МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУДА
ӘЛЕУМЕТТІК
СЕРІКТЕСТІКТІКТІҢ
РОЛІ
Ұлы ойшыл
Конфуцийдың "Маған айтып берсең-ұмытып қаламын,
көрсетсең-есімде сақтаймын, өзіме жасатсаң үйренемін", деген дана
сөзін басшылыққа алсақ, әлеуметтік серіктестік
кәсіптік білім беруді дамытудағы басты бағыттардың бірі болары
сөзсіз. Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Әлеуметтік
серіктестік туралы» Заңдарында жастардың білім алуы үшін оқу
орындары мен жұмыс берушілер арасында әлеуметтік серіктестік
шеңберін кеңейту қарастырылған, оқытудың жаңа концепциясы
қабылданған, бұның барлығы оқыту әдістерін өзгертуді талап
етеді.
Оқу орындары, жұмыс берушілер
және жұмыспен қамту орталықтары арасында әлеуметтік диалог
ұйымдастыру –заман талабы. Болашақ мамандарды даярлау кезінде еңбек
нарығының сұранысын және жұмыс берушінің талабын ескере отырып,
студенттерге сапалы кәсіптік білім мен біліктілік беру басты
мақсатымыз.
Қазіргі кезеңдегі эканомикалық
өзгерістер кәсіптік білімді дамытуды түпкілікті өзгертті. Кәсіптік
білім еңбек нарығының сұранысын, жұмыс берушілердің нақты талабын
қанағаттандыру жағдайларына қарай бейімделеді. Бұндай жағдайларда
білім беру мекемелері, жұмыс берушілер және еңбекпен қамтамасыз ету
орындарының арасындағы қатынастардың жаңа жүйелерінің қалыптасу
мәселесі маңызды болуда. Өйткені, еңбек нарығы мен білім беру
қызметінің нарығы өзара байланысты. Кәсіптік білім беру осы
саладағы әлеуметтік серіктестермен тығыз қарым-қатынас нәтижесінде
ғана болашақ мамандардың жұмыспен толық қамтылуына ықпал ете
алады.
Кәсіптік білім саласындағы әлеуметтік
серіктестік дегеніміз – оқу үрдісіне қатысты тұлғалардың сұранысын
қанағаттандыруға және оны жүзеге асыруға мақсатталған оқу орындары
мен еңбек нарығының арасындағы
байланыс.
Әлеуметтік серіктестіктің
мақсаты:
-
білім алушылардың таңдаған мамандық туралы
түсініктерін қалыптастыруға бағытталған және кәсіби қызметін
практикалық меңгеруіне мүмкіндік
беру;
-
оқу барысында алған теориялық кәсіби
білімдерін тәжірибеде пайдалану дағдыларын тереңдету және
бекіту;
-
практикалық және басқару мәселелерін шешу
дағдыларына үйрену;
-
өзіне мақсат қою, кәсіби іс-әректінің
мәселелерін анықтап, олардың өндірістік жағдайда шешу іскерлігін
қалыпатстыру;
-
өз ісін жақсы меңгерген, жан-жақты, бәсекеге
қабілетті маман даярлау.
Әлеуметтік әріптестіктің
міндеттері:
-
оқыту және тәрбиелеу жағдайын
жақсартуға бағытталған тәжірибе алмасу;
-
ақпараттық ынтымақтастық,
студенттерді дайындау және педагогтер мен кадрлердің біліктілігін
арттыру аймағындағы өзара әрекеттесу;
-
білім беру мекемелерінің
әлеуметтік-маңызды жобаларын ілгерілету.
Әріптестік өзара тиімді
шарттарға негізделген және келесі бағыттар бойынша
жүргізіледі:
-
көрмелерге, сайыстарға,
конференцияларға қатысу;
-
нарық қажеттіліктеріне сәйкес
білім беру бағдарламаларын түзету және
шолу;
-
мамандардың біліктілігін
арттыру;
-
білім алушылардың тәжірибеден
өтуі;
-
оқу бітірушілердің сәтті
жұмысқа орналасуы үшін бос жұмыс орындарының базасын
қалыптастыру;
-
серіктес-кәсіпорындарды
білікті кадрлармен қамтамасыз ету;
-
марекетингтік зерттеулер
жүргізу, жұмыс берушілерден сауалнама алу;
-
өндірістік білім берудің
оқытушылары мен шеберлерін кәсіпорындарда тәжірибеден
өткізу.
Қазіргі дамыған экономика,
бәрінен бұрын, интеллектуалдық ресурстардың әлеуетіне арқа сүйейді.
