Материалдар / ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАНЫҢ МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫНДА АЛАТЫН ОРНЫ МЕН РӨЛІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАНЫҢ МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫНДА АЛАТЫН ОРНЫ МЕН РӨЛІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Спорттың негізгі түрлерінен, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына конкурстық негізде берілетін әлеуметтік бағдарламалар бойынша гранттарды беру практикасын пайдалану арқылы, теледидар бағдарламаларын жасау, насихаттық және ақпараттық технологиялар әзірлеу керек. Дене шынықтыру және спортты насихаттау атаулы, нақты әлеуметтік топтар мен жіктерге, әрбір адамға бағытталған, дене шынықтыру мен спорттың басымдығын дәлелдей көрсетуге, сондай-ақ жастар арасында нашақорлық, темекі шегушілік, ішімдікті пайдалану және басқа да жат құбылыстардың таралуына қарсы күреске бағытталуға тиіс.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2021
695
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК

Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы

КГКП «Педагогический колледж имени М.О.Ауэзова»

Управление образования Восточно-Казахстанской области

Положение

СМК-ПП-5.3-91-01

Курстық жұмысты жазу және қорғау туралы Ережесі/ Положение о защите курсового проекта

Издание /басылым

1/2017

Стр/бет.

0 из 20














ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАНЫҢ МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫНДА АЛАТЫН ОРНЫ МЕН РӨЛІ







Орындаған: Асаубаева Айман Саркытовна

Тобы: 41

Мамандығы: 0105000 «Бастауыш білім беру»

Біліктілігі: 0105013 «Бастауыш сынып мұғалімі»

Ғылыми жетекшісі: Жумадилова Бейбитгуль Толеубековна

дене шынықтыру пәнінің оқытушысы















МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ........................................................................................................3-6 бет


І. ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА СПОРТЫНЫҢ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІГІ..7-12 бет

1.1. Жеңіл атлетика........................................................................................7-8 бет

1.2. Жеңіл атлетиканың түрлері.................................................................9-12 бет


ІІ. МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҚТАРЫНДАҒЫ ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ МЕН РӨЛІ.................................................................................................13-27 бет

2.1.Жеңіл атлетика сабағының мазмұны және оны ұйымдастыру.....13-14 бет

2.2. Жеңіл атлетиканы ұйымдастырудың жолдары мен әдістері..........15-23 бет

2.3. Дене шынықтыру сабақтарында оқушыларды дене тәрбиесіне баулуда жеңіл атлетиканың маңызы...................................................................24-27 бет


ІІІ. ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСЫ.......................................................28-29бет

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................30-31 бет

ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.......................................................32бет

























КІРІСПЕ


Курс жұмысының өзектілігі. Қазіргі замандағы бәсекеге қабілетті білім беру кеңістігін құруға бағытталған қазақстандық білім беру реформасы бағыттарының біріне жалпы орта білім берудің жоғары деңгейіндегі бағдарлы оқыту жатады. Бұл үдерістің нормативтік жақтары жалпы орта білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартында (2002 ж.) көрсетілген. Тұрғындарды салауатты өмір салтына, дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға баулу халықтың түрлі әлеуметтік-демографиялық топтарына арнап бейімделген ақпараттық бағдарламаларды әзірлеу арқылы жүзеге асуға тиіс.

Спорттың негізгі түрлерінен, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына конкурстық негізде берілетін әлеуметтік бағдарламалар бойынша гранттарды беру практикасын пайдалану арқылы, теледидар бағдарламаларын жасау, насихаттық және ақпараттық технологиялар әзірлеу керек. Дене шынықтыру және спортты насихаттау атаулы, нақты әлеуметтік топтар мен жіктерге, әрбір адамға бағытталған, дене шынықтыру мен спорттың басымдығын дәлелдей көрсетуге, сондай-ақ жастар арасында нашақорлық, темекі шегушілік, ішімдікті пайдалану және басқа да жат құбылыстардың таралуына қарсы күреске бағытталуға тиіс.

Жастардың дене тәрбиесі жөнінде жұмыс жүргізу, олардың ортасында қазақстандық спортшылардың спорттағы жетістіктерін, бұқаралық спортты танымал ету, олардың санасында «тәні саудың - жаны сау» деген қағидатты орнықтыру қажет. Бұл орайда бұқаралық ақпарат құралдарының міндеттері: азаматтардың спортқа, табиғи дене бітімін жетілдіруге деген қызығушылығын арттыру, спортпен өз бетінше шұғылдануды белсенді түрде таныту, дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану қажеттігін көпшіліктің санасына сіңіру болып табылады [5].

Дене шынықтыру мен спортты насихаттау адамның жан-жақты спорттық және дене тәрбиесі даярлығының беделін, гигиена және дене шынықтыру саласындағы білім деңгейін арттыруға ықпал етуге, ғылыми зерттеулер мен жаңалықтар ашуға негізделуге тиіс.

Дене шынықтыру мен спортты дамытудағы басты бағыттардың бірі - олардың ізгілікті жағын күшейту. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, қабылданған жалпы этикалық нормалар мен талаптарға сай келмейтін, зорлық пен зомбылықты үйрететін спорт түрлері мен дене жаттығуларын дамытуға қолдау көрсетілмеуге тиіс.

Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті жалпы орта білімнің мемлекеттік стандартының негізгі ережелеріне» сүйене отырып, «Дене шынықтырудың» білім беру саласындағы негізгі мақсаты денсаулықты нығайту, білім, өмірлік маңызды қозғалыс біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру, адамгершілік, еңбек және эстетикалық тәрбиенің міндеттеріне сәйкес жеке тұлғаны үйлесімді дамыту болып табылады.

Жалпы жеңіл атлетика пәнін оқытудың негізгі міндеттері: [14]

-өмірлік маңызды қозғалыс дағдыларын, танымдық-қозғалыс белсенділігін

-арттыруды қалыптастыруға себепкер болатын дене жаттығулардың негізгі түрлерімен оқушыларды таныстыру;

-қимыл-қозғалыс мәдениетін қалыптастыру мен денсаулықты нығайтуға бағытталған қозғалыс іс-әрекеті және дене жаттығуларының негізгі түрлерін оқушылардың меңгеруіне көмектесу;

-дене тәрбиесі мен салауатты өмір саласындағы білімді қалыптастыру;

-бұқаралық спорттың маңызды негізін құрайтын жаттығулар техникасын жетілдіру есебінен дене қасиеттерін тәрбиелеу.

Әр сыныптағы оқу жүктемесінің көлемі аптасына 3 сағатты, оқу жылы ішінде 102 сағатты құрайды және топтардағы оқушылар саны 10-12 ден кем болмаған жағдайда 5-11 сыныптарда ер балалар мен қыз балалар бөлек оқытылады (ҚР БҒМ-нің 2001ж. 27.06. №505, 2002ж. 30.04. №352, 2003 ж. 29.05. №351 бұйрықтары). Сабақтарда бәрінен бұрын іс жүзінде педагогикалық міндеттердің барлық көлемін қамтитын оқу мақсаттары жүзеге асырылады. Дайындайтын және жетектейтін сипаттағы, сондай-ақ денені арнайы шынықтыратындай жаттығуларға үйрету технологиясын бөлек-бөлек және жүйелі түрде құрастыру қажет. Оқушыға білікті түрде жәрдем көрсетілу тиіс [10].

Білім беру міндеттерін жүзеге асырудың практикалық құрылымы ретінде қателерді көрсету мен түсіндіру, қателерді жою жолдары ұстаздың оқушымен жүргізетін жеке жұмысының тиімділігін қамтамасыз етеді, өзінің білімін көтеруге ынталандыру секілді көп нәрсеге себепкер болады.Дене тәрбиесінің базалық мазмұнын сапа тұрғысынан жаңарту сабақ берудің дидактикалық, себептілік және адамгершілік-эстетикалық негіздерін одан әрі нығайтуды, дене тәрбиесін жетілдіру мақсатында оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып, дамытуды көздейді. Бағдарламаның өзгермелі мазмұны оқушылардың тұратын жерлерінің ерекшеліктерін, мектептің материалдық базасын, мұғалім мүмкіндіктерін және оқушылардың қызығушылықтарын ескере отырып құрылған.

Курс жұмысының мақсаты – мектеп бағдарламасы бойынша оқушыларды дене тәрбиесіне баулуда жеңіл атлетиканың алатын орны мен маңызын айқындау.

Курс жұмысының міндеттері:

1.Жеңіл атлетика және оның түрлері туралы баяндай отырып, оның әр түрінің ерекшеліктерін айқындау.

2. Қазақстанда жеңіл атлетиканың дамуы мен болашағына тарихи шолу жасау.

3.Мектепте жеңіл атлетика сабағының мазмұны мен ұйымдастырудың маңызын сипаттау.

4. Жеңіл атлетика сабағының мазмұндық құрылымына түсініктеме беру.

5. Мектептегі жеңіл атлетиканы ұйымдастырудың жолдары мен әдістерін айқындау.

Курс жұмысының пәні: жеңіл атлетиканы оқыту үрдісі.

Курс жұмысының нысаны: мектептегі жеңіл атлетика сабақтарын ұйымдастыру жолдары.

Курс жұмысының зерттеу гипотезасы: егер жалпы білім беретін мектептердің жеңіл атлетика сабақтары мен осы бағыттағы секция жұмысын талапқа сай ұйымдастыратын болсақ, онда:

- оқушылардың қозғалыс дағдысы мен танымдық-қозғалыс белсенділігі артады;

-арттыруды қалыптастыруға себепкер болатын дене жаттығулардың негізгі түрлерімен оқушылар таныс болады;

-қимыл-қозғалыс мәдениетін қалыптастыру мен денсаулықты нығайтуға бағытталған қозғалыс іс-әрекеті және дене жаттығуларының негізгі түрлерін оқушылар меңгереді;

-дене тәрбиесі мен салауатты өмір саласындағы білім қалыптасады;

- жаттығулар техникасын жетілдіру есебінен дене қасиеттерін қалыптастыруға тәрбиеленеді.

Курс жұмысының теориялық маңыздылығы: мектеп оқушыларының қозғалысты орындай білу іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру, жаңа қимылдарға үйрету әдісі. Мектептегі дене шынықтыру бағдарламасының мазмұны, оқушылардың жүйелі түрде дене шынықтыру сабағында, отбасындағы дене шынықтыру, үйірмелер мен спорттық секцияларда өмірге қажетті  қимыл дағдыларын: жүру, жүгіру, лақтыру, секіру, тепе-теңдік сақтау, шаңғымен жүру дағдыларын, іскерліктерін қалыптастыру болып табылады. Сондай-ақ, балаларды қолданбалы сипаттағы әр түрлі жаттығуларға үйретуде маңызды рөл атқарады. Балалармен әр түрлі ойын түрлерін ұйымдастыру-қимыл-қозғалыс түрлерін дамытады. Жоғарыда аталғандардың барлығы балаладың дене шынықтыруы жөнінен жан-жақты дамуын, еңбекке дайындығын қалыптастырады.

Курс жұмысының практикалық маңыздылығы: мектептің негізгі міндеттерінің бірі оқушыларды дұрыс, көркем, ұқыпты жүруге үйрету. Жүруге үйрету сапқа тұру және қайтадан сапқа тұру кезінде арнайы ұйымдастырылады. Оқушылар жүруге дұрыс дағдылануы үшін, оларды 1-сыныптан бастап, қимылды ырғақ арқылы сол аяқтан бастап жүруге үйретеді. Дене шынықтыру сабағындағы жеңіл атлетика жатығулары санитарлық – гигиеналық талаптардың орындалуында мұғалімнің, мектептің барлық қызметкерлерінің жеке басының үлгісі шешуші орын алады. Алға қойған міндеттерді шешуде мұғалімнің оқушылармен қысқаша түрде әңгімелесуі .үлкен рөл атқарады. Мұндай түрдегі әңгімелесуді дене шынықтыру сабағында, сыныптан тыс орындалатын іс-шараларда және тағы басқа сабақтарда өткізуге болады. Балалар дене шынықтыру сабағындағы жеңіл атлетика жөніндегі білімді дене шынықтыру сабағында және сыныптан тыс іс-шараларда алады. Алынған білімді балалардың сабаққа деген қызығушылығын және саналы көзқарасын туғызады.

Зерттеудің көздері болып Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми құжаттары (Заңдары, қаулылары т.б.), Білім және ғылым министрлігінің ұлттық мәдени мұраны оқу-тәрбие процесіне ендіруге байланысты тұжырымдамалары мен бағдарламалары, оқу құжаттары, ғалымдардың (тарихшылар, этнографтар, философтар, әдебиетшілер, психологтар, педагогтар) еңбектері, мектептің оқу-тәрбие процесінің құжаттары, педагогика ғылымының озық тәжірибелері мен жетістіктері қаралады.

Курс жұмысының әдістері:

1. Ғылыми педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге шолу.

2. Баспасөз беттері, мерзімдік басылымдардан мақалаларды қарастыру.

3.Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістерін қолдану.

Курс жұмысының құрылымы: кіріспе, негізгі және теориялық бөлімдер, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімі.























І. ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА СПОРТЫНЫҢ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІГІ


1.1. Жеңіл атлетика


Жеңіл атлетиканың тарихы ежелгі дүние дәуіріндегі халықтардың іс әрекетінен басталады. Табиғи қозғалыстар, яғни, жүру, тұру, секіру адам бұлшық еттерінің қозғалысы адамзат пайда болған дәуірден бастау алады.

Мәліметтерге сүйенсек, жеңіл атлетикадан жарыс біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Бұл туралы Ежелгі Грек олимпиада ойындары туралы жазбаларда анық жазылған. Сол замандарда жарыс тек ұзын-сонар алаңда жүгіру жарысымен шектелген. Ерлер мен әйелдар арасындағы бәсеке жеке-жеке өткізіліпті [4].

Гректер жұдырық түйістіретін спорт түрі мен күресті ауыр атлетикаға жатқызған. Бұрынғы атлеттердің жетістігі жүгіру шапшаңдығымен өлшенген. Бізге алғашқы олимпиадалық чемпиондардың Ежелгі Грекиядан шыққаны белгілі. Бұл шара біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Онда атлеттер тек жүгіру спорт түрінен бақ сынаған. Додаға 192 метрді бағындырған жалғыз атлет жеңімпаз аталған екен. Жеңіс тұғырынан көрінген азамат Элида қаласында жай ғана даяшы болған. Ал, жеңіл атлетика алғаш рет Англияда ұйымдастырылған. [4]

1837 жылдары жарысқа түскендер 2 метр қашықтықта жүгірген. Оған қатысушылар Регби қаласындағы колледжде білім алып жатқан жастар болған. Итон, Оксфорд, Кембридж, Лондондағы оқу орындарында да спорттық жарыстан жиі өтіп тұрған. Кейіннен бағдарламаға қысқа қашықтықта жүгіру, ұзындықта және биіктіктен секіру сынды шарттар енгізіді. [4]

1865 жылы Лондон атлетика клубы құрылды. Бұның негізінде тұңғыш рет жеңіл атлетикадан ел чемпионаты өтті

1880 жылы Англияда Британ империясының шеңберінде әуесқойлар атлет қауымдастығы негізін қалады. [4]

Ал, АҚШ-та 1868 жылы Нью-Йорк қаласында алғашқы атлет клубы ашылды. Сол жылдары Америкада атлетиканың дамуына үлес қосқандардың басым дені университет ошақтары болды.

1880-90 жылы жеңіл атлетика жеке дара спорт түрі ретінде күллі Еуропаға кең таралды.1896 жылы өткен олимпиада ойындары жеңіл атлетиканың дамуына орсан жол ашты. Сол жылы Афинада өткен І олимпиада ойындарына жеңіл атлетиканың 12 түрі енгізілді. Додада америкалық жеңіл атлеттер барлық жүлдені қанжығаларына байлады. Алайда, олардың қуанышы ұзаққа бармады. [4]

Өйткені, 1952 жылдан бастап олимпиада ойындарына қатыса бастаған КСРО атлеттері олардың бірден-бір қарсылары болды. [4]

1996 жылы Атлантада өткен олимпиада ойындарында өнер көрсеткен атлеттердің саны 2000-ға жетті. Әйелдер арасындағы жарыс 1928 жылдан бастау алады [3].

Нәзік жандар 1999 жылы жаздық әлем чемпионатында және 2000 жылы Сидней олимпиадасында жақсы нәтиежеге қол жеткізе білді.

1968 жылы Мехикода өткен жарыста американлық спортшы Боб Бимон— 8 м 90 см ұзындықтан секіруден әлем рекортын жаңартқан. Бұны күллі әлем «21 ғасырдың ең биік көрсеткіші» деп бағалады. Араға 20 жыл салып Сеулде өткен олимпиадада 100 және 200 м

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!