Материалдар / М.Әуезов жайлы мақала
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

М.Әуезов жайлы мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
М.Әуезов жайлы ұстаздарға, оқушыларға зерттеу жұмыстарына арналған көмек мақала
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қазан 2024
90
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы

Көксу ауылдық округы, Қосағаш ауылы

Қосағаш ОМ МДШО КММ













Баяндама тақырыбы:

«Мұхтар Әуезов – қазақ ұлтының жазба әдебиетінің «Қаратауы»»

























Орындаған: тарих пәнінің мұғалімі Молдабаева Арай Жамбылқызы









2022-2023 оқу жылы

Мұхтар Әуезов – қазақ ұлтының жазба әдебиетінің «Қаратауы»

Мұхтар Әуезов замамананың заңғар тұлғасы. Дәуірлердің таңдаулы халыққа таңдап қана беретін сирек сыйы. Мұхтар Әуезов сындарлы заман тезіне сынбай халқына қажет қай сала болса да кетігін толтырып, кемін жасыруға тырысқан кемеңгер тұлға. Осындай алып тұлғаны халықтың қасіретті тарихы мен замананың сұрапыл сұранысы жасап шығарды. Абай Құнанбайұлы «сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» деп айтатындай қазақ халқының қай тұсы жетіспесе, сол жерге кірпіш болып қаланды. Жай кірпіш қана емес, бүтін бір қазақтың қабырғасына айналды. Мұхтар Әуезов жолы-елін шексіз сүю мен сол жолда барын арнай білу жолы. Өмір жолын өнегемен өткізген тұлғаның бізге берері көп. Әуезовтың өмірі қазақтың басына алмағайып заман орнаған тұспен тура келді. Оның шығармалары қысылған халыққа демеу болды. «Қилы заман» романы арқылы қаралы күй кешкен халқына көңіл айтты. Албан көтерілісінде күнәсіз қырғынға ұшыраған елдің қазасына көңілін білдірді[1]. Сол уақыттағы басшылардың күрделі тұлғаларын ашу арқылы халықты саяси сауатты болуға шақырды. Мұхтар Әуезовтың Жүсіпбек Аймауытовпен бірігіп жазған «Адамдық негізгі әйел» атты еңбегі тіпті ерекше. Қоғамдағы әйел тақырыбына ерекше көщқараспен қарауға шақырады. Сол уақытта жүріп жатқан жапа-тармағай «әйел теңдігі» ұранынан басқаша барша халқты жауапты көзқарасқа шақырады. «Адамдық негіз бен отбасылық мәдениетті қалыптастыратын әйел. Қоғамға тікелей әсер етуші де әйел. «Бұған қарағанда адамды хайуандықтан адамшылыққа кіргізген – әйел. Адам баласының адамшылық жолындағы таппақ тарақияты әйел халіне жалғасады. Сол себепті әйелдің басындағы сасық тұман айықпай халыққа адамшылықтың бақытты күні күліп қарамайды. Ал, қазақ мешел болып қалам демесең, тағліміңді, бесігіңді түзе! Оны түзейім десең, әйелдің халін түзе!» [2] деген қортындыға келеді.

Қазақ филологиясына, тарихына, мәдениетіне қатысты жазған еңбектері өз алдына бөлек. Қазақ әдебиетінің тарихын тануда Әуезовтан айналып өте алмаймыз. Ежелгі сақ-ғұн дәуірлерінен бастап Бұхар жырауға дейінгі әдебиеттерді жүйелеп, белгілі бір жүйеге салды. Кейінгі әдебиеттанушыларға үлкен нұсқаулық болды деп айта аламыз. Проза, драматургия саласына да аянбай еңбек етті. Оның қисапсыз еңбегі қазақтың қоржынына түскен байлығы деп есептейміз.

Мұхтар Әуезов өзін білімімен әлемдік деңгейде мойындата білген тұлға. Ол Мәскеу мемлекеттік университетінде профессор болып барып, талай дәріс оқыған. Оны шетелден жиі шақыртатын болған. Германияға, Үндістанға, Чехословакияға, Жапонияға, АҚШ-қа, Өзбекстан сияқты жиырмадан астам елдерге қызмет барысымен барып қайтқан. Ол он алты жасқа толғанға дейін-ақ Абайдың барлық өлеңдерін жатқа оқи алатын қабілеті болған. Семей қалалық мұғалімдер семинариясында оқып жүрген кезінде Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастаны негізінде «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде тіркестіріп тіккен киіз үй сахнасында қойған.