Бәсекеге қабілеттілікте техникалық құралдарға ғана емес, осынау
технологияны жасап шығаратын адамға байланысты болады. Сондықтан
заманауи оқыту негізінде өзіндік ойлау жүйесіне өріс ашатын баланың
ақыл-ой қабілетін дамыту ұстанымын зерделеу қажеттігін алға тартты.
Еліміздің іргелі кәсіпорындарына жаңа технология мен құрылғылардың
қарқынды енгізілуіне байланысты оқыту үдерісі мен өндірістік
тәжірибе арасы алшақтай түскені байқалады. Себебі, ескі жабдықтар
бойынша оқып-үйренген жас маманның өндіріс орнына барғанда қайта
мамандануына тура келеді.
Білім ордамыз оқу-өндірістік
жұмысы білікті, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті,
қызметінің ұқсас салаларына да бағдарланған, үнемі кәсіптік өсуге
дайын, әлеуметтік және кәсіптік бейімділігі жоғары мамандарды
дайындау үшін жағдайлар жасау мақсатында бүгінде 6 мамандық 7
биліктілік бойынша 60-қа жуық мекеме, ұйым, кәсіпорындармен
әлеуметтік серіктестік аясында бірлесе отырып оқыту әдісін
жүргізуде. Кез келген маманды дайындау деңгейін көтерудің маңызды
шарты - кәсіптік тәжірибені сапалы өткізу болып табылады. Кәсіптік
тәжірибе білім алушының бойында арнайы және кәсіптік құзыреттілікті
қалыптастыруға, нақты іскерлік пен дағдыларды алуға және меңгеруге
бағытталған. Сонымен қатар кәсіптік білім бағдарламасының
ажырамас бөлігі-кадрларды кәсіби дайындаудың тиімді формасы болып
табылады.
Кәсіптік тәжірибе барысында
білім алушылар практикалық дайындауды жүзеге асырады, біліктілік
сипаттамасына сәйкес кәсіби іскерліктер мен дағдылар қалыптасады,
нақты мекемелер, кәсіпорындар және ұйымдар жұмысын зерттеудің
негізінде алған теориялық білімдерін кеңейтеді, тереңдетеді және
жүйелейді.Осы заманғы жабдықтар практикалық түрде, бастапқы кәсіби
тәжірибе меңгеріледі, кәсіби қызметке практикалық жұмыста
дағдыларын тереңдетіп, дамытады.
Әлеуметтік серіктестермен ең
алғашқы диалог білім алушылардың кәсіптік практикадан өтуі
кезеңінен басаталады. Кәсіби даярлық білім алушының мамандығының
бейіміне сәйкес келетін ұйымдарда өткізіледі, осы кезеңде жұмыс
беруші ұйымдармен әлеуметтік серіктестік туралы келісім –шарттар,
оқу орнында бұйрық, жолдама, күнделік, сынақ актісі,
т.б жасалады. Осы орайда
түрлі мамандықты таңдаған жастарға сапалы білім беріп, дұрыс жолға
бағыттаушы, оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайларды жасаушы –
өз пәнін жетік білетін, кәсіби дағдылары, педагогикалық дарыны бар,
жаңашылдыққа ұмтылатын, өзіне сын көзбен қарай алатын арнайы пән
оқытушылары мен өндірістік оқу шеберлерінің орны
ерекше.
Кәсіптік практиканы жүйелі
түрде үйымдастыру бүгінде білім беру ұйымдарының басты проблемасы
болып отырған –түлектердің жүмысқа орналасу көрсеткішін көтеруге
берілген зор мүмкіндік десек қателеспейміз. Колледж тынысында
келісім шарт негізінде тәжірибе жинақтаған орында өндірістік
практиканы жоғары деңгейде өткізген бітіруші түлектердің жұмыспен
қамтылуы жағдайы жиі кездеседі. Сондықтан практика жетекшілері тек
қана практикаға бағыт-бағдар беріп қалмай, болашақтағы мамандарға
еңбек нарығында орнын табуға да ықпал ете
алады.
Кәсіптік білім беру сапасын өркениетті
елдерге жақындату – кәсіби білімді әлемдік білім деңгейіне
кіріктіру халықаралық жобалар мен тәжірибелерді үйрену талабын
қояды. Ол үшін білім беру ұйымдары жоғары оқу орындары және
әлеуметтік серіктестермен тығыз байланыста жұмыс жасауы-басты және
қажетті факторлардың бірі болып қала
бермек.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі:
-
Қазақстан Республикасының «Білім туралы»
Заңы
-
Қазақстан Республикасының «Әлеуметтік
серіктестік туралы» Заңы
-
«Қазақстан Республикасындағы білімді
дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасында»
-
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының ең басты
бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Егемен Қазақстан
газеті
-
Кәсіптік тәжірибе бойынша
үлгілік оқу бағдарламасы
-
Ғаламтор
желісінен