Материалдар / LESSON STUDY - САБАҚТА
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

LESSON STUDY - САБАҚТА

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімді шәкірт тәрбиелеу үшін мұғалімнің құзіреттілігі - оның жан-жақты білім мен біліктілігін шыңдаудағы таптырмас құрал-сабақты зерттеу үдерісі. Ұстаздарға Lesson Study сабақтарының ұйымдастырудың алғы шарттары.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2021
296
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

LESSON STUDY - САБАҚТА


Ибраева Турсынхан Жанаткановна

«Мектепке дейінгі шағын орталығы бар №9

орта мектеп»КММ, бастауыш сынып

мұғалімі, директордың оқу-тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары, мектеп тренері

Талдықорған қаласы


Заман ағымына қарай педагогикалық теорияда және оқу-тәрбие үдерісінде айтарлықтай өзгерістер болып жатыр. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы-заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Білім берудегі жаңғырту мен инновациялық үрдістердің жалғасуына ықпал етудің маңызды факторының бірі-мұғалімнің кәсіби шеберлігі. Солай бола тұра «кәсіби шебер» түсінігіне пәндік, дидактикалық, әдістемелік, психология-педагогикалық білім мен дағды ғана емес, педогогтің жеке тұлғалық потенциалы, кәсіби құндылықтары да жатады.

Заман ағымына қарай үнемі білімді жетілдіру мақсатында кезекті курстан өту барысында Назарбаев зияткерлік мектебі Педагогикалық шеберлік орталығынан сабақты зерттеу (Lesson Study) «Тәжірибедегі рефлексия» бағдарламасы курсы бойынша білімімді жетілдірдім. Осы уакыттан бері менін педагог ретінде де, әдіскер ретінде де көз қарасым өзгерді. Алған білімнен кейін іздену барысында зерттеу тақырыбы дегеніміз оқушылардың үйренуіндегі, оқуындағы бір кемшілік, жетіспеушілік, кедергі, не олқылық екенін білдім. «Сабақ барысында қолданылатын стратегиялардың тиімді жағын қалай анықтау? Оқушылардың оқуы мен үйренуін қалай жақсартамыз? Неге оқытудың әдістерін зерттеп үйренуіміз керек?» деген сұрақтарға жауап іздеуді үйрендім. Ұжымның құрамын зерделей отырып, алдымызда кімдердің қатарынан, қанша топ құру, зерттеу тобының жұмысын қалай үйлестіру керек? Оқыту сапасын арттыру бойынша көптеген сұрақтар тұрды. Педагогтердің кәсіби дамуына әдістемелік сүйемелдеу көрсету арқылы функционалдық құзіреттіліктерін арттыру мақсатында тренер ретінде іштей және сырттай оқыту курсын ұйымдастырып, жылдар бойы кәсіби қолдау көрсетудемін.

Мұғалімдерде - сабақ өткізу барысында қалыптасып қалған қағиданы ұстап, сынға ұшырап қаламын деген қорқыныштары басым болады. Сондықтан бірлесе жоспарлау барысында сабақ барысындағы сәтсіздіктерден, кедергілерден шығу жолдарын бірлесе іздеу арқылы әріптестер арасында ынтымақтастық, сабақ сапасын арттыру, өзіне сенімділігігін нығайту мақсатында түрлі әдістемелік сүйемелдеу жұмыстарын (семинар,кездесулер,шебер сынып,коучинг) ұйымдастырып, психологиялық қолдау көрсету үшін мектеп психологтарымен бірлесе отырып,тренингтер жоспарға сәйкес өтілуіне ықпал еттім.

Сабақты зерттеу (Lesson Study) үдерісін ұйымдастыру бойынша мектепішілік жұмыс жоспары құрылып, ұжым алдында талдауға ұсындым.

Білімді шәкірт тәрбиелеу үшін мұғалімнің құзіреттілігі - оның жан-жақты білім мен біліктілігін шыңдаудағы таптырмас құрал-сабақты зерттеу үдерісі. Осы мақсатта 2018-2021 оқу жылдары аралығында «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар № 9 орта мектепте сабақты зерттеу мақсатында 16 топ құрылып, 82 ұстаз шығармашылықпен жұмыс істеп отыр.

Мақсаты: Мұғалімдерге кәсіби тұрғыдан тәлімгерлік қолдау көрсету, оқыту мен оқуда сабақты зерттеу үдерісін жүзеге асыру.

Топ құрылғаннан кейін топ мүшелерінің алдында түрған мәселе сабақта қолданылатын стратегия таңдау болды.

Алғашқы жұмысымда кездескен кедергі: топ мүшелерінің жұмысын ұйымдастыру барысында кездесті. Олар: дәстүрлі сабақ беріп қалыптасып қалған ұстаздар өздерінің көз қарасын бірден өзгертпеуі, білім сапасын көтеру мақсатында бір сыныпқа сабақ бертін пән мұғалімдері арасында өз-ара ойларының келіспеушілігінен толық топты құру, бір пән бойынша бірлестік мүшелерінен топтастыру. Тренер ретінде топты құра отырып, жұмыс барысында кездескен сұрақтарға жауап іздедім. Өз тарапымнан жіберілген олқылық шығармашылықпен жұмыс істейтін топ мүшелері қатарынан әкімшілік топ мүшесі ретінде бұйрықпен топтастыра салу қате екенін түсіндім. Топтарға мұғалімдер өз қалаулары бойынша жақын араласатын әріптестерімен бірігуді ұсындық. «Бір топта кіммен бірлесе жұмыс жасағыңыз келеді?» деген сұраққа берілген жауаптарды талдай отырып, бірін-бірі қалағандарды бір топқа біріктірілді. Бұл зерттеу тақырыбы барлық мұғалімдер, топтар үшін ортақ болып, бүкіл шығармашылық топ осы тақырыпты шешу үшін бір ай бойы жұмыс жасады. Бір цикл бойында мұғалімдер жеке-жеке осы проблеманы шешу жолдарын өз сабақтарын жоспарлауда қарастырды, сабаққа қатысу барысында сабақтарында қолданылған әдістердің қалай жұмыс істегенін, сабақтан кейінгі сұхбат мен талдауларда оларды жақсарту түрлері талқыланды.

Стратегия таңдауда мұғалімдер арасында ұзақ талқылау жүрді. Өйткені әр бір топта пәндер әртүрлі болғандықтан кез келген стратегия жекелеген пән үшін қолжетімді емес. Бірнеше стратегиялар талқылана келе, топ мүшелері тиімді әдісін сабақтарда пайдаланатындықтары туралы бірауыздан келісілді. Мұғалімдер жұмысқа кіріспес бұрын зерттеу сабақтарын өткізу алгоритимімен танысу мақсатында П.Дадли еңбегімен танысып, топтарда талдау жұмыстары жүргізді.

Ұстаздарға Lesson Study сабақтарының ұйымдастырудың алғы шарттары түсіндірілді. Олар:

1. Топ құру;

2.Сынып таңдау (зерттеу объектісін белгілеу);

3.Зерттеу сұрағы айқындау, стратегия таңдау;

4.Топта сабақ беретін мұғалімдер графигі мен кездесулер графигін құру;

5.А, В, С оқушыларын анықтау сияқты жұмыстар жүргізілді.

Келесі кезекте алғашқы сабақ өткізуші пән мұғалімі сабақтың алғашқы нұсқасын жасап келу тапсырылды. Сабақ беру мен стратегияны сыныпта практикада қолдану арасында 1 ай уақыт интервал болды. Осы мерзімде сабақта стратегияны пайдалану жолдарын үйрену әрекеті іске асты. Осы мерзім аралығында әрбір топ мүшелері 2-3 кездесу ұйымдастырып, сабақ жоспарын үнемі жетілдіріп отырды. Сабақ жоспарлауда бірлескен жұмыстың қызықты, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», - екеніне көз жеткізе бастады. Зерттеу сабағын өткізуде біз үшін қиындық тудырған сәттер де болды. Мысалы, оқушының болжамды жауаптарын жазуда қиындықтар кездесті. Өйткені бұндай жұмыс біз үшін бұрын практикада оқушы жауабын жазбаша жазбау деп ойладық. Алғашқы болжамды жауапты құрастыру және олардың бұған дейінгі білімдерін анықтау мұғалім оқушыны тереңірек білуін қажет етеді. Яғни, ұстаздар - үлкен ізденістерді қажет ететіндігін ұғынды, зерттеу, талдау, сұрыптау жұмыстарын жүргізді.

Сабақты талдау барысында біздің көңіліміз толмаған мәселе оқушыны бақылау парағы болды. Себебі бақылаған оқушының әрекеттерінің толық динамикасын бірден көре алмадық. Топ модераторлары ақылдаса келе бақылау парағына өзгеріс енгізу керек деп шешіп, бақылау парағының алғашқы нұсқасына өзгертулер енгізілді. Дегенмен зерттеу сабақтарының алғашқы циклін өткізген кезде күнделікті сабақта ескере бермейтін оқушы әрекеттерін көрдік. Мысалы бақылаудағы А,В,С оқушыларының сабақ этаптарының әр сәтінде белсенділіктері өзгеретіні, көңіл күйі үнемі өзгеріп отыратындығы біз үшін жаңалық болды.

Зерттеу сабақтарының соңғы сабақтарда өтілуі еңбек өнімділігін төмендететіндігін, оқушылардан сұхбат алу барысында жауаптарынан түйіндедік, келесі қадамдарда атқаратын жұмыстар жобаланды. Ұстаздардан да сұхбат алу арқылы келесі циклдарда түзету, толықтыру жұмыстары жүргізілді.

Келесі сабақтарында мына нәрселерді түзету керек:

1.Зерттеу сабақтарын 1,2,3 сабақтарға қою;

2.Бақылаушы мұғалімдерді ауыстырмау;

3.Оқушылардың алған білімдерін күнделікті өмірмен байланыстыруда нақты мысалдармен дәйектемелер келтіруге үйрету.

Осылай қытай ғұламасы Конфуцийдің (Күн-цзы): «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң – үйренемін!» пікірі дәлел бола алатынына көзімді жеткіздім. Сондықтан кез келген тиімді стратегияларды колдана отырып оқыту оқушылардың оқу үдерісіндегі белсенді әрекеттерін үйренудің негізгі тәсілдері ретінде танылады.

Қорыта келе сабақты зерттеу мұғалім тәжірибесін жетілдірудің таптырмас құралы екенін түсіндік. Сабақты зерттеу топ мүшелері әр сабақта: әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланады, сабақтың қай кезеңдерінде жемісті болтындығын зерттейді, яғни зерттеушілік әрекеттері қалыптасады, кедергілерді айқындайды, талдайды кедергіден шығу жолдарын қарастырады, бірлесе жоспар құру арқылы сабақтың жоспарын жетілдіреді.

Зерттелген тақырып бойынша жұмыс жасағаннан кейін, әр топ мүшелері жан-жақты зерттелген сабақта кемшіліктер енді қайталанбайтын шығар, қайталанса – мұғалімдер оны шешу жолдарын іздейтініне сенемін.



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!