Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жеміс өсімдіктерінің биологиялық негіздері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ЖЕМIС ӨСIМДIКТЕРIНIҢ
БИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГIЗДЕРI
Жемiс-жидек өсiмдiктерiнiң өндiрiстiк-биологиялық топқа бөлiну
Сабақтың мақсаты:
Студенттердi
жемiс-жидек
биологиялық-морфологиялық негiздерiмен, ботаникалық құрамымен жəне
өндiрiстiк-биологиялық қасиеттерiмен таныстыру.
Əдiстемелiк нұсқау жəне түсiнiктеме
Мəдени жемiс-жидек өсiмдiктерi табиғи түрлерiнен шыққан, олардың
көптеген түрлерi мен формалары қазiргi кезде де өседi.
Табиғи жəне мəдени өсiмдiктер əрқилы тарихи дəуiрлерде пайда болған.
Олар əр топырақ пен климатта жəне өзгеше экологиялық жағдайларда
қалыптасып əрi дамыған. Сондықтан жемiстi жəне жидектi өсiмдiктер өсу
шамасы мен сипаты жəне жемiс салуы, жемiс сапасы, өмiр сүргiштiгi мен
тiршiлiк жағдайына мұқтаждығы жағынан алуан түрлi.
Осы аталған қасиеттерiнiң жəне оған қоса жемiстерiнiң тағамдық əрi
технологиялық құндылығы мен олардан өндiрiлген өнiмдердiң жемiстерiнiң
өзара морфологиялық ұқсастықтарының негiзiнде жемiс-жидектi дақылдарды
өндiрiстiк-биологиялық топтарға жүйелеу қабылданған.
байланысты,
практикалық
жемiс
қабылданған жемiс дақылдарын топтарға бөлу — ботаникалық жiктеулерге
жиi сай келе бермейдi. Өйткенi, жемiс шаруашылығында топтастыру
шешiмдерiнiң көбiнде, олардың өсуi мен жемiс салуының морфологиялық-
биологиялық бiрлестiгiнiң негiзiнде бiр топтағы дақылдарды өсiрудiң
өнеркəсiптiк үйлесiмiмен қарастырады.
Жемiстi өсiмдiктер төмендегiдей өндiрiстiк-биологиялық топтарға
бөлінедi: шекiлдеуiктi, сүйектi, жидектi, жаңғақты, суптропикалық, мəңгi
жасыл жəне тропикалық жемiс дақылдары
1 Шекiлдеуiктi жемiс дақылдары. Бұл топқа кiретiн жемiс дақылдары
раушан гүлдi тұқымдасы, алмалық тармағына жатады.
Жемiсi нəрлi, алма тəрiздес, қалың, жақсы дамыған. Шекiлдеуiктi жемiс
дақылдарының жемiсi тасымалданғыш əрi жақсы сақталады.
Кез келген қалыпты жабықтұқымды өсiмдiктердiң жемiстерi жемiсқап
пен тұқымнан тұрады. Жемiсқап үш бөлiктен тұрады: экзокарп, мезокарп
жəне эндокарп, Экзокарп-жемiсқаптың сыртқы қабаты, мезокарп-ортаңғы
қабаты, эндокарп-iшкi қабаты.
Алма тəрiздес жемiстерi бар шекiлдеуiктi дақылдар: алма, алмұрт, беке,
шетен, қара шетен (арония), ырғай, долана, мушмула. Мұндай жемiстердiң
жемiсқабы жақсы дамыған, жұқа, тығыз экзокарпты жəне еттi, екiқабатты
мезокарпилi (өте пiсiп кеткенде ұнтақты болып келедi).
Шырын жұмсағының iшкi жəне сыртқы қабаттарының арасынан түтiктi-
талшықтарының он шоғы өтедi. Осы түтiкше шоқтарымен шектелген
жемiстiң iшкi бөлiгi гүл түйiнiнiң қабырғасынан пайда болады да, жемiс
өзегiн құрайды.
Осы жұмсақтың сыртқы қабаты гүлтабан мен тостағанша жапырақшаның
бiртұтас өсуiнен пайда болады. Өзектiң ортаңғы бөлiгiнде орналасқан бес
ұрыққапта жемiстiң дəндерi дамиды. Ұрыққаптың қабырғалары жарғақ
тəрiздес қабықшалардан тұрады, оларды эндокарп деп атайды. Мұнда
жемiстер жалған жемiстерге жатады.
Шекілдеуікті дақылдар сорттарына, телітушілеріне жəне қолданылатын
күтімге байланысты шамамен 15-80 жылға дейін өмір сүреді, жеміс салуы 3-
12 жылдан басталады, өнім мөлшері орташа мөлшері орташа бір гектардан
30-50 т. жетеді.
2 Сүйектi жемiс дақылдары. Бұл топтағы жемiс дақылдары раушан гүлдi
тұқымдасқа, алхорылық тармағына жатады. Олар-өрiк, шабдалы, шие, қызыл
шие, алхоры, шомырт өрiк жəне т.б.
1-сурет. Жемiстiң морфологиялық құрылымы.
А-алма:
1-тостағанша жапырақша қалдығы,
2-ось бойы,
жемiсқаптағы өткiзгiш талшықтар, 5-тұқым ұяшығы, 6-пленкалы эндокарп, 7-мезокарп,
8-экзокарп, 9-тұқым; Б-алхорының шырынды сүйекшесi: 1-жемiсқаптың еттi бөлiгi
(мезо жəне экзокарп), 2-эндокарп (сүйекше), 3-тұқым; В-грек жаңғағындағы жаңғақтың
(құрғақ сүйекшесi): 1-тұқым, 2-(жаңғақ қабығы) iшкi бөлiктерiмен эндокарп: Г-
бүлдiргеннiң құрама дəнектерi: 1-құрғақ дара дəн, 2-еттi бiрiгiп өскен жемiс табаны, 3-
тостағанша жапырақшалар; Д-тұшаланың жидегi: 1-гүлшоғырының осi, 2-гүл серiгi, 3-
жемiс сағағы қызметiн атқарушы, жемiс табанының созыңқы бөлiгi (В.В. Фаустов
бойынша).
Жемiсi — сүйектi жемiс деп аталады, олар нəрлi, еттес балдырлы,
тасымалданғыштығы төменiрек, ұзаққа сақтауға жарамайды, негiзiнен жасаң
түрiнде өңдеуге пайдаланылады. Сыртқы қабаты (экзокарпы) — жұқа,
жылтыр жəне түктi болып келедi; ортаңғы қабаты (мезокарпы) шырынды,
еттi; iшкi қабаты (эндокарпы) қатты — сүйектi. Сүйекшенiң iшiнде бiр
тұқымы болады. Мұндай жемiстер сүйектi жемiстерге жəне унаби мен зəйтүн
өсiмдiктерiне тəн. Бұлардың жемiстерi тек гүл түйiнiнен пайда болады, ондай
жемiстердi “нағыз жемiс” деп атайды.
Сүйектi жемiс дақылдары орта шамамен 10-60 жыл өмiр сүредi, жемiс
салар шағы 3-5-жылдар аралығында, өнiм мөлшерi бiр гектардан орташа 5-20
тоннаға жетедi.
3 Жидектi жемiс дақылдары. Мұндағы жемiс өсiмдiктерi əр түрлi
ботаникалық тұқымдастар қатарына жатады. Бүлдiрген, құлпынай, таңқурай,
бөрткен-раушангүлдi тұқымдасқа, ал қара, қызыл, сары қарақат, тұшала-
тасжарған тұқымдасына жатады. Бұл топтағы дақылдар ең ерте жемiс
салатын əрi жемiстерi ерте пiсетiн жемiс өсiмдiктерi. Бiрақта
тасымалданғыштығы жəне сақталғыштығы нашар, сондықтан да көбiне
жасаң, өңделген күйiнде қолданылады.
Жемiстерi негiзiнен — жидек деп аталады, бiрақ та құрылымына қарай
бүлдiрген мен құлпынай да күрделi дəнектi жемiс таңқурай мен бөрткен де
құрама шырынды сүйек жемiс, ал қарақат пен тұшала да нағыз жидек деп
аталады. Жемiстерi жалған жемiстiлерге жатады.
Жидек дақылдарының өмiрi орташа 6-30 жылға созылады, жемiс салу
кезеңi 2-3-жылдары басталады. Өнiмдiлiгi орта есеппен 3-15 тоннаға жетедi.
4 Жаңғақты дақылдар. Бұл топқа, жаңғақ жəне құрғақ сүйектi жемiс
байлайтын əр түрлi ботаникалық тұқымдастарға жататын, қоңыржай
аймақтарда өсетiн жемiс дақылдары кiредi, олар: грек жаңғағы, пекан, орман
жаңғағы, пiсте, талшын, бадам жəне т.б. Жемiстерi құрғақ, жеуге жарамайды.
Тағамдық мəнi бар бөлiгi — дəнi. Дəнiнiң сыртқы қабаты грек жаңғағы,
пекан,
бадам,
пiстеде
сүректелген,
сынғыш
келетiн
(экзокарпымен), ал талшын жəне тұт-жұқа терi тəрiздi қабықпен қапталған.
Жаңғақ дақылдары негiзiнен ұзақ жасайды. Грек жаңғағы, пекан, пiсте
орта шамамен 200-500 жыл өмiр сүредi. Жемiс салатын мезгiлi 3-15 жылдар
аралығында басталады. Орташа өнiмдiлiгi 10-40 ц/га. Жаңғақ дəнiнiң
қуаттылығы жоғары, құрамы негiзiнен жеңiл сiңетiн белоктар мен майдан
тұрады. Жаңғақ дақылдарының жемiсi ұзақ сақталады, жеңiл тасымалданады.
Олардың дəндерiн тағам ретiнде əрi өнеркəсiпте шикiзат есебiнен
пайдаланады.
5 Суптропикалық жемiс дақылдары. Бұл топқа кiретiн өсiмдiктер өзiнiң
өсiп-өнуi жəне жемiс беруi үшiн биологиялық талабы бойынша вегетациялық
кезеңi ұзақ, қысы жылы климатты жəне орасан зор қалыпты температура
қорын қажет етедi. Бұлар негiзiнен түспелi жапырақты өсiмдiктер жəне мəңгi
жасыл өсiмдiктермен салыстырғанда суыққа төзiмдiрект –12-15 градусқа
дейiн төзе алады (анар, iнжiр, құрма, зəйтүн, фейхоа)
6 Мəңгi жасыл жемiс дақылдары (цитрустар). Бұл топқа кiретiн
өсiмдiктер мəңгi жасыл өсiмдiктер (мандарин, апельсин, лимон, грейпфурт,
цитрон, кинкан, трифолиата) — аңызды тұқымдасына, померациялық
тармағына жатады. Жемiстерi жидек тəрiздес померанс деп аталады.
Олардың сыртқы экзокарпы қалың, жеуге жарамсыз, ерекше хош иiстi,
ортаңғы мезокарпы кеуектi пленка тəрiздес, жемiстi жеке бөлiктерге бөлiп
тұрады, iшкi эндокарпы шырынды, бөлiгi жеуге жарамды.