Материалдар / Жемқорлықты алдын-алу шаралары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жемқорлықты алдын-алу шаралары

Материал туралы қысқаша түсінік
Жемқорлыққа жол бермеу туралы жұмыстар жүргізу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қазан 2018
368
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: « Жемқорлықтың алдын алу шаралары»

Бүгінгі күні еліміздің экономикасының дамып, әлеуметтік өсіп-өркендеуіне қайшы келіп, кері әсерін тигізіп отырған факторлардың бірі-жемқорлық. Бұл үлкен мәселе, тек экономикалық емес-құқықтық, әлеуметтік және адамгершілік тұрғыдан этикалық қиындықтар тудыратын жағдай болып отыр. Сол себепті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Елбасы бұл бағытта үкіметке арнайы міндеттер жүктеп, өзінің Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауында оның негізгі қағидаларын анықтап берді.
Онда мемлекеттік органның, мемлекеттік қызметкердің жұмысы-шындық, ашықтық, адалдық принциптеріне негізделу қажет деп көрсетілген.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау бағытындығы жұмыс үнемі жүйелі түрде болу қажеттігі де нақтыланған. Жолдаудың осы бағыттағы тапсырмаларына сәйкес салық органдары да тиісті жұмыстарды атқаруда.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық Комитетінде сыбайлас жемқорлықпен күрес мақсатында бірқатар нормативтік құқықтық актілер қабылданды. Солардың ішінде негізгілерінің бірі Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі салық комитетінің 26.09.2007 жылғы № 689 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Салық қызметі органдарында сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясы» (одан әрі-Стратегия) болып табылады.Стратегияның мақсаты – салық қызметі органдарында жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін жетілдіріп, қызметкерлердің алдына басым міндеттер қояды.
Стратегияда салық қатынастарының барлық салаларындағы жемқорлық көрсеткіштерін жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, жемқорлыққа төзімсіздік күйін қалыптастыру арқылы салық қызметі органдарының қызмекерлерінің салық төлеушілер арасында имиджін көтеру, салық төлеушілердің салық мәдениетін көтеруді жетілдіру қарастырылған. Бүгінгі күні салық қызметі органдары қызметкерлерінің салық төлеушілерге қатысты мінез-құлық ережелері белгіленген, кәсіби әдеп кодексі де қабылданды.

Басты Стратегиялық міндеттемелерді орындаумен қатар, басқа да сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу шаралары ұйымдастырылған. Атап айтқанда, Талғар ауданы бойынша Салық басқармасының ақпараттық стенділерінде қызметкерлердің құқыққа қарама-қайшы келетін іс-әрекеттері туралы ақпарат жолдауға болатын электронды мекен-жайлар жөнінде мәлімет ілінген.

Сонымен қатар, азаматтардың құқықтарын қорғау, салық органы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық. Қызмет этикасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында басқармада “сенім” телефондары жұмыс жасайды. Ақпарат қабылдау және өңдеу орталықтарында және “салық төлеушілер терминалында” арыз-шағым жәшіктері орналастырылған.Мемлекетіміздің ішкі және сыртқы тұтастығы мен халықтың бірлігін жоғалтпау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ел болып жұмыла жүргізуіміз тиіс. Еліміздің әрбір саналы азаматы жемқорлыққа қарсы тұрмаса – оның түбіне балта шабу да оңай болмасы анық.









ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ақтау колледжі











Баяндама



Тақырыбы: «Жемқорлықтың алдын алу шаралары»

















Дайындаған: Т.Э. Бекбердиева











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!