Материалдар / Мақала "Латын әліпбиіне көшу себептері "
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала "Латын әліпбиіне көшу себептері "

Материал туралы қысқаша түсінік
Латынға көшу арқылы тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Наурыз 2022
250
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Латын әліпбиіне көшу себептері.

Ахмет Байтұрсұнов:  «Біздің заманымыз – жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық  дәрежеге жеткен заман. Сондықтан сөйлей білу қандай керек болса, жаза білу керектігі одан да артық» - дей келе, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуының бірден-бір жолы екенін меңзегендей болып көрінеді. Латынға көшу арқылы тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз.

Тарихқа жүгінсек, түркітектес халықтар тілінде латын әліпбиі 1926 жылдан бастап қолданылады. Латын әліпбиін алғаш қолданысқа енгізгендердің бірі – Түркия мемлекеті. Біздің елде ХХ ғасырдың 20-жылдары қазақ зиялылары латын әліпбиіне көшу мәселесін көтерді. Қазақ тілінің табиғатына сай әліпби үлгісін жасап, қолданысқа енгізген болатын...

Қазір жаһандану дәуірінде, ақпарат әлемінде, компьютер заманында, интернет желісінде өмір сүрудеміз. Мысалы, бәріміздің электрондық поштамыз бар. Көліктеріміздің нөміріндегі әріптер латынмен берілген. Куәлігіміз бен паспортымызда, кез-келген пайдаланып жүрген карточкаларымызда латын әліпбиі тұр. Оны еліміздегі кез келген сауатты адам белгілі дәрежеде біледі. Яғни латын әліпбиі қоғамға еніп кеткен, қолданыста жүр.

Ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек, бүгінде әлемнің 70% елдері латын жазуы арқылы білімді игеріп, ғылыми зерттеулермен танысуда. Бұл дегеніміз – білім, ғылым, саясат пен техника, мәдениет пен өнер, спорт т.б. қатысты жазбаша ақпараттың барлығы дерлік латын графикасымен беріледі. Сондықтан, әлемдегі елдердің басым бөлігі, соның ішінде туыстас түркі халықтары қолданатын латын әліпбиіне көшу – жаһандану дәуіріндегі рухани жаңғырудың алғашқы да маңызды сатысы болмақ.

Латын әліпбиі әлемдік өркениетке аяқ басуымызға септігін тигізеді. Кириллица жазуын әлемнің 12 мемлекеті ғана пайдаланады екен. Ал  дүниежүзі халықтарының 80%-ы осы әліпбиге көшкен. Осының есебінен басқа тілдерді үйренуге мүмкіндігіміз артады.  1929-1940 жылдары латын әліпбиінде жаздық. Бүгінде әлемнің әр түкпірінде 5 миллионға жуық қазақ тұрады. Оның 80 пайызы латын әліпбиін қолданады. Қандастарымызбен жақындасудың маңызы айтпаса да түсінікті.

Қорыта келе айтқанда Жұмыла көтерген жүк жеңіл», «Көз— қорқақ, қол—батыр», - деп дана халқымыз айтқандай, екі қолды сыбанып нақты нық қадаммен алға басайық! Ғалымдардың пікірін ескеретін болсақ, латын әліпбиіне көшу соншалықты қиындық тудырмайды. Қазіргі кезеңде білім саласындағы жаңа реформаның жүзеге асырылуы да, яғни жаңартылған білім мазмұны осы латын әліпбиіне көшуде өз үлесін қосады деген ойдамын.

 

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!