Материалдар / "Латын әліпбиінің маңыздылығы"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Латын әліпбиінің маңыздылығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Латын әліпбиінің қоғамдағы пайдалы тұстары, дәлірек айтқанда, ол өткен мен бүгінді, бүгін мен келешекті жалғастыратын алтын көпір . Сондықтан жазу және әліпби адамзат өміріндегі құнды дүние ретінде келер ұрпаққа мұра болып қалатын нағыз байлығымыз .
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қаңтар 2022
243
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Лaтын әліпбиінің мaңыздылығы



Әр халықтың рухани, мәдени өсуін, даму деңгейін көрсететін әлеуметтік мәні бар дүние ол жазу. Дәлірек айтқанда, ол өткен мен бүгінді, бүгін мен келешекті жалғастыратын алтын көпір . Сондықтан жазу және әліпби адамзат өміріндегі құнды дүние ретінде келер ұрпаққа мұра болып қалатын нағыз байлығымыз . Қазақ жазуының уақыт талабына сай латын әліпбиіне көшірілуі – Тұңғыш Елбасымыз Н.Назарбаевтың қолдауымен жүзе асырыла бастаған тәуелсіз Қазақстанның тәуелсіз шешімі.

Латын графикасынадағы қазақ әліпбиіне көшудегі мәселе, дамыған батыстық мемлекеттермен теңесіп, түркі әлемімен ақпараттық-мәдени интеграциямыз нығаяды және еліміздің білім деңгейі әлемдік білім деңгейіне көтерілуіне негізделетіні анық.

Қазіргі кезде елімізде ауқымды мемлекет тарапынан қаралған іс-шараны жүзеге асыру үшін жұмыстар жан-жақты жүргізілуде.

Латын әліпбиі бізге жат емес, өйткені ол біздің қоғамға әлдеқашан еніп қойған. Оны еліміздегі кез- келген адам белгілі дәрежеде біледі деп айтсақ қателеспейміз. Ал, «латынның бізге берері – толып тұрған тиімді тұстарын тізіп айтуға болады. Мысалы, «Үш тұғырлы тіл» саясатын жүзеге асыру. Бұл идеяның негізгі бөлігі – ағылшын тілін үйрену. Қазіргі уақытта ағылшын тілін меңгеру дегеніміз, жасыратыны жоқ, қажеттілік, ол дегеніміз– ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағымына ілесу деп айта аламыз.

«Әлемдік тағлымдамаға сүйенсек, таңдауымыздың нағыз дұрыс екенін дәлдеп отыр. Латын әліпбиі – жаһандық коммуникация мен ақпараттың қайнар көзіне айналады. Көршілес елдеріміз Өзбекстан , Түркіменстан, Түркия, Әзірбайжан, елдерін айтпасақ та, төл әліпбилері бар Қытай және Жапониядай үлкен мемлекеттер латын графикасындағы әліпбидің қосалқы нұсқаларын ұсынып отыр. Осының өзінен көп нәрсені түсінуге болады. Жалпы алғанда латын әліпбиіне көшу, Қазақстанның бүкіл әлемдік қарым-қатынасын одан әрі нығайта түсетініне және маңызды негізгі құрал екеніне сеніміміз мол.

Қазір мемлекетімізге ұлтты ұйыстыра алатын, тың ағымдағы рухани бағыт керек. Латын алфавитін енгізудің басты негізі де осында жатыр. Бұл тұрғыда осы іспеттес оқулар және курстар жаңа әліпбиді үйретуде үлкен үлесін қоспақ. Жаңа әліпбидің бізді жаңа мүмкіндіктерге, зор жетістіктерге бастайтыны сөзсіз. Себебі латын әліпбиі – техника мен ғылымның, ғаламтор мен технологиялардың тілі. Латын графикасы арқылы таңбаланған қазақ әліпбиі және жазуы қазақ елін биіктерге бастайтын нағыз дара жол екеніне кәміл сенеміз.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!