Материалдар / Мақала: «Этносольфеджио пәнін жүргізудің негізгі жұмыс түрлері және бағыттары»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала: «Этносольфеджио пәнін жүргізудің негізгі жұмыс түрлері және бағыттары»

Материал туралы қысқаша түсінік
қосымша білім беру мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Шілде 2021
664
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Балалар саз және өнер мектептерінде оқу – тәрбие үрдісін ұйымдастырудың жаңа тәсілдері «Этносольфеджио пәнін жүргізудің негізгі жұмыс түрлері және бағыттары».

Елімізде жүріп жатқан терең әлеуметтік – экономикалық және саяси өзгерістер адамдардың бір-біріне деген көзқарасын өзгертпей, келеңсіз жағдайлардың өрбуіне жол бермей, рухани құндылықтарымызды жойып алмау мақсатында біз жас ұрпақ тәрбиесін өз кезегінде жаңаша жүргізуді талап етуіміз керек. Бүгінгі күннің жаңа талаптары зор. Солардың қатарында: тұлғаның жеке басын дамыту, денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру,кәсіптік бағдарын айқындау, өз қабілетін іске асыра білу, қоғам өміріне бейімделу, бос уақытын тиімді ұйымдастыру,өз әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіну, азаматтық тұрғыда қалыптастыру болып табылады. Аталған қасиеттердің барлығын қалыптастыру тәрбие еншісінде екені белгілі. Осы тұрғыда , тұтас тәрбие кешені қосымша білім беру ұйымдарына жүктелері сөзсіз. Олай деуге себеп, кәзіргі таңда жастар қоғам дамуының маңызды стратегиялық ресурсына айналып отыр. Қосымша білім беру мекемелерінің басты міндеті «білімді, дарынды, тәрбиелі және бәсекеге қабілетті, қарқынды дамып жатқан ортада өмір сүруге бейім,өз мүддесін, сол сияқты қоғам мүддесін қорғауға дайын тұлға қалыптастыру» болып отыр. Елімізде болып жатқан ғылымдағы, білімдегі көптеген өзгерістер мен жаңалықтарға байланысты оқу жүйесін,оның бағдарламасын уақыт талабына сай жаңартып отыру, заман талабына сай білімді оқушыларды дайындау басты мәселе болып отыр.

Осы заманауи балалар музыка мектептеріне арналған жаңа реформанаың талабы ХХІ ғасырдың ұрпақтарына заман талабына сай кәсіби және дәстүрлі музыкалық білімнің деңгейін көтеру болып табылады. Осыған орай жаңа музыка мектебінің бағдарламасы жан жақты құрылған. Респубикалық ғылыми - әдістемелік қосымша білім беру орталығының бекітілуімен кәсіби мамандардың авторлық оқу құралы және бағдараламасы қазіргі күнде біздің қолымызға тиіп отыр. Ол бағдарламалар: Домбыра пәніне арналған бағдарламаға тоқтала кетсек, дәстүрлі өнерімізге деген көзқарастар түбегейлі өзгеріп,тамыры тереңдей түсуде. Осындай болып жатқан маңызды жетістіктерден балалар музыка мектебінің оқушылары да сырт қалмауы керек . Бұл бағдарламаның қазіргі заман орындаушыларына қойылатын талаптары, қазақ күй өнерін және олардың түрлі күй мектептерін, негізгі бағыттарын меңгертіп дайындауға бағытталған. Бұрынғы кезде жазылған бағдарламаларда көбіне орындау шеберлігін шыңдау сынақтарында, емтихандарда домбыраның ерекшеліктері ескерілмей негізгі репертуары күйлер екені ескерілмей шетел шығармаларына көңіл бөлінген болатын, ал жаңа бағдарламада осы кемшіліктер ескеріле отырып, жас орындаушыларды күйге баулу мақсатында, шеберлікті шыңдау сынақтарында этюдтер мен гаммалардың орнына дәстүрлі мектептердің күйлері және коллоквиум енгізіліп отыр. Гаммалар мен этюдтерді мұғалім сыныпта ойнатып үйге өзіндік жұмыс ретінде беруге болады, ал сынаққа көбінесе оркестрлерде, фольклорлық ансамблдерде,концерттерде , конкурстарда ойналатын шеберлік мүмкіндіктері күрделі күйлерді алып шығулары керек.

Ал аспаптық кластардың бағдарламалары мен теориялық сабақтарға арналған бағдарламаларға келер болсақ 1972 жылы басылып шыққан модификацияланған бағдарламаға кейбір жағдайларды ескере отырып,материалдарды таңдауға және бөлуге байланысты айтарлықтай өзгерістер енгізілді. Бағдарлама оқушылардың Қазақстан композиторларының халықтық және кәсіби музыкаларын оқу үрдісінде қолдануы, еліміңздің жас жеткіншегінің конвергенттік ойлауы мен этномәдениетінің қалыптасуы міндетін шешуді мақсат етеді. Осы орайда музыка мектептерінде этномәдениетті қалыптастыру мақсатында сольфеджио пәнімен қатар, этносольфеджио пәнін өткізуді қолға алып отыр. Этносольфеджио пәнінің негізгі жұмыс түрлеріне «Күйлерді аңызымен тыңдау және орындау» , «Ән айту және сольфеджиолау» , «Талдау», «Диктант», «Шығармашылық» жатады.

Күйлерді аңызымен тыңдау және орындау – бұл жұмыс түрі бүкіл пән барысында өткізіледі.Мұнда оқушылардың назарын музыкалық мәтінмен қатар аңыз мазмұнын меңгертуге аударудың маңызы зор. Осы тұрғыда тыңдалған материалдар бойынша сұрақ-жауап және викториналар өткізудің маңызы зор. Музыка тыңдауды сыныпта өткізуге де , өзіндік жұмыс ретінде үйге де тапсыруға болады. Бұл жұмыс барысында оқушыларға ән-күйдің аймақтық ерекшеліктері мен жанырларын тыңдап табуды үйрету маңызды болып табылады. Мысалы бір күйден үзінді алатын болсақ ол күйдің қай аймақтың күйі екенін , қай жанрдан төкпе ме шертпе ме толықтай талдау жасаудың маңызы зор , орындалған шығарманың аңызын айтып беру қажет. Этносольфеджионың бір міндеті – синкреттік шығармашылық (әңгіме және музыка)өнері ретіндегі дәстүрлі музыканы ауызша қабылдап , қайталап орындап беру дағдыларын қалыптастыру. Сондықтан аңыз күйлерді орындау оқушылардың сыныпта да үйде де орындайтын ең мәнді жұмыс түрі болып табылады. Оқушылар дәстүрлі музыканы біліп қана қоймай , оны орындап бере алуы тиіс. Бұл жұмыс түрлерін өткізу үшін оқушылардың өз репертуарындағы күйлерін қолданған өте дұрыс , себебі күйдің шығу тарихын , аңызын ғана емес оқушының күйдің сюжетін толық және қызғылықты етіп баяндап беру қабілетін де дамытқан жөн.

Этносольфеджио пәні қазақтың дәстүрлі музыкасын сақтап қалу және ары қарай дамыту мәселелерін іс жүзінде шешеді. Әр түрлі орындау дәстүріне,мектебіне және стиліне жататын домбыра күйлері мен әндерін меңгерудің,суырып салуға топтастырып баулудың, күйлер мен әндері нотаға түсірудің әдістемелерін үйретеді. Ұлттық өнер тұңғиық тереңде жатқан байлық. Ұлттық өнерді,әсіресе қазақтың ұлттық музыка өнерін түсіну, меңгеру – осы байлықты бойға сіңіру деген сөз..

Пәнді оқытудың мақсаттары.

  1. Қағыс техникасы күрделі,әр түрлі домбыра стилдеріне жататын күйлердің дамыған буындарын және санқилы ән мектептерінің әуендерін қамтитын диктанттар жаза білу

  2. Күйдің немесе әннің кез келген бөлігін бір тыңдағаннан домбырада және дауыспен дәл орындау.

  3. Төкпе және шертпе күйлердің үзінділері, сондай ақ әндерді нотаға түсіру;

  4. Жаныннан өз күйлерін, әндерін шығару.

Ұлттық өнер тұңғиық тереңде жатқан байлық. Ұлттық өнерді,әсіресе қазақтың ұлттық музыка өнерін түсіну, меңгеру - осы байлықты бойға сіңіру деген сөз. Бүгінгі күндері музыкалық өнер ахуалы көптеген жаңа міндеттер қоюда.Өнер сүюшілер , әсіресе осы өнерді насихаттаушыларға жаңа талаптар жүктейді.Бүгінгі күнде қазақ балалар музыка мектептерінде сольфеджио бағдарламалары европа классикалық және орыс музыкалары дәстүрлеріне сүйенді.Сол себепті этносолтьфеджио курсының негізіне қазақтың аспаптық және өлеңдік жыр өнерін салып отыр. Этносольфеджио курсын өткізу басқа өңірлерде бастау алғанына көп болғанымен біздің батыс өңірінде тек енді қолға алынып отыр.Этносольфеджио пәнінің саз мектептеріне арналған оқу бағдарламалары, әдістемелік нұсқаулықтары бар, осы этносольфеджио пәнін енгізуді мектебімізде қолға алудамыз.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!