Мақала Жаңартылған білі мазмұны

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мақала Жаңартылған білі мазмұны

Материал туралы қысқаша түсінік
Үш тілділікті жаңартылған білім мазмұнында пайдалану
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақала «Білім мазмұнын жаңарту»

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы

52 негізгі мектеп

Шетел тілі пані мұғалімі: Ташкараева Гулзат Нурлановна

Қазіргі таңда ағылшын тілі Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Ұлттық жоспарында айтылғандай «Үш тілде білім беру бағдарламасы жүзеге асқан. «Үш тілде білім беру ХХІ ғасырға даярлау болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Жас ұрпаққа сапалы білім беруде, бәсекелестіктің басты құралы – ағылшын тілін меңгеру басты мақсат.

Ағылшын тілі Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары, Жаңа Зеландия, Аустралия және басқа 60 тан астам елдердің ана тілі болып саналады. Ағылшын тілі дүние жүзіне ең кең таралған тіл. Елбасымыз өз жолдауында үш тілді меңгеру Қазақстандықтардың өздері үшін міндетті шарт екендігі, 2020 жылға қарай ағылшын тілін меңгерген халықтың үлесі кем дегенде 20 пайызды құрауы қажет екендігін атап өткен.

Тіл үйрету дегеніміз-кез келген сөзді жаттап алу емес, жаңа сөздің мағынасын түсініп, саналы түрде есте сақтау, жаттау, ауызша, жазбаша сөздерді дұрыс қолдана білу. Әлемдегі  құндылықтардың өзгеруі жаңа ғасырға жас ұрпақты дайындау міндетімен байланысты. Оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, оқу – танымдық үдерісінде ойын элементін пайдалану, шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде үйренеді. Оқушыларға терең білім беру үшін мұғалім  тақырыпқа сай, ойын элементін қолдану.

Мұғалім, ең алдымен оқушыда өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыруға ат салысуы  керек. Өйткені, бұл тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке үйлестіруге   апаратын сара жол. Бүгінде рухани құндылықтар жаңарып, адамның зияткерлік әлеуетін қалыптастырудағы білімнің маңыздылығы туралы қағидалар түбегейлі өзгерді.  Әлемдегі  құндылықтардың өзгеруі жаңа ғасырға жас ұрпақты дайындау міндетімен байланысты. Біздің қоғамға жаңа мағлұматтарды қабылдап қана қоймай, оны ойлана отырып, сыни талқылап, ой елегінен өткізе білетін оқушылар керек. Оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, оқу – танымдық үдерісінде «жаңалық» ашу, шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде үйренеді, дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасады. Мұғалім тек білім көзі ретінде ғана емес, оқу – танымдық әрекеттерінің белсенді ұйымдастырушысы ретінде қызмет етуі тиіс. Оқу процесін жандандыру мақсатында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, тиімді оқытуда олардың ізденуін, танымын қалыптастыруға мол мүмкіндік бар.

Сабақ кезінде оқушы мен мұғалімнің арасында қатынастар нығайып, өз бетімен ізденуге, саралап нақты шешім қабылдауға, сыни ойлауға, өз ойын дәлелдеуге, шығармашылық белсенділікке ұмтылды. Оқушы өз бойынан өткізіп, топпен, жұппен, жеке орындаған жұмысы шығармашылыққа жетелейді.

Қазіргі таңда жаңартылған білім мазмұны ерекше тиімді екендігі айқындалды. Жаңартылған бiлiм беру жүйесiнің басты мақсаты – өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, өздігінен білім алуға, алған білімін өмірлік жағдаяттарға сәйкес қолдана білуге, шығармашылыққа бейім, бәсекеге қабілеті, жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту мен көшбасшылыққа тәрбиелеу болып табылады. Ағылшын тілі сабағында оқушыларға ойын элементін қолдана отырып, мағлұматтар мен идеяларды өз беттерімен, тәуелсіз меңгеріп,  алған мәліметтері пайдалы болатындай ойлануына мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар  бастауыш сынып оқушылары жаңа идеяларды әр түрлі көзқараспен зерттеп, шынайылығы мен пайдасын талқылап, идеяның жалпы құндылығын анықтай алады.  

Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдардың бәсекелік қабілетімен айқындалады деген. Сондықтан әрбір қазақстандық, тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты болуы керек. Бәсеке бар жерде сапалы білім де, қызмет те бар. Білім – рухани жаңғырудың басты шарты. Болашақтың бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек – білімде ғана. Қазіргі таңда жаңартылған білім мазмұны бойынша мектепте үш тілде білім беру жүйесі іске асты. Үш тілде білім алу, қазіргі таңда бәсекелестіктің дәлелі. Бәсекеге қабілетті болу үшін басты мақсат білімді болу. Ағылшын тілі бойынша оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын байыту, ауызша дұрыс сөйлей білуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдана білу, әрі оны күнделікті іс – әрекетте тілдік қарым – қатынаста қолдану ісіне ерекше мән берілген. Оқушыларды ағылшын тілінде қысқа өлең, тақпақ, мақал – мәтелдер, жұмбақтар мен жаңылтпаштар жаттатып үйрету керек. Оның ағылшын тіліндегі дыбыстардың дыбысталу ерекшеліктеріне тілдерін жаттықтыруда үлкен пайдасы бар.

Мысалы,

1. Many hands make light wok. Көп түкірсе, көл болады.

2. Too many cooks spoil the broth. Қойшы көп болса, қой арам өледі.

3. Make hay while the sun shines. Қыстың қамын жаз ойла 

Жаңартылған білім беру мазмұнының тиімді әдіс-тәсілдері, формативті бағалау түрлері және кері байланыс топтамаларын сабақта жиі қолдану. Қалыптастырушы бағалау барысында оқушылардың білімді игергендіктеріне қалай көз жеткізу керек? Нәтижесінде алынған ақпараттың негізінде оқушылар оқу барысында өздерінің тапсырманы қаншалықты дұрыс орындағанын біле алады. Қалыптастырушы бағалау кезінде оқушы оқыту үдерісіне белсене араласып, одан қандай нәтиже күтілетінін түсінеді. 

  Жаңартылған білім беру мазмұнының түрлі әдіс-тәсілдерін, элементтерін қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, тиімді оқытуда олардың ізденуін, танымын қалыптастыруға мол мүмкіндік бар. Оқытудың әдіс-тәсілдерін таңдап алу тиімді оқытуда табысқа жетуге негіз болады, әрі сабақтың сапасын барынша арттыруға мүмкіндік береді.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.11.2020
299
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі