Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
мақала "Педагогикаклық өлшемдердің" ерекшеліктері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақстанда елбасының, өкіметтің қолдауына ие болып отырған, «Педагогикалық өлшемдер» мамандығына магистратураға түскеннен кейін, біз бұл мамандықтың қыр-сырларын зерттеп-білуге қадам бастық.
ҚазКСР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1944 жылы 15 тамыздағы Қазақ Мемлекеттік Қыздар институтын құру жөніндегі қаулысына сәйкес, Тарих факультетінде Педагогика кафедрасы құрылды. Кафедраның алғашқы меңгерушісі болып Ш.Қоқымбаев тағайындалды. 1950-70 жж. кафедрада республикаға танымал ғалым-педагогтар: Қ.Б.Бержанов, Ә.Р.Жұмаханов, А.Б.Мұқановалар қызмет етті. 1980-90 жылдары кафедраны И.Б.Мадин, Д.С.Сейдуалиев және п.ғ.д., профессор К.Қ.Құнантаева басқарды. 1995-2005 жж. кафедраға п.ғ.к., доцент Б.Ю.Юсупов, п.ғ.д., профессор Л.К.Керімов, п.ғ.к., доцент Ж.А.Асқарова басшылық етті. 2005-2012 жылға дейін кафедраны п.ғ.д., профессор А.Қ.Құсайынов басқарды.
2012 жылдан кафедраны п.ғ.д, доцент Г.А.Мұратбаева басқарады. Жалпы педагогика кафедрасы – еліміздің педагогикалық жоғары оқу орындарының арасында ғылыми әлеуеті жоғары кафедралардың бірі. Кафедрада Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының және Ресей, Грузия білім академияларының академигі, п.ғ.д., профессор К.Қ.Құнантаева, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының толық мүшелері, п.ғ.д., профессор С.Қ.Қалиев, А.Қ.Құсайынов, п.ғ.д., С.Т.Иманбаева, Р.Р.Масырова, А.Е.Манкеш және Б.Ю.Юсупов профессор-оқытушылар қызмет етті, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі п.ғ.д., профессор Г.Т.Алдамбергенова, п.ғ.д, доцент Г.А.Мұратбаева, корреспондент-мүшелері: п.ғ.к., доценттер Ш.М.Майғаранова, А.Е.Дайрабаева, Т.Б.Машенбаев, М.К. Бұлақбаева, М.Т. Есеева, С.С. Қоңырбаева, К.Т. Медеубаева, Л.Т. Сайдахметова, т.б. профессор-оқытушылар қызмет етуде.
2012 жылдан кафедраны п.ғ.д., проф.м.а. Г.А. Мұратбаева басқарады.
Кафедра 6М010300 – «Педагогика және психология», 6М012400 – «Педагогикалық өлшемдер» мамандықтары бойынша магистранттар даярлайды.
Кафедра 6М012400; 6D012400 – «Педагогикалық өлшемдер» мамандығы бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңес жұмысын атқарады. Жыл сайын өткізілетін Кеңес жұмысына «Педагогикалық өлшемдер» мамандығы аясында ғылыми-теориялық, әдіснамалық мәселелердің шешімдерін іздестіру ортақ іс ретінде қарастырылады.
Миссия мен стратегия. Кафедра миссиясы – педагогика ғылымының озық жетістіктері мен тәжірибесі негізінде кәсіби құзыретті, бәсекеге қабілетті маман даярлау.Профессор-оқытушылар құрамы.Кафедрада педагогика ғылымдарының құрметті ұстаз-ғалымдары, «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісінің, «ҚР ЖОО-ның үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегерлері атанған жоғары дәрежелі және әр салада тәжірибесі мол профессор-оқытушылар, оның ішінде тәжірибесі мол 6 – ғылым докторы, 10 – ғылым кандидаты, доценттер, 7 – аға оқытушы, 4 – оқытушылар қызмет атқарады. Халықаралық байланысКафедраның профессор-оқытушылар құрамы Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университеті, Ресей білім академиясының Білім беруді дамыту стратегиясы институтымен, Литва университетімен өзара жасалған келісім-шарттар негізінде ғылыми еңбектер жазылып, мамандар даярлау бағытында ғылыми-зерттеу жұмыстары атқарылып келеді.
Университеттің білім беру жүйесінде білім сапасын арттыру, маман даярлау мәселелерін жан-жақты қарастыру мақсатында академиялық ұтқырлық бойынша соңғы жылдары шет ел ғалымдары дәріс оқып, тәжірибе алмасу, шебер сыныптарын өткізу жұмыстары жүргізіліп келеді. Ресей Федерациясы «Білім беру теориясы мен стратегия институты Ресей білім беру академиясының» доценті, педагогика ғылымының кандидаты, «Педагогикалық өлшемдер әдіснамасы» зертхнана меңгерушісі Наталья Николаевна Найденова білім жетілдіру курсына университеттің педагогтары мен магистранттары қатысты.
«Педагогикалық өлшем» бойынша, квалиметрия әдісі, тест жұмыстарын ұйымдастыру, әдістемелік көмек, білім тұжырымдамасын жетілдіру, тестілеудің әдіснамасы және халықаралық салыстырмалы зерттеулер, оның ішінде халықаралық ПИЗА, ТИМСС, ПИРЛС зерттеулері бойынша ұлттық тест талаптары мен білім сапасын бағалаудың мультиплекс бағдарламасының авторы ретінде бақылау-өлшем материалдарын құрастыру және мультиплекс нәтижесіне білім алушылардың функционалдық сауаттылығын, құзыреттілік өлшемдерін үлгі ретінде берілді.
Вильнюс университетінен шақырылған ғалым Римантас Желвис бүгінгі таңда білім беру саалсындағы менеджмент теориясы мен тәжірибесінен дәріс оқып, шет елдердегі оқу орындарының ерекше тұстарына тоқталды.
Шет еле ғалымдарымен ақпарат тәжірибе алмасу, нәтижесінде профессор-оқытушылар мен магистранттар ғылыми жұмыстарындағы жаңашылдық тұстарын зерделеуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, кафедраның оқытушылары жыл сайын Қазақстанда және шетелдерде өтетін халықаралық конференциялар мен симпозиумдарға қатысады. Мұратбаева Г.А. п.ғ.д., Қоңырбаева С.С. п.ғ.к., қауымд. проф.м.а. Туркия, Ресей, Монғолия, Қырғызстан және Әзірбайджанда өткен конференцияларға қатысып, баяндама жасаған. Ресейде өткен халықаралық конференцияларға қатысып, баяндама жасап, ғылыми мақалалары шетел басылымдарында жарық көрген. Факультеттің профессор-оқытушылары ғылыми жұмыстарын шетел (Чехия, Ресей, Польша, Қырғызстан және Түркменстан) басылымдарында жариялап отырады.
2012 жылының мамырдың 31 күні сағат 09.00-да Астана қаласындағы бағалау бойынша эксперттерге арналған бағалау процедураларды өңдеу оқытатын семинар басталуда.
Семинардың ұйымдастырушы – Педагогикалық өлшемдерінің орталығының бағалау басқармасы, басты мақсаты мұғалімдердің және тренерлердің іс-әрекетін бағалауы және олардың сертификациясы. Оқуды, Педагогикалық шеберлік орталығының (одан әрі- ПШО) тренерлердің қатарынан, конкурс таңдауының нәтижесінде анықталған және 2012 жылдың сәуірінде Кембридждің Халықаралық Емтихан Кеңесінің (одан ары - КХЕК) эксперттерінде оқытылған, 32 эксперт өтеді. Барлық кандидаттардың 10 жылдан кем емес педагогикалық өтілі бар адамдар және көбісі шетел білім бағдарламаларымен жұмыс істеу тәжірибесі бар жоғары білікті мұғалімдер. Бұл семинарда мұғалімдер мен тренерлерді суммативті және формативті бағалау үрдісін, олардың портфолиосын сыни бағалауын және де өзінің эксперт портфолиосын дайындауын қамтитын бағалау процедурасы өңделеді. Семинардың негізгі бөлігі Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлерімен бірге болатын тәжірибелік жұмысқа арналады. Сонымен қатар, мұғалімдер презентациясын бағалаудың, біліктілік емтиханының және ПШО тренерлерінің мұғалімдерді бағалауының бөлімдері қарастырылады. Семинарда кейінгі бағалауды өңдеуге арналған дайын бағалау критерийлерінің және әрекеттегі зерттеудің Жобалары болады. Сабақтарды өткізу тілге байланысты бөлінген кіші топтарда (15 адам) «face to face» (бетпе бет) аудиторлық түрде өткізіледі.
Семинар аяқталғаннан кейін эксперттер, сауалнама нәтижесінен алынғандай, өздері ешқашан тұрмаған, оқымаған және жұмыс істемеген өңірлерге ПШО бағдарламасының 3 Деңгейі бойынша оқыған тренерлер мен мұғалімдерді бағалау үшін жол жүреді. 17 қаланың 27 орталығында 119 топта (60 - қазақ тілінде оқитын, 59 - орыс тілінде оқитын ) 3486 мұғалім оқытылады. Мұғалімдер үшін біліктілік емтиханы 2012 жылдың 23 шілдесінде болады. Содан кейін КХЕК мамандары 6 апта бойы мұғалімдерге, тренерлерге және эксперттерге қорытынды баға береді. Бағалау нәтижесінде мұғалімдерді, тренерлерді және экспеттерді сертификациялау ұсынылады.
Қазір «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Кембридж
Университетімен бірге республикамыздың жалпы білім беру
мектептерінің мұғалімдерінің біліктілігін көтеруінің жаңа сапалық
тәсілде негізделген бағдарламаны жүзеге асыруда. Оның
ерекшеліктерінің бірі оқудың бағалау нәтижелерін мен оқыту
үрдісінің бөлуі болып келеді. Оқытушылардың біліктілік деңгейін
растау рәсімі мұғалімдердің біліктілігін жоғарылату түбірлі өзгеріс
жүйесінің құрамдас бөлігі болады. Бағалау рәсіміне ҚР-ның жалпы
білім беру мектептерінде мұғалімдерді жаңа оқыту методикаларын
білім беруі жемісті және тиімді жүйесіне жетсін деп, мұғалімдердің
және тренерлердің іс-әрекетін бағалауы
кіреді.
В.С.Аванесов атындағы педагогикалық өлшемдер орталығы ашылды. Ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында Тестілеу орталығының негізінде «В.С.Аванесов атындағы педагогикалық өлшемдер орталығы» салтанатты түрде ашылды. Орталық университет Ғылыми Кеңесінің шешімімен (№4 хаттама, 27.11.2012ж.) Оқу-әдістемелік жұмыстар департаменті жанынан бақылау-өлшеу құралдарын әзірлеу және оларды негіздеу мақсатында құрылды. Орталыққа педагогика ғылымдарының докторы, профессор, «Педагогические измерения» ғылыми-педагогикалық журналының редакторы Вадим Сергеевич Аванесовтың есімі берілді.В.С.Аванесов атындағы педагогикалық өлшемдер орталығын университет ректоры А.Ақанов ашты, салтанатты шараға проректорлар Қ.А.Төлебаев, О.М.Мырзабеков, ОӘЖД директоры М.А.Абирова, оқу департаменттерінің директорлары, декандар, құрылымдық бөлімдердің бастықтары қатысты.
Ең алғаш,біз педагогикалық өлшемдер тұрғысынан талдау жасауды Абайдың 43-ші Қара сөзінен бастадық.
Абайдың қара сөздеріне педагогикалық өлшемдер тұрғысынан таудау жасай отырып, оның кемшіліктерін айту туралы ойға, мынадай өлең шумақтарын шығардым:
Абайды сынайтындай дана емеспін,
Ойшылдан асып түсемін дей көрмеспін,
Ұлтымның мақтанышы – Абайымды,
Данагөйсіп сынауға жол бермеспін.
Мін іздеген әрине, мін табады,
Міншілдер де көбейіп барады.
Ұлтымның ұлылығы көрінетін,
Абайдың сөздері ғой даналы.
Қара сөзден бойыма қуат алдым,
Тәрбие мен еңбекті ұмытпадым.
Өз нәпсімді тізгіндеуді үйреніп,
Елім үшін ерінбей, ұмтыламын.
Өлшемі болады ғой әрбір істің,
Сыншысы көп болады біткен істің,
Адамдықтың өлшемінен аспайық.
Қара сөзден кір табам деп саспайық!