Мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау ережелірін түсіндіру. Зиянды әдеттерден аулақ болуды насихаттау

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау ережелірін түсіндіру. Зиянды әдеттерден аулақ болуды насихаттау

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық мектеп оқушыларына арналады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Денсаулық-өз қолыңда


Салауатты өмір салты және дұрыс тамақтану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 380 Қаулысымен тұжырымдалған.

Денсаулықты жоғалту оңай, ал қалпына келтіру қиын. Сондықтан адамның денсаулығының мықты болуы өзіне байланысты. Жағымды, жағымсыз заттарды дұрыс таңдай білу арқылы салауатты өмір сүруге әбден болады. Денсаулық-өз қолыңда.

Тамақ құрамында қоректік заттар көп болса, соғұрлым құнарлы болады. Күнделікті тамақ рационында дәруменді, жеңіл сіңетін көкөністерді жиі, ұдайы пайдалану керек. Бүгінгі таңда дүкен сөрелерінен пайдалы тағамдарды кездестіру қиын. Керісінше, адам денсаулығына зиянды тағамдар күн санап көбейіп келеді. Сіздердің назарларыңызға ең қауіпті нашар, тез дайындалатын тағамдардың қауіпті екенін ескертеміз. Бұл зиянды тамақ өнімдеріне әртүрлі дәмдеуіштер, тілді үйіретін дәм күшейіткіштер (усилитель вкуса) қосады. Соның арқасында құнарлығы, дәмі жоқ тағамдар бізге дәмді боп көрінеді.

Қазіргі мектеп оқушылары газдалған сусындарға құмар. Сол арқылы олар - артық салмақ жинайды, ол ұйқы безінің қатерлі ісігі сияқты ауруларға алып келеді. Бір бөтелке газдалған суда 10 қасық қант бар. Газдалған сусынды күнделікті емес, анда-санда ішетіндердің өзі ауыр кеселге шалдығуы мүмкін. Жүрек-тамыр аурулары, қант диабетін - осы газдалған сусындар өршітеді. «Ауру-астан» деген дана халқымыз. Аурудың бәрі ауыздан кіреді, не жеп-ішкенімізді қадағалап, мән берсек, ұзақ та бақытты, сау ғұмыр кешеміз.

Мектеп оқушылары ұялы телефонға уақыт кетірмей, керекті жерінде ғана пайдаланып, тиімді демалғаны дұрыс. Қазір қимылсыз отыратын телефон, смартфон, планшет баланың қимыл қозғалысын тежеуде. Соның ең негізгісі- спорттық жаттығулар. Дана халқымыз, шынықсаң, шымыр боларсың,- деп ескерткен.

Спорттық жаттығулар  қуаттылықтың, шымырлықтың, жұмыс жасаудың ең жоғары көрінісі. Дене жаттығулары күшті, шапшаңдық, шыдамдылық, жылдамдық, төзімділік, икемділік қабілетін арттырады. Спорт адамның сымбат, ой-өрісін, сұлулық талғамын дамытады.

Дененің дұрыс қалыптасуы үшін ұдайы күнделікті жаттығуларды жүйелі іске асыру керек. Денені шынықтыру - салауатты өмір сүру негіздерін білу және ұстану деген сөз. Дененің саулығы – жанның саулығы. Дене тәрбиесі – коғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі. Салауатты өмір салты.

Шыныққан дене аурулардан сақтаудың ең жақсы құралы, шыныққан ағза тұрақты және  микроб, вирустармен жақсы күреседі. Қазіргі пандемия уақытында денені шынықтыру керек-ақ! Денсаулық-өз қолыңда.

Саурбаева Айнур, дәрігер

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.05.2021
292
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі