Материалдар / Жаңаша оқыту- жаңаша көзқарас
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаңаша оқыту- жаңаша көзқарас

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру жағдайындағы жаңа өзгерістердің өз тәжірибеме кері байланыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2018
456
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖАҢАША ОҚЫТУҒА – ЖАҢАША КӨЗҚАРАС

«Ел мен елді, халық пен халықты теңестіретін - білім».

Мұхтар Әуезов.

«Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім» 2014-жылдың 17-ші қаңтарында Президенттің Қазақстан халқына кезекті 18-ші жолдауы жарияланды. Елбасы Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда ауқымды жұмыстардың күтіп тұрғандығын хабарлады. Білім беру ұйымдарына заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Болашақта оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс екендігін атап көрсетті. Әрине бұл мәселені шешу негізінен педагог мамандарына жүктелуде.

Ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады. (Конфуций) атап кеткендей заман талабына сай ұстаздар да жанашылдыққа бет бұрғаны абзал. Қазіргі ақпараттандыру технологиялары ғасырында, уақыт мұғалімдерден өздерінің міндеттерін өзгертуін талап етуде. Бұрын мұғалімнің негізгі функциясы тәжірибені трансляциялау болса, қазіргі заманауи мектепте мұғалімнен міндеттерді жобалау және әрбір оқушыны жеке және зияткерлік мүмкіншілігі бойынша дамуын басқаруды талап етілуде. Осы мақсатта оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Заман талабына сай сабақ беру әдіс-тәсілдері де жаңарып, жаңаша технологиялар мен модульдер анықталуда. Барлық модульдің көздеген мақсаты - оқушыларды өзін-өзі реттеп, бағалап, бақылауға, ойларын ашық айтып, өздері шешім қабылдап, бір-бірімен пікір таластыруға үйрету.

Осы мақсатта Жаңақала мектеп-гимназиясының деңгейлі бағдарлама бойынша курс материалдарын меңгерген ұстаздар қауымы бар күшімізді өз мектебіміздегі шәкірттеріміздің білімін көтеруге жұмсаудамыз. Ең алдымен, Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің «Жаңақала мектеп - гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2015-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы мен «Жаңа толқын» кәсіби қоғамдастығының жоспары жасалып,бекітіліп, сол жоспар бойынша іс-шаралар өтуде. Қыркүйек айында ашылған аталмыш оқу орнында әріптестермен ортақ ынтымақтастыққа негізделген «Жаңа ұжым: Таныс, қарым-қатынас, табыс» ынтымақтастық кешін ұйымдастырылды. Мұғалімдермен өткізілген «СТО» Исмагулова.Г.Ж. «Сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану жолдары» Бесбаева.Г.К. тақырыбындағы коучингтері жаңашылдыққа бағытталған, педагогикалық тәсілдің жиынтығы деуге болады. Әрине жаңа орын, жаңа ұжым ,кәсіби тәжірибемізге көптеген өзгерістер жасауды талап етеді. Бағдарламадағы 7 модуль бойынша сабақтарды қызықты етіп өткізу , білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, білім беру үшін бағалау және оқытуды бағалау, білім беруде ақпарттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру беру және оқыту, білім берудегі басқару және көшбасшылық. Яғни, педагогика тілімен өрнектесек, оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. Бұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай, пікір-көзқарастарын ортаға сала отырып, топтасып талқылауға жаңа ұғым-түсініктерін өрістетуге орайластырып құрылады. Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние – жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттілігін ұғынуы, сондай-ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі. Осы модульдермен жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы: математика пәнінен «Рационал сандарға амалдар қолдану» 6сынып,Қарабасов Е.М. «Квадрат теңдеу. Толымсыз квадрат теңдеу» 8сынып ,Еспентаева. К.К.физика пәнінен « Тізбек бөлігі үшін Ом заңына есептер шығару» 8сынып, Максутова.А.М. тарих пәні «Ұжымдастыру саясаты» 9сынып, Исмагулова.Г.Ж. «Жәңгір хан тұсауындағы Бөкей ордасы»8-сынып, Рамазанова.Д.Б. Ағылшын тілінен «Canada. Geographical position of Canada» 10сынып, Иманбаева.Г.Т. «Her majesty the Queen»10 сынып, Ибрашева.А.Ж. технология пәнінен «Сәндік қолданбалы өнер» 10 сынып, Бесбаева.Г.К. тақырыптағы өткізген жаңа форматтағы сабақтарынан көре алдық. Тағы бір жаңалығымыз, Қазақсатан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің басқаруымен «Педагогикалық шеберлік орталығының біліктілік арттыру» орталығының тапсырмасы бойынша әр мектепте бірінші ,екінші деңгейдегі «сертификат» алған мұғалім , ұжымдағы басқа әріптестерін «үшінші деңгей бағдарламасы» бойынша оқыту міндеттелген. Осы бағдарлама бойынша 27 мұғалім өз келісімдерімен, білімдерін тереңдету мақсатында бүгіңгі таңда деңгейлік оқып келген оқытушылармен бірлесе жұмыс жасай отырып, тәлім алуда. Әріптестеріміздің сабаққа , қызығушылықтары мен жауапкершіліктері бірден байқалып тұрды. Берілген тапсырманы тез меңгерулері және өз тәжірибелеріне енгізуге құштарлықтары бізді қуантады. «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады», -деп Абай атамыз айтқандай,  озық ойлы білімдар ұстаздардың бар екендігі, және олар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне өз үлестерін қосуымен бірге мектептің де, оқыту процесіне «оң» әсер бере алатыны сөзсіз. Егер де ұжымдағы әріптестерімізге осы бағдарламаның қажеттілігі мен тиімділігін жеткізе алсақ , неміс педагогі А.Дистервергтің тілімен айтқанда «Нашар мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді»- деген сөзін дәлелдейтін ұстаздардың көп болатындығына сенімдімін.

Міне, біз бүгін танысып отырған «Білім берудегі Кембридж тәсілдерінің теориялық негіздері» осы жоғарыда айтылған ұстанымды ұстайды. Яғни, мұндағы бала өзі ізденуші, бір-біріне үйретуші, ал мұғалім бағыт беруші, нұсқаушы. Ал, бұл тәсілдің басқа технологиялардан ерекшелігі жеті модуль арқылы іске асыру. Бұл модульдердің сабақтарда тигізетін пайдалары өте көп екенін көріп жүрміз. Сабақтарымыз үнемі мазмұнды, нәтижелі, мағыналы, жан-жақты, оқушыларға қызықты болсын деп тілеймін.

Ұлы ағылшын ағартушысы Ульям Уорд айтқандай:
«Жай мұғалім хабарлайды,
Жақсы мұғалім түсіндіреді,
Керемет мұғалім көрсетеді,
Ұлы мұғалім шабыттандырады»,-деген екен. Ендеше, еліміздің білім беру жүйесі – жетілдірудің дұрыс жолында, ұлы мұғалімдерді тәрбиелеу үстінде.

Жаңақала мектеп-гимназиясының сызу, сурет және технология пәні мұғалімі:

Бесбаева Гулсайра Кенжебайқызы



Кезекті сабақтан соң...

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!