Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Компьютерлік технологияларды қолдану арқылы оқушылардың функционалдық және академиялық сауаттылығын қалыптастыру"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Бекбулатова Айгуль Адамбековна Қостанай қаласы, М.Горький атындағы гимназияның қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі.
«Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында компьютерлік технологияларды қолдану арқылы оқушылардың функционалдық және академиялық сауаттылығын қалыптастыру»
Әдістемелік тақырыбым
.
Қазір уақытта еліміздің түкпір-түкпірінде оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдермен қаруланған біршама мұғалімдер қауымы өз мамандығына деген сүйіспеншілігі арта түсіп, жаңа нәтижелерге жетуде, шәкірттерінің жаңа белестерді меңгеруіне жол ашуда. Функционалдық сауаттылықты арттыру мектептегі білім жүйесіне жаңа мазмұн әкеліп, педагогикалық білім мазмұнының жаңаруы мен жоғарылауына септігін тигізеді. Функционалдық сауаттылықты дамыту Б.Блумның білім, түсіну, қолдану, жүйелеу және жинақтау, бағалау сияқты өлшемдер бойынша оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа тәсілдерін талап етеді. Функционалдық сауаттылықты дамытуда оқушылардың жетістіктерін мониторингтеу мен кешенді бағалаудың маңызы ерекше.
Ұлттық жоспарды іске асыру 111 оқушылардың бойында функционалдық сауаттылықты қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Бағдарламаның негізгі зерттеушілік идеялары сындарлы оқыту теориясына негізделген. Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.
Күтілетін нәтиже: оқушылардың қалай оқу керектігін үйренуі; еркін, өзіндік дәлел-уәждерін сенімділікпен жеткізе білуі; ынталы, сенімді, сыни пікір көзқарастарының жүйелі дамуы; қазақ, орыс, ағылшын тілдерін өз деңгейінде меңгеруі; сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушының қалыптасуы. Оқушы «О» мен мұғалім «М» арасындағы қарым-қатынас түбегейлі өзгерісті керек етеді. Яғни дәстүрлі оқулардағы оқытушы мен шәкірт арасындағы көп жағдайлар оқушы көңілін қанаттандыра бермейтін қалыптасқан заңдылықтар ұстаз бен шәкірт арасындағы серіктестік қарым-қатынасқа ауысады. Шәкірт білімді өз бетімен меңгеріп, өз болжамдарына күмәнмен, сыни тұрғыдан қарайды. Әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігі ұлғаяды. Құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасайды. Белсенді түрде білім жинақтайды. Осының бәріне мұғалім көшбасшылық етіп, бағыт-бағдар беріп отырады. Оқушы оқу үдерісіне мұғаліммен бірігіп, яғни бірге араласып отырады. Тіпті өзінің және сыныптас достарының білімін бағалауда да өз үлесін қоса алады. Гимназия тәжірибесінде табысты қолдануға ықпал ететін жеті модуль: оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер сыни тұрғыдан ойлауға үйрету оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу оқытудағы басқару және көшбасшылық болып келеді
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер «Диалог негізінде оқыту және оқу» және метасана немесе «Қалай оқу керектігін үйретуді» қарастырады. Білім беру әдістері ішінде ерекше орын алатыны-диалог. Менің ойымша, диалог оқушылардың сөйлесу әрекетін, сұрақты дұрыс қоя білуде, ақпарат алмасуда, жалпы тіл үйренуде таптырмас жұмыс түрі. «Қалай оқу керектігін» үйретудің қозғаушы күші метатану болып табылады.Білім алуды үйрету өз бетімен оқуды ойластыру және ойлау нәтижелерін сабақта қолдана алу үдерісі болып табылады. Бұл үрдісінде мұғалім оқушыға: білім міндеті қоятын талаптарды түсінуге жеке ойлау үрдісін және олардың жұмыс қағидаттарын зерттеуге 112 міндеттерді орындау стратегияларын әзірлеуге және ойласытруға нақты міндет үшін сәйкес келетін стратегияларды таңдауға көмектеседі 2. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету «Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» бағдарламасының әдістерін қолдану төмендегідей нәтиже береді: білім алушының белсенділігін арттыру пәнге қызығушылығын ояту сөйлесім әрекеті белсенділігін арттыру білім алушылар бір-бірімен қарым-қатынас жасай біледі Жалпы, сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақтар қойып дәлелдерді талдайды. 3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау Бағалау – оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл. Гимназия тәжірибесіндегі бағалау баға қоюмен ғана шектелетін тәсіл емес, ол материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар оның себептерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Бағалау оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау деп екіге бөлінеді. Формативті бағалау әр сабақта жүзеге асатын үрдіс. Формативті бағалау сабақ барысындағы барлық іс-әрекет бойынша оқушының білім, білік деңгейіне қоса дербес ойлауы, түсінігі, тіпті тәртібі т.б. бағаланады. Ал, сумативті бағалау немесе жиынтық бағалау оқушының белгілі бір кезеңдегі бақылаулар, білімді тексеру тестісі кезінде көрінетін білім деңгейінің өлшемі.
Жалпы, бағалаудың барлық түрлері төмендегілерді қамтиды: 1. Бақылау 2. Алынған мәліметтердің интерпретациясы 3. Бұдан арғы іс-әрекетті анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді қорытындылау 4. Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану. АКТ-ның тиімділігі – келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскерлігі мен шығармашылығын еркін дамытуға жол ашатын педагогикалықпсихологиялық жағдай жасауында. Сондай-ақ, интерактивті тақта арқылы әр түрлі грамматикалық тапсырмаларды орындау, мәтіндермен, жаңа сөздермен түрлі жұмыстар жүргізуде, сөздерге талдау жасауға, уақытты үнемді пайдалануға, оқушылардың ынтасын арттыруға қажетті әрі пайдалы құрал. 5. Талантты және дарынды оқушыларымды оқыту. Дарындылық – адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Көбінесе “Дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан. Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты – олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету – оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. 6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту. 113 Еш нәрсеге бейімділігі жоқ, қабілетсіз бала болмайтыны педагогикада дәлелденген. Жалпы шәкірт бойына білім нәрін сіңіруде ең бастысы оқушының жас ерекшеліктерін ескеру қажет. Топтық жұмыс немесе диалог барысында оқушының жас ерекшелігін ескере отырып жұмыстану – бұл мұғалімнің жанжақты ойластырылған шеберлігін қажет етеді. 1. Білім берудегі басқару және көшбасшылық. Әр мұғалімнің көшбасшылық қабілеті ең бірінші сабаққа даярлықтан басталады, яғни, өтілетін сабақың жоспарын құру, оны өткізу әдстемесі, оқушылардың қабілеттерін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды пайдалану. Мұғалімнің осы шығармашылық әрекеті арқылы оқушының шығармашылық қабілеті қалыптасады. Ал, көшбасшылық қабілеттер шығармашылық елес, шығармашылық ойлау арқылы жүзеге асады. Оқушыны шығармашылық ойлауға, жылдамдыққа, икемділікке, тапқырлыққа үйрету ол мұғалімнің әр сабағында қалыптасып отыратыны анық. Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», – деген сөзі ізденімпаз, жаңаша ұстаздарға арналғандай. Мұны әрбір мұғалім жадында сақтауы тиіс. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру сабақтың әр кезеңінде әр түрлі өтеді. Сыныптан тыс ісшаралар да оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға игі ықпал етеді. Оқушылардың функционалдық сауаттылығы орта мектеп оқушысының белгілі бір деңгейдегі білімінің жиынтығын, соның негізгі құзыреттіліктерін білуі, соны тиімді қолдана білетіндігін көрсетеді. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру - проблеманы шешуді, қажетті ақпаратты табуы, өз ойын айта білуі ретінде көрініс табады. Функционалдық ,академиялық сауаттылығын қалыптастыру табысты ету үшін, тиімді жұмыс жүйесін құру қажет. 1. Әр түрлі пәндердің тақырыптық материалдарынан тапсырма даярлау керек, оның дұрыс орындалуы білім интеграциясын талап етеді. 2. Әр түрлі ақпарат дайындау (мәтін, кесте, сызбалар) қажет. 3. Шығармашылық тапсырмаларды сабақта және сабақтан тыс ісшараларда қолдануды көбейту керек. Қазір еліміздің түкпір-түкпірінде оқыту мен оқудағы жаңа әдістәсілдермен қаруланған біршама ұстаздар қауымы өз мамандығына деген сүйіспеншілігі арта түсіп, жаңа нәтижелерге жетуде, шәкірттерінің жаңа белестерді меңгеруіне жол ашуда. Содан болар мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың өзінің жыл сайынғы Жолдауында «Функционалдық сауаттылықты арттыруды» негізгі тапсырма етін жүктеуі бекер емес. Елбасы «білім беру тек оқытумен ғана шектелмей, оны керісінше, әлеуметтік бейімдеу процесіне қажеттеу» дейді. Функционалдық сауаттылықты арттыру мектептегі білім жүйесіне жаңа мазмұн әкеліп, педагогикалық білім мазмұнының жаңаруы мен жоғарылауына септігін тигізеді деп сенемін.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. ІІІ деңгей.
2. Болашақ газеті, «Сын тұрғысынан ойланта білеміз бе?», 08.2003 ж.
3. Дамыта оқыту технологиялары. Әдістеме. 18,40,41 беттер.
4. Бастауыш мектеп, №1.2010 ж. 7 бет