400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 26 материал табылды

Мақала: «Оқытуда белсенді әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқытуда белсенді әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігі
Материалдың қысқаша нұсқасы
Оқытуда белсенді әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігі
Қазіргі таңдағы басты мәселелердің бірі балалардың сабаққа деген
ынтасын, қызығушылығын арттыру, олардың танымдық-құзыреттіліктерін
дамыту болып табылады. Өйткені келер альфа ұрпақ өте белсенді, өзіндік
«Мені» ерте қалыптасқан, шешім қабылдаудан қорықпайтын ұрпақ.
Оларды оқу процессіне қызықтыру оңайға соқпайды, мұндай балалармен
ерекше әдіс-тәсілдер, техникалар қолданып, оқу процессін бала үшін
қызықты, тиімді ете білуіміз қажет. Оқыту мен оқу теориялық жаттанды
ақпараттардан гөрі, баланы жан-жақты дамытуға бағытталатын, бала өз
алдына қойылған белгілі бір мәселені жан-жақты талдап, саралап, оған
қатысты өз көзқарасын, пікірін еркін жеткізуге, өзіндік шешім қабылдап,
өзінің және басқалардың әрекетіне баға бере алуға, сол бойынша
қорытынды жасап, кері байланыс жасай алуға, алған білімін өмірде
қолдануға үйрету қазіргі таңдағы ең өзекті мәселе болып отыр.
Осыған орай оқытуда белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану әлдеқайда тиімді
болып табылады. Ал белсенді әдіс дегеніміз - оқытушы мен білім
алушының сабақтың өн бойында өзара белсенді әрекеті жүзеге асатын
оқыту әдісі. Білім алушы -пассив тыңдаушы болмай, оқу процесіне белсенді
қатысушы болуы қажет. Сонымен қатар, белсенді әдістер оқытудың
демократиялық стилін ұстанады. Білім алушы оқу процесіне араласа
отырып, барлық әрекеттерді өзі жасауға қатысады. Өз алдына қойылған
мәселені немесе кез келген тақырыпты талдауға белсене араласады, жаңа
тақырыпты меңгеруге де атсалысады.

Оқытуда белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы:
-білім алушылар оқу материалын жылдам меңгереді;
-естеріне сақтауға тиімді;
-жан-жақты дамуға мүмкіндік береді;
-білім алушының басқалармен қарым-қатынасын нығайтады;
-оқу процессіне белсенді араласуға мүмкіндік береді және т.б.;
Мысалы, оқытуда «Джигсо» әдісін қолдану арқылы білім алушылардың
берілген материалды жылдам есте сақтап, оны басқаларға өз ойын жинақы
түрде, қорытынды жасай отырып жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен
қатар, басқалармен коммуникативтік қабілетін дамытады.

Мақала авторы:
«Бөбек» колледжінің студенті
Мәжен Балнұр Қанатқызы
Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
274
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі