Материалдар / Математика пәнін оқытудағы негізгі мәселер мен кездесетін қиыншылықтар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Математика пәнін оқытудағы негізгі мәселер мен кездесетін қиыншылықтар

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика пәнін оқытудағы негізгі мәселер мен кездесетін қиыншылықтар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Мамыр 2021
737
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Математика пәнін оқытудағы негізгі мәселер мен кездесетін қиыншылықтар

Аңдатпа

Бұл мақалада қазіргі уақытта заман талабына сай оқытудың жаңа технологияларын қолданып математиканы оқыту барысында оқушыларға білім берудің мақсаты олардың экономикалық ой-өрісін қалыптастыру, өмірден өз орнын таба білуге, бәсекелестікке дайын, түрлі мамандықтарды меңгере алатын, күрделі өмірлік мәселелерді жылдам шешуге икемді жастарды қалыптастыру болып табылатындығы айтылған.

Shape1

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді.

«Математика сабағында оқушылардың білімін» тиімді пайдалана отырып, күнделікті сабақты ыңғайына қарай әдіс-тәсілдерімен түрлендіріп өткізілген кезде, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы да арта түседі. Сабақ мазмұнын теориялық, практикалық құндылығы жоғары болған сайын, құрылымы көп түрлі оқыту әдістерімен мұғалімнің дайындығымен жоғары деңгейде өтеді. Оқушы пәнге деген қызығушылығын арттыру - мұғалімнің өз еңбегін ұтымды ұйымдастыра отырып, жаңа сабақ үлгілерімен оқушылардың шығармашылық ізденуін қалыптастыру, оқушыларға сұрақ қою, жұмбақ жасыру, шешу, танымдық ойындар ұйымдастыру арқылы іске асады. Оқу жүйесін тиімділендіру үшін жаңа білімді меңгеру кезінде компьютерлік презентацияны оқу ақпаратының қайнар көзі және көрнекі құралы ретінде қолдану және жаттықтыру бағдарламаларын қолдану арқылы оқушылардың зерттеу әрекетінің негізінде өз бетімен білім алуға мүмкіндік беретін зерттеу сабақтарын өткізуге болады.

Оқушы барынша оның өзіне қажетті білімді өзі біліп, іздеп табуға үйреніп, оқып, кәсіптік, тұрмыс мәселесін кез-келген жағдайда шешіп іс-әрекет жасай алатын болу керек.

«Баланы білім, ақиқат ереже мен формулалар қоймасына айналдырмау үшін, оны ойлауға үйрету керек» делінген (В.А. Сухомлинский). Ізденімпаз, жаңашыл мұғалімдердің шығармашылығындағы ерекшелігі - оның сабақты түрлендіріп өткізіп, оқушының жүрегіне жол таба білуі. Күнделікті сабақ ыңғайына қарай түрлендіріліп өткізілсе бұл оқушылардың сол пәнге деген қызығушылығын арттырары сөзсіз. Оқу процесін ұйымдастыруды үнемі жаңартып отыру оқушылардың жеке қабілеттілігін дамытуға, оқудағы пәнаралық байланысты күшейтуге, мүмкіндік береді.

Математика пәнін арнайы пәнмен байланыс орнату арқылы оқыту есептер – шығаруда тек есептің дұрыстығын ғана емес, оны шешудің ұтымды жолын таба білуге мүмкіндік береді. Мұғалімнің басты мақсаты – оқушыға терең де тиянақты білім беру, ал білім сапасын арттыру үшін әр мұғалім шығармашылықпен жұмыс жасауы қажет, және де қажетті білім берумен шектелмей алған білімін оқушыға керек уақытында қолдана білуге үйрету. Осы мақсатта оқушыға дайын ақпаратты бермей, оны өз бетімен жұмыс істеуге, ізденуге үйрету қажет, ол үшін әр ұстаз оқытуда білім берудің озық тәсілдерін қолдануы керек

Қайсыбір мұғалім болсын, сыныптың сабаққа қызығушылығын ояту үшін түрлі әдістерге жүгінеді. Мұғалім сұрап, оқушы жауап беретін бір сарынды дәстүрлі әдістегі сабақтар баланы жалықтырып, пәнге қызығушылығын төмендетіп, білім сапасына да әсер ететіні сөзсіз.

Мұғалім әр сабағына және өзіне рефлексивті есеп бере отырса жұмыс жасау қарқыны жақсарып жанданады. Мұғалімнің рефлексиялық қызметінің мақсаты: педагогикалық әрекеттің негізгі компоненттерін есіне түсіріп, олардың мәнін, алынған нәтижесін «дұрыс» не «бұрыс» болғанын дәлелдей алу, қолданылған әдіс пен құралдардың тиімді не тиімсіз болғанына байланысты өзіндік көзқарасын білдіру, орындалып өткен әрекеттің нәтижесін зерттеу. Тек сонда ғана алдағы жұмыстарда дұрыс мақсат қойып, алға қарай шығармашылықпен жылжудың жобасын жасау мүмкін болады. Қазіргі таңдағы тиімді білім беру әдістерінің дәстүрлі білім беруден артықшылықтары мол. Жаңа әдістерді пайдалана отырып: оқушылардың өз бетінше дамуына, оқушы мен оқытушы арасында байланыс орнатуына, оқушының жан-жақты ізденуіне, оқушының өзін және өзгені бағалауына, өз ойларын жетік айтуына қол жеткізіледі.

Оқу материалының міндетті деңгейін тез меңгертуге қабілетті оқушылар үшін математика курсының жеке тақырыптары бойынша жаттықтыру және бақылауға арналған бағдарламалар бар. Мұнда оқушылар компьютермен жеке жұмыс жасап, тапсырманы дұрыс орындағаннан кейін қиындық деңгейі жоғары жаттығуға көшеді. Бұл әрекет оқушылардың бос отырмай, өз ісімен айналысуына мүмкіндік береді, нәтижесінде олардың қызығушылықтары артады. Қолданылатын оқу бағдарламасында есептер қиындық деңгейі бойынша құрастырылған есеп, сурет, график және мысалдармен берілген. Есеп шығару кезінде оқушы есептің дұрыс шығарылғандығын, қатесін экраннан көре алады. Оқушы білімін бағалау кезінде жеке тақырыптарға, бөлімгерге арналған тесттік сұрақтарын пайдалануға болады. Компьютердің көмегімен тесттік бақылау дәстүрлі әдіске қарағанда оқушылардың білетінін немесе білмейтінін тез анықтауға мүмкіндік береді. Математика сабағында компьютерді пайдаланудың тиімділігі:

  1. оқушы уақытын үнемдейді;

  2. оқушы өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді;

  3. оқушының ойлау қабілеті артады.

Оқушылардың ойлау қабілетін тереңдету, пәнге қызығушылығын арттыру бағытында көп жылдардан бері педагогикалық зерттеу жұмыстарын жүргізіп келемін. Сол жасалған жұмыстардың негізінде оқушының:

есептің берілгенін толық оқып шығуға дағдыландыру, теорияны білу оны логикамен ұштастыру,

Математика пәнін оқытудағы ақпараттық технологиялардың педагогикалық мақсаттары:

  • қолданушы мен ақпараттық және коммуникациялық құрылғылар арасындағы жылдам байланыс;

  • оқытылу ақпаратының компьютерлік көзге елестетілуі;

  • ақпараттық-әдістемелердің оқыту процесін ұйымдастырудағы бақылауын автоматтандыру.

Математиканы оқыту әдістемесі оқушының өзіндік тұлғасын қалыптастыру үшін, оның дүниетанымын және интеллектін дамытуға, іргелес пәндерді зерттеуге, білімін жалғастыруға және болашақ мамандық қызметі үшін қажетті математикалық білімі мен іскерлігін қалыптастыруға және жүйелендіруге бағытталған. Бірақ, көпшілік жағдайда мұғалімге оның әртүрлі бөлімдерінің байланыстарын талқылауға және көрнекі бейнелеуге уақыт жете бермейді.

Қазіргі уақытта математика сабағында тек қана иллюстрация тестілеу үшін ғана қолдануы жеткілікті емес. Компьютер оқу үрдісінің барлық кезеңдерде қолданылуы қажет жаңа сабақты түсіндіруде, бекітуде, қайталауда, білімді, дағдыны, іскерлікті тексеруде және үлгерімді тексеру және оқушылардың білімін жетілдіру мақсатында ақпараттық технологияларды пайдалану; біріншіден, оқытушының жұмыс өнімділігін арттырып, оқу нәтижелерін тексеруге көбірек уақыт бөлуге көмектеседі; екіншіден, объективті түрде қадағалай отырып, балалардың алған білімін бағалауды жүзеге асырады; үшіншіден, бақылау технологиясына ғылыми элементтер енгізіп, оны кейіннен де дайдалануға болатындай етіп, білім мекемелерін алынатын білім мен дағдылану деңгейлерін нақты түрде стандарттау технологиялары жайлы айтуға негіз бола алады.

Электрондық оқулық оқушылардың үлкен ізденіспен жұмыс істеуіне жағдай туғызады. Электрондық оқулықты пайдалану арқылы:


  1. сабақта технологиялық құралдарды, дидактикалық материалдарды қолдану тиімділігін,

  2. мұғалімнің педтехнологияны игеруін,

  3. оқушының пәнге деген қызығушылығын,

  4. білім, білік, дағды деңгейін қалыптастыруын,

  5. білімнің тереңдігін,

  6. тексеру түрлері, бағалауын,

  7. практикалық дағдыларды игеруін арттырады.

Бұл процестің негізі – мұғалім тексеру нәтижесі жайлы толық ақпарат ала отырып, балалардың әрқайсысына олардың қатесіне байланысты қағазға жазылған қосымша тапсырма береді. Бұларды орындау нәтижесін тағы да компьютерлік тест немесе мұғалімнің өзі тексеріп шығады. Мұндағы негізгі мақсат – оқушыға баға қою мақсатында емес, оқушының қай тақырыпты қалай меңгергені жайлы мәлімет беретін дидактикалық тест алу.

Компьютер оқытушының көмекші құралы ретінде сабақтың тиімділігін арттыратыны дәлелденген. Сондай-ақ, компьютерден сабақты өткізу барысында әрбір оқушыға әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды беруде, ал топтағы оқушылардың білім көрсеткіштерін есепке алып, бақылап отыруға толық мүмкіндік беретін тұстары қолданыс тапқан.

Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауттылық талап етілуде. Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру.

Деңгейлік тапсырмаларды енгізгендегі басты мақсат – сынып оқушыларын «қабілетті» және «қабілетсіз» деп жасанды түрде әр түрлі топтарға бөлуді болдырмау. Осы арқылы деңгейлік және дербес оқыту принциптерімен қатар, барлық оқушыға қатысты, ізгілендіру принципі де сақталады. Іс жүзінде көріп жүргеніміздей дәстүрлі оқу жағдайында оқушылар бір-бірінен көмекті өте сирек сұрайды. Іскерлік ойынның жүргізілу технологиясын қолдану арқылы оқушыларды топаралық жұмыс жасауға, топтардың жұмыстарын баяндауға, нәтижені қорғауға, пікірталас туғызуға, талдау және қорытындылауға үйрете отырып білім беру өте тиімді. Оқушыларды топқа бөлгенде, топтың құрамында әр түрлі деңгейде оқитын оқушылардың болғанын ескеріледі. Жоғарғы деңгейде оқитын оқушылар сабақтың барысында оқушыларға көмек көрсетеді. Жаңа сабақты өткенде жетекші оқушы өзі ғана біліп қоймай, тобының жаңа сабақты меңгеруіне де ықпал жасайды. Математикалық терминдерді, ережелерді, анықтамалар мен теоремаларды толық айтып жеткізу үшін, сабақта математикалық сауатты сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлінеді.

Қазақстан Республикасының білім туралы Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктерін егізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» - деп атап көрсетілген. Олай болса, бүгінгі тәрбиеленуші ұрпақтың болашағы жарқын, жан-жақты терең біліммен қаруланған, мәдениетті де құзыретті болуы үшін жағдай жасау керек. Жоғары мәдениетті жастарды тәрбиелеуді бірінші орынға қоятын қоғам ғана өз дамуында жоғарғы сатыға көтеріледі.

Оқушылардың жеке адамдық ерекшеліктерін, математиканы меңгеру кезінде кездесетін қиыншылықтарды ескере отырып, интербелсенді әдістерді қолдану арқылы, олардың психикалық дамуы мен тұлғалық жетілуіне мол ықпалын туғызатыны байқауға болды.

Қазіргі кезеңде егеменді елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бұл педагогика тарихы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр, себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарды, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.

Дәстүрлі оқыту әдістемесінің білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруге кепілдік бермейтінін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр, сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйені оқыту үрдісінде іске асыру үшін оны технологияландыру қажеттігі туындайды.


Адам үшін ең қызықты нәрсе – өз қолымен жасағаны, өйткені адамның жадында бірінші мезетте тек өзінің әрекеттері мен өз қолымен жасағандары ғана қалады. Кезінде көне қытай ғұламасы Конфуций былай деген екен: «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң – үйренемін», сол себепті де интербелсенді оқу үйренушілердің оқу процесіндегі белсенді әрекеттерін үйренудің негізгі құралдары мен тәсілдері ретінде таниды.

Оқушыларға математика білімінің қыр-сырын жетік таныту, қабілеттерін шыңдау, кез-келген ортада өзін еркін ұстауға, Қазақстан Республикасының азаматы деген атқа лайық болатындай етіп тәрбиелеу – біздің міндетіміз болмақ. Осы орайда оқушылардың білім деңгейін арттыру – маңызды іс. Бұл мәселе көптеген жылдар бойы қарастырылып келе жатыр. Матеметиканың қиындығына, күрделілігіне қарамастан, болашақ ұрпақты осы пәнге қызықтыру, білім деңгейін көтеру біз үшін орасан зор жауапкершілікті қажет ететін оқыту әдісі болуы тиіс.

Ұстаздың әрбір қылығы оқушыға әсер қалдырып, оның ары қарай жетілуіне ықпал ететіні бәрімізге белгілі. Мұғалім – оқушы атаулыға үлгі болатын өмірінің сан алуан жолынан адаспай өтуде оған бағыт беріп, жөн сілтеуші, баланы адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, адалдыққа және басқа да сол сияқты ізгі қасиеттерге баулитын жан. Қазіргі заманымызда оқушының білім деңгейін көтеру мәселесі ең басты мәселелердің бірі болып отыр. Оқушының білім деңгейін көтерудегі басты тұлға – ұстаз екені бәрімізге белгілі.

Оқушының білім деңгейін көтеру дегеніміз – оқушыны жан-жақты тәрбиелеп, ғылым негіздерінен берік білім беру, болашақ қоғамға пайдалы қызмет ететін азамат етіп шығару. Оқушының бойындағы білімін ары қарай тереңдетіп, жетілдіре түсу.

Оқушылардың білім деңгейін арттырудағы мұғалімнің іс-әрекеті дегеніміз – оқушының білімін жетілдірудегі, түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процессті айтамыз, яғни мұғалімнің сабақ үстінде оқушыға білім беру мақсатымен жүргізілетін жұмыс түрлері.

Ауызша есептеуге үйрету бастауыш сыныптан басталатыны бәрімізге мәлім. Ол уақыт үнемдеу тұрғысынан тиімді. Бір ғана мысалдың нәтижесін бірнеше тәсілмен есептегенде берілетін түсіндірмелер, аралық нәтижелердің қалай шығатыны, ақтық нәтижеде не болатыны ауызша айтылады да, оларды жазуға уақыт жұмсалмайды. Оған қоса қай тәсілді қолдану оқушының өз еркінде болғанымен, олардың барынша тиімдісін іріктеп алуды үйретуге де мүмкіндік мол.

Математика сабағында ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Сабақта оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін есеп шығарғанда орындайтын амалдарды ойша шешіп алуды дағдыландырған жөн.

Оқушылардың сабақта өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін математика кабинеттерінде дидактикалық материалды, үлестірмелі материалдар, баспа негіздегі дәптерлер, тағы басқа оқу құралдары жинастырылуы қажет. Дегенмен оқушыларға оқулықпен жұмыс істеуді үйретудің орны ерекше. Барлық ғылыми-техникалық білімнің көзі – кітапқа, оның ішінде оқулыққа оқушылардың сүйіспеншілігі мен құрметін арттыру, олармен өздігінен жұмыс істеуді үйрету мұғалімнің басты міндетінің бірі. Әр сынып оқулықтары қажетіне орай орындалуға тиісті жаттығулармен, есептермен, практикалық тапсырмалармен, суреттермен қамтамасыз етілген. Өздігінен жұмыс істеуді оқушылардың сабақ үстіндегі қызметіне енгізу сабақтың құрылымына да, элементтеріне де әсерін тигізеді.

Балалардың сабақта өз бетімен орындаған жұмысы сыныпта қандай формада болса да ескерілуі тиіс. Мұғалім тапсырманың орындалуын қарап шығуға уақыт бөлуі және өз бағасын айтып, жақсы жұмыстарды атап көрсетіп, қатесін табуға көмектесуі тиіс.

Мектеп оқушыларының өз бетінше жұмыстарын ұйымдастырудың басты формасы – жұмыстарды орындау, ептілік, іскерлік, шеберлік дағдысын дамыту. Бұл үшін төмендегідей тиісті талаптарды орындауға тура келеді:

  1. Өз бетінше істелетін кез-келген жұмыстың нақты мақсаты болу керек. Әрбір оқушы жұмыстың орындалу тәртібін жетік білу керек.

  2. Өз бетінше жұмыс оқушылардың бойындағы танымдық қабілетін, творчестволық ойлау жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

  3. Жұмыстың мазмұны оқушының қызығуын, талпынысын оята білуі тиіс. Яғни оның тілегі жұмыстың соңына дейін бәсендемейтіндей болуы керек.

  4. Өз бетінше жұмысты оқушылар еңбек дағдылары мен әдістерін жетік игеріп түсетіндей етіп ұйымдастыру қажет.

Қорыта келгенде, оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстары: карточкалар, өздік жұмыстар, есептер шығарту, кестелер толтыру арқылы жүзеге асады. Тоқсандық бақылау, өздік 5-10 минуттық бақылау жұмыстары жүргізіледі.

Сондай-ақ математикалық білім беру, математикалық сауаттылыққа түгелдей тәуелді. Ендеше математикалық білім беру туралы әңгімені математикалық сауаттылық мәселесінен бастауымыз керек. Ал, сауатылық мәселесі математика пән мұғалімінің дайындық сапасының негізгі проблемасы. Бұл проблемалар:

  • пән мұғалімінік теориялық әдістерінің жан-жақтылығы,

  • мұғалімнің кәсіби дайындық негіздері (курстар, семинарлар және т.б.),

  • пән дамуының ішкі қисындылығы, яғни логикалық ой-өрісінің жан- жақтылығы.

Математика пәні мұғалімі ретінде өз алдыма қойған мақсат: «Оқытудың озық ақапараттық-иновациялық технологиялар әдістерінің тиімді жағын пайдаланып, математикалық білім жүйесін дамытып, сапалы білім беру». Оқушыларға білім беруді дамытуда білім сапасын төмендегідей анықтаймын:

  1. толықтығы,

  2. тереңдігі,

  3. жеделдігі,

  4. икемділгі,

  5. нақтылығы,

  6. жалпыланғандығы,

  7. жүйелігі,

  8. түсініктілігі,

  9. беріктігі.

Білім мазмұнын орыс академигі И. Лернер айтқан тұрғыдан қарастырар болсақ, ол мынадай бөліктен тұрады: білім (мәліметтер мен деректер), икемділіктер мен дағдылар, шығармашылық іс-әрекеттер және көңіл-күй құндылықтары.

Осы білім мазмұнының «мәліметтер мен деректер» атты алғашқы бөлігін (ұғымдарды анықтау, қасиеттерді түсіндіру барысында) гуманитарлық пәндерде көбірек сарапқа салынатын болса, «икемділіктер мен дағдылар» атты келесі бөлігі (ережені негіздеу, есеп шығару) жаратылыстану пәндерінде таразыға жиі түседі. Бұл бөліктің алғашқыға қарағанда салмағы ауырлау болады. «Шығармашылық іс- әрекеттер» атты білім мазмұнының үшінші бөлігі мектепте сыныптан тыс жұмыстарда, одан да инновациялық мектептерде ғана өз мәнінде қолға алынуда, ал жаңа буын оқулықтарындағы шығармашылық тапысырмалардың танымдық бағыты басымдау болып келеді, оның үстіне ондай тапсырмалардың сабақта қолдануға көп жағдайда мұғалім шеберлігі мен қызығушылығына байланысты.

Қазіргі уақытта заман талабына сай оқытудың жаңа технологияларын қолдану математиканы оқыту барысында оқушыларға білім берудің мақсаты - олардың экономикалық ой-өрісін қалыптастыру, өмірден өз орнын таба білуге, бәсекелестікке дайын, түрлі мамандықтарды меңгере алатын, күрделі өмірлік мәселелерді жылдам шешуге икемді жастарды қалыптастыру, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану, жан-жақты білімді де дарынды тұлғаны білім нәрімен сусындатып, тәрбиелеуде жұмыстана береміз.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. ҚР Білім туралы заңы. «Егемен Қазақстан», 15-тамыз., 2007.

  2. Ахметов Д. Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны даярлау бағытында жүргізілген психопрофилактикалық жұмыстар. А., 2007.

  3. Джобалаева Н.М. Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны даярлау бағытында математикадан білім беруді дамыту. А., 2007.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!