Мектеп гигиенасы және экологиялық жағдай

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектеп гигиенасы және экологиялық жағдай

Материал туралы қысқаша түсінік
" экологиялық, гигиеналық жайлар сөз болады. Қысқасы, бала денсаулығын сақтау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп гигиенасы және экологиялық жағдай

Мектептерде оқушылардың гигиенасы сақтала ма? Барлық уақытта сақталады деп айтуға болмайды. Қазір елімізде 3 ауысымдық мектептер бар. Қала жағдайында алып мектептердің жағдайы жақсы деп айтуға келмейді. Өзім 2-3 мектепті араладым. Көзім жеткен соң айтып отырмын. Ол мектептерде үзіліс заңдылығы қалыпты деп айтуға болмайды. Бастауыш баласы әлі де ойын баласы, сондықтан, ол қимылда болатыны түсінікті. Заңдылығында, ұзақ үзіліс 2 рет 10 минуттан болуы керек, бала далаға шығып, таза ауа жұтып, жүгіріп, қимыл-қозғалыста болып ішіндегі жынын шығаруға тиісті. Үзіліс 5 минут болғандықтан, бала мектеп коридорында бір-бірімен алысып, ала шаң болады. Ол шаңды үлкені жоқ, кішісі жоқ, барлығы жұтып жатыр. Мектептердегі экологиялық жағдайдың сақталмайтын бір көрінісі - міне, осы. Ал мен жоғарыда атаған мектептерде ұзақ үзіліс 5 минуттан.

Жиі-жиі терезелер ұзақ үзілісте ашылып, желдетіліп тұруы керек. Әсіресе, бастауыш мектеп баласының көтеретін сумкасы өте ауыр, қаламсабы, кітабы, дәптері, ауыстыратын аяқ киімі, ішетін суы, тағы басқа құралдары, оның үстіне, сумканың салмағын қосыңыз, бұл да бастауыш баласының гигиенасы мен экологиялық жағдайының сақталмауына соғады, сондықтан біздің балаларымыздың арқа омыртқасы қисайып, белі бүгіліп жүруге икемделуде. Ал, негізінде, 2-сынып баласының қалтасының салмағы 2,5-2,8, 3 кг салмаққа жетпеуі тиісті. Бұл да мектептің бастауыш сынып оқушылары үшін сақталатын жай. Қазір дамыған елдерде бұл жайды болдырмау үшін, балалар қалта арқаламайды, мәселен Қытайда балалар ақпарат, тапсырманы флешкіге салып апарып орындайды. Ал Ресейде балалар үшін шығарылатын қалталарға ысырмалы роликтер орналастырылған. Алдағы уақытта біздің елімізде де осындай жағдай іске асса, нұр үстіне, нұр болар еді.

Ал бастауыш мектеп баласының асханасындағы тамақтану жайын да жақсы деп айта алмаймын. Бұл жастағы балаларға көбіне сүт тағамдарынан дайындалған, өнімдер, әсіресе, сұйық тамақтар, жұмыртқа берілу тиіс. Көбіне мектеп асханасында пирожки пісіріліп сатылады. Ол асты мектеп баласының әбден шайнап жұтуына уақыт керек қой, 5 минуттың жартысында ол мектеп асханасында кезекте тұрады, сол асты қолына алған бойда, сыныбына қарай жүгіре жөнеледі. Оны жеп үлгермейді. Міне оның ас қорыту жүйесіне салмақ осыдан да түседі. Сұрастырып қарағанымда, күніне 1000 пирожки пісірілетін мектеп асханалары бар екен. Статистика бойынша мектеп оқушыларының 30 пайызының бауыры, 60 пайызының омыртқасының қисаюы осындай жайлардан екенін ұғынуымыз керек. Ол мектеп асханасының қызметкерлері мен ата –аналар арасында түсіндіру жұмыстарының сирек, тіпті қадағалаудың жоқ болуынан. Санэп араласатын жұмыс. Сыртқы ортамен байланыс - жайлы, жайсыз болып 2-ге бөлінеді. Дұрыс қарым-қатынас болмаса, мәнді тіршілік болмайтыны түсінікті. Сондықтан экологиялық жағдай жақсармай, бала жағдайының жақсармайтынын есте ұстауымыз керек.



Айнур Саурбаева, дәрігер

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.05.2021
925
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі