулығына байланысты әрекет ете алу аса үлкен қажеттілік.

Инклюзивті білім беруді сәтті жүзеге асырудың маңызды шарттарының бірі, жалпыға бірдей мемлекеттік білім беру стандартын игеруді оңтайландыруға қарай оқыту және тәрбиелеу бағдарламаларын бейімдеу және білім беру ұйымына тиімдірек болып табылатын педагогикалық – психологиялық технологияларды енгізу.

Әрине, жаңаша қоғамда күнделікті тұрмысқа қажетті дағдыларды балалар еркін меңгеру керек. Инновациялық технологиялармен жұмыс жасауға бейімдеу, заман ағымына сай әрекет ете алуға үйрету тьютерлердің ерекше балалармен әр күн сайын бірлескен әрекетінен көрініс табады.

Білім берудегі инклюзивті жұмысты тиімді жүзеге асыру үшін барлық балалардың, олардың қабілеттері мен мүмкіндіктеріне тәуелсіз білім алу сұраныстарын қанағаттандыруға икемді білім беру ортасын құру қажет. Қазіргі заманғы педагог білім алушылардың толыққанды дамуы және өзін – өзі дамытуы, ата – аналармен, мамандармен, медициналық қызметкерлермен, қоғамдық және арнайы ұйымдардың өкілдерімен өзара әрекеттесе алуы үшін жағдай жасай отырып, олардың жеке сұраныстарына икемделуге дайын болуы қажет. Осыған байланысты оның кәсіби құзіреттілігіне талаптар өсуде. [2, 4 б.]

Инклюзивті білім беру – гуманизмге, руханилыққа, әлеуметтік әділдікке жетелейтін әрі солардан бастау алатын, өзіндік ерекшелігі мол сала. Адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттары әрбір адамның қоғамдық өмірге теңдікпен және дискриминациясыз араласуы керек деген идеяға негізделетіні белгілі. Сондықтан да әлемдік білім беру жүйесіндегі соңғы жылдары жаңашыл идеялар көптеп енгізіліп, олардың діңін ЮНЕСКО – ның «Білім барлығы үшін» бағдарламасы қалап келеді. Оқыту мекемелеріне инклюзивтік білім беруді енгізу үрдісі – уақыт талабы. Дегенмен, бұл қадам – білім беру жүйесіндегі гуманизмнің қарқынды даму нәтижесі екенін де атап өту керек. Әрине, өскелең ұрпаққа, олардың физикалық, интеллектуалдық, этникалық мүмкіндіктеріне тәуелсіз сапалы білім беруді, тәрбиелеуді, дамытуды және әлеуметтендіруді қамтамасыз етуде практикада инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын және кәсіби міндеттерді шығармашылықпен шешетін, педагогикалық, психологиялық және әдістемелік білімді терең меңгерген педагогтер қажет.

Қазақстанда біраз жылдан бері инклюзивті білім беруді жүзеге асырып келе жатқан мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдары бар. Жыл сайын инклюзивті білім беруге жағдай жасалған мектептердің саны артып келеді. [3]

Тиісінше, арнайы білім беруге қабілетті маман даярлау барысы, біліктілікті арттыру мен пікір алмасу үрдісі де ұмыт қалған емес. Мемлекет мүмкіндігі шектеулі жандарға қол ұшын созу үшін қажетті алғышарттарға мән беріп, тьютерлердің тәжірибесін арттыруды барынша кеңінен жүзеге асыруда. Ерекше қамқорлықты қажет ететін бүлдіршіндермен қарым – қатынас құру мәселесі, сауатты коммуникация, білім алуға қол ұшын созу, дер кезінде көмек көрсетуге қабілеттілік тәрізді ең маңызды мәселелерді меңгеріп, өзіне тиісті амал – әрекеттерді білгені жөн. Сол себепті, арнайы педагогика саласында білім алатын жандарға ерекше назар аударылып, біртұтас қоғамда ерекше балаларға қолайлы орта құру барысы қарқынды іске асырылуда.

Қазіргі кезде өтпелі кезеңнің қиындықтарына қарамастан, әрбір оқу жылының басында инклюзивті білім беруге жағдай жасаған мектептер саны көбеюде. Жергілікті жерде білім ұйымдарын кадрлық, материалдық – техникалық қамтамасыз ету мәселелері шешілуде, оқу – әдістемелік құралдар әзірленіп, шығарылуда, дегенмен инклюзивті білім беру әдістемесін қолданудың бірыңғай механизімін жолға қоюға біршама уақыт қажет. Бұл жағдайлар инклюзивті білім беруді дамытып келе жатқан білім ұйымдарына ғылыми – әдістемелік, кеңестік – ақпараттық қолдау көрсету үшін ресурстық орталықтардың жұмысын жандандыру қажеттілігіне алып келді. Жалпы білім беру ұйымдарының базасында ашылған ресурстық орталықтардың жұмысының нәтижесі, мұндай тәсілдің тиімділігін көрсетеді, себебі, мектептің жағдайы белсенді тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. [4, 17 б.]

Әр бала өз қатарластары тәрізді толыққанды білім мен тәрбие алуға құқылы екендігін ескерсек, инклюзивті білім беру бұл мәселенің оң шешімін табуға ықпал етіп, адамдардың таңдауына құрметпен қарайды.

Жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндігі шектеулі оқушыларды тьютерлік сүйемелдеу барысында оның маңызды тұлға екендігін ұғындырып, қатарлас құрбыларымен жақсы қарым – қатынас құра алуына үйреткен абзал. Тұлғаға бағытталған білім, психологиялық қолдауды қажет етеді. Өзін қоғамға қажетті тұлға сезінген ерекше балалар білім алуға да құлықты болып, қоршаған ортаға сеніммен қарай алады.

Қазіргі заманда инклюзивті білім беру – бұл барлық дамыған мемлекеттерге қатысты болатын жаһандық қоғамдық процесс. Әлемдік қоғамдастықта сапалы білімге тең қолжетімділікті жүзеге асырудың тиімді механизмдерінің бірі ретінде танылған инклюзивті білім беру жүйесінің барлық компоненттерін қайта түсінуді талап ететін көпаспектілі процесс болып табылады.

Тьютердің табысты еңбегі – өз ісіне деген сүйіспеншілігі мен жұмысқа адалдығынан көрініс табады. Ерекше балалармен тіл табыса алу кез – келген жанның қолынан келе бермейді. Ал, оларға қолдау көрсете білу шеберлігі тіпті жоғары біліктілікті талап етеді. Сол себепті, инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын мамандарға құрмет ерекше.

Бүгінгі қоғамда инклюзияны түсіну негізгі проблемалардың біріне айналды. Ерекше білім алуды қажет ететін адамдардың қоғамда өздерін қалай жүзеге асыратыны маңызды емес, ең бастысы, адамзаттың осындай адамдарға деген қарым – қатынасы. Себебі әр адам айналасындағы адамдардың қолдауы мен қабылдауына мұқтаж. Инклюзия ерекше қажеттіліктері бар адамдарға барлық әлеуметтік процестердің формасы мен құралдарын таңдауға және іс – шараларға қатысуға шектеу қоймайды, білім берудің барлық деңгейінде, бос уақытты ұйымдастыру процесінде, жұмысында, әртүрлі әлеуметтік рөлдер мен қызметтерді жүзеге асыру барысында олардың еркіндігі сақталады. Инклюзивті білім берудің кедергісіз енуі, тек рухани – адамгершілікке, ізгілікке, салауатты өмір сүруге негізделген қоғамға байланысты болмақ.

Қазіргі қоғамда ерекше білім алуды қажет ететін балаларды жалпы білім беру мекемесіне интеграциялау – бұл дамыған елдердің барлығына әсер еткен қоғамның жаһандану процесі болып табылады. Оның негізгі қоғам мен мемлекеттің мүгедек және ерекше білім алуды қажет адамдарға қатысты барлық жүйені қайта қарауға дайын болуы. Білім алу – әр адамның құқығы.










Әдебиеттер тізімі:


1. Білім беру ұйымдарында инклюзивтік мәдениетті қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар = Методические рекомендации по формированию инклюзивной культуры в организациях образования [Мәтін] : әдістемелік ұсынымдар / ; ҚР Білім және ғылым мин-гі ; Ы. Алтынсарин атын. Ұлттық білім акад.... – Нұр-Сұлтан : Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ; Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2019. - 319 б. –

2. Инклюзивті білім беру үдерісінде қатысушылардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін арттыру бойынша әдістемелік ұсынымдар = Методические рекомендации по повышению психолого-педагогической компетентности участников инклюзивного образовательного процесса [Мәтін] : әдістемелік ұсынымдар / ; ҚР Білім және ғылым министрлігі ; Ы. Алтынсарин атын. Ұлттық білім акад.... – Нұр-Сұлтан : Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2019. - 399 б.

3. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің жай – күйі мен дамуы туралы Ұлттық баяндама, 2015 жыл. С.Ирсалиев, А.Култуманова, Э.Тулеков және т.б. – Астана: «АТО» АҚ, 2016 – 450 б.

4. Инклюзивті білім берудің ресурстық орталығының ережесі = Положение о ресурсном центре инклюзивного образования [Text] / ; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ; Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы... – Астана : [б. ж.], 2016. - 55 с.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Іс-шаралар кестесі
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