Материалдар / Коучинг үдерісінің жүзеге асырылуын,өзгеріс енгізу тиімділігін талдау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Коучинг үдерісінің жүзеге асырылуын,өзгеріс енгізу тиімділігін талдау

Материал туралы қысқаша түсінік
Коучинг сабағын әріптестеріммен ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырғаннан кейін,«Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы»Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасының мақсаты мен міндеті жайында, ондағы 7 модулге тоқталдым.Мен коучинг сабағының нақты мазмұнын анықтап, оның жан-жақты талдануын қамтамасыз етіп, мұғалімдерге оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқуында маңызды рөл атқаратынын және өзара әрекет ететінін,олардың бірнеше бағытта бірден дамитындығын айттым.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қазан 2018
390
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Коучинг үдерісінің жүзеге асырылуын,өзгеріс енгізу тиімділігін талдау

Коучинг сабағын әріптестеріммен ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырғаннан кейін,«Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы»Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасының мақсаты мен міндеті жайында, ондағы 7 модулге тоқталдым.Мен коучинг сабағының нақты мазмұнын анықтап, оның жан-жақты талдануын қамтамасыз етіп, мұғалімдерге оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқуында маңызды рөл атқаратынын және өзара әрекет ететінін,олардың бірнеше бағытта бірден дамитындығын айттым. Коучингтің тақырыбы мен мақсаты айқындалғаннан кейін,әріптестерімді «Сатушы мен сатып алушы»әдісін қолдана отырып,жемістер арқылы үш топқа топтастырдым.Топтасқаннан кейін әріптестеріме топтың «Алтын ережесін»ақылдаса отырып құруды өтіндім. Әр топ Алтын ержелерін ортаға салып,барлығына ортақ ережені құрды.Топтарға«Күртеше кию» бейнекөрсетілімді көрсетіп, топтарында не көргендерін, түсінгендерін ойлауға мүмкіндік бердім.Көрсетілім жасал-ғаннан кейін ортақ сұрақтар тастадым. 1.Бұл видеодан не түсіндіңіздер? 2.Өз тәжірибеңізбен салыстырып көріңіз.Берілген сұрақтарға мұғалімдер қызығушылықпен талдап, ойларын ортаға салды.Кез-келген тапсырманы баланың өзі әрекет етіп,жұмыс жасауына мүмкіндік туғызу деп жеткізді. Тыңдалым болғаннан кейін практикалық жұмыс бойынша топтың бір мүшесі жасырын жатқан сұрақтың бірін таңдады.Және мұғалімдерге төмендегідей тапсырмалармен жұмыс жасауды ұсындым:1 сұрақ: «Сіз қандай жаңа технологияны білесіз?». 2 сұрақ: «Сіз қандай жаңа әдіс-тәсілді білесіз?». 3 сұрақ: «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту».Аталған жұмыс бойынша топтағы мұғалімдер постерлерін жасады және жұмыстарын қорғады.Ж есімді мұғалім: Оқушылардың жас ерекшелігінің маңыздығы олардың әр кезеңдегі өсуі мен жас шамасына қарай жасайтын әрекетіне байланысты. Сондықтан біз топ болып берілген тақырыпты бірнеше сатыларға бөліп баланың әр жас шамасындағы өсуі мен шығармашылық қабілеттеріне тоқталдық. Біз алдымызда отырған баланың әрбірін ескеріп,жас шамасына сәйкес тапсырмалар арқылы оқытсақ,оның ары қарай түсініп жұмыс жасауына мүмкіндіктер туғызамыз.Брақ біздер кей жағдайда осы мәселені естен шығарып кететініміз бар.Мұнан бізде шығар қорытынды:ерте жастан келген баланың одан әрі қызығушылығын жоғалтып,білімге деген сенімділігін азайтамыз.Осы тақырып аясында бірігіп жұмыс жасауға сіздерді шақырамын деп жұмыстарын қорытындылады.А есімді мұғалім: Мектеп табалдырығын аттаған, болашақта үлкен кәсіптің иесі болуды армандап келген баланың әрбірін қызықтырып,түрлі деңгейдегі тапсырмаларды беру арқылы ой –өрістерінің дамуына жағдай жасасақ,біз мақсатымызға жете аламыз.И есімді мұғалім: Мен бұған дейін балалардың жас ерекшелігіне сәйкес деңгейлік тапсырмалар беріп келсем,енді коучинг арқылы жаңа әдістердің бірі топтық,жұптық,жеке жұмыстарды топтарға бөлу арқылы беруге болатыны және диалогтік оқыту мен әріптестеріммен бірлесе отырып құрылатын LS тәсілімен жұмыс жасау ұнады.Осы жұмыстан кейін мен сергіту жаттығу ретінде «Мен кіммін?»ойыны ойналды. «Мен бірінші сынып оқушысымын,«Мен 9 сынып оқушысымын»,«Мен 11 сынып оқушысымын».Жасырын парақшадағы сөзді табуына топтарындағы әріптестері көмектесті.Бұл ойынды алудағы мақсатым,мұғалімдердің бір-бірімен жақын болуы және іс-қимыл арқылы түсінісуі.Барлық қатысушылар тапсырманы сәтті орындап шықты.Өзімнің коучингте жоспарлаған мақсаттарыма жеткендігімді және қандай жағымды әсер орната алғандығымды білу мақсатында қатысушыларымнан кері байланыс «Бес саусақ» әдісін жүргіздім.Онда төмендегідей сұрақтар қамтылды. Бүгін не білдім?Нені білгім келеді? Не ұнамайды? Не түсініксіз болды? Ұсыныстарыңыз?.Кері байланыстан кейін сауалнамалар толтырылды. Сауалнаманың қорытындысы бойынша 12 мұғалімнің «Сізге коучинг сабақтарының мақсаттары түсінікті болды ма? деген сұраққа 11 мұғалім «иә»деп жауап берсе 1 мұғалім «жоқ»деп жауап берді.Сіз бұл мақсаттар сіздің қажеттіліктеріңізге сәйкес келетінін мойындайсыз ба? сауалына 10 мұғалім «ия»деп жауап берсе 2 қатысушы «жоқ»деп жауап қайтарған.Сізге оқытудағы жаңа тәсілдер ұнады ма? сұрағына 12 мұғалім «иә»деп жауап берген.Коучинг сабағы кезінде жаңа бір нәрсе үйрене алдыңыз ба? сауалына толықтай «иә»деп жауап жазған.Жаңа тәсілдерді қолданғанда сіздің сеніміңіз артты ма? сауалына 10 мұғалім «иә»деп жауап берсе,2 мұғалім «жоқ»деп жауап берді.Коучинг сабағы сізді өзіңіздің оқыту мен оқу тәжірбиеңізге өзгеріс енгізуге жігерлендірді ме? Сауалнамама қатысушылардың барлығы толықтай «иә»деп жауап берген.







1


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!