Мұхтар Әуезов - қажымас қайрат пен үлкен дарын, сарқылмас шабыттың , асқан парасаттың, шалқыған теңіз ой мен терең ұшқыр сезімнің иесі. Оның қыл қаламынан туған проза, драма, ғылым, аударма саласында қалдырған ерекше еңбектері – қазақ халқының әдебиетіне қосылған мол қазына деп есептесек болады. Бір мақаламен  жазушының болмысын ашып, оның шығармашылығына толықтай баға беру үстірт түсінік болар. Тәриелі отбасында тәлім алып кішкентайынан үнемі үйрену, іздену үстінде болған қоғам қайреткері, педагог, жазушы, аудармашы хас талант Мұхтар Әуезов өмірінің ақырына дейін осы салалардың барлығында аянбай еңбек етті. Ол Батыс пен Шығыс классиктерін жетік меңгеріп, қазақ халқының ұлы мұраларын бойына сіңіре білді. Оның жан-жақты ізденімпаз, кемеңгер тұлға болып қалыптасуына қоршаған ортасы мен Абай мұрасының да орны ерекше деп бағалауымызға болады. Бір-біріне қарама-қарсы екі түрлі қоғам өмірінің тоғысхан аралығында әдебиет әлеміне келген Мұхтар Әуезов өмірбаянында алғаш тудырған көркем туындыларының өзімен өрелі, байсалды, дарынды, қарымды жазушы екенін байқатып еді. Мұхтар Әуезовтың шығармаларында қазақ өмірінің ерекше көріністері, түрлі өмір құбылыстары мол кіргізілген. Жазушы аз сөз, шағын пейзаж, ықшамды суреттерді ұтымды пайдаланудың тәсіліне шебер екені белгілі. Оның қыл қаламынан туған туындыларынан өз ара үйлеспей жүрген көріністерді, оқиғаларды, фактілерді ұшырата алмайсыз, жазушының жазғандары шынайы өмірдің өзінен алынған.Оның тудырған әңгімелері, романдары, пьесалары – қазақ өмірінің шынайы құбылыстарын, табиғи болмысын көрсетеді. Жеке кейіпкерлерінің сөздері солардың сана-сезіміне, психологиялық ерекшелігіне, іс-әрекетіне, тәлім-тәрбиесіне дөп келеді, бұлар нағыз өмірдің бір бөлшегі, қоғам өкілі ретінде көзге түседі. Кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезов әртүрлі қоғамдық сатыдан өтті, алуан өмірдің ойын-қырын пайымдады.Жазушының асқартау әкесі Омархан да Әуездің бар тәрбиесін сіңіріп азамат етіп өсірген баласы. Әкесі Омархан да сөзге шебер, іске бейімді, еңбекқор адам болыпты. Шежірелік деректерге назар аударар болсақ Мұхтардың өзінің үшінші атасы Бердіқожаның қызы Нұрғаным әйгілі Құнанбайға ұзатылады. Бердіқожаның баласы Әуез – Абай шығармаларын жұрт арасына насихаттаушылардың бірегейі.[3] Абай кейде Әуезден арап, парсы сөздерінің аудармасын сұрап алады екен. Кейін келе Құнанбай, Бердіқожа балалары құдандалы болысып, туыс болып кетеді. Әуездің балалары Омархан, Ахмет Абай балаларымен алыс-беріс жасаған, достық қарым-қатынаста болған екен.

Мұхтардың өміржолының өзі де әжесі Дінәсілмен тікелей қатысты болған. Әжесі ауыл адамдары құрметтеп «кәрі апаң» атандырған ақжарқын, сөзшең, әңгімешіл адам болған екен. Балалық шағында Мұхтар сол әжесінен көптеген таңғажайып қызықты аңыздар, әңгімелер естиді. Сол кезде сахара қазақтары арасына тараған ойын-сауық, мәдениет кештерінің талайына Мұхтар да қатысқан, алты бақан тепкен, асық, дойбы, тоғыз құмалақ ойнаған, ойын-тойларда, астарда болған. Он екі жасында домбыра, гитара тартып үйренеді. Ән салып, күй тартқандардың қасында көп болып, ит жүгіріп, құс салу ісіне құмартқан. Кейде ұзақ күн аң аулап, әбден шаршап жүрсе де қайтпай, қасындағы жолдастарын титықтатып, үйге азар оралады екен. Оның «Аңшылыққа құмарлығы сонша, бір жылы қыстың ең бір қырлы кезі – қарлы, боранды ақпан айында сонау Шыңғыстың сыртындағы Бақанас, Байқошқар жаққа салбурында жүрген атақты құсбегі Мұздыбай мен Шәкәрімге Бауырдан әдейі барып, олардың бүркіт салғанын көріп қайтты. Кейін сондағы көргенін құмарта суреттеп, жардай ғып айтатын-ды»[4]. Осылай өз қоғамындағы түрлі ғұрыптар мен заман ағымын бағып өсті.

Қоғамның барлық саласын жетік меңгеріп, сана сүзгісінен өткізіп заманаға сын айта білген жазушының қалдырған қай мұрасы болса да халқы үшін құнды. Атақты «Абай жолы» роман-эпопеясы, драмалары, аудармалары, әңгімелері, мақалалары халықтың ең сүйікті қазынасы. Қай шығармасы болса да, халықтың көзаясын кеңітіп, танымын қалыптастыратын талғамы биік шығармалар. Халқтың мәдениетін, дүниетанымын кеңітіп қана қоймай халықтың мәдениетін әлемге танытантын шығармалар. Мұхтар Әуезов өмірімен де, өнерімен де өнеге болған өресі биік ерекше тұлға.

























Пайдаланған әдебиеттер

  1. Әуезов М. Қилы зман. Көп томдық шығармалар жинағы.

-Алматы, 1990.

  1. Әуезов М. Адамдық негізі әйел. Көп томдық шығармалар жинағы. -Алматы, 2003.

  2. Жұртбаев Т. Бейуақ. -Алматы, 2003.

  3. Ахметов З. Мұхтар Әуезов//Қазақ әдебиетінің тарихы. -10т.-8т. Алматы, 2004. -134-135 б.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!