Материалдар / Латын әліпбиіне көшудің маңызы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Латын әліпбиіне көшудің маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Халқымыздың тарихындағы әлеуметтік саяси дамуы мен ұлттық құндылықтарды ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші ата мұрасы ретінде жазу таңбаларының маңызы зор. Осыған байланысты бүгінгі күндегі өзекті мәселе қазақ әліпбиіндегі өзгеріс «Латын қаріпіне көшу» тақырыбы болып отыр.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2020
279
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУДІҢ МАҢЫЗЫ


Әр халықтың жеке өзіндік ұлттың рухани мәдениеті мен тарихында тілі, жазуы және ұлттық дәстүрі ерекше орын алады.

Халқымыздың тарихындағы әлеуметтік саяси дамуы мен ұлттық құндылықтарды ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші ата мұрасы ретінде жазу таңбаларының маңызы зор. Осыған байланысты бүгінгі күндегі өзекті мәселе қазақ әліпбиіндегі өзгеріс «Латын қаріпіне көшу» тақырыбы болып отыр.

Тәуелсіз мемлекетіміз жылдан-жылға күшейіп, өсіп-өркендеп, отандық ғылым-білім саласы дамып келеді. Қазіргі таңда мектеп шәкірттері даярлық сынып, бастауыш сыныптардан-ақ ағылшынша үйренуде. Жастардың көбі ағылшын тілін жақсы меңгеруде. Әлеуметтік желілерде де ағылшынша жазатын жастардың дені күннен күнге артуда. Латын әліпбиі соған ұқсас болғандықтан, көп кешікпей көпшілік арасында кең таралып, ауқымы кеңейе түсетіні сөзсіз.  Жаңа əліпбидің бізді жаңа мүмкіндіктерге, зор жетістіктерге бастайтыны қуантады. Себебі латын қарпі – ғылым мен техниканың, интернет пен ІТ – технологиялардың тілі. Латын əліпбиі рухани болмысымызды байытып, қоғамдық ой-санамызды жаңғыртады. Латын əліпбиі – түркі əлемімен ықпалдасудың маңызды жолы. Өз ерекшеліктерімізді сақтай отырып əліпбиді өзгерту – заманауи жетістіктерге жол ашуға мүмкіндік туғызады. Латын əліпбиіне көшу үдерісі бір күндік шаруа емес, кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын, аса үлкен жауапкершілікті қажет ететін іс. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы білім саласында мұқият оқылып, жан-жақты талдау үстінде.  Сондықтан да латын әліпбиіне көшуден қорқуға еш негіз жоқ деп ойлаймын. Жазу-барлық халыққа ортақ, мәдениеттерді байланыстырушы құндылықтардың бірі. Халықтың ғасырлар бойы игерген барлық жетістіктері жазу мұрасы арқылы танылады. Жазудан айту басым болған кезеңдегі «оқымаған» халық орыс тілінен келген сөздерді өз тілінің ұлттық бояуымен көмкеріп, шайнек (чайник), бөтелке (бутылка) ,бөшке (бочка), бәтеңке (ботинка), кәмпит (конфеты), пәнер (фанер), жорнал (журнал) деп өз сөзі етіп алған еді. Осы халықтық ұстаным Ахмет Байтұрсынов сияқты ғалымдар еңбектерінің негізгі тірегі болған еді. Содан кейінгі кезеңде «операция», «ассимиляция», «электр», «эксковатор», «съезд», «космос», «бюджет», «атом», «театр», «архитектура», «фотография», «телеграф», «архив» секілді сөздер тау қосылып жатты.

Қазақ тілінің жазу тарихында әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізіп, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен. Мысалы, ежелден қазақ даласында руникалық орхон-енисей жазбасы қолданылса, 9 ғасыр бойы қазақ халқы араб алфавитін жүргізді, одан кейін 1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумы латындандырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі алфавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады. Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылды, демек 10 жылдан астам латын алфавитін пайдаланды.

