Материалдар / Жаңартылған білімге - жаңаша көзқарас
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жаңартылған білімге - жаңаша көзқарас

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беруде, тәрбиелеуде мұғалімнің өзінің не біліп,не істейтіні маңызды-ақ, бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп, не істейтіні онан да маңыздырақ.Мүғалімдер,міне,осынысымен бағаланады. Сондықтан баланы оқытудағы басты мақсат-оны әрі қарай мұғалімнің көмегінсіз-ақ дамуға қабілетті ету. Ал, ол үшін мұғалім заман талабына сай үйренген әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып,үздіксіз ізденістің жетегінде болуы керек екені бәрімізге мәлім. Қазіргі заманда жаңа технологияны меңгеріп, оның қыр-сырын келешек ұрпаққа жеткізуде мұғалімнің алар орны ерекше деп есептеймін.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қырқүйек 2022
137
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жаңартылған білімге - жаңаша көзқарас

Білім беруде, тәрбиелеуде мұғалімнің өзінің не біліп,не істейтіні маңызды-ақ, бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп, не істейтіні онан да маңыздырақ.Мүғалімдер,міне,осынысымен бағаланады. Сондықтан баланы оқытудағы басты мақсат-оны әрі қарай мұғалімнің көмегінсіз-ақ дамуға қабілетті ету. Ал, ол үшін мұғалім заман талабына сай үйренген әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып,үздіксіз ізденістің жетегінде болуы керек екені бәрімізге мәлім. Қазіргі заманда жаңа технологияны меңгеріп, оның қыр-сырын келешек ұрпаққа жеткізуде мұғалімнің алар орны ерекше деп есептеймін. Олай дейтін себебім,заманауи мұғалім үздіксіз білім алып,өз тәжірибесімен шәкірттерін сусындатумен бірге, әріптестерімен тәжірибе бөлісіп,келешек білімді ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісінде көшбасшы болып отыр. Әрбір мұғалім алдарындағы білім алушыларын жан-жақты қырынан өмірге дайындап, олардың ішкі мүмкіндіктерін ашып,оқудағы ерекшеліктерін танып, әртүрлі жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, қоғамның ағымымен бірге ілесе білуге бағыттап отыр. Мектеп тренеріне арналған бағдарлама негізінде педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары курсын оқып,біліктіліктерін арттырған мұғалімдердің өздерінің осы бағдарламадан алған білімдерін,озық тәжірибелерін мектептеріндегі әріптестерімен бөлісіп,оларға қолдау көрсету көзделеді.Міне, мен өзім 2016 жылдың қараша айында курсты бітіріп, өзім еңбек ететін мектебімдегі әріптестерімнің басын қосып, «Тәжірибедегі рефлексия» курсын өткіздім. Алғашқыда қиын болды. Өйткені оқушы емес, әріптестеріме қолдау көрсету мақсатындағы жүргізіліп жатқан курсқа көп дайындықпен келу керек екендігін алдын ала түсіндім. Әрине әріптестерімнің көкейінде де курстан не үйренер екенбіз,бізге пайдасы бар ма,әлде жоқ па? деген сауал тұрғаны белгілі еді. Сонымен алғашқы сабақ өзім ойлағаннан да жақсы өтті. Курста презентациялар арқылы түсіндіре отырып, әріптестерімнің өздеріне тапсырмалар бере отырып, өздеріне сол орындаған тапсырмаларын жан-жақты талдата, саралата отырып,тіпті сабақтың қалай аяқталғанын білмей қалған күндер де болды.Келесі сабаққа қатысушылардың өзіне топқа бөлу, сергіту сәттерін ұйымдастыруға тапсырмалар берілді. Әрбір әдіс-тәсілдерді сабақта қалай қолдану керек екендерін,тіпті өздері қай әдіс-тәсілдің тиімді екендігін талдай отырып,жаңаша ізденуге бағыт алды. Үйренген әдіс-тәсілдерін сабақтарында қолданып,келесі сабаққа келгенді тиімді,тиімсіз болғандарын да бір-бірімен бөлісіп кері байланыс жасауды дағдыға айналдырды.

Ісмер ағаштан қандай да бір затты қырнап-мінеп жасап шығудан бұрын оны балтамен шауып,жонғылап алады; ұста темірді шыңдаудан бұрын оны жұмсартады...Бірақ осылайша мұғалімнің де оқушыға өзінің тәлімдерін үйретуден бұрын алдымен оның бойында білім алуға деген талпынысты оятып алуы қажет екенін курс барысында әріптестерім ұғына білді. Белгіленген уақытта курсымызды оқып аяқтағаннан кейін рефлексиялық есептерін,тізбектелген сабақтарын бір-бірінің алдында қорғады. «Тәжірибедегі рефлексия» курсын аяқтаған соң, әріптестер «Жаңартылған білімге-жаңаша көзқарас» тақырыбында курстан үйренгендерін тәжірибеде қолдана білу бағытында апталық өтті.Апталықтағы жоспарланған сабақтарға ұжымдағы үлкен-кіші мұғалімдердің көпшілігі дерлігі қатысып, курстан дәріс алған мұғалімдердің сабағына «өте жақсы» баға берді. Мұғалімдер өзінің білімдерін үздіксіз көтеріп,ізденіп отырғанда ғана нәтижелі жетістікке жететіндерін тек сабақ барысында емес,өздерінің оқытатын пәндері бойынша әртүрлі бағыттағы сайыс,байқауларға қатысу арқылы көз жеткізе білді.

Picture 2 Picture 3



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!