Материалдар / "Жастар арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Жастар арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыбайлас жемқорлық - адамзат қоғамындағы ең сорақы індет. Жалпы сыбайлас жемқорлық дегеніміз- бір адамның екінші адаммен байланысып,астыртын әрекет жасауы. Өзіне тиесілі емес затты күшпен, я болмаса, дүниенің байлығымен шешу, пара беру, пара алу сынды надандық әрекеттермен халықты жаппай сергелдеңге салу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2021
478
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлык колледжі» КМҚК









Тақырыбы: Жастар арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру



Дайындаған: Қайратқызы Қаламқас





















Жастар арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру

Сыбайлас жемқорлық - адамзат қоғамындағы ең сорақы індет. Жалпы сыбайлас жемқорлық дегеніміз- бір адамның екінші адаммен байланысып,астыртын әрекет жасауы. Өзіне тиесілі емес затты күшпен, я болмаса, дүниенің байлығымен шешу, пара беру, пара алу сынды надандық әрекеттермен халықты жаппай сергелдеңге салу.

Сыбайлас жемқорлық - ұлт өзегі. Ұлтымыздың басты мәселесіне айналып отырғаны сөзсіз. Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бастап бұл індет белең алуда.Елбасымыз осы жағдайдың алдын алу барысында әр түрлі шаралар, міндеттер тапсырды. Әйтсе де, біздің теріс қоғам оны ойына кіргізсін бе?! Қараша халықтың кінәсі емес, керісінше, белгілі бір басшылықтың озбырлығы мен арандалуынан туатын дүние. Оқу үшін де, жұмысқа тұруың үшін де, бәрі ақшамен шешілер дүние. Білімді болып, сынақтан мүдірмей өтіп, өз еңбегіңмен оқуға һәм жұмысқа тұрайын десең, сенен надан біреу ақша төлеп орнына кіріп, бар еңбегіңд і зая кетіреді. Миында білімі жоқ, қолында ақшасы көп адамдар сөйтіп қоғам өміріне ене бастайды. Ондай адам қалай халықтың әлеуеттін көтереді,қандай тәрбие, қандай құқық, қандай экономика көтереді? Сөйтіп ,басшылықтан бір-ақ шығады. Ондай адам қалайша ел тізбегін ұстамақ? Бірақ, қазіргі қоғамда ондай шенділер жетіп артылады.Бұның алдын алу үшін ,әуелі адамға тәрбие керек. Алла адамды саналы етіп жаратқан. Бірақ сол сананы қалыптастырып, дамытуда иман мен тәрбие ерекше рөл ойнайды. Иман бар жерде-тәрбие бар, тәрбие бар жерде-білім бар. Демек ,сыбайлас жемқорлық сол иманның жоқтығынан шығады. Білімді болғаныңнан не пайда,сол білімнің санаңа қызмет етпесе. «Тәрбие тал бесіктен» -демекші әр адам әуелі отбасынан тәлім-тәрбие алған жөн. Жемқорлық-алға баспайды. Бүтін бір мемлекеттің экономикасын, саяси жағдайын құлдырататын дүние. Егер болашаққа қадам басамыз десек, әуелі осындай жаман әрекеттерден арылған жөн. Тен бір орталыққа қарап отырғаннан гөрі,бәріміз бір кісідей бірігіп алдын алған дұрыс.Бұл жаһандық мәселе. Түйіні көп, бірақ,шығатын жолы жалғыз. Ол-бірлік. Біздің күшіміз- бірлікте. Оның үстіне қазіргі пандемия жағдайында, адам өмірі қыл үстінде тұрғанда қастандықпен сыбайлас әрекеи жасап керегі жоқ. Сыбайлас жемқорлықсыз халқымыз тыныш өмір сүрер еді. Адамдар бір-біріне сеніммен қарап, әлеуетімізбен саяси экономикамыз артар еді. Кісінің ақысын жеп, жемқорлықпен тәнің рахаи алса да, кейінгі өмірде жаның тыныш таппақ емес.

Сыбайлас жемқорлық - әлем ахуалы. Әлемде тек теңдік пен бірлік болса деймін. Бұдан кейін де көптеген іс-шаралар атқарып, жас ұрпақтың бұған кезікпеуіне ықпал жасасақ деймін. Жалпы алғанда сыбайлас жемқорлық адам баласын тоздыратұғын, қоғамды бұзатұғын кеселді дүние.

Жемқорлықтың қысқаша тарихы жайында айта кетсем. Сыбайлас жемқорлық ежелден келе жатқан құбылыс. Тіпті жер бетіне адам пайда болғаннан бері келе жатқан құбылыс болуы мүмкін. Әрине, тарихи процесс барысында жемқорлық түрлері өзгеріп келеді. Қазіргі таңда жемқорлықтың жалпылама белгілері: лауазымды адамның өзге адамның пайдасына шешілген әрекеті үшін ақшалай, бағалы қағаз немесе мүлік ретінде алған парасы, лауазымды адамның қызметін пайдаланып туысын, жақынын қарамағына жұмысқа алу, мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражаттың бір бөлігін өз қалтасына салу, мемлекеттің мүлкін талан-таражға салу. Атақты француз философы Шарль Монтескье: «ғасырлар тәжірибесі көрсеткендей, қолында билігі бар адам қылмыс жасауға бейім тұрады және тиісті шекке жетпейінше, сол бағытта әрекет жасайды», - деп жазды. Әр елдің тарихында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер туралы жазба деректер бар. Ресей тарихында бірінші сыбайлас жемқорлық әрекеттерін шектеу заңнамасын III Иван жазыпты. ХVI ғасырдың ортасында Иван Грозный парақорлыққа қатаң тыйым салып, өлім жазасына кесуді бұйырған. Ол 1561 жылы Сот грамотасын енгізді, онда жергілікті земство басқармасының сот шенеуніктеріне пара алғаны үшін өлім жазасы түрінде санкция белгіленді. А.М. Романовтың кезеңінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған жалғыз халықтық бүлік болды. Ол 1648 жылы Ресей жерінде мәскеуліктердің жеңісімен аяқталды. Қаланың жартысы бейбіт тұрғындарымен өртеніп кетті, алайда патша екі министрді — Земстволық бұйрықтың басшысы Л.Плещеевті және Пушкарлық бұйрықтың бастысы П.Траханиотовты көпшілікке азаптауға берді. 1649 жылы қабылданған Соборлық Ережеде парақорлық үшін қылмыстық жауапкершілік және пайда табу мақсатында қызмет бабын теріс пайдалану сұрақтары көрініс табады. Соборлық Ереженің 5 және 7- баптарында сот органдарының лауазымды тұлғаларының сыйақы алғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, ал 6-бапта субъектінің шеңбері кеңейтілді, сот шенеуніктері қызметін атқаратын тұлғаларға пара алғаны үшін жауапкершілік көрсетілген. I Петр кезеңінде сыбайлас жемқорлық етек жайды және онымен қатал күрес жүргізілді.Зар заман ақындарының шығармаларында жемқорлық жиі сөз болғанына қарағанда, ХІХ ғасырда қазақ даласында сыбайлас жемқорлық болған.

Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі - ол азаматтардың арыз-шағым, өтініштері. Мемлекетіміздің кез-келген азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті. Ендеше, жемқорлықты жоюды мақсат еткен жергілікті атқарушы органдар жолдауда берілген тапсырмалардың шындыққа айналып, заңнамалардың талапқа сай орындалуына мүдделілік танытуды міндеті деп санайды. Елбасымыз өз сөзінде «Жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз».Сондықтан қоғамды жегідей жеп жатқан қауіпті індетпен баршамыз бір кісідей атсалысып, күресуіміз  қажет.

Ойымды қорытындылай келе, “Ел боламын десең, бесігіңді түзе” дегендей тербетер бесігіміз әлдиімен, ән-күйімен болсын. Бұл менің сыбайлас жемқорлықпен күрес біз үшін еместігіне насихатым емас, жүрегімнің ақиқаты. Мен өз ойымды тоғыз ауыз сөздің тобықтай түйінін жазушы М.Жолдасбеков ағамыздың мына бір қанатты сөзімен аяқтағым келіп тұр: “Қазақ үш жүзге бөлінбейді, үш жүзден құралады”.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!