1920  жылдары латынға көшу қажет деген мәселе күн тәртібіне қойылды. Қазақ зиялыларының бірсыпырасы осы пікірді қолдады. Қызу пікірталастар, айтыстар, дөңгелек үстелдер басындағы ойлар баспасөз беттерінде жарияланды. Белгілі қоғам қайраткері, журналист Әбдірахман Байділдин “Біздің жобамыз”  атты мақаласыңда Мәскеуде қызметте және оқуда жүрген қазақ жастарының латыншылдар ұйымын ашқанын айтады. Күн тәртібінде бұл мәселенің неге қатты қойылып отырғанын айта келіп, “Елді сауаттандыру керек. Бұл игі істі тездетуге араб әрпі жарамсыз, тез хат танытып, тез жаздыруға қолайсыз. Оның баспа ісіне де кедергілері көп. Саны 24-28, ал басуға, жазуға келгеңде 100-ден асады. Шым-шытырық нүктелер көп, жазу оңнан солға қарай, ал цифрлар солдан оңға қарай оқылады, пән белгілеріне жарарлық таңбалар жоқ” деген уәж айтады.

Мәскеуде, Тәшкентте латыншылдар ұйымдары құрылды. 1924 жылы маусым айында Орынборда  әліпби  ауыстыру мәселесін талқылау мақсатында Қазақ-қырғаз білімпаздарының тұңғыш сиезі ұйымдастырылды.  Аталған жиында  қоғам қайраткері Нәзір Төреқұлов:«Біз қазаққа латын әрпін күшпен алдырғалы отырғанымыз жоқ. Латын әрпі үйрену, жазуға тым пайдалы, жеңіл. Түрік (араб) әрпінің біреуі төрт түрлі, латындікі бір ғана түрлі» деп, латын әліпбиі Қырғыз, Өзбек, Түрік  сынды шығыс елдерінде қолдау тауып отырғандығын да айтты.

1926 жылы бірінші бүкілодақтық түркологиялық съезінде түрік халықтары «яналиф» бірыңғай түрік әліпбиін қабылдады.

1927 жылы 19-қарашада Халық Комиссарлар кеңесінің шешімімен Жаңа қазақ әліпбиінің орталық комитеті құрылды. Аталған шешім негізінде комитеттің төрағасы - Нұрмақов Нығмет болса, мүшелікке Тоқтабаев Кәрім, Жандосов Ораз, Байділдин Әбдірахман, Ермеков Әлімхан, Тоғжанов Ғаббас, Шонанов Телжан сынды қайраткерлер тағайындалды.  

1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумы латындандырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі алфавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады. Басылымдардың барлығы дерлік латын әліпбиіне көшірілді. Ауылдарда жаппай сауаттандыру мақсатында қызыл отаулар тігіліп, ол жерде латын әліпбиі насихаттала басталды

Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды.

1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды.

«Көз қорқақ, қол батыр» демекші, үлкен қадамға бет алдық. Біздің аталарымыз латын әрпінде оқыған, жазған. Осы уақытқа дейін кітапханаларда сол жылдары латынша шыққан еңбектер бар. Бүгінде кирил әрпінде оқитындар латынға көшкен уақытта осы уақытта дейін жазылған еңбектерді, кітаптарды оқи береді, оған қоса жаңа әліпбиді үйренеді. Ал жастарымыз ағылшын, француз, неміс тілдер арқылы латын әріптерін біледі.

Әліпбилерді жаңарту – бұл қалыпты тарихи тәжірибе. Қазіргі ақпараттық және технологиялық кеңістікте латын жазуы – жаһандық прагматистік құрал, ол ешкімді бөліп жармайды. Кері­сін­ше, бұл коммуникация құралы. Және де ол қазақстандықтарға жақсы таныс. Латын әліпбиі ұлттық сөздігімізге халықаралық, ғылыми-техникалық лексиканы бейімдеуге оңтайлы мүмкіндік бермек.

Қазақ тілінің әліпбиін латынға көшіру табандылықпен жүзеге асырылды. 2006 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының 12 сессиясында Елбасы «Біз қазақ тілі әліпбиін латынға көшіру мәселесіне қайта оралуымыз керек. Кезіңде біз оны кейінге қалдырдық. Латын графикасы коммуникация кеңістігінде басым.» - деп ой салды.

2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан-2050» Стратегиясында «2025 жыл­дан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керек» - деп мәлімдеді .

Ал 2017 жылы қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылданып, 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажеттілігін айтып, алдағы 2 жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізілуге тиіс деп нақты тапсырмалары берілді. Әрине, жаңа әліпбиге бейімделу кезеңінде бел­гілі бір уақыт кириллица алфавиті де қол­даныла тұратының атап өтті.

Әртүрлі елдердің арасындағы  байланыс, қарым-қатынас күшейген сайын бір-бірінің тілінен сөз алу да жиілей түсетіні табиғи жағдай, бірақ әр халық тіліне келген кірме сөздерді «өз бояуымен сырлап» өзінікі етіп дыбыстық өзгерістермен қабылдайды. Тек өзге тіл сөздерін өзгеріссіз алатын, өз тілінің табиғи заңдылығын ескермейтін біз болдық. Орыс сөздерінде келген сөз басындағы қос дауыссызды қатар айтуға үйреніп кеткеніміз  сонша, енді дұрыс тұрған қазақтың өз сөздерін де «қос дауыссызды қатар айту» үлгісімен жаздық. Мысалы, трактор, спорт, стакан, кран, сияқты т.б. сөздер басындағы қос дауыссыз қиналмай айтуға үйренген біздер енді өзінің дұрыс тұрған сөздерін бр (бір), бреу (біреу), крсін (кірсін), қздар (қыздар), қрқ (қырық), стық (ыстық), рас (ырас), смағұл (ысмағұл-сымағұл), рсты (ырысты) деп бүлдіріп, екі дауыссыз арасында, не сөз басында келетін қысаң «ы», «і» дыбыстарын өте көмескі айтуға, тіпті айтпай кетуге бейімделе бастағанымызда рас. Мұндай жағдайлар тіліміздің қоңыр қазақы әуеніне де әсер етіп келеді. Осындай жағдайда өз кезінде Ахмет Байтұрсыновтың: «Түбінде тілді оқығандар бүлдіреді» деп оқыған адамдар өзге тілдің ықпалына тез бейімделгіш болатындығын аңғарып ескерткені ойға оралады. Тілді тіл етіп, бар табиғаты мен болмыс-бітімін айқындап тұратын басты заңдылықтарының бірі — дыбыстардың бір-бірімен көрші тұруы, тіркесуі. Қазақ тілінде буын, сөз ішіндегі және сөз бен сөз аралығындағы дыбыстар өзара келісіп, үйлесіп, үндесіп, басқаша айтқанда, бір-бірімен қол ұстасып, жарасым тауып, үндесіп заңына бағынып тұрады. Бұл заңнан тысқары тұрған дыбыс, буын не сөз болмайды. Ал тілінде үндестік заңы емес, сөз екпіні үстем басқа (орыс) тілден енген сөздер қазақ тілінің басты заңдылығына кері әсер етіп келгенін бүгін қате жібермеу үшін ескергеніміз дұрыс болатын сияқты. Сондықтан қазақ тіліндегі әр сөздің табиғи бояуы дыбыстар тіркесі арқылы, яғни үндестік заңы арқылы танылады. Осы тіл арқылы дауыстының не бірнеше дауыссыздың сөз ішінде, әсіресе, бір буында қатар келуі қазақ тілінің табиғатына жат тіркесімдер болып табылады. Мысалы: поэма, дуэт, какао, соус, оазис, Аида, Раиса, Зоя, сияқты сөздер тіліміздің айтылым табиғатына сай келмейді.

Сондай-ақ қазіргі жазуымызда қазақ тілінде «қатаң дыбыстан соң қатаң дыбыс, ұяң дыбыстан соң ұяң дыбыс келеді» деген заңдылығы «сұхбат», «сахна», «мәслихат», «ресми», «шашлық», «лағман», «қызмет» сияқты көптеген сөздер де бұзылып жүр. «Емле», «мемлекет» деген сөздерде дұрыс жазылмай орнығып қалды. Қазақ тілінің дыбыстық заңы бойынша сөз басында  «и», «у», «л», «р», дыбыстары, ал сөз аяғында «б», «д», «ж», «г», дыбыстары келмейтін болса, йод, йон, университет, логика, ленолиуим, лагерь, радио, рельс, штаб, завод, гараж, массаж, монтаж, филолог, монолог, педагог сияқты т.б сөздерде дыбыстық әуеніміз қазақы болмай жүр. Бір түбір сөздің ішінде бір дыбыстың қатар қайталануы бұрын араб сөздері арқылы  келсе де, оны халық ұлттық бояуымен өзгертіп (молла-молда, алла-алда-Алдаберген, суннат-сүндет, үммет-үмбет) алса, басқа тілі арқылы келген «касса», «миллион», «тонна», «аппарат» сияқты сөздер өзгеріссіз қолданып, тіліміз заңдылығына сай келмей қолданыста болды. Тіл білімінде сөздің мағынасына өзгерте алатын, мағынаға қатысты дыбысты фонема деп атайды, ал оның сөйлеу барысындағы естілетін әртүрлі реңдері дыбыс (вариант, вариация) деп аталады. Бір фонеманың құрамында бірнеше дыбыс, яғни әр фонеманың варианттары; кейбірінде вариациялары да бар. Егер фонеманың реңдерін арнайы әріптермен таңбаласақ, оған таңба да жетпес еді, бұл дұрыс та болмас еді. Бірақ осындай кемшілік біздің қазіргі әліпбиімізде бар. Мысалы, «қ» фонемасының реңдеріне х, һ дыбыстары жатады. Сондықтан қош-хош, қалық-халық, қабар-хабар, қайыр-хайыр, қақарман-қахарман-қаһарман, Гауқар-Гауһар-Гаухар деген сөздерде қай дыбысты қолдансаң да мағына өзгермей тұрғаны, бір фонеманы үш әріппен таңбалаудан туындаған заңсыздық, басқаша айтқанда, бір адамның үш есімі бар, не үш төлқұжаты болғаны сияқты. Сөйтіп, қазақтың «қ» фонемасымен айтылатын сөздер әліпбиімізге қазақ тілінде жоқ, «х» фонемасы енгізілуіне байланысты, бірде қазақтың «қ» фонемасымен, бірде «х» фонемасымен, енді бірде араб сөздеріндегі «һ» фонемасымен әртүрлі жазылып жүр. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Қысқасы, тіліміз шұбарланып, ұлттық бояуы мен реңін жоғалта бастады. Қазіргі әліпбиіміздегі осы сияқты тағы басқа кемшіліктер латын әліпбиіне көшкен кезде  дұрыс шешімін табады деп сенеміз.

«Латын әліпбиіне көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру үрдісінің ерекшеліктеріне байланысты», – деп Елбасы айтқандай, латын әліпбиіне көшу – заман талабы. Ал ғалымдарымыз осы қаріпті қолдану арқылы әлемдегі ең дамыған өркениетті елдермен тереземізді теңестіре аламыз деген пікір айтып, оның тиімді тұстарын дәлелдеп отыр. Латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкеледі деп сенеміз.


Қолданылған әдебиеттер:


1. Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» // «Егемен Қазақстан» газеті. 26 сәуір 2017 ж.

2. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы 14 желтоқсан 2012 ж.

3.Жүнісбеков Әлімхан. «Қазақ фонетикасы». – Алматы: «Арыс», 2009, - 312 бет

4 . Байтұрсынов А. «Тіл тағылымы», Арын Е, Құдабаев А құрастырған - Повладар. С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2008 - 172 бет





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!