Материалдар / Жас ерекшеліктері туралы ұғым
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жас ерекшеліктері туралы ұғым

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалдар жас ерекшеліктері туралы айтылады.Барлығы мақала түрінде берілген және тақырып кеңінен ашылған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2021
877
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жас ерекшеліктері туралы ұғым. Белгілі кезеңдерге бөлінуі.


Дәріс жоспары:

  1. Жас ерекшеліктері туралы ұғым

  2. Балалардың дербес ерекшеліктері.

  3. Жасына қарай балалар мен оқушыларды кезеңдерге бөлу.

Негізгі әдебиеттер:

1. ҚР Білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған тұжырымдамасы, 2016ж.

2. Әбиев Ж.А. Педагогика - Алматы., 2004.

3. Қоянбаев Ж.Б. Педагогика: Университеттер студенттеріне арналған оқу құралы / Ж.Б Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев.- Алматы, 2004,- 420 бет.

5. Құрманалина Ш. Х. Педагогика А., 2017

Қосымша әдебиеттер:

1. Подласый И.П. Педагогика. Новый курс: Учебник для студентов педагогических вузов: в 2кн. – М.,99.

Жас ерекшеліктері туралы ұғым. Белгілі бір шақтың кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық жөне психологиялың ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерімпаздықты айңындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын ңарым-ңатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Балалардың өсіп-жетілуінің бір сатысынан екінші-сіне көшуі кездейсоқ емес. Әр жастағы кезеңге тән психологиялық ерекшеліктердің ұштасуын жиі байқауға болады.

Сана-сезімнің, дене күш-қуаттарының дамуы адамдардың жас ерекшеліктеріне байланысты. Баланың жасы өскен сайын бойлары өсіп, денелері түлғаланып, ақыл-саналары дамып, бі-лімдері тереңдей бастайды. Балалардың жас ерекшелігін есепке алу, оқыту мен тәрбие жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі. Қоғамда атқаратын рөлі, белгілі қүңығы бар адамды жеке адам деп түсінеміз. Ал, қалыптасу дегеніміз - адамның жеке басының дамуы мен тәрбиесінің нәтижесінде жетілуі, саналы өмір сүруге дайын болуы.

Жас ұрпақты қоғамдың өмірге жөне еңбекке араласуға дайындау міндетін іске асыруда, баланың жеке басын қалып- тастыруға әсер едетін тәрбие, ңоғамдық, әлеуметтік орта және түқым қуалаушылық- Перзент сүю - ата-ананың бақыты, олар-дың қоғам алдындағы табиғи борышы. Ұрпақ жалғастыру -бүкіл тіршілік дүниесінің эволюциялық жемісі. Адам табиғаттан тыс өмір сүрмейді, олай болса, оның табиғи заңына орай дүниеге ұрпақ әкеледі. Адам өзінің баға жетпес үрпағы үшін бар жағдайды жасайды.

Тәрбие ісінде балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп отыру ңажеттігін педагогика ғылымы ерте кезде-ақ көрсеткен еді. Ал белгілі педагогтер Я.Коменский, Ж.Руссо тәрбие беру кезінде бала табиғатын, оның қабылдау, ойлау ерекшеліктерін еске алып отыруға үндеген болатын.

Қазіргі педагогика және психология ғылымдары балалар мен жеткіншектердің дамуындағы биологиялық фактордың рөлін айрықша көрсетеді. Педагогика ғылымы жас ерекшеліктерін анықтауға баланың дамуын үнемі қозғалыс үрдісі ретінде қарастыра отырып, бүл қозғалыстан сан жағынан жинақталу, ал сапа жағынан елеулі өзгерістер болатынын алға тартады. Мөселеге бүлайша қарау балалардың дене және психикалық дамуының бірқатар кезеңдерін белгілеуге мүмкіндік береді. Осы-ның негізінде мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдердің өсіп-жетілуін мынадай кезеңдерге бөлу қабылданды:

  1. төменгі сынып шағындағы кезең (7 жастан 11 жасңа дейін);

  2. негізгі мектеп шағындағы жеткіншектік кезең (12 жастан 15 жасңа дейін);

  3. орта мектеп шағындағы жасөспірімдік кезең (15 жастан 18 жасңа дейін).

Соңғы жылдары симпозиумда қабылданған жас кезеңдерінің сызбасына жаңа туған баладан бастап жасөспірімдік шаңқа дейінгі өзгерістер кіреді. Олардың сатылары:

  1. Жаңа туған бала (туған сәттен бір-екі айға дейін)

  2. Нәрестелік шақ (бір-екі айдан бір жылға дейін);

  3. Ерте сөбилік шаң (бір жастан үш жасқа дейін);

  4. Мектепке дейінгі балалық шақ (төрт жастан 7жасқадейін);

  5. Бастауыш мектеп жасы (7 жастан 11,12 жасқа дейін);

  6. Жеткіншек шақ (11, 12 жастан, 14, 15 жасқа дейін);

  7. Жасөспірім шақ (14,5 жарым жастан, 17 жасқа дейін).

Төрбие мен оқыту осы жас сатыларына сәйкес жүргізілуі керек. Өйткені, адам жасының табиғи негізі - жас сатылары немесе биологиялық жетілу сатылары.

Әрбір жас шағы психикалық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңдегі жеке басының өзіндік қүрылымының жиынтығын қүрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Осыған байланысты әрбір педагог-маман орта мектеп оқушыларының жас кезеңдеріндегі ерекшеліктерге сергек те сезімтал көзқараспен қарап, олардың жан дүниесін түсіне білуі шарт.

Мектепке дейінгі балалық шақ

Мектепке дейінгі балалық шақта, жас баланың 4 пен 7 жасы-ның аралығындағы өзіне төн ерекшеліктері, оның айналасын-дағы болып жатңан қүбылыстарды жіті аңғарып, кергені мен сезінгендерін зердесіне хаттай жазып ала қоятын зеректігін ала бөтен ескерген жөн. Әрдайым қозғалыс үстінде жетіле дамыған балалардың денесі мен салмағы да бір қалыпты мөлшерді сақтап өсіп отырады.

4-5 жасар балалардың салыстырмалы ойлай алатын қабілет-тері ерекшелене түседі. Санамақтарды әжептәуір игеріп, аз жә-не көп сандарды, айдың, күн, жыл мезгілдерін айыра алатын халге жетеді. Бүл жастағылардың ойыны, әрбір әрекеттері маз-мүнға айналып, белгілі бір мақсаттарды орындауға үмтылыс жа-сайды. Бүл жастағы балалар топ-топ болып, өзара бірігіп ойна-ғанды жақсы көреді. Балабақшаларының өмірге қанат қақ-тырар жеткіншектері - 6 жастан етіп 7 толған балалар екені әр-кімге де аян. Баланың мектепке 7 жасында баруы - негізінен биологиялың және физиологиялық заңдылықтарды басшылық-қа алудан деп түсінген жен. Дендері сау боп дүниеге келген бала-лар, қашан да алғыр да зерек үғымталдығымен ерекшеленеді. Олар айналасындағы қүбылыстарды тез байқап қабылдауға да бейімді. Жете түсінген қүбылыстарын өмір бойы ұмытпайтындықтары да белгілі.

Бастауыш мектеп жасы

Бастауыш мектеп жасындағы баланың психологиялық ерекшеліктері баланың бүрынғы дамуында жинақталып, оны өз кезегімен дамудың келесі сатысына кешуге дайындап отырады. Алаңсыз балалық шақ аяқталып, баланың өміріне іс-әрекеттің жаңа түрі - оқу енеді. Оқу міндетті іс болып табылғандықтан, ол баладан белгілі бір жауапкершілікпен ең-бек етуді талап етеді. Мектепке бару баланың қоғамдағы жөне отбасындағы жағдайын өзгертіп, оған бірқатар жаңа міндеттер жүктейді. Осының бәрі баланың қоғамдағы жағдайын езгертіп, бүл езгерісті ол біртіндеп сезінеді. Төменгі сынып оқушылары біртіндеп оқу ісіне, мектептің сан-салалы өміріне бауыр басып, өздерінің түсініктерін кеңейтіп, сөздік қорын молайып, оқуға, жазуға, санауға үйренеді. Окытудың алғашқы сатысында олардың өмірлік тәжірибелері молая түседі. Бірлесіп оқу, жалпы оқу тапсырмаларын шешу, мінез-құлықтың жаңа ережелері мен нормаларын игеру балалар арасында қарым-қатынастардың қалыптасуына жағдай туғызады.Төменгі сынып оқушыларының ойлауын дамытуда екі негізгі саты байқалады. Бірінші сатыда ойлау әрекеті мектеп жасына дейінгі баланың ойлауын еске түсіреді. Екінші сатыда оқушы-лар заттар мен жағдайларды сыртқы белгісі бойынша бағалайды. Есейе келе ойлау сипаттары өзгереді. Оқушылар білуге әуесқой болғандыңтан, олардың табиғат қүбылыстары, адамдардың өмірі туралы сүрақтары көбейеді. Шығармашылық ойындар баланың ақыл-ойын дамытады.

Сезімдік көңіл-күйінің көтеріңкілігі - олардың маңызды бір ерекшелігі. Оқушылар ересек адамдармен, өзінің қүрдаста-рымен қарым-қатынаста болғанды жаңсы көреді.Бүл жастағы балалардың негізгі іс-әрекеті - оқу. Бастауыш сынып оқушылары үзаң уаңыт бір қалыпты отыра алмайтын-дықтан, сабақта жазу мен оқуды алмастырып, сергіту сәттерін өткізіп, сыныптың ауасын тазартып, үзіліс кезінде мектеп ауласында ойындар үйымдастыру керек. Мүғалім оқыту процесін жеке бөліктерге бөліп, оқушыларға жеңіл тапсырмалар беріп, оларды бірте-бірте күрделендіріп отырады. Оқыту процесі зейін мәдениетін тәрбиелеуге бағытталуы керек. Оқуға және қоғамдың жүмыстарға байланысты талап-тарды жүйелі қойып, оның орындалуын баңылау, өздік жүмыс-тарды орындату, іс-әрекетті түрлендіру, ойындарды ңолдану, балалардың еңбегін жеңілдетіп, балаға тапсырма орындаудың ңажет екендігін түсіндіру арқылы, мүғалім оқушының оқуға деген жауапкершілігін тәрбиелейді.Бала форма, бояу, дыбыс арқылы ойлайды, сондықтан көрнекілік әдістері мен ойындарды жиі ңолдану пайдалы. Мектептегі, үйдегі еңбек, дене жаттығулары, ойындар баланың есте сақтау қабілетін дамытады.Бастауыш мектеп оқушыларының оқу мүмкіндіктерін зерттеп, оларды күрделі бағдарлама, оңулықтармен оқыту өте ма-ңызды іскерлік, атап айтсаң, өз ойын ауызша, жазбаша түрде беруге үйретеді.

Бұл жастағы балалармен тәрбие жүмысын дүрыс үйымдастыру үшін мына ерекшелікті ескеру керек: сөз бен істің сөйкесті болуыті талап ету, жөнсіз кінәлаудан жеркену сезімінің болуы, үлкен адамдардың жіберген ңателігін тез байқау, арманшыл, сенімді серік іздеу, өз мүмкіндіктерін асыра бағалау, түрлі спорт ойындарына ықыласты болу. Осы ерекшеліктерді оқу тәрбие жүмысында сынып жетекшілері, мұғалімдер, ата-аналар ескеруі қажет. Адамгершілік тәрбиесінде баланың көнгіштігін, сенгіштігін, еліктеуге бейімділігін пайдаланып, қателігін мойындауға үйретуге болады. Мұғалімнің оңушымен қарым-қатынасы, жайдары ізгі қатынасқа көшуі, баланың өзін тануына көмекте-суі адамгершілік сезімін тәрбиелейді. Ерекше көңіл аударатын мәселе - баланың мінез-ңүлқының көпшіл де кең пейілді болуы. Бүл жастағы балалар үшін еңбектің тәрбиелік мәні зор. Балаларды бірте-бірте еңбекке баулу отбасында, үжымда жүргі-зіледі. Үзақ уақыттық дене еңбегіне, ңүш түсетін жүмыстарға әлі қабілетсіз болатындығын ескеру керек. Еңбек іс-әрекетімен жүйелі айналысу, оны бірте-бірте күрделендіру, өндіріс орындарына экскурсияға апару, мамандыңтармен таныстыру түлғаның әлеуметтік қүнды сапаларын қалыптастыруға көмектеседі. Төменгі сыныпта өзіне-өзі қызмет етудің әдеттері мен дағ-дылары қалыптасады. Үлкендердің еңбегін қүрметтейді, адам өміріндегі еңбектің рөлін түсініп, дене еңбегіне даяр болады, дүние туралы үғымдар қоры, ңажетті іс-әрекет икемділігі дамиды. Мектептің ең негізгі міндеті - балаға білім атаулының әліппесін үйретумен қоса, оның өмірдегі өз орынын табуына көмектесу. Жеке түлғаны қалыптастыруда ең бастысы - ақыл-ой, адамгершілік, еңбең, эстетикалық, дене тәрбиесін өзара байланыста кешенді жүргізу.

Жеткіншек шақ

Жеткіншек балаларды дамыту және тәрбиелеу ерекшелігі.

  • Жыныстык толысу тез жүреді: - қыздарда 11-13 жас; -ер балаларда- 13-15 жас,

  • Қанқа сүйегі мен бүлшық етінің жедел жетілуіне байланысты моторлық аппараттың қайта кұрылуы мінез-күлкының өзгеруіне әкеліп соғады. сондыктан дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру керек.

Жеткіншектік кезеңнің шектері шамамен орта мектептің У-ҮІІІ сыныбына сәйкес келеді де, 11-12 жастан 14-15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Жеткіншектік кезең-нің баланың дамуындағы ерекше орны оның "өтпелі", "бетбү-рыс", "қиын", "сыналатын" кезең деген атауларында бейнелен-ген. Бүл - ең тынымсыз, ең қиын, ең қызба жас.

Жеткіншек кезеңнің маңыздылығы адамның жеке басының моральдық, әлеуметтік негіздерін қолданып, қалыптасуының жалпы бағытының белгіленуі.

Жеткіншек шақтағы балалардың ерекшеліктері:

  • әлеуметтік белсенділігі басым

  • ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді меңгеруге, үлкендермен, жолдастарымен қарым-қатынас орнатуға жақын болады.

-жеткіншек шақтың басында олардың сырт пішіні, мінез-құлқы үлкендерге ұқсамайды.

- Көп ойнап, көп жүгіреді, алысып-жұлы ып тентектіктер жасайды, әлі де бала болып, елеусіз есейеді

- соңына қарай ол «енді бала емеспін, ересекпін» деген түсінікте болып, өзіне ересектердің солай қарауын қалайды.

- олар намысқор келеді, үлкендер бақылауын, әкімшілік шараларын ұнатпайды, Үлкендерді озбырлық жасайды деп ойлайды. Кейде түсінбеушілік осындайдан туады. Үлкендерге байланып, олардың мінезінен шындықты байқауға тырысуы үлкендер мен балалар арасында түсінбеушілік туғызады. Үлкендердің асығыс шешім қабылдауы балаға зиян келтіруі мүмкін.

- олар өнегелі адамдардың істерімен масаттанады

Олар қоғамдық пайдалы істерге ықыласты, ұжымшыл, жолдастық, достық сезімге бай, кітап оқуға, кинофильмдерді көруге ынталы, спортты ұнатады

- мектеп пен оқу олардың өмірінде ерекше орын алады. Жеткіншектер: білімді, әділ, мейірімді, сабақтағы жұмысты ұйымдастыра білетін мұғалімдерді бағалайды.Осы бағытта мұғалімнің ескеретіні: оқу материалын қайталау арқылы мағынаны есте сақтауға үйрету болып табылады.Жеткіншек шақ- болашақ туралы балалық армандардың орнына өзінің мүмкіндіктері мен өмір жағдайларынескере отырып, ол туралы ойлану басталатын, өз ниеті, іс әрекетін жүзеге асыруға ұмтылатын кезең екенін үнемі қаперде ұстауымыз қажет. Сананың дамуы- баланы өз бетімен тәуелсіз талаптануын туғызады. Олар отбасында, мектептегі еңбек үрдісін бақылайды, араласыды сол арқылы ой өрісі кеңиді.

Осы ерекшеліктерді ескере келе мұғалім жеткіншектердің тәрбиесіне мән беру керек.

Әдебиет- жеткіншектерге азаматтардың қарым-қатынасының мәнін, сезімерін ашып, өз сенімдерінің дұрыстығына жауап іздеуге үйретеді.

Пед. идеал- баланың іс әрекетте жетістікке жетуіне жағдай жасайды. Баламен жеке жұмыс жүргізу, әдептілік сақтап, пед. шыдамдылық, ұстамдылық көрсету олардың қалыптасуына тікелей ықпал етеді.

Дене тәрбиесі. Дұрыс тамақтанып, тазха ауада жиі болу, көп қозғалу дене тәрбиесіне көмектеседі. Жеткіншектер жиі тыныс алатындықтан тыныс алуын басқаруға үйрету керек. Жнеке гигиена, ұйқы, тамақ, демалыс белсенді еңбек іс әрекетіне жағдай жасайды. Шамадан тыс жұмыс беру жалпы дамуын тежейді. Дене тәрбиесі, спортпен айналысу арқылы зейіннің дамуын қалыптастыруға болады.

Тәрбиешінің міндеті- еңбек, спорт, іс әрекетін ерік-жігер сапаларын қалыптастыру. Оларға өз кемшіліктерінің себептерін түсініруге үйрету керек.

Жеткіншектің қалыптасуына жолдастарының қоғамдық пікірі де ықпал етеді. Адамгершілік, мораль мәселелерін танып, түсінуде мұғалім күнделікті іс қылықтарының адамгершілік мәнін ашуға көмектеседі. Сәнге сәйкес киінгені, музыка тыңдағаны үшін баланы сөгу дұрыс емес. Жеткіншекпен өзара әрекеттің негізгі тәсілдері: онымен бірге іс қылықтарды, оқиғаларды талдау, баға бергізу, өзін-өзі талдауға, өз мінез-құлқын басқаруға үйрету. Осы жаста адамның мінез-құлқы және де басқа да жеке басының негіздері қалыптасады.

Отбасы жағдайы, ата-ананың кәсібі, материалдық жағдайы, білім деңгейі жеткіншектің өмірдегі жолын айқындайды. Отбасындағы жақсы қарым-қатынасты жоғалту, мектептегі сәтсіздік, келеңсіз топтағы құрбыларымен жақындық әр түрлі жолдарға итермелейді.Отбасы, мектеп, құрбы-құрдастары- барлық жеткіншектердің нағыз табиғи ортасы, ең маңызды қоғамдық факторы. Яғни баланың мінез-құлқының қалыптасуына отбасы ерекше әсер ететіндіктен оның көп қырлы, жан-жақты болуы отбасына байланысты.

Мінез-құлқы. Педагогикалық, әлеуметтік жағынан жіберілетін әлсіздік, оқу жүйесіндегі сәтсіздік- ауытқымалы мінез-құлықтың көзі. Жеткіншектің мінез-құлқындағы ауытқулар көбіне туа пайда болмайды, олар мектептегі, отбасындағы дұрыс тәрбие бермеуден болады. Осы аталып көрсетілген ауытқу- девиантты мінез-құлық деп аталады. Девиантты мінез-құлықтың бір түріне қылмыстық әрекетке апаратын агрессивті мінез-құлық (төбелес, тіл тигізу) жатады. Жеткіншектің мінез-құлқындағы агрессивтілік адамдарды аяу сезімінің жоқтығы садистік бағытқа бейімделу нәтижесінде өзін қоршаған ортаға зиянын тигізеді. Бұл жағдай тұлға аралық, топ аралық конфликтіге өршігіп кетуі мүмкін. Жеткіншектің мінез-құлқындағы агрессивтілік ішімдік пен нашақорлықпен де байланысты. Жеткіншектің тәртібі агрессивті күйде болса, олар «қиын» балалар қатарына жатады. Ондай балалармен жұмыс істеуде олардың миын жұқартатын әңгіме т.б. оң нәтиже бермейді, керісінше ол конфликтіге әкеледі. Девиантты мінез-құлықты жеткіншекке қолданылатын тәрбиелік профилактикалық іс шаралар- тұлғаға әсер ету, әлеуметтік-пед. түзету шаралары, кері әсерлі ортаны сауықтыру.

Жасөспірім шақ (15-17 жас)

Жасөспірім шақ- бала мен ересек шақтың аралығы, балалардың ересектерге тәуелділігімен сипатталады, ересектер баланың өмірлік іс әрекетін мазмұны мен бағытын белгілейді.

Жасөспірім шақтың аса маңызды міндеттері:

  • мамандық таңдау

  • еңбек пен қоғамдық-саяси қызметке даярлау

  • некелесуге, отбасын құруғаәзірлену

Адамның жалпы ақыл-ой қабылеті 15-16 жасқа қарай қалыптасып болады. Сондықтан оның бала кезіндегідей шапшаң өсуі байқалмайды, алайда одан әрі жетіле береді. Жасөспірімдік шақ – жеке адамның толысуы мен қалыптасуының аяқталатын кезеңі. Жыныстық толысуға байланысты өз ағзасы мен сырт келбетіндегі үлкен өзгерістер, өмірлік іс әрекеттің күрделенуібайқалады. Сондықтан жас өспірімдік шақ ымырасыз келеді. Оларға өзін көрсетуге ұмтылу, өзін жан-жақты ашуға құштарлық тән. Олар өз мамандығын таңдап алуға тырысады. Мамандыққа ықыласының бірте-бірте қалыптасуы түрлі іс әрекеттеріне жауапкершілігін арттырады. Оларға іс әрекетті өз бетінше орындауға мүмкіндік беріп, дұрыс бақылау пен пед. басшылық жасау керек. Бұл кезеңде сезім, достық, қарым-қатынастар дамиды. Мысалы: ғашықтық, өзара сенім, қайырымдылық, бірін-бірі сыйлау, көмек көрсету, іс әрекеттерін бірігіп орындау, жолдасының кемшілігін айтып, жоюға көмектесі.


Тәрбие және балалардың дербес ерекшеліктері.

