Материалдар / Мақала "Қ.А.Ясауи мен Абай даналығының сабақтастығы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала "Қ.А.Ясауи мен Абай даналығының сабақтастығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай мен Ясауидің шығармашылығы салыстырылады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қараша 2024
71
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қ.А.Ясауи мен Абай даналығының сабақтастығы мен рухани құндылықтар


Калибекова Гульнур Каниятовна

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,

педагог-сарапшы,

Астана қаласы С.Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясы


«Бұл заман білекке емес, білімге сенетін заман. Заманауи әлемде елдің қуаты, ең алдымен, білім мен ғылымда болатын уақытқа келдік. Сол білімді қажетке, тұрмыс игілігіне жарата білуімізбен ғана бағаланады. Инемен құдық қазғандай, қиын күрделі, орасан қажыр қайрат пен ерік — жігерді талап ететін білімсіз өмір тұл»[1],-деп еліміздің көшбасшысы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз жолдауларында жастарды үнемі қолдап, жігерлендіріп отырды. Бүгінгі кеңістік пен уақытта бәсекеге қабілетті елге айналудағы басты көрсеткіштердің бірі – білім екендігін айтты. Қазақтың ақын, жазушысы Мағжан Жұмабаев жастарға арнаған өлеңінде:

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты

Мен жастарға сенемін! [2] – дегендей, халқымыздың бай мұрасын келер ұрпаққа жеткізу жастарымыздың қолында. Жас ұрпақтың отаншылдық рухта тәрбие алып, білімді болуы - елімізді бәсекеге қабілетті әлемдік елдермен терезесін теңестіруге алып баратын бірден-бір жол. «Ұлы даланың жеті қыры» жолдауында айтылған еліміздің бай мұрасының ұмытылмасы хақ. Сол мұрамыздың бірі – Қожа Ахмет Ясауидің даналық ойларына толы хикметтері.

«Орта ғасырдағы Отырар қаласы әлемдік өркениеттің ұлы ойшылдарының бірі – Әбу Насыр Әл-Фарабиді дүниеге әкелсе, түркі халықтарының рухани көшбасшыларының бірі Қожа Ахмет Ясауи Түркістан қаласында өмір сүріп, ілім таратқан...» [3]

Қожа Ахмет Ясауи - сопылық ағымның түркілік бағытының негізін салушы, ғұлама. Ұлы бабамыз Ахмет Ясауидің атын асқақтатып, күллі дүниеге мәшһүр еткен аса баға жетпес асыл еңбегі - «Диуани хикмет»-«Даналық кітабы». 

Қожа Ахмет Ясауи бүгінгі күні өзі болмаса да, артынан ғибратқа толы көзі – хикметтері қалды. Ендеше, мектеп қабырғасында баланың санасына құйылып, көкірегін ашатындай оқытылып, талдануға тиіс сөздер – ұлы Абайдың қарасөздерімен қатар, Ясауидің хикметтері болуы керек.

Қожа Ахмет Ясауи шығармашылығы түркі-мұсылман әлеміне кеңінен танылып, Ясауише хикмет жазу дәстүрге айналды.

Абайдың мына бір өлеңіне назар аударсақ, көтерілген тақырып Ясауи хикметтерімен іштей үндесіп келеді:

Алланың өзі де рас, сөзі де рас,

Рас сөз ешуақытта жалған болмас.

Көп кітап келді алладан, оның төрті

Алланы танытуға сөз айырмас [5]

Хикметте осы тақырыпта былай жазылған:

«Алланы жиі есіңе ал», - деп келді аят,

Сарнап мен, сан қиналып жүрдім міне...

Жаратқан: «Аз күлің», - деп қылады жар,

«Көбірек, - дейді және, - жылаңыздар».

Мәніне бұл аяттың құлаңыздар,

Күлместен пәниде осы жүрдім міне» [4] - деп, 18-хикметінде осы фәни дүниеде Алланы ұмытпай, үнемі еске алып, тәубеге келіп тұру керектігін айтады. «Мына жалған дүниеде кісінің ақысын, малын жемей, адал өмір сүр, о дүниелік болғанда бәріміз қылкөпірден өтеміз» деген ескертуін айтады. Кімнің бұл дүниеде қанша жасайтыны белгісіз, бірақ түбінде барлық пенденің барар жері - бір. Қарап отырсақ, хикметтерде тәрбиелік мәні зор қаншама даналық ойлар айтылады.

Ясауидің даналығы мен Абайдың өлең жолдарының сөз орамдары өзара ұқсас болып келеді. Мәселен, Абайдың «Патша құдай, сыйындым» өлеңінде:

Патша құдай, сыйындым

Тура баста өзіңе...

...О да - құдай пендесі,

Түспей кетер деймісің,

Тәңірінің құрған тезіне? – деген жолдар Ахмет Ясауидің 6-хикметіне сәйкес келеді:

Иә, алла, құдіретіңе сыр ағыттым,

Сыйынып, патша құдай, келдім саған.

Тәубе қып, күнәм үшін құрағыттым,

Сыйынып, патша құдай, келдім саған.

Ясауидің өлең жолдарында «Сыйынып, патша құдай, келдім саған» деп берілсе, Абай өлеңінде бастауыш пен баяндауыштың орнын ауыстыра отырып , «Патша құдай, сыйындым» деп берілген.

Аллаға деген махаббатты Ясауи мен Абай өз өлеңдерінде жарыса жазғандай. Екі дана да бұл дүниедегі ең ұлы махаббат – Аллаға деген махаббат екендігін көрсеткісі келеді.

Алланы шын сүйгендер махаббатпен

Нәпсіден безіп тынды қапалы еткен.

Құйды нұр құдай өзі шапағатпен,

Содан соң дария болып тастым міне [4] деп 18-хикметінде берілсе,

Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сен де сүй ол алланы жаннан тәтті [5] – деп, адамзат, заман өзгерсе де, Аллаға деген сенім, махаббат еш өзгермес.

Қожа Ахмет Ясауи хикметтері өмірлік тәжірбиесі мол, сарқылмас сары қазына. Қожа Ахмет Ясауи хикметтерінің негізгі діңгегі -тазалық. «Тазалық» сөзін қалай түсінеміз, кейінгі ұрпақ қалай түсініп жүр? Соған сәл санамызға сәуле түсіріп көрейікші.

Иә, «таза» яғни, киімнің, астың дененің таза болуы деп бірізділікпен қабылдауымыз мүмкін. Сірә, осы жерде сәл қателесеміз. Себебі басты тазалық - жан дүниенің тазалығы.

Рухани тазалық, байлық жайлы Қожа Ахмет Ясауи хикметтерінде толық айтылған. Әрбір адамның қадір-қасиетін, өмірде алатын орнын оның ішкі жан дүниесінің тазалығымен өлшейді. «Диуани хикмет» әрбір адамды имандылыққа, ізгілікке, жоғары адамгершілік қасиеттерге жетелейтін құдіретті күш, айқын бағдарлама деуге болады. Қазіргі таңда діннен, тілден айырылып жүрген жандар қаншама.

Қожа Ахмет Ясауи 46-хикметінде:

«Алла деп құр жүргендер –алдап өмір сүргендер,

Аузы қанша айтқанмен , істе көзге ілмейді» [4] делінген. Осыдан бірнеше ғасыр бойы айтылып,жазылған дүние бүгінгі қоғамның дертін дәл тапқандай.

«Тауық құс емес, жалқау кісі емес, бос сөз іс емес» [6], көлгірсіген сөзден жерден көтерген жүк артық емес пе?Өзін бос сөзбен, болмашы қиял әлемімен алдайтын, екі сөздің бірін өтіріксіз айта алмайтын надан адам кейпімен сөйтіп өз-өзін мақұрым етеді.

Қожа Ахмет Ясауидің мына бір хикметі керісінше алланы аузына алмай, жер бетін мәңгі басып жүретіндей көреді. Оған мына бір хикметі дәлел:

«Мақсатсыз ойын-тойға бұлай ынтық-

Аллалап ауызға алмас құдайын түк.

Дүниеқор дәруішпін деп мүләйімсіп,

Думан қып дүние үшін жүрді, достар»[4.91 бет].

Иә, «дүниеқор, дүниеқоңыз» секілді біріккен сөздер жиі естіледі. Адамнан мейір қашып,сүйектей ортаға бір зат түссе туғанның да арасын ашу жеңіл.

«Жақсы силағанның құлы, 

Жаман қорыққанның құлы»[6] тәрізді мақалды толықтырады. Ол өзінің даналық кітабында екі өмірдің мәнін аша келіп имандылыққа, әділдікке, адалдыққа, мейірімділікке үндейді. Өзінің жиған-тергенін тек өзі үшін ғана пайдаланбай, дүниеқоңыз болмай, жетім-жесірлерге де көңіл бөлу керектігін айтады:

«...Ел кезіп Мұстафаша, ақылды ал да,

Көңіл бөл жетім-жесір, пақырларға.

Дүниеқор, безбүйрекке жақын барма,

Бездім де, дариядай тастым міне.» [4]

Өзінің хикметтерінде Қожа Ахмет Ясауи өз өмірін баяндай отырып, өмірден көп сабақ алғандығын айтады.

Ясауи де, Абай да өз сөздерінде «имандылыққа» тоқтала кетеді. Мысалы, 65-хикметте:

«Алла бізге иман сыйлық жеткірді,

Ол Мүстафа хақ расулы деп білді» [4] – деп, «иман» сөзіне көп тоқталады. Қожа Ахмет Ясауидің осы имандылық мәселесін Абай Құнанбаевтың өзінің он үшінші қарасөзінде жалғастырады.

Қожа Ахмет Ясауидің даналығы мен қазақ ақын-жазушыларының еңбектері бір-бірімен өзара сабақтасып, ұштасып жатқанын байқаймыз.

Ы.Алтынсариннің сөзімен қорытындылайтын болсақ, «мұсылманшылдықтың тұтқасы - сенім, иман, имандылық». Имандылыққа бастайтын негізгі діңгек дін болса, сол дінді уағыздап, тазалыққа, имандылыққа шақыратын Қожа Ахмет Ясауидің хикметтері – бүгінгі заманның бойтұмары. Жоғарыда атап өткендей, мұсылмандықты насихаттап, тура жолды көрсететін Ясауидің хикметтері осы уақытқа дейін жабулы күйінде қалмай, бүгінгі таңда елінің ертеңін ойлайтын саналы жас ұрпақтың арқасында барша жұртқа насихатталып жүр. Тағы бір дәлел ретінде Ясауи хикметтерінің көтерген тақырыбын, қазақ ақын-жазушыларының шығармаларынан да кездестіреміз. Бабалар шығармашылығынан үлкен үндестік байқаймыз. Сондықтан жас ұрпаққа тәрбие беру үрдісінде Ясауидің хикметтерін негізге ала отырып, ақын-жазушыларымыздың өлең жырлары мен қарасөздерінің мағынасына әр уақытта терең үңілуіміз керек.

«Айтылған сөз, уәденің байламы жоқ,

Өтірікке шындықтың қайраны жоқ,

Шындық айттым осылай шырқыраған,

Құл Қожа-Ахмет сөзінің жалғаны жоқ » [4]- деген аталы сөздің дүниеге құр көзбен емес, ойлы көзбен қарау керек екендігін айтады.

Дана жұртымыз сөздің салмағын сезіне білген. Дүниеде сөзден көне, сөзден берік ескерткіш жоқ, көненің көзі болған хикметтер - жас ұрпақты тәрбиелеудегі басты қару.


Аннотация

Жұмыстың мақсаты - зайырлы қоғамда өмір сүріп жатқан жастарымызға өз діні мен тілінен адаспай, бабалар өсиеті арқылы тура жолды нұсқап көрсету. Ұлттың ұлы тұлғаларын білу – тарихи тамырыңды тану, сол арқылы өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына отаншылдық сана-сезімдерін қалыптастырып, ұлттық рухта тәрбиелеу. Сонымен қатар, «алтын тірек» болған арыс тұлғаларымыздың рухына тәу етіп, барымызды баршаның игілігіне арнау.

Мақалада Қожа Ахмет Ясауи хикметтері мен қазақ ақын-жазушыларының туындылары салыстыра отырып талданды. Имандылыққа негізделген хикметтердегі өткір мәселелер кейінгі ғасырда да қазақ ақындарының арасында жалғасын тапты. Ғасырлар желісімен санаға жетіп, адамзаттың ортақ құндылығына айналды.

Сатпаймын, сатқан емен дінімді мен,

Өлмейтін, өшпейтұғын күнім білем.

Таппайтын күнде тыным, түнде тыным,

Мұсылман Мұхаммедтің үмбетімін, - деген өлең жолдары әр мұсылманның жүрегінде жүрсе дейміз!




Аннотация

Цель работы – показать нашей молодежи, живущей в светском обществе, не отклоняться от своей религии и языка, а указать ей правильный путь по воле предков. Знать великих личностей нации — значит осознавать свои исторические корни, формируя тем самым патриотическое сознание у подрастающего молодого поколения, воспитывая его в национальном духе.

В статье сравниваются и анализируются мудрость Ходжи Ахмета Ясауи и произведения казахских поэтов и писателей. Острые проблемы мудрости, основанной на вере, продолжались среди казахских поэтов и в следующем столетии. Оно достигло сознания на протяжении веков и стало общей ценностью человечества.


Annotation

The purpose of the work is to show our youth living in a secular society, not to stray from their religion and language, but to show them the right path through the will of their ancestors. To know the great personalities of the nation is to recognize your historical roots, thereby forming patriotic consciousness in the growing young generation and educating them in the national spirit.

The article compares and analyzes the wisdom of Khoja Ahmet Yasawi and the works of Kazakh poets and writers. The sharp problems in wisdom based on faith continued among Kazakh poets in the next century. It has reached consciousness over the centuries and has become a common value of humanity.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан — 2030 " Жолдау.

  2. Мағжан Жұмабаев. Екінші том – Алматы «Жазушы» 2004.

  3. «Ұлы даланың жеті қыры» Н.Ә.Назарбаевтың мақаласы, 2018 жылғы 21 қараша.

  4. Қожа Ахмет Йасауи. Хикмет жинақ – Алматы ЖШС «Жалын», 1998.

  5. Абай Құнанбаев. Өлең – сөздің патшасы. – Халықаралық Абай клубы, Жидебай 2006.

  6. Қазақ мақал-мәтелдері. – «Алматыкітап» ЖШС, 2007.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!