Материалдар / Латын тілі -заман талабы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Латын тілі -заман талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
Латын тіліне оралу-заман талабы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қазан 2020
294
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Латынға оралу (қаз тілі латын әліпбиімен)

Латыннан бұрын қазақ тілінің таңбалық жүйесін жасауды шетелдік ғалымдар кириллицадан бастағаны белгілі. «Қазақ жазуының теориялық негіздері» атты 2010 жылы жарық көрген зерттеуінде Қ.Күдеринова қазіргі кириллицаға негізделген әліпбидің жобалары 19-ғасырдың соңына қарай жасала бастағанын жазады. Ол былай деп жазады: «Орыс графикасына негізделген ең алғашқы қазақ әліпбиі жобасын Н.И.Ильминский жасады. Н.И. Ильминский әліпбиіндегі қазақ тілінің өзіне тән дыбыс дауыстылардың таңбалары мынадай болды: (үстіне ноқат салды – Ғ.Қ.Хасанов) а – (ә), о – (ө), у – (ү), і – (і), ы – (ы), н – (ң), к – (қ), г – (ғ). Сөйтіп, зерттеуші он шақты қосымша белгі алғанымен, орыс әліпбиіндегі е, в, и, ф, ц, х, ч, щ, ъ, ь, э, ю, я таңбаларын (қазақ тілі дыбыстық құрамына тән емес дыбыс таңбаларын қолданбады» [Күдеринова Қ. Қазақ жазуының теориялық негіздері. – Алматы, 2010, 115 б.]. Н.И. Ильминский қазақ тілінің дыбыстық құрамына тән емес дыбыс таңбаларын алмайды. Ол жөнінде былай дейді: «кроме приспособления русских букв к татарским звукам, мне пришлось постепенно изменять и установлять орфографию. В первом издании букваря я писал су – вода, аулъ – деревня, аю – медведь. Теперь мы пишем сыу, ауыл, айыу». Ильминскийдің бұл жобасына В.В. Григорьев қарсы шығып, өзінің «О передаче звуков киргизского языка буквами русской азбуки» деп аталатын мақаласында орыс әліпбиіндегі таңбалар өзгермеуі тиіс деп көрсетеді.

Бұл әліпби В.В. Григорьев тарапынан сыналғанымен қазақ тілі дыбыстарын алғашқы әріптерге түсіру әрекеті еді. Бүгінде тіліміздің сөйлеу жүйесін бұзып отырған орыс қаріптерін Н.И.Ильминскийдің қолданбауы қазақ дыбыстарының орыс дыбыстарынан мүлде бөлек екенін аңғаруында жатса керек. Қ. Күдеринова ол туралы: «Оқымысты тарапынан осындай сынға ұшырағанмен Н.Ильминскийдің орыс графикасымен берген қазақ әліпбиінің қазақ тілі дыбыстар жүйесін белгілеуде артықшылығы бар», – деп жазады [Күдеринова Қ. Қазақ жазуының теориялық негіздері. – Алматы, 2010, 116 б.]. Бұндағы артықшылықты ол Н.И.Ильминскийдің е дыбысының жуан, жіңішке вариантарын таңбалаудан көреді. Сонымен бірге, біздіңше, тағы бір артықшылық артық орыс әріптерін қазақ әліпбиіне енгізбеуінде деп білеміз. Әліпби өзгерген сайын орфографиялық нормалар да өзгереді, ал орфоэпиялық нормалар өзгеріске түсе бермейді. Алайда әріпке сүйене сөйлеу етек алған кезде тілдің басты өзегі болатын орфоэпиялық нормаларға да қауіп төнетінін бүгінгі күннің өзгерісі көрсетіп отыр.

Ал мың жылға жуық араб жазуында болған қазақ тілінің орфоэпиялық нормалары да соған байланысты өзгеріске ұшырағаны анық. Алайда бұл өзгеріс араб-парсы сөздерін сол тілдердің айту нормаларына байланысты дыбыстаудан туғаны анық. Оған дәлел, Абайдың өлеңдері мен қарасөздеріндегі араб-парсы сөздерінің дыбысталуын алсақ та жеткілікті.

Ал елімізде 1927 жылы әуелі Ташкентте, сосын Қызылордада өткен конференцияларда араб графикасын жақтағандар: А. Байтұрсынов, І. Ахметов, Е. Омаров, Ә. Байтасов, ал Ә.Байділдаұлы, Т.Шонанұлы, Ә.Ермеков тағы басқа оқығандар латын әліпбиін қолдады. Араб жазуын қолдағандар мынадай дәлелдер келтірді:

«1) Араб әліпбиі қазақ тілінің дыбыстық жүйесін дәл бере алады;

2) араб әліпбиі оқуға, жазуға, сауат ашуға қолайлы;

3) өнер құралдарына орнатуға қолайлы;

4) көзге көркем көрінеді;

5) араб әрпімен жазғанда қол сағат тілінің бағытымен бірдей оңнан солға қарай жүреді;

6) жазу машинасына, баспа машиналарына орнатуға араб әліпбиінің жаңасы латындікінен анағұрлым артық» [Әбілқасымов Б., Мәжітаева Ш. ХХ ғасырдағы қазақ әдеби тілі. – Астана: Елорда. – 2000, 189 б.].

Ал, олардың қарсыластары «араб әрпі сауат ашуға, оқуға, жазуға қиын, себебі:

1) бір әріптің 4 түрі бар;

2) араб әрпінің көбі бір түсті;

3) жазу оңнан солға қарай, ал цифрлар солдан оңға қарай жазылады. Бұл жазуда да, баспа жұмысында да қиыншылық тудырады;

4) ғылыми кітаптарда (алгебра, геометрия, физика т.б.) пән белгілері латын әрпімен жазылдаы, араб әрпі бұған жарамайды;

5) араб әрпі нотаны жазуға жарамайды;

6) араб әрпі баспахана жұмысында көп қиыншылық туғызады: теру, басу, жөнінде қымбатқа түседі» [Әбілқасымов Б., Мәжітаева Ш. ХХ ғасырдағы қазақ әдеби тілі. – Астана: Елорда. – 2000, 189 б.]. Міне, осы таластан соң туатын қорытынды: алаш зияларының басты мақсаты орыс жазуына жоламау болатын. Екі жақтың да ұстанған ұстанымдары қалай болса да кириллицаға көшпеу болатын. Екі әліпбиді ұстанған екі тараптың басты ұстанымы фонетикалық принципті орфографияға негіздеу болатын.

Мәселен, Ж. Аймауытов «Емлені өзгертуге жоба» деген мақаласында: «...Емлені өзгерту керек дегендегі көздейтін бас нысанам – сөзді грамматика заңына тірей бермей, қалай естілсе, солай жазу, емле ережелерін азайту, яғни жоғалту», – деп жазған болатын [Әбілқасымов Б., Мәжітаева Ш. ХХ ғасырдағы қазақ әдеби тілі. – Астана: Елорда. – 2000, 186 б.]. Ал А. Байтұрсыновта араб жазуына негізделген әліпбиді ұсынғанда фонетикалық ұстанымды мақұл көрді. Ол: «Хасыл кәләм ойым: сөз жазылу керек айтылатұғын түрінше, яғни сөз ішінде қай дыбыс естілсе, сол дыбыстың әрпін жазу, естілген дыбыстың әріпі жазылмай басқа әріп жазу керек болса, не үшін ол керекті ғылым наху не сарф жолыменен ыспат етілсін», – дейді [Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы, 1992, 382 б.]. Ол өзінің 24 әріптен тұратын әліпбиін осы ұстаным бойынша түзеген болатын. Латын әліпбиін қолдамаса да осы ұстанымды негіз етіп Х. Досмұхамедұлы латын әліпбиінің жобасын жасағаны белгілі. 1926 жылы Баку сиезінде көпшілік дауыспен (101 дауыс, арабқа 7 дауыс) латын әліпбиі қабылданғанымен қазақ тілін бұл әліпбиге көшіру оңай болмады. Бұндағы қайшылық фонетикалық немесе морфологиялық ұстанымның қайсысы қолайлы болады деген күрделі сұрақтан туды. Қ. Күдеринованың көрсетуінше, латын әліпбиінің алғашқы жобасы 1927-1928 жж. «Еңбекші қазақ», «Лениншіл жас», «Тілші» газеттерінде 24 әріп, 1 дәйекшемен жарияланды. Бұл алғашқы әліпби сол кездегі А. Байтұрсынов жасаған әліпбимен бірдей болды және өте дұрыс әзірленіп, жасалған әліпби еді, себебі теориялық база бірден-бір дұрыс еді. Латын әліпбиін енгзу әлі ерте деп Мәскеудегі жиналыста айтқанымен, латын жазуына енгізделген қазақ жазуын жобасын Н. Төреқұлов 28 әріп бойынша әзірледі. 1929 жылы Қызылордада Т.Шонанұлы, Е. Омаров, Қ. Кемеңгеров, Қ. Жұбанов, Е.Д. Поливанов т.б. қызу талқылаған конференцияда бұл әліпби жетілдірілді. Латын жазуына көшу баяу жүргеніне қарамастан 1929 жылы қазақ жазуы ресми түрде латын әліпбиіне 29 әріппен көшті. Бұл мәселелер Н. Әміржанованың «Латын әліпбиі негізіндегі қазақ жазуының графикасы мен орфографиясы» (Алматы, 2010) кандидаттық зерттеуінде қарастырылғанын айта кету керек.

1-кесте – 1929ж. латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі [Күдеринова Қ. Қазақ жазуының теориялық негіздері. – Алматы, 2010, 131 б.].

Қ. Күдеринова бұл қазақ әліпбиінде 9 дауысты мен 20 дауыссыз фонема болғандығын жазады [132 б.]. Қазір күннің тұрғысынан келгенде бұл дыбыстарға тән жайттарды орынды ескерген әліпби екендігі анық байқалады. Бұл әліпбиде фонетикалық ұстаным орынды түрде ескерілді, сондықтан емлетану да осы ұстанымға сай жасалды. Сол кезде Т. Шонанов былай деп жазыпты: «Наш фонетический принцип – не принцип фонетической академической транскрипции. Мы понимаем под словом фонетическим принципом передачу без искажения смысла слова, звуков нашей речи» деп жазыпты [Күдеринова Қ. Қазақ жазуының теориялық негіздері. – Алматы, 2010,, 133 б.]. Бұл әліпбидің артықшылығы мыналар:

1. Оқуға қолайлы, жазуға оңай, өте қарапайым;

2. кірме әріптер жоқ;

3. жол асты, жол үсті белгілері жоқ.

4. бір дыбыс –бір әріп ұстанымы сақталды.

Қабылданған әліпбидің кемшілігі ретінде ә, ө, ы, ғ дыбыстарының белгілері латын стандартына сәйкес алынбағанын айтуға болады. Осы кезден бастап, латын графикасына қазақ тілі «көндіге» бастады. Мәселен, бұл әліпбиге 1933 жылы Қ. Жұбанов өзінің толықтыруларын енгізді, яғни әліпбиде 24 әріп, 1 дәйекше болды. Толықтыруда, сондай-ақ, f, h, x әріптерін енгізілді. Қ. Жұбанов ұу, үу, ый, ій қосар таңбаларының орнына бір таңба алуды, дәйекше қызметін пайдалануды ұсынады [2, 138 б.]. Қ.Жұбановтың бұл ұсынысы, яғни ый, ій, ұу, үу қабылданбады. Ол кезде Қ. Жұбанов болашақта қазақтар бұл қосарлы дыбыстарды дыбыстаудан алыстап кететінін білмеді. Дегенмен бұл әліпби әріптер саны қосылмағанда үздік әліпбидің санатында қалар ма еді?

Бұл әліпби С. Аманжолов, С. Жиенбаев, Қ. Жұбанов т.б. ғалымдардың тарапынан жетілдірілді. Терминдер орыс тілі емлесі бойынша жазылатын ұстанымды Қ. Жұбанов, С. Аманжолов ұсынды.

С. Аманжолов латын жазуына негізделген қазақ жазуында мынадай кемшіліктерді көрсетті:

«1) әліпбиде х, f, v таңбаларының болмауы;

2) и, у таңбаларының жоқтығы, соның салдарынан миссисипи, миссури сияқты сөздердің 6, 7 әріптің орнына, 113-19 әріпке дейін жазылу;

3) фонетикалық принциптің ұсталынуы;

4)...кірме сөздердің әртүрлі орфограммалануы (келі, динамы)

5) сөз ішінде екі дауысты дыбыс қатар келмейді деп, зоология, биология, театр сөздерінің зологыйа, быйалогыйа, тыйатыр болып таңбалануы...» [Күдеринова Қ. Қазақ жазуының теориялық негіздері. – Алматы, 2010, 144 б.].

Соңынан С. Аманжолов көрсеткен осы жағдайлар орыс әліпбиіне көшкен кезде ескерілді де, себебі орыс жазуына көшу жобасын әзірлеген С. Аманжолов еді. Бұл жағдайлар соңынан қазақ фонетикасына аса ауыр соққы болып тиіп, соның зардабын күні бүгінге дейін тартып келеміз.

1940 жылы қазақ жазуы кириллицаға негізделген графикаға көшірілді. Бұл ауыстыру саяси жағдайға байланысты болды. Б. Әбілқасымов мен Ш.Мәжітаева бұның себебін былай түсіндірді: «1910 жылдардан бастап А.Байтұрсынов араб жазуын қазақ халқының үндестік заңына ыңғайластырып реформалады, оның реформалаған жазуын бірден алу түркі жұрты ең озық жүйе деп таныса да, орыс жазуын бірден алу түркі тілді халықтардың қарсылығын туғызатындығын түсінген орталық уақытша латын жазуын уағыздап, түркі халықтарына алғаш латын жазуын қабылдатты. 1937-38 жылдарадғы қуғын-сүргіннен кейін, зиялы қауымның көрнекті өкілдері атылып, айдалып кеткен соң, латын жазуынан орыс графикасына көшу идеясы көтеріліп, 1940 жылдан бастап түркі халықтары, оның ішінде, қазақтар да орыс графикасына халықтардың тілегі бойынша деген сылтаумен көшірілді». Қ. Күдеринованың көрсетуінше, 1939 жылы әзірленген жобада 40 әріп болды. Орыс графикасына негізделген әліпбиді негізінен С. Аманжолов әзірледі. Бұған дейін де ол орыс тіліндегі терминдерді латынша жазудың қиындығы туралы баспасөз бетінде жариялап, орыс графикасына көшу тиімділігі туралы ойлар айтқан болатын. 1940 жылы 30 тамызда 41 әріптен тұратын жаңа әліпби жобасы әзірленді, оған һ әрпі енгізілді [2, 146 б.]. С. Аманжолов я, ю әріптері арқылы әріптерді көп жазудан құтылу жолын ұсынды, яғни йа дыбысын я, ал йұу не йүу дыбысын ю әрпі беретінін жазды. Бір айта кететіні А. Ысқақов э әрпін алып тастау керектігін, себебі оны е береді, сондықтан э әрпін әліпбиден алуды ұсынды. Соңынан 1952 жылы ый, ій, ұу, үу қосарын и, у таңбаларымен белгілеу қабылданып, и, у әріптері осыдан бастап, біресе дауысты, біресе дауыссыз бола бастады. Сөйтіп, 42 әріптен тұратын әлемдегі әрпі көп орыс жазуына негізделген қазақ жазуы пайда болды.

Осыдан бастап, әріппен сөйлейтін ұрпақ қалыптаса бастады. Тілшілердің таңба басқа, дыбыс басқа болады деген есебі дұрыс болмады. Орыс жазуына негізделген қазақ жазуы қазақ фонетикасына мынадай өрескел қателіктерді әкелді:

1) болашақ мұғалімдер қазақ фонетикасын қате теориялық түсінік бойынша оқыды;

2) дауыссыз и, у дыбыстары біресе дауысты, біресе дауыссыз деген қате тұжырым пайда болды;

3) кірме сөздер мен терминдер тіліміздің басты заңы сингармонизмге бағындырылмады, таза орыс тілінің дыбыстық заңы бойынша айтылды;

4) акцент жоғала бастады;

5) жуан және жіңішкелік белгі бойынша сөйлеу қалыптаса бастады, мәселен, Асель, халің қалай?; (Әсел, қалың қалай?)

6) сөзде екі дауысты дыбыс қатар жазылатын орфограмма енгізілді, мыс: тиын, қиын, жиын;

7) ерін үндестігі есепке алынбады, мектеп бағдарламасына енгізілмеді;

8) қазақ тілінде дыбыс «сингема» емес, «фонема» деген тұжырым енгізілді;

9) орфографиялық сөздікте фонетикалық ұстаным басты болмады, орфографияда ала-құлалықтар пайда болды;

10) сөйлеуде орфоэпиялық норма басты болмай, орфографиялық норма басты болды;

11) емлетануда шешілмес қиындықтар пайда болды т.т.

1980 жылдары Ә. Жүнісбек қазақ тілінің фонетикасының теориялық жағын дұрыстау туралы сөз көтеріп, ғылыми зерттеулерді эксперименттер арқылы жүргізді. Кейін тәуелсіздік алғаннан соң бұл мәселелер терең зерттеле бастады. Ә. Жүнісбектің көрсетуінше, тілімізде дауысты дыбыстар саны 9, яғни А, Ә, Ы, І, Е, Ұ, Ү, О, Ө, ал дауыссыздар саны 17, яғни Б, Д, Ғ-Г, Ж, З, Й, Қ-К, Л, М, Н, Ң, П, Р, С, Т, У, Ш, сонда бәрін қосқанда 26 дыбыс бар деген сөз [Қазақ грамматикасы, 14-21 бб.]. Бұнда Ә. Жүнісбек ғ мен г, қ мен к бір дыбыстар тобына жатқызады. Ал оларды жеке таңбаласақ, 17 емес, дауыссыздар саны 19 болады, сонда қорытындасында тілімізде дауыссыздар саны 19, ал дауыстылар саны 9, жиыны 28 дыбыс болады. Сонда қазақ тілінде кезінде Н.И.Ильминский, В.В. Радлов көрсеткен 28 дыбыс қана бар. Тілде әріптер ауысса да дыбыстар өзгермей қала беретінін естен шығармаған жөн. Г, К әріптерін жеке таңбалау жеңіл болады деп санайтындарға латынға 28 әріппен де көшуге көнеміз. Ал бәйге жасап, оны тілшілер емес басқаларға жеңіп беретін болсақ, болашақ ұрпақ алдында қарабет болатынымыз анық.

Болашақта латын әліпбиіне көшкенде 26 әріппен көшсек қана біз тілімізді өзінің үндесімі заңы негізінде сақтап қала аламыз. Ал 42 әріпті ауыстыра салу, «бір адым алға, екі артқа жүру» дегенге алып барары сөзсіз. Зияткерлік ұлтты қалыптастыруда латын әліпбиіне тек осылай ғана көшу ғана өзінің игі нәтижесін берері сөзсіз. Басында латын әліпбиіне 26 әріп бойынша көшу мынадай қиындықтар туғызатыны анық:

1) өз қазағымыздың өзі бір күнде «сауатсыз» болып қалатындай жағдай туындайды;

2) басқа ұлттардың түсінбестігі туатыны анық;

3) орфографиялық нормалар тұтасымен өзгеретіні барлық халыққа қиындық туғызады;

4) қаражат жұмсалады;

5) жер-су атауларын қайта жазу мәселесі дау-дамай тудырады;

6) бұрынғы тарихымыз, мәдениетіміздің мол мұрасы, кітаптар болашақ ұрпаққа түсініксіз болып қалуы ықтимал.

Дегенмен де латын әліпбиіне 26 әріп бойынша көшсек қазақтың болашақ таза қазақтық ұлтын қалыптастыратынымыз айдан анық. Латын әліпбиіне осылай көшсек мынадай жақсылықтарға жетеміз:

1) қазақ тілінің басты үш дыбыстық заңы, атап айтқанда, буын үндестік заңы, дыбыс үндестік заңы, ерін үндестік заңы бұзылудан сақталады;

2) акцент пайда болып, дұрыс интонация нығая бастайды;

3) кірме лексика, терминдер сөздер үндестік заңдарына бағынады, мәселен: стартер – сартер.

4) бірінші кластан бастап балалардың басын ауыртып келе жатқан, емлетануда қиындық туғызып жүрген, қазақ сөздерінде ешқашан дыбысталмайтын және болмайтын басы артық 16 әріптен құтыламыз.

5) сөйлеу мәдениеті көтеріліп, орфоэпиялық нормалар орфографиялық нормаларды ығыстыра бастайды, соның негізінде зияткерлік ұлт негізі қалыптаса бастайды.

6) латын әліпбиін меңгеру ақпараттық кеңістікке шығуды жеңілдетеді, яғни ғаламтор жүйесін халқымызға ана тілінде меңгеруге жол ашады.

7) басқа елде тұратын қандастарымызға өз тілінде ақпарат алуды жеңілдетеді.

Латын әліпбиін меңгеру қиынға түспейтіні анық, себебі бүгінде ұялы байланыстағы хабарламалардың көпшілігі осы графикамен жазылуда.

Қазір еліміздің қазақ қоғамы таза қазақ, шала қазақ және қазақтықтан ада қазақ деген үш қабаттан тұратын белгілі. Егер, латынға 26 әріппен көшсек қана таза қазақ қабатын зияткерлік деңгейге көтере аламыз. Қазір бізде зияткерлік делініп жүргендер шала қазақ қабатындағы адамдардан тұратын жасырын емес.

Бұлар туралы Ә. Жүнісбек былай деп жазады: «Қазіргі орыс айтылымындағы «Ұлттық жобаның» негізінде жазып көрсетіп («федерацияны п [p]-мен жазамыз ба?» деп жерден жеті қоян тапқандай күлкіге қарқ болып, мазақ қып жүрген орыстілді ағайындарымыз таға бар. Олар ұлттық әліпби ұлт сөздерін жазуға арналған деген зарымызға құлақ аспаса амал қанша». Өз ана тілінің дыбыстау заңын бұзып сөйлейтін адамнан, яғни өз тілін сыйламайтын, орыс не ағылшын тілінде емін-еркін сайрайтын адамнан өз ұлтын шынайы сүю шығады дегенге сене қою қиын. Зияткерлік ұлт сапына кіремін деген адам ең алдымен өз ана тілін сүю керек, себебі өз ана тілін сүйген адамнан ғана өз елі мен өз ұлтын сүю туса керек. Латын әліпбиіне көшу қазақ тілінде бұрын болмаған реформа болса да одан қорқуды қоятын уақыт жеткені айқын. Әзірбайжан, Өзбекстанда әліпби ауыстыру, оған түпкілікті көшу әлі жүріп жатқанын есепке алсақ, Қазақ елі латын қарпіне көшуді биылдан бастағаны абзал болар. Оның үстіне, бұл ірі реформа болғандықтан, Әлекең өте дұрыс көрсеткен «сауат ашу» кезеңі де біраз уақытымызды алып кетері хақ. Мақалада өте дұрыс көтерілген мәселе – латынға көшу тілдік реформаның бастапқы кезеңі болуы тиіс екендігі. Бұл реформа Әлекең айтқандай, үш мәселені – дыбыс, әліпби және еміле-ережені бірдей қамтуы керек.

Жалпы әлемдік елдермен бәсекеге түсуде елімізге керек басты қарудың бірі – латын әліпбиіне негізделген қазақ жазуы болса керек. Әлемдегі басқа ұлттармен бәсекеге түсуде қазақ ұлтына қажетті нәрсе жалпы зияткерлік мен әлемдік деңгейдегі білім. Ал бұларға бастар қадам жақын уақытта латын әліпбиіне көшу деп есептеймін.

Жазудан айту басым болған кезеңдегі «оқымаған» халық орыс тілінен келген сөздерді өз тілінің ұлттық бояуымен көмкеріп, бөтелке (бутылка) бөшке (бочка), бәтеңке (ботинка), орыс (русс), шайнек (чайник), кәмпит (конфеты), ұшқыш (летчик), пәнер (фанер), жорнал (журнал) деп өз сөзі етіп алған еді. Осы халықтық ұстаным Ахмет Байтұрсынов сияқты ғалымдар еңбектерінің негізгі тірегі болған еді. Бірақ қазақ тілінің табиғи ұлттық бояуын сақтауға талаптанғандар «ұлтшыл» атанып итжеккенге айдалғанын тарихтан оқып білдік. Содан кейінгі кезеңде «операция», «ассимиляция», «электр», «эксковатор», «съезд», «космос», «бюджет», «атом», «театр», «архитектура», «фотография», «телеграф», «архив» секілді сөздер тау суындай тасқындап келіп жатты.

Әртүрлі елдердің арасындағы байланыс, қарым-қатынас күшейген сайын бір-бірінің тілінен сөз алу да жиілей түсетіні табиғи жағдай, бірақ әр халық тіліне келген кірме сөздерді «өз бояуымен сырлап» өзінікі етіп дыбыстық өзгерістермен қабылдайды. Тек өзге тіл сөздерін өзгеріссіз алатын, өз тілінің табиғи заңдылығын ескермейтін біз болдық. Орыс сөздерінде келген сөз басындағы қос дауыссызды қатар айтуға үйреніп кеткеніміз сонша, енді дұрыс тұрған қазақтың өз сөздерін де «қос дауыссызды қатар айту» үлгісімен бүлдіре бастадық. Мысалы, трактор, спорт, стакан, кран, сияқты т.б. сөздер басындағы қос дауыссыз қиналмай айтуға үйренген қазекем енді өзінің дұрыс тұрған сөздерін бр (бір), бреу (біреу), крсін (кірсін), қздар (қыздар), қрқ (қырық), стық (ыстық), рас (ырас), смағұл (ысмағұл-сымағұл), рсты (ырысты) деп бүлдіріп, екі дауыссыз арасында, не сөз басында келетін қысаң «ы», «і» дыбыстарын өте көмескі айтуға, тіпті айтпай кетуге бейімделе бастадық. Мұндай жағдайлар тіліміздің қоңыр қазақы әуеніне де әсер етіп келеді. Осындай жағдайда өз кезінде Ахмет Байтұрсыновтың: «Түбінде тілді оқығандар бүлдіреді» деп оқыған адамдар өзге тілдің ықпалына тез бейімделгіш болатындығын аңғарып ескерткені ойға оралады.

Тілді тіл етіп, бар табиғаты мен болмыс-бітімін айқындап тұратын басты заңдылықтарының бірі — дыбыстардың бір-бірімен көрші тұруы, тіркесуі. Қазақ тілінде буын, сөз ішіндегі және сөз бен сөз аралығындағы дыбыстар өзара келісіп, үйлесіп, үндесіп, басқаша айтқанда, бір-бірімен қол ұстасып, жарасым тауып, үндесіп заңына бағынып тұрады. Бұл заңнан тысқары тұрған дыбыс, буын не сөз болмайды. Ал тілінде үндестік заңы емес, сөз екпіні үстем орыс тілінен енген сөздер қазақ тілінің басты заңдылығына кері әсер етіп келеді. Сондықтан қазақ тіліндегі әр сөздің табиғи бояуы дыбыстар тіркесі арқылы, яғни үндестік заңы арқылы танылады. Орыс тілі және осы тіл арқылы дауыстының не бірнеше дауыссыздың сөз ішінде, әсіресе, бір буында қатар келуі қазақ тілінің табиғатына жат тіркесімдер болып табылады. Осындай тіркесі бар сөздер қазақ сөзінің ұлттық болуына дақ түсіреді. Мысалы: поэма, дуэт, какао, соус, оазис, Аида, Раиса, Зоя, сияқты сөздер тіліміздің айтылым табиғатына сай келмейді.

Сондай-ақ қазіргі жазуымызда қазақ тілінде «қатаң дыбыстан соң қатаң дыбыс, ұяң дыбыстан соң ұяң дыбыс келеді» деген заңдылығы «сұхбат», «сахна», «мәслихат», «ресми», «шашлық», «лағман», «қызмет» сияқты көптеген сөздер де бұзылып жүр. «Емле», «мемлекет» деген сөздерде дұрыс жазылмай орнығып қалды. Қазақ тілінің дыбыстық заңы бойынша сөз басында «и», «у», «л», «р», дыбыстары, ал сөз аяғында «б», «д», «ж», «г», дыбыстары келмейтін болса, йод, йон, университет , логика, ленолиуим, лагерь, радио, рельс, штаб, завод, гараж, массаж, монтаж, филолог, монолог, педагог сияқты т.б сөздерде дыбыстық әуеніміз қазақы болмай, «мазақы» күй кешіп тұр. Бір түбір сөздің ішінде бір дыбыстың қатар қайталануы бұрын араб сөздері арқылы келсе де, оны халық ұлттық бояуымен өзгертіп (молла-молда, алла-алда-Алдаберген, суннат-сүндет, үммет-үмбет) алса, орыс тілі арқылы келген «касса», «миллион», «тонна», «аппарат» сияқты сөздер өзгеріссіз қолданып, тіліміз заңдылығына сай келмей тұр.

Тіл білімінде сөздің мағынасына өзгерте алатын, мағынаға қатысты дыбысты фонема деп атайды, ал оның сөйлеу барысындағы естілетін әртүрлі реңдері дыбыс (вариант, вариация) деп аталады. Бір фонеманың құрамында бірнеше дыбыс, яғни әр фонеманың варианттары; кейбірінде вариациялары да бар. Егер фонеманың реңдерін арнайы әріптермен таңбаласақ, оған таңба да жетпес еді, бұл дұрыс та болмас еді. Бірақ осындай кемшілік біздің қазіргі әліпбиімізде бар. Мысалы, «қ» фонемасының реңдеріне х, һ дыбыстары жатады. Сондықтан қош-хош, қалық- халық, қабар-хабар, қайыр-хайыр, қақарман-қахарман-қаһарман, Гауқар-Гауһар-Гаухар деген сөздерде қай дыбысты қолдансаң да мағына өзгермей тұрғаны, бір фонеманы үш әріппен таңбалаудан туындаған заңсыздық, басқаша айтқанда, бір адамның үш есімі бар, не үш төлқұжаты болғаны сияқты. Сөйтіп, қазақтың «қ» фонемасымен айтылатын сөздер әліпбиімізге қазақ тілінде жоқ, орыстың «х» фонемасы енгізілуіне байланысты, бірде қазақтың «қ» фонемасымен,бірде орыстың «х» фонемасымен, енді бірде араб сөздеріндегі «һ» фонемасымен әртүрлі жазылып, жұртты адастырып тұр. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Қысқасы, тіліміз шұбарланып, ұлттық бояуы мен реңін жоғалта бастады. Қазіргі әліпбиіміздегі осы сияқты тағы басқа кемшіліктер латын әліпбиіне көшкен кезде шешімін табады.

Тілдің қоғаммен бірге дамып, ғылым мен техника дамыған сайын көршілес елдерден және басқа да шетелдерден жаңа сөздер кіруі арқылы да толығып отыратыны табиғи заңдылық болып табылады. Қазіргідей басқа елдермен арада барыс-келіс жиілеген замандағы күнделікті тіршілікте өзге тіл сөздерінің енуі де, әсері де күшейе түспесе, бояуламайды. Ал кірме сөздердің барлығын дер кезінде қазақы айтылымға икемдеп отыру да оңай шаруа емес. Әрбір оқыған сауатты адам өзге тілден келген сөздің де қазіргі кирилл әріптерімен өзгеше жазылып тұрғанын оғаш көріп тез қабылдай қоймауы мүмкін. Ал латын әліпбиі бұл қиындықты өзі реттеп, жұртшылық кірме сөздерді қазақы қылып жазып, қазақы оқып кеткенін өздері де байқамай қалар еді. Сондықтан тіліміздің табиғи айтылымына қайшы келетін кемшіліктерімізден арылатын кез келді. Әр сөзді бабалар салған жолмен ұлттық үндесіміне қарай айтуымыз үшін жарыса қапталдап кедіргі келтіретін ескі әліпбиімізді латын әліпбиіне ештеңеден қорықпай алмастыра салуға мүмкіндік келді. Демек, ұрпақ келешегін ойласақ, ұлттығымыздың негізгі белгісінің бірі тілімізді сақтап қаламыз десек, бірден-бір дұрыс жол — латынға көшу.

Латын графикасына (таңбасы) негізделген қазақ әліпбиін жасау ісінде тіліміз дыбыс жүйесіндегі төл дыбыстар мен өзге тілден енген кірме дыбыстарды жеке-жеке қарастырып, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері мен жазу барысында туындайтын әртүрлі заңдылықтары ескерілуі тиіс. Демек, бұл іс кез келгеннің қолынан келе бермейді, арнайы фонолог маманның ғылыми тұрғыда қарастырған зерттеу жұмыстарына үңілу керек. Ал қазіргі кезде графикалық лингвистикадан (тілді таңбалау ісі жөніндегі ғылым саласы) хабары жоқ адамдар да латын әліпбиінің жобасын дайындап, соны қайтсе де өткізу, авторлық құқық алу сияқты өз қара басына жұмыс жасап жүргендер де баршылық. Сондықтан таңба-әріп-фонема-жазу сырын білетін, графизация (тілдің таңбалануы) мәселесімен шұғылданып жүрген фонолог мамандардың көзқарастарына жүгінген жөн. Осы орайда, латын графикасын қазақ әліпбиіне икемдеу бағытында өзінің салмақты ойлары мен ғылыми маңызды зерттеулерін көп талқысына ұсынып жүрген білікті ғалым Әлімхан Жүнісбеков еңбектерінің маңызы зор. Қазіргі таңда Әлімхан Жүнісбеков бастаған ғалымдар қазақ тілі дыбыс жүйесіндегі 28 фонеманы (9 дауысты, 19 дауыссыз) латын графикасымен таңбалап, жаңа қазақ әліпбиін дайындап отыр. Бұған қоса, кірме сөздерді таңбалау үшін «в», «ф», «һ» әріптерін де әліпбиге алу туралы пікір айтылды. Себебі бұл әріптер 1938 жылы әліпбиімізге енгізгелі қазақ тілінде әбден орнығып болды.

Сөйтіп, ғалымдар 30-31 әріптен тұратын әліпби жасауды нысана етіп отыр. Бұл бұрынғы 42 әріптің қысқарып, 10 таңбасы алып тасталынатынын көрсетеді. Мысалы, бұрынғы әліпбиде «ащы», «тұщы» және өзге тілден келген щетка, щи, деген санаулы сөзді таңбалау үшін арнайы «щ» әрпі алынған болса, енді осындай әріптердің қысқаруы нәтижесінде кірме әріптерге қатысты 30-40 басы артық ереже өзінен-өзі жойылып кетеді екен.

Қазір ғалымдар қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру ісін қазақ жазуын реформалау (қайта қарастыру) ісімен байланыстыру жұмыстарының ғылыми негіздемесін дайындап отыр.

Классикалық латын әліпбиі 26 әріптен тұрады: Аa, Bb, Cc, Dd, Ee, Ff, Gg, Hh, Ii, Jj, Kk, Ll, Mm, Nn, Oo, Pp, Qq, Rr, Ss,Tt, Uu,Vv,Ww, Xx,Yy, Zz. Ол роман, герман және басқа тілдердердің жазбаларының негізі.

Кейбір тілде белгілеуге сәйкес латын әріптері жоқ дыбыстарды белгілеу үшін латын әліпбиі кеңейтіледі. Кеңейтудің мынадай әдістері бар:

әліпбиге жаңа әріптер қосу, мысалы, ŋ, ç, ş;

диакритикаларды қосу, мысалы, á, ä, ğ;

теріс диакритиканы қолдану, мысалы, ı — нүктесіз i;

бір дыбысты белгілеу үшін бірнеше әріп қолдану, мысалы, ш дыбысы sh немесе sch арқылы белгіленеді;

бір дыбысты белгілеу үшін бірнеше әріп және диакритикалық белгі қолдану, мысалы, x

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!