Баланың дербес ерекшелігі тәрбие, даму кезеңінде байқалады. Дербес ерекшеліктеріне: түйсік, қабылдау, ойлау өзгешеліктері, мінез-құлық, темперамент, қабыілет жатады. Жүйке жүйесінің типтік қасиеттері- адамның мінез-құлқының, темпераментінің, қабілетінің табиғи негізі. Нерв жүйесіне байланысты темперамент типтерін басшылыққа алмай, тәрбие процесін психологиялық негізде ұйымдастырып, іс жүзіне асыру мүмкін емес. Жеке адамның дүниені сезгіштігі және қабылдағыштығы темпераментке тәуелді. Дербес қабілеттерінң дамуы жеке адамның табиғи мүмкіншіліктеріне байланысты. Әрбір адамның қасиеттерін қалыптастыру мен дербес ерекшеліктерін дамытуды жан-жақты және үйлесімді тәрбиелеу дейді.

Мұғалім жүйке жүйесіне байланысты темперамент типтерін басшылыққа алуы керек. Темперамент- жеке адамның қылығы мен түрлі іс әрекеттерінен көрінетін дара өзгешеліктерін айтады. Оның 4 түрі бар: холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик.Оларды тәрбиелеу- баланың дамуына ықпал жасау, даму дәрежесіне сүйену. Мұғалім сабақ үстінде, тәрбие барысында (ойын, еңбек, қоғамдық жұмыс т.б.) балалардың мінез-құлықтарын ескеріп, темпераментін тәрбиелейді. Сангвиник баланың іс әрекетін бақылап, берген тапсырманың орындалуын қадағалап отыруы керек. Меланхоликаті белсенділікке, ынтымақтастыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеген жөн. Мұғалім мына жағдайларды ескеруі керек:

  • баланың өз мүддесін ғана ойлауын болдырмау

  • өз мүддесін ұжым мүддесімен ұщтастыра білуге үйрету

  • баланың әртүрлі жағдайда болатын өзгерістерді басынан өткізе білуге баулу

  • баланы өмірді даму күйінде көре білуге үйрету.

Адамды қалай тануға болады?

Бұл сұраққа жауап беруде түрлі ғылыми бағыттар пайда болды. Соның ішінде Б. Г. Ананьев адам психикасын зерттеуде жаңа жол қарастырды. Ол адам тануда негізгі 4 түсінікті индивид, іс әрекет субьектісі, жеке бас, индивидуалдықты атап көрсетті.

  1. Индивид – табиғаты бір адамдар түрі. Бұл жағдайда адамның биологиялық мәні ескеріледі. Индивидтің белгілі сапалары:

    • Бар адамға тән жас ерекшелігі

    • Жыныстық ерекшелігі

    • Индивидуалдық мінездемесі

    • Конституциялық ерекшелігі (дене құрылысы)

    • Мидың нейродинамикалық ерекшелігі

Осы сапалардың интеграциясы темперамент, адамның нышанын құрайды, яғни ол адам темпераменті мен нышанынан көрінеді.

2. Жеке тұлға (жеке бас) – индивидтің әлеуметтік қарым-қатынас обьектісі және саналы әрекет етуші ретінде түсіндіреді. Жеке бас- адамның әлеуметтің құбылысының мәнін анықтаушы, яғни жеке бас: темперамент, нышан және қабілет, мотивация (бағыттылығы) мінез, ерік, сезім.

3. Іс-әрекет субьектісі – ол индивид пен жеке бас түсініктерінің аралығы. Егер адам субьект ретінде қарым-қатынас жасай алмаса, ол әлеуметтік мәнге ие болмас еді. Себебі оның дамуы іс әрекетсіз мүмкін емес. Адамның субьект ретіндегі ерекшелігі- онда сананың болуы.Сана-психика дамуының ең жоғары формасы, тек адамға ғана тән. Ол обьективі релдықты танып білуге ықпал етеді. Қоршаған ортаны өзгерте алуда саналы іс әрекеттер жасау адамның субьект ретіндегі негізгі ерекшелігі. Сонымен субьект – іс әрекет етуге қабілеті бар саналы индивид. Іс-әрекет субьектісі: сана- белсенділік – іс әрекет

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!