Мектеп пен отбасы, қоғам ынтымақтастығы»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектеп пен отбасы, қоғам ынтымақтастығы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттер мен мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мектеп – өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі өте зор. Еліміздің бүкіл жастары мектеп арқылы өмірге жолдама алады. Мектеп ешуақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп, өз бетінше жеке автономиялық мекеме болаған емес. Сондықтан оның іс – әрекеті отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен табиғи байланысты. Міне, мектептің үлкен тәрбиелік функциясы осында.

Мектеп тәрбиеге байланысты барлық қоғамдық күштерді ұйымдастыру және біріктіру рөлін атқарады. Ол ішкі тәрбие процесін басқарып қана қоймайды, сонымен бірге мөлтік аудандарда, кәсіпорындарда жүргізілетін тәрбие жұмысының мақсатқа бағыттылығын қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан мектеп балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың, жеке адамның дамуында және қалыптасуында әр түрлі факторлардың ықпалын үйлестіріп, біріктірудің орталығы.

Мектеп іс – әрекеттің ең бастысы – тәрбие түрлерінің (дүниетаным, еңбек, мінез – құлық, эстетикалық және дене тәрбиесі) мақсаттары және міндеттері жүзеге асырылады.

Мектеп басшылығымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының формалары көптеп саналады. Олар: ата – аналармен жұмыс: сынып жетекшілерінің және мұғалімдердің үйелменмен жұмысы; сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары. Осы жұмыстардың барлығына мекиеп басшылық жасайды, көмектеседі, тиісті адамдармен, ұйымдармен бірігіп іске асыруды қамтамасыз етеді.

  1. Отбасы адам баласы тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.

Отбасы бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келді. Сондықтан ол адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.

Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларын игереді. Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі.

Отбасы оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөніндегі мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Өйткені, бала тәрбиесінің отбасыда мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді.

Отбасы тәрбиесі – бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата – аналардың борышы. Өкімет отбасына үнемі қамқорлық жасауда. Оған дәлел: балалар мекемелері жөніндегі халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балаларды еңбек, спорт лагерьлерінің, жас натуралистер станцияларының, ғылыми – техникалық және көркем шығармашылық үйірмелерінің жұмысын кеңейту; ананы, балалық шақты қорғауға ерекше көңіл бөлу; отбасы мүшелерінің демалуы үшін санаторийлердің, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар жағдайын еске алып, әйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру.

Отбасында басты мәселелердің бірі – баланың ттіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу – әрекеті бос уақытын ұйымдастыру жатады.

Бала өмірін және іс – әрекетін ұйымдастыруда негізгі жағдайлардың бірі – ұтымды ырғақ жасау. Күн ырғағы өмір тәртібі, еңбекпен демалыстың парасаттылықпен, кезектесіп өтуі, талаптарды орындау, жақсы әдеттерді қалыптастыру.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.03.2021
241
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі