Материалдар / "Мамандықтың бәрі жақсы" эссе
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Мамандықтың бәрі жақсы" эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
"Мамандықтың бәрі жақсы" эссені 11-сынып оқушысы Ходжаев Қамбар деген шәкіртім жазған.Мамандық таңдауда мектеп түлектеріне және сынып жетекшілерге сынып сағаттары мен тәрбие сағаттарына материал етіп пайдалануға қажеті болады деп есептеймін.Себебі оқырман немесе пайдаға жаратушы мұғалімнің керегіне жарамды боларына дау жоқ.Балалықтан болашаққа жол сілтеуші ретінде бұл шығарманың жарамдылығы болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қазан 2018
16131
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан – мейірімділік мекені

Эссе

Мейірімділік — адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіруі. Мейірімділік - адамдар арасындағы сыйластық, кеңпейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиет. Мейірімділік - адамның жоғары адамгершілік қасиеттің бірі . Біздің мемлекетіміз - көпұлтты мемлекет. Қазақ халқы өзге ұлтты жатсынбайды, қара ма, ақ па, сары ма бөлместен бірлікте, ынтымақта өмір сүріп келеді. Осының өзінен бала жүрегіммен халқымның қонақжай, мейірімді, парасатты,дархан екенін ұғынамын.Әріректен сөз қозғасам, Абай атам бастаған ақын – жазушыларымыз орыс білімін оқып,мәдениетінен үлгі алып, болашақ жастарды орыстардан білім-ғылым үйренуге, мәдениетін игеруге шақырды емес пе?! Бұл да ұлы достықтың бастауы, мейірімділіктің белгісі деп білемін. Бала күнімнен әжем мейірімділік туралы құлағыма құйып, түрлі әңгімелер айтатын, мектепте мейірімділік туралы әңгіме, өлең оқитынбыз. Әжем мен мұғалімнің ел басына күн туғанда Қазақстанды паналап, мекен еткен ұлттар мен ұлыстар туралы айтылған сөздері құлағымда қалып қойған. Аталмыш тақырыпқа эссе жаза отырып, жадымда қалған жақсы сөзді ортаға салмақпын. Адамдар арасындағы туыстық,ағайындар арасындағы ұлы достық отбасынан басталады деп ойлаймын. Отбасында татулық, достық,бірлік болмайынша,болашақ ұрпақ өз мемлекетіндегі достықты түсіне алмайды. Мемлекетіміздегі достық, мейірімділік... Туған жерімдегі достық, мейірімділік... Осы сөзімді әрі қарай тарқатып көрсем... Кіндік қаным тамып, туып өскен атамекенімнің ауасымен тыныстап, жауырнынан қағып, төс қағыстырып, төрімізден орын алған, еңбегінің адал терімен нан тауып, елге елеулі, халыққа қалаулы боп жүрген өзге ұлт өкілдерін бауырына баса білген Ақкетігімнің кеңдігі қандай десеңші?! Міне кеңдік, міне мейірімділік, міне бауырмалдық. Украинаның ұлы кобзары Т.Г.Шевченконың қазақ топырағына қоныстанғанын да айта кетпеске болмайды.Қазақ пен украина халқының достығын Тарас Шевченко байланыстырып тұр емес пе, оның айғағы өз туған жеріме кобзарь аты беріліп, қазіргі таңда Форт-Шевченко қаласы деп аталуын мақтанышпен айта аламын. Дана халқымыз әрқашанда өзінің даналығымен, дархандығымен, жатсынбайтын асыл қасиетімен, мейірімділігімен ерекшеленеді. Оның дәлелі - «Қырғыз- қазақ бір туған», «Өзбек – өз ағам», «Түбі бір түркімен» деген халық мақалдары туыстықты айқындап, халқымның пейілінің кеңдігі мен мейірімділігін айқындайтын дуалы сөздерде.Халқымыздың ұйымшылдығы,ауызбірлігі, басқа халықпен одақтасып достаса білуі – жеңіске жеткізіп, жеріміздің кеңдігін, еліміздің елдігін сақтап қалуға апаратын жол екені айқын. Тілі басқа болғанымен, тілегі бір, түрі басқа болғанымен жүрегі бір өзге ұлт өкілдерімен бауырластықта боп, қоян-қолтық араласып жүрудің өзі бір ғанибет.Туған жерін тастап, қазақтың бауырмалдығы мен мейірімділігінен сусындап, қазіргі таңда есімі ауданыма,облысыма белгілі болған ақ жаулықты аналарымды атап айтпасам болмас. Халықтың қалаулысына айналған,есімін үлкен түгелі бала білетін ұйғыр қызы Фабиян (Рая) Жолдыбаева, татар қызы Зубайда Жұбаназарова мен ақ халатты абзал жан ингуш қызы Луиза Сампиевалар қазақтың дархандығын ауыз толтыра айта алатын қазақ қыздарына айналды десем артық болмас.Әжемнен естуімше, бұл аналарымыз бен апаларымыз ұлттық дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды ұстанып, қазақи үрдісімізді игіліктеріне жаратып жүрген жандарымыздың бірі екен. Бұл да халқымның мейірімділігінің нышаны емес пе?! Ж.Баласағұн айтқандай, “Кір тигізбей ұста ойыңның өресін, мейірім етсең — мейірімділік көресің” деп, мейірімділікке зор мән берген қазақ халқының достығы, тату-тәтті өмірі бұзылмасын, ата-бабамыздан келе жатқан қатаң қағида, рухани өсиет – достыққа адалдығымыз, қанымызға сіңген бауырмалдығымыз, жазиралы даладай дархандығымыз,өзгені өз баласындай көріп, мейірімділік танытатын кеңпейілдігіміз жойылмасын!







Аманқос Ақниет

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы Е.Өмірбаев орта мектебі 5-сынып оқушысы



















 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!