Материалдар / Мақала: "Оқушылардың тәрбиелілік деңгейін бағалаудың технологиялары"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала: "Оқушылардың тәрбиелілік деңгейін бағалаудың технологиялары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада оқушылардың тәрбиелілік деңгейін бағалаудың өлшемдеріне байланысты қолданылатын технологиялар, әдістер мен басқа да ақпараттар қарастырылған. Технология терминіне анықтама беріліп, жекелей екі технология түрлеріне : педагогикалық диагностика тәсілі мен компьютерлік диагностика тәсіліне ерекше тоқталып, анықтамалар мен мысалдар келтірілген. Кілттік сөздер: технологиялар, тәрбие технологиясы, компьютерлік диагностика технологиясы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Наурыз 2021
379
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТӘРБИЕЛІЛІК ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ


Маркезова Б. Е.


117 жалпы орта білім беретін мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі;

Резюме


Бұл мақалада оқушылардың тәрбиелілік деңгейін бағалаудың өлшемдеріне байланысты қолданылатын технологиялар, әдістер мен басқа да ақпараттар қарастырылған. Технология терминіне анықтама беріліп, жекелей екі технология түрлеріне : педагогикалық диагностика тәсілі мен компьютерлік диагностика тәсіліне ерекше тоқталып, анықтамалар мен мысалдар келтірілген.

Кілттік сөздер: технологиялар, тәрбие технологиясы, компьютерлік диагностика технологиясы.


Тәрбие технологиясы педагогикалық зерттеулердің қарқынды дамушы саласы болып саналады. Соңғы жылдары отандық және шетелдік ғалымдар тарапынан педагогикалық технология (тәсіл) деп аталатын проблемаға талдаулар жасалуда.

Алдымен “технология” деген терминнен нені түсінетінімізді қарастырып көрейік. Энциклопедиялық сөздікке жүгінсек, бұл терминнің тура аудармасы шеберлік, өнер туралы ғылым дегенді білдіреді. Онын мазмұндық жағы мынаған келіп тіреледі: өндіріс үрдісінде пайдаланылатын материалдың құрамын, шикізат түрлері» өңдеу әдістерінің жиынтығы.

Жас ұрпақтың тәрбиесіне қойылатын жаңа заман талабы – ол өз Отанын сүйіп және құрметтейтін, өзара қарым-қатынас жасай білетін, өзін-өзі жетілдіру арқылы өмірлік мақсаттарына жете алатын, адамгершілік құндылықтарды қастерлейтін, жеке қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қоғам талаптарымен үйлестіре білетін тұлғаны қалыптастыру үшін тәрбие үрдісін ұйымдастыруды кешенді түрде қараудың қажеттілігіне баса назар аудару. Яғни, технологиялар мен әдіс-тәсілдерді жаңашаландыру,оқушалырдф тәрбиелеу үрдісінде тиімді етіп қолдана білу.

Ең бірінші, педагогикалық диагностика технологиясына тоқталсақ. Диагностика - зерттеліп отырған объект немесе үрдіс туралы алдын ала ақпарат алудың жалпы әдісі. Мысалы, дүние жүзінде адамның жан-жақты дамуын білу үшін арнайы өлшемдер қолданылады. Ол дамудың жалпы және арнаулы сапаларын өлшейді. Ұсынылған тапсырмаларды адамның қалай орындауына байланысты жан-жақты дамудың нақты өлшемдеріне орай қол жеткен деңгей туралы қорытынды жасалады. Содан соң алынған мәліметтермен салыстырады. Мектеп мұғалімдері үшін басты мақсат оқушылардың ақыл-ой қызметін, мінез-құлқының және басқа да маңызды сапаларының дамуын білудің барынша кең тараған түрі тестімен жұмыс жүргізу болып саналады. Тәрбие ісі ұзақ және қарама-қайшы үрдіс екені белгілі.

Осымен байланысты тәрбиешілерге өмірде көптеген қиындықтар кездеседі. Қиындықтың ең үлкені тәрбие нәтижелерінің ашық сипатта жиі болуы және оларды ескерудің күрделілігі болып табылады.

Мектеп оқушыларын тәрбиелеу барысында белгілі бір нәтижеге қол жеткізу — басты мақсат. Соған байланысты жүргізілетін жұмыс түрлері айқындалады. Сондықтан да басты мақсат — тәрбиелілік деңгейін қалай айқындауға болады деген мәселеге көңіл аударудан туындайды. Алынған нәтижелерді салыстырудың өлшеуіші ретінде критерий — өлшем атауы (латынша “критериум” — “салыстыру”) қолданылады. Тәрбиелілік өлшемі дегеніміз — жеке тұлғаның немесе ұжымның түрлі сапалар деңгейінің теориялық жағынан зерттелу көрсеткіштері. Олар әдетте шкалалық сандармен белгіленеді. Егер де сапалардың көріну деңгейлері шартты түрде бағаланса, онда үлгерім мен білім сапасын тест арқылы анықтау да осындай тестпен жүргізіледі, бірақ мұның айырмашылығы тест ретінде теориялық тапсырмалар емес, тәрбиеленушінің түрлі ситуацияларға түскенде белгілі бір сапаларының артық не кем екенін танытатын іс-әрекеті алынады.

Белгілі ғалым И.П. Подласыйдың еңбегіне сүйенсек, қазіргі тәрбиелілік өлшемдеріне әр түрлі көрсеткіштерді пайдаланудың көлемін анықтайтын көптеген сипаттамалар бар. Тәрбиелілік өлшемді шартты түрде “қатаң” және “жеңіл” деп екі түрге бөлуге болады. “Қатаң” деген өлшем өте сирек қолданылады, тіпті соңғы ондаған жылдар бойы мұндай өлшем туралы (яғни, тәрбиесіздік) сөз қозғау мүмкін емес болатын. Жастардың жалпы тәрбиелілігін кешенді түрде сипаттайтын маңызды статистикалық көрсет-кіштер осыған жатады: құқық бұзушылық саны және олардың өзгеру тенденциялары; қылмыс жасап лагерлері болып қайтқан жастар саны; ажырасқан және бұзылған отбасылар саны; жастар арасындағы маскүнемдік, шылым шегушілік, нашақорлық, жезөкшеліктің саны т.б. көптеген көрсеткіштер. [1]

Мектеп тәрбиесін сипаттайтын “жеңіл” өлшемдер тәрбие үрдісінің барысы мен нәтижелері жайында хабар береді. Бірақ ол оқушының бойындағы барлық сапаларды терең де нық сеніммен зерттеп анықтай алмайды. “Жеңіл” өлшемдер бала бойындағы адамгершілік, эстетикалық, еңбек сүйгіштік, т.б. сапаларды ғана анықтайды.

Жеке тұлға — бүтін, біртұтас құрылым. Сондықтан оның бойындағы барлық сапаларды кешенді түрде қарастыру керек. Жеке тұлғаның бітім болмысын көп қырынан зерттеп танытатын өлшемді әлі ешкім жасап шығарған жоқ. Бұл — келешектің ісі. Олай болса, бүгінгі мектеп тәрбиешілеріне бұрыннан қолданылып жүргең әдістемелерді басшылыққа алуға тура келеді.

Көптеген тәрбиелілік өлшемдерінің ішінен негізгі екі тобын бөліп қарауға тура келеді: мазмұндық және бағалау. Жеке тұлғаның немесе ұжымның тәрбиелілік деңгейінің жетістігі — диагностиканың ең соңғы нәтижесін анықтайтын жалпы өлшемдер бар және жекелеген қасиеті, сапасы мен қырын жетілдіруге байланысты аралық нәтижелерді талдайтын жеке өлшемдер де бар. Алғашқысы алға қойылған мақсат, талаптарды көрсетсе, екіншісі -тәрбие үрдісінің белгілі бір мәселелерін танытады. Тәрбиелілік өлшемдер бағыты, тәсілі мен қолданылу орнына қарай шартты түрде екі топқа бөлінеді: 1) тәрбиенің сыртқы түрінің нәтижелері көрінісіне байланысты жеке тұлғаның іс-әрекеті (қылығы, пікірі, бағалау деңгейі) және 2) тәрбиешінің көзінен тыс оқиғаларға байланысты (сылтау-себептер, сендіру, жоспарлар, бағыт-бағдарлар).

Диагностиканың тәрбиелілікті бағалау үшін қолданылатын кейбір практикалық әдістерінің мазмұны жайында түсінік беруге болады. И.П.Подласый нормалар мен ережелер жайындағы түсініктерін, жалпы ой-пікірлері мен көзқарасын бағалау деңгейін және тәрбиешілерді қызықтыратын басқа да мәселелерді зерттеуге болатынын айтады. Мысалы, мектеп тәжірибесінде көп қоланылып жүрген “Адалдық деген не?”, “Қандай мамандықты қалайсың?” — деген сияқты сұрақтарға жауап алу арқылы оқушылардың ауызша да, жазбаша да ой-пікірлерін көзқарасын байқауға болады. [1]

Жеке тұлғаның түрлі тақырыптағы мәселелерге байланысты пікірлері мен көзқарастарын анықтау үшін тақырыптық шығармалар жаздыру мен жеке әңгіме өткізу тиімді.

Педагогикада мінез-құлықты зерттеудің “тәрбиелейтін ситуациялар әдісі” деп аталатын тиімді тәсілі қолданылады. Ол екі мәселені біртұтас қарастыруға мүмкіндік береді:

1) талап етілетін сапалардың даму деңгейін анықтау;

2) осы сапаларды тәрбиелеу, дамыту.

Тәрбиелік ситуация — бұл табиғи және алдын ала ойластырыла жасалған жағдай, оған тәрбиеленуші міндетті

түрде қатысып, өзінің белгілі бір сапаларынын, құрылу денгейін өз ісінен көре алады (мысалы мектепте, көшеде,сабақта т.б.).

Соңғы ондаған жылдар бойы алдыңғы қатарлы педагогикалық практикада проблемалық тәрбиелік ситуацияларды жасау қиындық туғызып отыр. Тәрбиелік ситуация туғызу үшін тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастыра білу керек. Ситуациялардың мынадай түрлері бар: 1) тексеретін; 2) тәрбиелейтін; 3) бақылайтын; 4) бекітетін; 5) тәрбиеші ойластырмаған, бірақ көмектесетін; 6) тәрбиеші ойластырған, бірақ кедергі жасайтын немесе зиянды,

Проблемалық ситуациялар жеке тұлға үшін де, бүкіл ұжым үшін де жасалады.

Диагностиканың қорытындысы әр түрлі үлгіде жасалып жүр. Цифрлы индекстер, түрлі шартты белгілер, шкалалар аса сақтықпен және ұқыптылықпен қолданылады. Ондағы үш таңбалы он бағалар (+1,+2,+3) моральдық тәрбиелілік деңгейін танытса, үш таңбалы теріс бағалар (-1,-2,-3) моральдық тәрбиесіздік деңгейін (бетімен кетушілікті) көрсетеді. Сапалық бағаларға сандық эквиваленттер төмендегідей өлшемдер бойынша оң және теріс бағыттар қоса жазылады:

+ 1 (оң нәтижелі іс-әрекетке дайындық);

+2 (оң нәтижелі іс-әрекетке ұмтылушылық);

+3 (орнықтылық, оң нәтижелі әрекет жасағанда белсенділік таныту);

-1 (теріс нәтижелі қылықтарға бейімділік);

-2 (теріс нәтижелі қылық көрсетуге ұмтылушылық);

-3 (қоғамға теріс мінез-құлықтылық ).

Бұл жерде мынаны ескеру қажет: тәрбиеліліктің бағалау негізіне жеке тұлғаның бөлек сапалары емес, жалпы адамгершілік бағыты алынады. Сонымен, кейде тәрбиелілікті қарастырғанда мінез-құлықтың бастапқы себептерін ескеру қажет, өйткені жекелеген іс-әрекет, баланың бір сәттегі қылығы тәрбиелілік деңгейін сипаттай алмайды (И.П.Подласый). [1]

Тәрбиеліліктің компьютерлік диагностикасы. Белгілі бір мақсатқа бағытталған сынып жұмысы зерттеп білуден басталады. Тәрбиелілік диагностикасы дегеніміз — бұл сынып жетекшісінің әрбір сынып оқушысы мен сынып ұжымының тәрбиелілігі жайында ақпарат алатын зерттеу жұмысы. Тәрбиелілік диагностикасының басты мақсаты -оқушылардың моральдық және әлеуметтік сапаларының шын мәніндегі жағдайын белгілеу, оиың қиын және қатерлі аспектілерін анықтау. Диагностика негізінде тәрбие үрдісін басқарудың стратегиясы мен тактикасы, тәрбиелілік істердің бағдарламасы жасалады. Сынып жетекшісі баланы қалыптастыруда көздеген мақсатына жету үшін қанша уақыт пен күш жұмсайтынын да диагностика анықтап бере алады. [2]

Тәрбиелілік диагностикасының технологиясы төмендегідей маңызды талаптардан тұрады:

1) тәрбие ісімен айналысушы кез келген маманның жаппай қолдануына қолайлы болуы қажет:

2) уақыт пен күш аз жұмсалатындай үнемді болғаны жөн;

3) мүмкіндігінше жоғары негізде сенімді қорытынды шығара білу керек;

4) диагностикалық ақпараттың нәтижесі көкейде жүрген көптеген мәселелердің шешімін табуға көмектесуі қажет;

5) нәтижелері графиктік салыстырмалы кесінді, суреті түрінде көрнекі болса, оларды өлшеу, талдау, жинақтау-тиімді болады.Бұл талаптардың бәрін орындауға сыныпты компьютерлік диагностика-мен зерттеудің технологиясы мүмкіндік береді. [3]

Сыныптын негізгі көрсеткіштерін жүйе ретінде түсіну. Америка педаготтары Дж.Кемфилда мен С.Вистидің зерттеулеріне сүйене отырып, көптеген нақты сипаттамалардың ішінен неғұрлым ақпараттық мәліметі толығы алынды.

Олардың тізімі мынадай:

1) сыныптың дербестігі — бұл сыныптың өзгеге қатысынсыз өз бетінше іс-әрекст жасауы, табысқа өз еңбегімен жетуі;

2) топтық бақылау — бұл сыныптың жеке оқушылар тәртібін ретке келтіруінің сипаттамасы;

3) сыныптың икемділігі — бұл сынып оқушыларының өз міндет-терін шығармашылықпен орындауының көрсеткіші;

4) оқушының сыныпта болуға деген пейілі. Көрсеткіші — оның топпен бірге болуға кездесуге ынтасы;

5) сынып оқушыларының бірігуінің деңгейі — оқушылардың маңызды әлеуметтік жоспар төңірегіндегі топтарға бірігуінің деңгейі. Оның көрсеткіші — ата- аналардың кәсібі, білім өресі, белгілі бір арнайы әлеуметтік топтарға жататыны, өмірлік құндылықтары, қызығушылық аясы, құрылымы.

6) топтасушылық — оқушылардың өзара бір-біріне көмектесуі, өз достарының өмірін білуі. Бұл топтық белгінің ажыратқышы — ең алдымен қарым-қатынас жасау деңгейі, талқыланатын мәселенің сипаты;

7) қатыстылығы (үлесі) — әрбір оқушы жалпы топтық істерге қанша үлес қосады және қанша уақыт жұмсайды;

8) сыныпта оқымайтын басқа да оқушылардың сабақтан тыс уақытта демалу үшін оған қатысу мүмкіндігі бола ма? Ол үшін оларға қосымша талаптар қойыла ма? Оның ажыратқышы — сыныпқа сырттан келіп қатысқан окушылардың саны;

9) сыныптың күш алуы — топқа қатысушы оқушылардың барлығына белгілі және барлығы бірлесіп қабылдаған ортақ мақсатқа жетуге ұмтылуы;

10) мүмкіндік деңгейі — топтың өз мүшелері үшін қаншалықты маңызды екенінін көрсеткіші. Топты қанағаттандыра алатын немесе толық қанағаттандыратын талаптарынын, саны мен сипаты ажыратқыштық қызмет атқарады. Қажеттіліктің өзі сыныптың қандай құндылықты сақтаушы болып табылатынының куәсі;

11) сыныптағы оқушылардың толық қатысуы оның сандық сипаттамасы және құрамдық толықтығы болып табылады;

12) сыныптың сақталу ұзақтығы — сыныптың құрамы өзгеріссіз қанша уақыт сақталады;

13) стратификация — сынып құрамындағы әрбір оқушының рөлін және көзқарасын танытатын сипаттама көрсеткіші;

14) сыныптың тұтастығы-бірлігі мен беріктігі және тағы басқа да жақтарын танытатын көрсеткіші.

Осындай негізгі тірек сипаттамаларына сүйене отырып, диагностикалық талдау жасалады. Бұл — талдаумен бағалауға ұсынылған накты пайымдаулар жүйесі. Компьютерлік бағдарлама сынып өмірінің барлық жағы мен қызметін көрсететін пайымдаулар түрін ендіруге, оларды бағалайтын өлшемдердің көпқырлылығын және нәтижелердің жоғары ақпараттылығы мен сенімділігін ұсынуға мүмкіндік береді.[4]

Сыныптың тәрбиелілік деңгейін компьютерлік диагностикамен зерттеуге оқушылар мен педагогтар түгел қатысады. Сондықтан бір мәселеге екі жақты көзқарас салыстырмалы түрде алынады: іштей — оны балалар қалай көреді және сырттай — оны педагогтар қалай көреді. Диагностикалық зерттеуге қызыққан адамдардың бәрінін, қатысуы тура және жоғары дәрежелі қорытынды шығаруға мүмкіндік туғызады. Оқушыларға арналған компьютерлік бағдарламалар қызықты түрде даярланған (“Біздің сыныпта”, “Менің көңілім толмайды”, “Мен ұсынамын” жөне т.б.). [5]

Диагностикалық зерттеу кем дегенде жылына екі рет жүргізіледі (тәрбие ісінің басталу және аяқталу кезеңінде). Алынған ақпараттың мәнін қайта бағалау қиын. Алғашқы зерттеуде алынған нәтижелер сыныптың тәрбиелігінің барлық параметрлері бойынша өзгеруін көрнекі түрде бейнелеп береді. Сынып жетекшісінің еңбегі де көрініп тұрады. (Айта кету керек, басқа әдістемелермен ұштастырыла қолданғанда бұл технология педагогикалық шеберлік пен кәсіби деңгейдің сандық өлшемін шығаруда әлдеқайда тиімді.) Технологияның бұл нұсқасы өзін-өзі тәрбиелеуді жүзеге асыруға өте пайдалы. Қызықты ойынды аяқтай отырып, әрбір оқушы жалпы адамзатқа тән сапалардың өз бойында қалыптасуының диагностикалық картасын көреді. Басты мақсат — тәрбиеленушілердің өзін-өзі тәрбиелеу мәселесіне назарын аудару. Тәрбиеге осылай жаңаша келу оқушылардың үлкен қызығушылығын туғызады: Әрбір оқушы өз бейнесін көргісі келеді. Егер ол ең болмаса бір рет өз бейнесіне назар аударса, онда ол өз бойындағы мінін жоюға тырысады.

Қорыта келгенде, диагностика тәрбиенің нәтижелерін тәрбие беру құралдарымен байланыстырып жалпы динамиканы және тенденцияларды, өлшемдері және оның көрсеткіштерін анықтайды.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. Подласый И. П. «Педагогика» , Изд-во Владос, 1999. -574 с.

  2. Л.Смагулова «Оқушы тұлғасын қалыптастырудың психологиялық- педагогикалық диагностикасы» // «Оқушы тәрбиесі», №8, 2013, 26-29бб.

  3. М.Көшкентаева «Педагогикалық-психологиялық диагностикалау жолдары, әдістері» // «Мектеп директоры», №5, 2004, 9-18бб.

  4. П.Маханова «Педагогикалық диагностиканың теориялық негіздері» // «Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының Хабаршысы», №1(28), 2009, 40-45бб.

  5. Из истории психологических тестов //Общая психодиагностика под.ред. А.А.Бодалева, В.В.Столина -2009. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994.



3


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!