Материалдар / Көңілді ноталар әлеміне саяхат!
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Көңілді ноталар әлеміне саяхат!

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Тамыз 2019
631
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары

«Айгөлек» орта тобы

Музыка жетекшісі: КалиеваА.Б


Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Музыка
Тақырыбы: Көңілді ноталар әлеміне саяхат!
Мақсаты: Музыкалық ноталар туралы білімін кеңейту; музыканы тыңдай отырып, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Балалардың бойына ұлттық құндылықтарын сіңіру. Музыкаға деген қызығушылығын арттыру;

Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, музыкалық аспаптар, ноталар аялдамалары, арка, фетрдан жасалған ноталар, нота атрибуттары, аспап қиындылары.

Сөздік жұмысы: Нота- нота таңбалары - not, cкрипка кілті- скрипичный ключ -Treble clef.

І. Кіріспе бөлімі:
Балалар «марш» екпінімен залға кіреді, ортаны айналып әуен ауысқанда әртүрлі қимылдар жасап, шеңбер бойына тұрады. Музыка жетекшісі балалармен үш тілде амандасады.

-Балалар, қазақтың ұлттық биі «Қара жорғаны» бәріміз жақсы білеміз, бұл биде барлық буындарымыз қозғалады, бір жағынан денсаулығымызға пайдалы екен. Олай болса, бұл биді жақсылап бір билеп жіберсек қалай қарайсыңдар? Өте жақсы, енді орындарыңа жайғасып отырсаңдар болады. (Марш ырғағымен балалар орындарына отырады.)

ІІ.Оқу қызметінің барысы:

- Балалар,музыка оқу қызметінде біз не үйренеміз?
- Ән айтуды, би билеуді үйренеміз, музыка тыңдауды..
- Тамаша, жарайсыңдар!
-Балалар, біз ноталармен таныспыз олай болса ноталарды әндетіп, айтып көрейікші, қане бәріміз бірге: До,ре, ми, фа, соль, ля, си,до.

-Ендеше, балалар біз бір ойын ойнап жіберейік. Әр нотаны өз орындарына орналастырайық.

(Тақтадағы нота желісіне балалар ноталарды орналастырады)
-Балалар, бізде барлық нота толық орналастыма? Нота желісіне тағы не жетпей тұр?

-Скрипка кілті.
- Жарайсыңдар, балалар, мінекей скрипка кілті де өз орнына келді.

-Скрипка кілтін орыс тілінде қалай атаймыз?

-Скрипичный ключ.

-Өте жақсы. Ал ағылшын тілінде қалай аталады?

-Treble clef.

-Тамаша. Нота таңбалары қалай аталады?

-Орысша Нота, ағылшынша not.

-Жарайсыңдар, ноталарды еске түсірдік.

ІІІ. Негізгі бөлім.

-Олай болса, бүгін біз «Көңілді ноталар әлеміне» саяхатқа барамыз. бәріміз көзімізді жұмамыз, («RELAX» музыка орындалады, слайд қосылады) керемет сезімде, аспанға ұшып баражатқандаймыз. Ал енді көздеріңді ашыңдар, міне ғажап қараңдаршы біз қайда келдік?

- Біздер ноталар әлеміне келген сияқтымыз.

-Мынаны қараңдар, мына жерде хат ілулі тұр екен, қане оқып көрейікші!

«Сәлем, достарым! Мен ноталар әлемінің ханшайымымын! Қош келдіңдер!

Ноталар әлеміне кірмес бұрын, мына жұмбақты шешіңдер:


Құлып аузын ашатын да,

Жабатын да құралмын.

Бірақ қазір бұл жерде мен,

Музыка әлемін ашамын.

Жауабын тауып, соны үш рет бассаңдар есік ашылады...

-Бірақ сендер менің шартымды орындауларың керек. Әр нотаның аялдамасында тапсырмалар жасырылған, сол тапсырмаларды жақсы орындаған балаға мына қораптың ішіндегі смайликтер беріледі.

Сәттілік тілеймін, достарым!»

(Жетекші балалармен ноталар әлеміне кіреді)

- Қандай керемет, сендер не көріп тұрсыңдар?

-Ноталар аялдамаларын көріп тұрмыз.

- Ия дұрыс айтасыңдар, біз қазір қай аялдамада тұрмыз?

-«ДО» нотасының аялдамасында.

-Ендеше, Ханшайымның жасырған тапсырмасын қөрейік. Бұл жерде сурет жасырылған екен, суретте не бейнеленген?

-Ән айтып тұрған балалардың суреті.

(Балалар ән орындайды)

-Жарайсыңдар, әнді өте тамаша орындадыңдар. (жетекші балаларға смайлик таратып береді).

- Міне, келесі аялдамағада келіп жеттік.

(балалар «РЕ» аялдамасына келгенін айтып, тапсырмада бейнеленген бүркіттің суреті екенін көрсетеді).

-Балалар бұл жәй ғана бүркіт емес. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту“ атты мақаласы аясында алынған «Қазақтың жүз әні» жобасында қазақтың халық әндері мен белгілі композиторлардың әндері жинақталған. Бұл бүркіт осы рухани жаңғырудың белгісі. Олай болса балалар, мен сендерге «Беу, айдай» халық әнін орындап берейін.

-Балалар ән сендерге ұнады ма?

-Ия, апай ұнады.

(Көтеріңкі көңіл күймен келесі «МИ» аялдамасынада келдік )

- Бұл аялдаманың тапсырмасы өте қызықты көрінеді балалар, бұл жерде не көріп тұрмыз?

-Аспаптарды көріп тұрмыз.

-Дұрыс айтасыңдар. Музыкалық аспаптармен біз таныспыз,ендеше аспаптардың атын атап беріңдерші?

(Балалар аспаптардың аттарын атайды)

-Жарайсыңдар, өте жақсы. Аспаптарды барлығымыз біледі екенбіз. (жетекші жауап берген балаларға смайлик береді).

-Келесі «ФА» аялдамасында бізге қандай тапсырма дайындап қойды екен?

-Мынаны қараңдаршы, үстелдің үстінде жатқан не нәрсе?

-Қиындылардан құрастыру.

(Балалар қиындылардан домбыра аспабын құрастырады.)

-Өте жақсы, тапсырманы керемет орындадыңдар.

(Жетекші белсене қатысқан балаларға смайлик береді).

-Енді «Соль» нотасы аялдамасындағы тапсырманы орындап көрейік.

-Мына суреттен не көріп тұрсыңдар?

-Күйтаспаның суретін.

(Бұл тапсырмада балалар әуендерді тыңдап, оның мінездерін ажыратып беретінін айтты. Балалар тапсырманы орындайды)

(Жетекші белсене қатысқан балаларға смайлик береді).


-Келесі аялдама қалай аталады?

-«ЛЯ» аялдамасы.

-Жақсы , дұрыс таптыңдар, енді тапсырмасын көрейік.

-Суреттен не көріп тұрсыңдар?

-Билеп тұрған балалардың суреті бейнеленген.

(Балалар орыстың Калинка биін билейді)

-Жетекші балаларға смайлик таратып береді.

-Балалар, осындай тамаша көңіл - күймен соңғы аялдамаға жетейік,
-«СИ» нотасы аялдамасында сендерге тапсырмада ойын берілген екен.
Балалар бастарына нота атрибуттарын киіп, көңілді музыкамен секіріп барлығы бірге араласып билеп жүреді, музыка тоқтаған кезде балалар нота аттарымен тізіліп тұра қалады.

(Жетекші белсене қатысқан балаларға смайлик береді)

- Балалар, біздің балабақшаға қайтатын уақытымыз болып қалды.

(Музыка әуені орындалып, балалар балабақшаға оралады.)

ІV. Қорытынды.
-Міне, балабақшаға да келдік, балалар біз бүгін қайда бардық? (қайда барғанын, не көргендері туралы әңгімелеседі.)
-Біз музыка әлемінде ән айтып, биледік және әртүрлі саз аспаптарымен таныстық. Музыка әлемі Ханшайымының сұрақтарына жауап бердік.

- Дұрыс айтасыңдар, тапсырмалар орындадық.

-Осымен бүгінгі саяхатымыз аяқталды. Сау болыңдар, балалар!

-Сау болыңыз, апай! музыка ырғағымен саппен залдан шығып кетеді.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!