Материалдар / Жеке тұлғаның тәрбиесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жеке тұлғаның тәрбиесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалда,жеке тұлға және жеке тұлғаның адамнан айырмашылығы туралы негізделіп көрсетіледі.Және де міндетті түрде жеке тұлғаның тәрбиесі туралы қозғалатын болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2021
449
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж» ҚКМК

(білім беру ұйымының атауы)

Орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған педагогтың сабақ жоспары


Жеке тұлғаның тәрбиесі қалыптасуы

(сабақ тақырыбы)


Модуль /пән атауы Педагогика

Дайындаған педагог _Нурланова Айгерим Куандыковна___________________

2021 жылғы "__" ____________

1.Жалпы мәліметтер

Курс, оқу жылы, топ __________________

Сабақ типі: аралас

2. Мақсаты, міндеттер: Жеке адамның қалыптасуына ықпал ететін факторлардың маңызын айқындау

2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі

2.2 Күтілетін нәтиже:

1) педагогикалық үрдісте педагог пен оқытушы қызметінің әр түрлілігін ескеріп, тәрбиенің мақсатын анықтайды, жағдаятқа сараптама жасайды.

2.3 Бағалау критерийі:

1) Диагностиканың мақсат-міндеттері мен мазмұнын біледі.

2) Таным процесі мен ерекшеліктерін анықтайды.

3) Мектептегі тәрбие жұмысының мазмұнын түсінеді.

3. Сабақты жабдықтау

3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

1. ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы (2009 жылғы 16 қараша)

2. С.Есқалиева Тәрбие жұмысының теориясы және ұйымдастыру әдістемесі.- Астана,2014

3. С.Әбенбаев Тәрбие теориясы мен әдістемесі.-Алматы, 2004

4. С.Г.Губашева, А.Ж.Отарбай. Тәрбие жұмысының әдістемесі.-Астана, 2007.

5. Ш.Құрманалина, Ә.Ғалымова Педагогика. Астана-2016

3.2 Техникалық құралдар, материалдар

https://youtu.be/rMsjCQulM_I

4. Сабақтағы шығармашылық әрекет

Адам /человек- чело- лоб, адамның басының жоғары бөлігі, жаратуышыға жақындық/

Жеке тұлғаның мынадай әлеуметтік типтері бар:

  1. «Қайраткерлер»- аңшылар, балықшылар, қолөнершілер, әскерлер, жер өңдеушілер, жұмысшылар, инженерлер, геологтар, медиктер, педагогтар, менеджерлер т.б.- олардың іс әрекеті- белсенді әрекет, әлемді, басқа адамдарды, өзін өзгерту.

  2. «Ойшылдар»- Пифагордың пікірі бойынша бұндай адамдар өмірге сату үшін немесе жарысу үшін келмейді, ал өмірді көру, ойлану үшін келеді. Ойшыл, данагөй, данышпан

  3. «Сезім мен эмоция адамдары»- бәрін жүректен өткізетіндер: өнер, әдебиет қайраткерлері,

  4. «Гуманистер мен өмірді құрудағы белсенділер»-басқа адамның жанын түсінетіндер, олардың күші- өзінің өмірлік жолына, позициясына деген сенімділігі, адамдарға., қоршаған әлемге махаббат тұрғысынан келуінде, өзінің өмірлік ісін қайырымдылыпен байланыстыруында. /дәлелдемелер келтіріңіз/сахналау

  5. Сабақ бойынша рефлексия «Өрмекші торы»

6. Үй тапсырмасы: Іс-тәжірибеде балалардың ойын әрекетіндегі қарым-қатынасын, бірлескен әрекетін бақылау және бірге талдап қорытынды шығару.


Жеке тұлғаның тәрбиесі қалыптасуы


Дәріс жоспары:

1. Жеке адам оның дамуы.

2. Жеке адамның қалыптасуына ықпал ететін факторлар.

3.Белсенділік, оның түрлері және тұлға дамуындағы орны.

Негізгі: (әдебиеттер)

1. ҚР Білім туралы Заңы, 2007ж.

2. ҚР білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған бағдарламасы, 2016 ж

3. Құрманалина Ш. Педагогика. Астана, 2017 ж


Қосымша: (әдебиеттер)

1. Подласый А. Педагогика.Москва.,1996г

2. Ж.Қоянбаев, Р.Қоянбаев. Педагогика - Астана, 1998.


Жеке адам – белгілі бір қоғамның мүшесі. Ол қандай да болсын бір іспен айналысады. Оның азды-көпті тәжірибесі, білімі өзіне тән ерекшеліктері болады. Осы айтылғанның бәрі оны жеке адам етеді. Жеке адамның көптеген психикалық ерекшеліктері оның өмір сүретін ортасына, қоғамдық қатынастың тікелей әсер етуінен қалыптасып отырады.

Жеке адамның дамуы – бұл оның рухани өсу, жетілу үрдісі, жеке адамның сыртқы құбылыстар мен таным процестеріндегі сапалық-сандық өзгерістер.

Жеке тұлғаның ерекшелігі– оның өзіне тән мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы.

Жеке адамның дамуы, оның жеке бас ерекшеліктері жайлы ойшылдардың түрлі көзқарастары бар. XIX ғасырдың бірінші жартысында қазақ халық ағартушылары да халықты сауаттандыру, жеке тұлғаның қабілетін дамыту мәселелерін көтере бастады. Ағартушы – педагог Ы.Алтынсарин «Табиғи ақыл өзін қоршағанды ғана құшағына ала алса, оны дамытып, өзі көрмегенді танып білуге мүмкіндік жасайтын тек қана өркениетке жетелейтін озық білім», - деген. Ж.Аймауытовтың пікірінше, адам өмірге өзіндік табиғи қасиеттерімен, қабілеттерімен келеді. Ал баланың бойындағы туа біткен қасиеттерді дамытатын – оқыту мен тәрбие. «Адамның адамшылдығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» (Абай).

Тұлға дегеніміз ғылыми термин сөз. Жеке адамның қоғамның мүшесі ретінде саналы ісі мен қатынасының субъектісін тұлға деп түсінеміз.

Педагог-ғалымдар бүгінгі таңдағы ілім жетістіктеріне сүйене отырып, қоғамның материалдық өмірі мен санасын дамытуда адамның атқаратын қызметінің рөлін анықтау үшін тұлғаны қалыптастыру объективті және заңды үрдіс екендігін көрсетеді.

Адамның тұлғасы оны қоршаған ортада белсенді ету үрдісінде қалыптасып, ашылатындығы ғылымда дәлелденген.

Психологиялық анықтама бойынша тұлға-қоғамдық қатынастардың жиынтығы делінген. Соңғы зерттеулерде тұлға ұғымына әр түрлі анықтамалар берілген. Белгілі психолог -ғалым Қ.Б. Жарықбаевтың еңбегінде: “”Жеке адам - тарихи әлеуметтік жағдайдың жемісі, ол әлеуметтік ортада /белгілі қоғамда, коллективте/ ғана қалыптасады. Орыс тіліндегі “личность” терминін соңғы кезде “кісі”, “Жеке тұлға” деп те алып жүр. Бұл анықтамаларда жаңа туған нәрестені адам деп атауға болады, бірақ ол әлі де болса жеке адам тұлға емес, себебі онда тәжірибе білім, іс-әрекет жоқ- ғалым өзінің ой-тұжырымын осылай деп пайымдаған.

Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз - ол өзіне тән мінез - құлқындағы, іс әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы-деп көрсетеді профессор С.Қалиев.

Жеке тұлғаның жан-жүйесі мен сана сезімінің дамуы, айналасы мен қоғамдық өмірге тәуелді. Осындай жағдайда оның дүниетанымы мен сенімі, арманы мен талғамы, кісілігі қалыптасады. Адам тұлға, кісі болуы үшін өзін сүю, жақындарын сүюмен шектелмей жалпы адамзатты сүю шарт”

Тұлғаның негізгі даму ерекшеліктерін толықтай қарастыра келе, А.В. Петровскийдің “Тұлға” ұғымына жасаған көзқарасын зерттеу негізіне алып бөліп көрсетуге болады:

  1. Тұлға - оның “жеке” дүниесінің мазмұнын құрайтын өзінің мотивтері мен ұмтылыстары жағынан, яғни тұлғалық мағыналарының ерекше жүйесімен, сыртқы әсерленуі мен ішкі толғаныстарын тәртіпке келтірудің жеке өзіндік тәсілдерімен сипатталуы мүмкін.

  2. Тұлға - салыстырмалы тұрақты, сырттай байқалатын даралық, сипаттамалар, яғни субъектінің өзі туралы пікірлерінде , сол сияқты ол туралы басқа адамдар пікірінде сақталатын белгілер жүйесі ретінде қарастырылады.

  3. Тұлға- субъектінің қайраткерлік -әрекеттік “мені” ретінде бастапқы жоспарынан тыс оның мінез-құлқын тәртіпке келтіретін жоспарлар, бағыттар, мағыналық құрылымдар жүйесі ретінде сипатталады.

  4. Тұлға- даралану субъектісі, яғни индивидтің басқа адамдарда өзгеріс тудыратын қасиеттері мен қабілеттері ретінде қарастырылады.

Тұлғаның рухани-адамгершілік құндылықтарының қалыптасу жолын өзін-өзі түсіну мен өзін-өзі тану үрдістерінен бөліп-жарып қарауға болмайды. “Адам жаны өзін-өзі тек өз іс-әрекеттері үстінде ғана тани алады, оның өзі туралы білімі, сыртқы табиғат құбылыстары туралы білік секілді, қадағалаудан құралады”, - деп жазды.

Жеке тұлғаға тән қасиет – ақыл, ес, яғни, өмірді өзінің сана-сезім өлшемімен қарап бағалауға бейім тұруы. өмірді танып, білу - әрбір жеке тұлғаның сезім, түсінігінен тұрады.

Өмір бойы даму мен тәрбиенің нәтижесінде жеке адамның орнығып, жетілуін қалыптасу деп атайды. Жеке адамның қалыптасуы – күрделі, ағзаның өсуі мен жетілуін, мақсатты, ұйымдасқан тәрбиені қамтитын үрдіс. Даму - ағзаның өсуі мен жетілуіне байланысты. Бала ағзасының және нерв жүйесінің даму негізінде оның психикалық қызметінің дамуы жетіле түседі.

Адамды қалай тануға болатынын Б. Г. Ананьев адам психикасын зерттеуде былайша топтап, ұсынады:

Адам: Индивид – табиғаты бір адамдар түрі. Бұл жағдайда адамның биологиялық мәні ескеріледі. Индивидтің белгілі сапалары:

    • Бар адамға тән жас ерекшелігі

    • Жыныстық ерекшелігі

    • Индивидуалдық мінездемесі

    • Конституциялық ерекшелігі (дене құрылысы)

    • Мидың нейродинамикалық ерекшелігі

Осы сапалардың интеграциясы темперамент, адамның нышанын құрайды, яғни ол адам темпераменті мен нышанынан көрінеді.

2. Адам: Жеке тұлға – индивидтің әлеуметтік қарым-қатынас обьектісі және саналы әрекет етуші ретінде түсіндіреді. Жеке бас- адамның әлеуметтің құбылысының мәнін анықтаушы, яғни жеке бас: темперамент, нышан және қабілет, мотивация (бағыттылығы) мінез, ерік, сезім.

3. Адам: Іс-әрекет субьектісі – ол индивид пен жеке бас түсініктерінің аралығы. Егер адам субьект ретінде қарым-қатынас жасай алмаса, ол әлеуметтік мәнге ие болмас еді. Себебі оның дамуы іс әрекетсіз мүмкін емес. Адамның субьект ретіндегі ерекшелігі- онда сананың болуы.Сана-психика дамуының ең жоғары формасы, тек адамға ғана тән. Ол обьективі релдықты танып білуге ықпал етеді. Қоршаған ортаны өзгерте алуда саналы іс әрекеттер жасау адамның субьект ретіндегі негізгі ерекшелігі. Сонымен субьект – іс әрекет етуге қабілеті бар саналы индивид. Іс-әрекет субьектісі: сана- белсенділік – іс әрекет

Сонымен адам біріншіден тірі табиғат иесі, яғни биологиялық обьект, екіншіден саналы іс әрекет субьектісі, яғни адам-биоәлеуметтік жан, оның санасы, іс әрекетке қабілеті бар. Осы үш деңгейдің бірігуі адамның интегралды мінездемесін қалыптастырады, яғни индивидуалдық.

4.Адам: Индивидуалдық қасиетке ие- психикалық, физиологиялық, әлеуметтік ерекшеліктердің жиынтығы, нақты адамның ерекшелігі, қайталанбастығы. Адамның индивидуалдығының қалыптасуының алғы шарттарына анатомиялық-физиологиялық нышандар жатады, олар тәрбие процесінде, қоғамдық мінезге ие. Тәрбие шарттарының әртүрлілігі және тума мінездемесі индивидуалдықтың әртүрлі нұсқаларына көрсетеді. Психикалық процесстердің барлық түрі бір-бірімен тығыз байланысып жатады. Бұлар адамның даралығын (қабілет, мінез, темперамент, қызығу) кейбір анатомиялық-физиологиялық тума қасиеттермен де (нышандар) орайлас көрініп отырады. Бұлардың әрқайсының көрінуі нақтылы жағдайлардың әсерінен түрлі мәнге ие болып, адам санасын әр қырынан көрсетіп жатады.

Жеке тұлға /латынның Һоmo- гумус- топырақ, негіз/- яғни адамның неден жаратылғанын меңзейді.

Адам /человек- чело- лоб, адамның басының жоғары бөлігі, жаратуышыға жақындық/

Жеке тұлғаның мынадай әлеуметтік типтері бар:

  1. «Қайраткерлер»- аңшылар, балықшылар, қолөнершілер, әскерлер, жер өңдеушілер, жұмысшылар, инженерлер, геологтар, медиктер, педагогтар, менеджерлер т.б.- олардың іс әрекеті- белсенді әрекет, әлемді, басқа адамдарды, өзін өзгерту.

  2. «Ойшылдар»- Пифагордың пікірі бойынша бұндай адамдар өмірге сату үшін немесе жарысу үшін келмейді, ал өмірді көру, ойлану үшін келеді. Ойшыл, данагөй, данышпан

  3. «Сезім мен эмоция адамдары»- бәрін жүректен өткізетіндер: өнер, әдебиет қайраткерлері,

  4. «Гуманистер мен өмірді құрудағы белсенділер»-басқа адамның жанын түсінетіндер, олардың күші- өзінің өмірлік жолына, позициясына деген сенімділігі, адамдарға., қоршаған әлемге махаббат тұрғысынан келуінде, өзінің өмірлік ісін қайырымдылыпен байланыстыруында. ХІХ ғ. орыс дәрігері: Ф. Гааза «Қайырымдылық жасауға асығыңыздар» деген сөз олардың негізгі ұстанымдары.

Даму – жеке адамды жетілдіру үрдісі. Баланың жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасып, дамуына, және өзінің жеке тұлға болып қалыптасуына тұқым қуалаушылық, әлеуметтік орта, тәрбие ықпал ететіні педагогика –психология ғылымдары арқылы баршаға мәлім.

1. Тұқым қуалаушылық – ұрпақтың ата-анаға биологиялық ұқсастығы, яғни қан арқылы берілетін қасиеттер.

1. Тұқым қуалаушылық – ұрпақтың ата-ананың биологиялық ұқсастығын елестетуі. Кейбіреулер баланың сырт пішініне қарап, әкесіне, шешесіне т.б. ұқсатады. Бұл кездейсоқ емес. Өйткені, баланың шашы мен көзінің бояуы, терісінің пигменті, бет келбеті мен басының формасы, жүрісі мен өзін ұстау қалпы тұқым қуалаушылық арқылы берілетін биологиялық ұқсастықты еске түсіреді. Бала қозғалыс мүшелерін, нерв жүйесінің функциялық қасиеттерін, дауыс тембрі, музыкаға, биге, математикаға қабілеттілігі сияқты өте нәзік ерекшеліктерді тұқым қуалау арқылы алады. Бірақ, өте нәзік ерекшеліктердің тұқым қуалау жолымен берілуі сирек жағдай. Мұны бір жағынан отбасы мүшелерінің табиғаи мүмкіншіліктердің (нышан) болуына, екіншіден отбасылық дәстүрге, тәрбиеге байланысты де қарастырған жөн. Тұқым қуалаушылық теориясын қолданушы мен уағыздаушылардың бірі – преформистер. Преформизм – ХҮІІІ ғасырда биология саласында үстемдік еткен, адамның дамуы жайла диалектикаға қарсы философиялық ағым. Преформистер ересек адамдардың барлық қасиеттері мен белгілері ана құрсағындағы сәбидің ағзасында болады, сондықтан жеке адамның дамуын алғашқы рет ұрықта пайда болған қасиеттердің өрістеп, күшеюі мен сан жағынан артуы деп қарастырады. Осы жерде қазақ халқының «құрсақ тәрбиесі» ойға оралады.

2. Орта - адам дамуына табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайды.

Табиғи орта – түрлі табиғат жағдайыныңы адам тұрмысына, қызметіне ықпал жасауы. Ол адамдардың сол саладағы мамандықтарды таңадуына ықпал етеді. Жылы және суық климат жағдайы халықтардың тұрмысына, әрекетіне елеулі ықпал етеді. Климаты ыстық жерлерде егін шаруашылығымен шұғылданады. Ал, олтүстіктегі жерде балық, бұғы шаруашылығымен айналысады. Табиғат жағдайына байланысты олардың мінез-құлықтарында да ерекшеліктер байқалады.

Әлеуметтік орта – жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын әлеуметтік қатынас, олардың көп қырлы іс-әрекеттері. Оған баланың отбасы, достары т.б. ықпалы жатады. Әлеуметтік ортаға мектептің ықпал жасауы нәтижесінде баланың дүниеге көзқарасы, құлықтық, эстетикалық, адамгершілік, дене, еңбек т.б. болымды қасиеттері дамып, қалыптасады.

Адамға лайықты өмір сүру үшін орта керек. Орта-тәрбие жағдайын жасаушы. Ортада оқушының өзгелермен қарым-қатынасы, жүріп-тұруы, өмір туралы тьүсінігі қалыптасады. Ортаның өзін былайша бөліп қарастыруға болады:

  • Кеңістік орта – ұлттық, жалпыадамзаттық мәдениет негізінде жабдықталады. Жеке адамның айналасы:сынып, мектеп бөлмелері, дәліз, оқушы киімі, мекте ауласы, бағы т.б. оқушыға психологиялық тұрғыдан әсер етеді. Мектептің заттық әлемі тұлғаны рухани жағынан дамытуға ықпал етеді, айналаны шығармашылықпен түсінуге бейімдейді, сезімді тәрбиелейді.

  • Іс-әрекет ортасы – баланың жағымды, жағымсыз мінез-құлық, іс-әрекеті арқылы бейнелейді. Одан оқушының мәдени деңгейі, іс-әрекеті білінеді.

  • Оқиғалық орта – оқушы ойланып, өмірлік қорытынды жасауға мүмкіндік алады. Ол арқылы түрлі пікірлер талданады, оқушының өз «Менін», қадір-қасиетін сақтау мәселесі көрініс береді.

  • Ақпараттық орта – оқушының дамуына үлкен әсер етеді. Ол бүкіл әлем туралы хабар алады, оны түсініп, талдауға үйренеді, әлем сыры ашылады. Оқушы қабылдаған хабарды ақыл-ой елегінен өткізіп, талдап қабылдайтын интелектілік санасы мен рухани күші жоғары болуы тиіс.

  • Психологиялық орта – оқушының құқығын қорғау, демократиялық қарым-қатынас құру, ішкі қажеттілігін қамтамасыз ету, психологиялық қысымнан қорғау, тұлғаның өзін қорғай алу қажеттілігін іске асыру көзделеді.

Баланың қалыптасуына табиғи ортаның яғни, табиғат жағдайының адам тұрмысына, қызметіне ықпал жасауы және әлеуметтік орта жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын әлеуметтік қатынас, олардың көп қырлы іс әрекеттері ықпал етеді. Олар арқылы баланың дүниеге көзқарасы, т.б. болымды қасиеттері дамып, қалыптасады.

3.Тәрбие – ұрпақтан ұрпаққа берілетін өнеге, үлгі, өмір заңдылықтарын үйрету және тұлғаның дамуын басқару ісі және қоғам бақылайтын және түзету енгізетін, жастарды мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар арқылы басқарып, бағыттайтын, қоғамның қазіргі және болашақ өміріне қатысуға мақсаттылықпен даярлау ісі.

Баланың дамуы мен қалыптасуына ықпал ететін факторлардың ішінен тәрбие адамның дамуына орасан күшті ықпал етіп, тұқым қуалаушылық пен ортаның ықпалына белсенді әсер етіп, баланың дамуын қоғам талаптарына сай бағыттап, белгілі бағытта баланың өмірі мен іс-әрекеттерін ұйымдастырады, ортадағы жағдайлардан тұлға дамуына қажетті материалдарды іріктейді, жеке бастың дамуына теріс, зиянды әсер қалдыратын жағымсыз ықпалдардан аластайды. Осы тұрғыдан келгенде тәрбие аға ұрпақтың жас ұрпаққа қоғамдық тарихи тәжірибені беру процесі, жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы қоғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс. Сонымен, тәрбие бала дамуын бағыттайды, басқарады, сондықтан да ол – жеке тұлғаны қалыптастырудағы негізгі күш.

Тәрбие – жеке адамды дамытып, қалыптастырудың басты факторы. Тәрбие балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, дайындығы мен дәрежесіне лайық іске асырылып, адамдардың іс-әрекеттерін ұйымдастырады. Ол үшін тәрбиеші алдын-ала жасалған арнаулыжоспар бойынша тәрбие жұмысын мақсатқа бағыттап ұйымдастырып, тәрбиенің құралдары мен әдістерін, формаларын іздестіреді, оларды тиімді етіп пайдаланады. Тәрбиеші тәрбие арқылы баланың түрлі іс әрекеттерін тиімді етіп, оның жақса дамуына қажетті материалдарды іріктеп алады, айналадағы табиғи және әлеуметтік ортаға көзқарасын дамытады. Тәрбие жұмыстарының сара жолдарын табу нәтижесінде баланың ой-өрісі кеңейеді, эстетикалық сезімі мен талғамы артып, адамгершілік сапасы қалыптасады.

3) Белсенділік – адамның іс-әрекеті үстіндегі жағдайын айтады. Тіршілік және іс-әрекеттері барысында адамның қарым-қатынас жасау, таным және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі дамиды. Бала белсенділігінің ең алғашқы формасының бірі- қарым-қатынас жасау белсенділігі.Бұл адамның бүкіл өмірінде дамитын белсенділік. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес, басқа адамдармен қарым-қатынас жасау белсенділігінің мазмұны өзгеріп отырады. Балалар ересектердің іс әрекетіне қарап үйренеді, оларға еліктейді. Саналы түрдегі бұндай әрекет – ырықты немесе ерікті белсенділік деп аталады. Бала еліктеу, қабылдау, ойын арқылы әлеуметтік өмірдің, өндіріс қатынастарының мазмұнын түсінеді. Қарым-қатынас жасау белсенділігі жеке адам қасиеттерінің қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Осылай даму барысында баланың таным белсенділігі артады. Баланың өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігін қоғамдық жұмыстарды орындату арқылы дамытуға болады.[





6


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!