Материалдар / Мамандық адамның мактанышы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мамандық адамның мактанышы

Материал туралы қысқаша түсінік
Әр адамның өз мамандығы бар. Мен тәрбиешлігімді мактан тұтамын. Осы ойларымды баяндап жазған болатынмын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Тамыз 2022
188
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мамандығым бақытым

Менің педагогикалық философиям «қарапайымнан жоғарыға», яғни қарапайым тәрбиелей отырып жоғары білім шыңына жетелеу, бағындыру.

Әрине қиялдағының бәрін жеткізу мүмкін болғанымен орындау уақытты қажет ететіні болмаса…

Мен де өзім алғашқы еңбек жолымды, саналы тұлға ретінде өмір баспалдағына қарыштай қадам басып, еңбек майданына кіріскен екенмін. Бүгінде «Балдәурен» шағын Орталығының тәрбиешісімін. Мұғалім мамандығын тандап тер төгіп, еңбек еткеніме міне, бірнеше өтіпті. Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымым - үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр бүлдіршіннің бойынан жақсылық тауып, оларды биік мақсаттарға жетелеу. 

Тәрбиеші алдындағы балапан үшін өз ата-анасынан кейінгі екінші жақын адам. Сондықтан да болар, тәрбиеші балаларды адам мәдениетінің әлеміне, яғни күрделі және алуан түрлі қарым-қатынастардың әлеміне жетелейтін тұлға. Сонымен қатар, жас сәбидің бойына балдәурен шақтан бастап, біліммен тәрбиенің негізін қатар қалыптастыра жүріп, адамгершілігі жоғары, мәдениетті, шыншыл да адал, ғылым жетістіктерін дұрыс бағалай алатын, әдебиет пен өнердің, спорттың, техниканың даму жайын жақсы білетін, онысын оңай түсіндіре білетін маман болуы керек. Қазіргі таңдағы балабақша тәрбиешісіне деген талап жан-жақтылықты қажет етеді. Сондықтан тәлімгер алдымен өзі тәрбиелі, сауатты болу керек. Сонда ғана бір баланың ғана емес, әр баланың жүрек төрінен орын алады деп білемін.

Ия, әр мамандықтың қызығы мен қиындығы қатар жүреді. Мұғалімнің жұмысы күрделі екендігі баршаға аян. Бүгінгі балабақшаның қызықты бір күнін өткізген соң, ертеңгі сабаққа тың ой, идея, өзгеше әдіс-тәсілмен келу керек. Ұстаздықты жүрегімен сезінген адамға ұстаз болу, бала тәрбиелеу - киелі мамандық. Мен тәрбиеші ретінде балдырғандарды тәрбиелеуде халқымыздың ғасырлар бойы келе жатқан ұлттық құндылықтары мен салт-санасын бойына сіңіріп, ойына ұялатуға тырысамын.

Адам тәрбиелеу оған ғылыми негіздермен мәлімет беру, баланы өмір сүруге үйрету - өте қиын екені белгілі. Тәрбиеші - өз баласынан бұрын өзгенің баласы үшін жаратылған жан деп бекер айтылмаса керек.
Менің мамандығыма деген қызығушылықтың, дұрыс көзқарастың қалыптасуына әріптес ұстаздарымның рөлі ерекше. Ұжымдағы тәжірибелі педагогтардан үлгі-өнеге аламын. Олар ең басты сабағым – балаға деген мейірімділік, кешірімшіл болу, ата-анамен және сырт адамдармен дұрыс қарым-қатынас орната білу, қамқорлық және жанашырлық, шыдамдылық, шынайы болу және әрдайым шығармашылық ізденісте болу.

Менің бір ұққаным әр таңда жұмысына, мектепке, оқушыға асыға жеткен ұстаз, ол – үлкен жүректі тәрбиеші. Ол қай кезде де балабақшаның жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдерсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. Сондықтан қоғам дамуында білімді балабақшадан бастап сауатты беру ең маңызды мәселе болып табылады.

Қыран  түлегіне  қайтпас  қанат  сыйлайды, ал тәрбиеші өз  шәкіртіне  талмас талап  сыйлайды»  демекші,  сапалы тәрбиеші қай кезде де балабақшаның жүрегі, қоғамның  тірегі. Біздің  түсінігіміздегі  замануи тәрбиеші – рухы  таза,  ой – өрісі  биік,  ұлты  мен Отанының  болашағы  үшін  тер  төгіп,  шыдамдылық  пен  та­бандылықтың  үлгісін  көрсетуші,  өз  бойындағы  асыл  қасиеттері  мен білімін  бүлдіршін  ұрпақтың  бақыты  мен  кәдесіне  жаратып,  қоғамды өрге  өркендетуші,  жа­ңа­шылдықтың  бастаушысы,  жү­ре­гі – жылы,  көңілі – дарқан  адам.

«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Н.Ә. Назарбаев бүгінде мұғалімдерге, тәрбиешілерге зор жауапкершілік жүктеді. Себебі, әрбір мемлекеттің өсіп-өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы - балабақшадан бастап берілген сапалы білімде.


Қаюпова Инназилия Серікбайқызы















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!