Материалдар / Мамандығым мақтанышым
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мамандығым мақтанышым

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қазан 2020
255
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алматы облысы

Кербұлақ ауданы

Майтөбе ауылы

«Шанханай негізгі мектебі» КММ

Педагог-психологы

Жұманова Динара Қасенқызы



Жарқын елдің шамшырағы – жас маман

Бүгінгі айбыны асқар, тәуелсіз, егемен ел Қазақстанның күнінде адамзат баласының бармасына ортақ бір қабілет, бір сезімі бар. Ол – білімге құштарлық, бір нәрсені білуді, тануды, қалау сезімі. Қай заманда, қай дәуірде болмасын адам білім іздейді, ізденіске талпынады. Дәл осы білім қуу жолында адамның арқа сүйер жаны мұғалім екені сөзсіз. Бұл мамандықтың қашан пайда болғаны белгісіз. Ол бар еді, бар бола бермек. Тіпті, ұстаздық әлеммен бірге жаратылғандай. Адамның бар болмысын, мінезін, керек десең өмірлік жолын қалыптастыратын ұстаздың міндеті ауыр, әрі мол жауапкершілікті талап етеді. Дәл осы мамандықты таңдау барысында адам өмірі үшін жауапкершілік пен мойынға артылған ауыр жүкті сезінбей болмас. Сезіне отырып еңбек ету де аса маңызды іс. Ал кез-келген ұлағатты ұстаз өз еңбек жолын жас маман ретінде бастайтыны белгілі.

Мұғалімнің қазіргі таңдағы ойнайтын рөлі өте жоғары. Себебі, қазіргі таңдағы елімізде алғаш рет орын алған пандемияға байланысты білім алу мекемелерінің қашықтықтан оқытуға көшкені бәрімізге белгілі. Осыған орай ата-ана мен мұғалімдердің оқушы мен білімге деген жауапкершілігі арта түсті. Мен жас маман ретінде еріктілер қатарына қосылып, «Біз біргеміз!» акциясы аясында оқушылар мен ауыл тұрғындарына бетперде тігіп, аз да болса өз көмегімізді тигіздік деп ойлаймын.

Ата-ана, ел, тіпті, әлемнің алдында мұғалім үлкен жауапкершілік иесі.Сондықтанда еліміздің қарыштап дамуы да, құлдырап жоқ болуы да мен білім берген шәкірттердің қолында екенін сезінемін.Мен ұрпаққа тең білім беру емес оған қоса тәрбие де беру керектігіне баса назар аударамын.Мен ұстаз ретінде оқушының жолын айқындайтын шамшырақ бола білуім керек. Шәкірт елге пайдасы тиер азамат болса да, бәлки тура жолдан тайған адам болар, бәрібір ұстаз есімі сол адаммен қатар аталмақ. Себебі оның шамшырағы сенсің.Міне, осыған қарап ақ біз ұстаздың міндеті ауыр екенін тағы бір мәрте байқасақ болады.Мен өз шәкірттерімнің есінде жәй ғана мұғалім емес, ұлағатты ұстаз ретінде қалғым келеді.Сол себепті осы таңдаған жолымда аянбай еңбек етемін. Мен – жас маман келешектің шамшырағымын. Мен – бүгінгі жас маман, ертеңгі ұлағатты ұстаз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!