Мақала Кәсіптік практика - оқу үрдісінің негізгі бөлігі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала Кәсіптік практика - оқу үрдісінің негізгі бөлігі

Материал туралы қысқаша түсінік
материал оқу өндірістік шеберлерге көмекші құрал қызметін атқарады
Материалдың қысқаша нұсқасы

МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУДА КӘСІПТІК ПРАКТИКАНЫҢ ОРНЫ



Техникалық, гуманитарлық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауда практикалық оқыту ерекше орын алады. Білім алушылардың практикасын ұйымдастыру және өткізу тәртібі әрбір мамандық бойынша МЖБС талаптарына сәйкес жасалған оқу үрдісінің кестесі бойынша үлгілік оқу бағдарламалары негізінде әзірленген оқу жұмыс бағдарламаларына сәйкес қамтамасыз етіледі.

Практиканың барлық жұмыс бағдарламалары базалық кәсіпорындармен келісілген және тәжірибенің мақсатын, міндеттерін және мазмұнын көрсетеді. Тәжірибе базаларының жетекшілері білім алушыларға кәсіби шеберлік пен дағды алу үшін қажетті жағдай жасайды, осы кәсіпорында еңбек қызметін жалғастыруды ұсынады. Колледждің білім алушылары танысу, оқу, технологиялық, өндірістік тәжірибеден өтеді.

Тәжірибе басталар алдында топтарда ұйымдастыру жиналыстары өткізіледі, онда директордың оқу өндірістік ісі жөніндегі орынбасары, арнайы пәндер оқытушылары білім алушыларды алдағы тәжірибе мақсаттары және міндеттерімен таныстырады.

Колледжде оқу тәжірибеден өту және тәжірибелік сабақтарды ұйымдастыру үшін барлық жағдай жасалған. Оқу тәжірибесінде және тәжірибелік сабақтарда қалыптасқан негізгі кәсіби біліктер мен дағдылар білім алушыларға өндірісте өтетін тәжірибеге тез бейімделуге мүмкіндік береді.

Білім алушылар тәжірибеден өту үшін кәсіпорын базаларымен келісім шарттар жасалады. Қазақстанның барлық аймақтарында орналасқан кәсіпорындармен бірлесіп атқарылған жұмыстар түлектердің табысты жұмысқа орналасуына оң ықпал етеді.

Қаламызда орналасқан кәсіпорын өкілдері іс-шаралар, ашық сабақтар, конкурстар мен көрмелердің тұрақты қатысушылары болып табылады. Корпоративтік серіктестер сабақ үрдісіне қатысады, өзінің тәжірибесі мен практикалық дағдыларын, кәсіби білімдерін білім алушыларға береді, бұл білім алушыларда таңдаған мамандыққа терең қызығушылық пен уәждемені қалыптастырады.

Кәсіпорын басшылары колледж басшылығына қандай да бір мамандықтар бойынша түлектерді қамтамасыз ету туралы, қызметкерлердің бос орындарға қажеттілігі туралы өтініш береді.

Практикадан өту кезінде кәсіпорын базасында практиканттардың жұмысын ұйымдастыратын, білім алушыларға кеңес беретін және бағалайтын кәсіпорыннан практика жетекшісі тағайындалады.

Практикаға жетекшілік ету білім беру мекемелері ұйымының өндірістік оқыту   шебері мен ұйымның білікті мамандары арқылы жүзеге асырылады. Олардың әрқайсының өзіне жүктелген міндеттері бар.

Өндірістік оқыту шебері:

        Практика басталмастан бұрын барлық ұйымдастыру шараларының өтуін қамтамасыз етеді (күнтізбелік-тақырыптық жоспарды құрады, практика тапсырмасын оқып танысу бойынша кеңес өткізеді);

        Күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес бағдарлама сұрақтарын уақытында оқып үйренуді және жоғары сапалы практиканың өтуін қамтамасыз етеді;

        Білім алушының жұмысқа қажеттіліктері мен дұрыс еңбек жағдайын қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асырады;

        Практиканттың ішкі еңбек тәртіп ережесін орындауын қадағалайды;

        Практиканы ұйымдастыруға, білім беру мекемесіне уақытылы есеп беруін және оның нәтижелерін құжаттандыруына жауапты болып табылады.

Ұйымнан практикаға жауапты маман:

        Білім алушының жұмыс сапасын бағалайды;

        Практикантқа практика бағдарламасының орындалу сапасын, кәсіби білімі мен біліктілік деңгейін, жұмысқа деген көзқарасын, ішкі еңбек тәртіп ережесін орындауын көрсете отырып мінездеме жазады.

 

Өндірістік практиканы өту кезіндегі өндірістік оқыту шеберінің негізгі қызметі

 

Ө/о шебері міндетті

Ө/о шебері жауапты

Практика өтіп жатқан өндірістік жағдайын білуге

Өз мамандығына сәйкес жұмысқа орналастыру бойынша студенттердің дұрыс орналасуына

Оқу-өндірістік жұмысына уақытылы бақылау жүргізуге

Оқу жоспары және өндірістік практика бағдарламасының орындалуына

Ө/о шеберінің күнделігін жүргізуге

Білім алушының жұмыс тәртібін және олардың еңбек қауіпсіздігін орындауына

Озық әдістер мен өндірістік жұмыстың орындалу тәсілдерін үйретуге

Білім алушыны өндірістік тәртіпке тәрбиелеуге

Озық әдіс-тәсілдермен жұмыс істеу бойынша білім алушы үшін арнайы жаттығулар ұйымдастыруға

 

Білім алушы жұмысының жүктемесін бақылайды

 

Білім алушының өндірістік оқыту күнделігін жүргізуге және оның дұрыс жүргізілуін бақылауға көмектесуіне

 

Жаңа техникалар мен технологияларды үйрену бойынша Білім алушының тапсырмаларды орындалуын қадағалау

 


    Қорытындылай келе, дұрыс ұйымдастырылған практика өзгермелі шынайы өмірде үнемі дамып, жетіліп отыратын кәсіби қызметке мамандарды дайындауға, теориялық білімдерін кеңейтуге және тереңдетуге мүмкіндік туғызуға ең маңызды жол болып табылады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.05.2021
445
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі