Материалдар / Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша екінші кіші (3–4 жас) топ педагогтеріне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қазан 2018
2096
15 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

1

О.Н. Ничепай,Е.А.Юркова









Денешынықтыру

Әдістемелік нұсқау

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
үлгілік оқу бағдарламасы бойынша екінші кіші (3–4 жас) топ
педагогтеріне арналған



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
министрлігі ұсынған






















Алматыкітап
2018





Page 2

2





















Ничепай О.Н. , Юркова Е.А.
Денешынықтыру. Әдістемелік нұсқау. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік
оқу бағдарламасы бойынша екінші кіші (3–4 жас) топ педагогтеріне арналған. – Алматы:
Алматыкітап баспасы, 2018. – 256 б.






















© Ничепай О.Н. , Юркова Е.А.
© «Алматыкітап баспасы» ЖШС, 2018


Page 3

3


Кіріспе
«Денешынықтыру» әдістемелік нұсқауы төменде аталған құжаттардың
талаптарына сәйкес дайындалды:
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік
стандарты(Қазақстан Республикасы Үкіметінің 15.05.2016 жылғы № 292 Қаулысымен
бекітілген). Бұл стандарт Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі және
мектепалды білімнің жаңа әдіснамалық негіздерін белгілейді;
2. 1 жастан 6 (7) жасқа дейінгі балаларға мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің
үлгілік оқу жоспары (ҚР БҒМ 22.06.2016ж. № 391 бұйрығымен бекітілген);
3. Мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің үлгілік оқу бағдарламасы (ҚР
БҒМ12.08.2016ж. № 499 бұйрығымен бекітілген).
Жаңартылған бағдарламада 5 білім беру саласының контексінде мектепке дейінгі білім
берудің жаңа мазмұны көрініс тапқан.
Мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің үлгілік оқу бағдарламасының «Денсаулық»
білім беру саласы бойынша «Денешынықтыру» ҰОҚ -лары келесі мақсаттары мен
міндеттері белгіленген:
Мақсаты – денсаулықты сақтау технологияларын қолдана отырып, балалардың
қозғалыс белсенділігін дамытып, денешынықтыру жаттығуларын орындауға
қызығушылықтарын қалыптастыру.
Міндеттері:
 қозғалыс белсенділігін дамыту және үйлестіру, денешынықтыру жаттығуларын
орындауға қызығушылықтарын қалыптастыру;
 денсаулықты нығайтуға көмектесетін ептілік, жылдамдық және үйлестіре жүру,
жүгіру, секіру, шапшаңдық секілді дене сапаларын дамыту;
 жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, қағып алу, еңбектеу және өрмелеу барысында
қозғалыстың негізгі түрлерін орындаудың қарапайым дағдыларын қалыптастыру;
 мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру;
 салауатты өмір салты туралы алғашқы түсініктерді қалыптастыру.
 Осыған байланысты нұсқаудың негізгі мақсаты – аталған міндеттерді жүзеге асыру
үшін тиімді әдіс-тәсілдер, құралдар мен технологияларды көрсету.
Әдістемелік нұсқаудың мазмұны:
1) ҰОҚ-ның перспективалық жоспары;
2) Оқу жылына арналғанұйымдастырылған оқу қызметінің үлгі жоспарлары
ҰОҚ саны (108) ҚР БҒМ-нің 22.06.2016 ж. № 391 бұйрығымен бекітілген 1 жастан 6 (7)
жасқа дейінгі балаларға мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің үлгілік оқу жоспарына
сәйкес.
Бұл оқу қызметтері жоғарыда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру үшін
ұйымдастырылған оқу қызметінің келесідей кезеңдерінен жүйелі түрде өтуге мүмкіндік
береді:
бірінші кезең – ұйымдастыру кезеңі (сабаққа жағымды көзқарас қалыптастырып,
балалардың ұсынылып отырған тақырыпты қуана қабылдауы үшін қажет);
екінші кезең – негізгі кезең(қозғалыс біліктері мен дағдыларын дамыту, қозғалысты
басқара білу дағдыларын жетілдіруді мақсат етеді);
үшінші кезең – қорытынды кезең (рефлексия)(ойын әдістері көмегімен өзін-өзі
бағалауды қарастырады).


Page 4

4

Кезеңдер мен мақсаттарды осылайша бірнеше бөлікке бөлу педагогке өз іс-әрекетін
нақты жоспарлап, әр кезең үшін барынша тиімді әдістерді таңдап алуға, оқу үдерісінің
соңында баладан төмендегі нәтижелерді күтуге мүмкіндік береді:
Ұйымдастырукезеңінде(танымдық аспект) оқып-үйренгенін айта алады (біледі).
Негізгі кезеңде бағыттарды түсінеді (түсінігі қалыптасқан)(тәрбие аспектісі).
Қорытынды кезеңде білім, білік және дағдыларды қолданады (қолдана алады)(дамыту
аспектісі).
3-4 жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеу мектепке дейінгі оқу Типтік
бағдарламасының талаптарына сай балабақшада аптасына 3 сабақ өткізіледі, оның бірі
таза ауада.
Денешынықтыру бойынша ұйымдастырылған оқу қызметін құрудың негізі ретінде
оның құрылымын атауға болады: сабақта орындалатын жаттығулар мен қимыл-қозғалыс
ойындарды іріктеу және ретімен кезектестіру үшін үлгі (нысаналық) жоспар құру қажет.
ҰОҚ құрылымы физиология және дене жаттығулары гигиенасының талаптарына сай
әзірленіп, 3-4 жастағы бала ағзасының жұмысқа қабілеттілік мен шаршағыштық
деңгейлері есепке алынды.
Ұйымдастырылған оқу қызметі біртұтас және ортақ мақсат – бала ағзасының
физиологиялық функцияларын қарқынды жұмыс істету, дене қасиеттерін дамытып,
қозғалыстарын қалыптастыруға көмектесу. Бұл ортақ мақсатқа өзара жүйелі түрде
сабақтасып, жалғасып отыратын ҰОҚ әр бөлігіндегі нақты міндеттерді бірізді орындау
арқылы қол жеткізуге болады.
ҰОҚ түрлі санамақтар, бұрыннан белгілі шағын тақпақтар, қозғалысты сергіту сәттері
пайдаланылады, олар кішкентай балалардың денешынықтыруға деген
қызығушылықтарын дамытып, қозғалыс тәжірибелерін байыта түседі, қозғалыс
әрекеттерін белсенді етеді.
Нұсқауда ҰОҚ ойындық және сюжеттік типтері берілген. Ойындық ҰОҚ типтері
қимыл-қозғалыс ойындар мен тиісті қозғалыстары бар ойындық жаттығуларға
негізделген. Бұл типтегі сабақтарда бұрыннан таныс қозғалыс түрлері жасалып, түрлі
жағдаяттар барысында қозғалыс дағдылары бекітіледі, дене қасиеттері дамытылады.
Сюжеттік типтегі ұйымдастырылған оқу қызметі балалардың қозғалысқа деген
қызығушылықтарын арттырады. Бірақ кейбір сабақтарда ойынға негізделген қозғалыс
әрекетіне ынталандыру негізгі бөлімнің басына да ауыстырылады, балаларды жаттығу
жасауға қатыстыру жалпы сипатта болады. ҰОҚ түрлі типтерінде бөлімдер мен олардың
кезектілігі өзгермейді, сабақ мазмұнына тәуелді болмайды.
3-4 жастағы балаларға арналған ұйымдастырылған оқу қызметі олардың
психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып әзірленген, яғнимінездеріндегі
жоғары әсерленгіштік (қозғыштық), эмоциялық жағдайының тұрақсыздығы, шапшаңдық,
бірқалыпты қозғалыстардан тез жалығу, беймазалық, бір орында тұра алмай үздіксіз жүру,
жүгіру, ойында белгіні ұзақ күте алмау (шыдамсыздық) секілді ерекшеліктері ескерілді.
Негізгі қозғалыс түрлері қиындығын, біртіндеп күрделенуін есепке ала отырып
кезектестірілген. Жүктеменің осылайша жүйелі, біртіндеп, балалардың қолынан
келетіндей болып артып отыруы баланың жалпы дамуына жағымды әсер етіп, оның
қозғалыстық дайындығының жақсаруына септігін тигізеді.
Балаларды қозғалыс жасауға ұйымдастыру әдістері уақыт пен қажетті құрал-
жабдықтарды оңтайлы пайдалануға мүмкіндік береді, бұл сабақтың моторлық
тығыздылығын арттыруға қатты әсер етеді. Әдістемелік нұсқауда ойын түрінде екінші кіші
топ балаларының анатомофизиологиялық даму ерекшеліктеріне негізделген денсаулық
сақтаушы әдістемелер қамтылған: қолдардың кіші бұлшық еттерін дамытуға арналған
жаттығулар, тыныс алу гимнастикасы, ойын түрінде өз-өзіне массаж жасау.
ҰОҚ-лар ұлттық реңкті есепке ала отырып құрылған, сюжет пен құрал-жабдық та
сәйкесінше үйлестірілген (ұлттық киім киілген қуыршақтар, сандық, қоржын), бұл


Page 5

5

кеңпейілділікті, бір-біріне деген мейірбандылықты, дүниеге деген жағымды көзқарасты
тәрбиелейді.
Әр үшінші ҰОҚ-ның құрылымы (таза ауада) жалпы қабылданған тәртіппен және сол
сызба бойынша құралады (басы, негізгі және қорытынды бөлімі). Денешынықтыру
сабағын ауада өткізілуінде өзіндік ерекшеліктері бар.
Баланың өз бетімен әрекет жасауға деген құлшынысы арта түседі. Бірақ оның назары
әлі де тұрақсыз, ол тез алаңдап, бір әрекеттен екіншісіне тез ауысады. Сол үшін баланың
мінез-құлығын ұйымдастыруда ересектердің рөлі алдыңғы топтағыдай үлкен болады.
Бұл жаста балалардың қозғалыс қоры біршама бай, бірақ ол өз әрекеттерінің нәтижесі
қандай болатынын әлі ойламайды, оған сол әрекеттің өзі, оның эмоциялық әсері
қызықтырақ. Сонымен бірге баланың іс-әрекеті, қозғалысы алдын ала ойластырылған
сипатқа ие бола бастайды.
Бала өз қалауымен немесе педагогтің ұсынысымен қандай да бір қимылды жасап,
қайталай алады, қозғалыстың бағытын сақтап, оның кейбір тәсілдерін ажыратады. Бұл
жастағы балалар әдетте қозғалыстың алуан жаңа түрлеріне тез ауысуды қалайды. Қандай
да бір әрекетті жасағанда бала қозғалыстардың белгілі бір кезектілігін сақтай алады,
біртіндеп қозғалыстың дұрыс, біршама үнемді түрлеріне үйренеді.
Қозғалыс дағдылары мен біліктерінің қалыптасуы өзіне таныс бейнелердің
қозғалыстарына еліктеу негізінде жалғасын табады.
Қозғалыс жасалатын ортамен алдын ала танысып алу маңызды, заттарды пайдаланатын
жаттығу түрлерін жасауға деген қызығушылық сақталады.
Бала педагог көрсеткен қимылдарды саналы түрде түсіне қарап, түсіндірулерді
тыңдайды. Ол жасалатын әрекеттердің мазмұнын баяндауға бағытталған диалог түріндегі
түсіндіруді жақсы қабылдайды.
Үш жастың соңына қарай бала дербес, еркін әрекеттер мен өзіне сенімділікті бекіте
түсетін алуан түрлі қозғалыстарды меңгереді. Бұл педагогке балалардың негізгі қозғалыс
түрлерінің сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстарға назарын аударуға мүмкіндік
береді.
Басқа да топтағылар секілді, балалардың денсаулығын жақсарту және толыққанды дене
дамуына қол жеткізу міндеттеріне баса назар аударылады. Қозғалыс белсенділігі мен
балалардың жағымды эмоциялық жағдайы үшін қолайлы шарттар жасалады.
Сондай-ақ балалардың дербес қозғалыс әрекеттерін дамыту үшін қолайлы жағдайлар
туындатып, қозғалыстың алуан түрінде жеке тәжірибе жинақтауға да көңіл бөлінеді.
Екінші кіші топта немесе отбасынан келген балалар да болуы мүмкін. Сол себепті
балалардың даму деңгейі әртүрлі болады. Мектепке дейінгі мекемеде тәрбие алған
балаларда бірлескен әрекет қозғалыстары туралы азды-кем дағдылары бар. Ал отбасынан
бірден келген балаларда, әдетте мұндай дағды болмайды. Сондықтан бұл топта, әсіресе
жыл басында педагог дамуы кешеуілдеген балаларды басқалардың деңгейіне жеткізу үшін
жеке балалармен жұмысты көп жүргізуі керек.
Ұйымдастырылған оқу қызметінде, ойында, дербес іс-әрекетте сөзбен түсіндірулерді
тыңдап, көрсетулерді мұқият қарау, ұсынылған қозғалыс түрлерін жеке-дара ғана емес,
топпен де бірлесіп орындау біліктері қалыптасады. Бірлесіп жұмыс істеу білігін дамытуда
педагогтің балалардың назарын басқалардың жетістіктеріне аударуы бір-біріне деген
жағымды көзқарастарын тәрбиелеуге көңіл бөлгені дұрыс.
Балалар бірлесіп сапқа тұру, ойын барысында орын ауыстыруда өз орнын таба білуді,
қозғалысын тежей тұруды, оны орындауға немесе қайталауға рұқсатты күтуді, біріне-бірі
бөгет жасамауды үйренеді.
Педагог бағдарлама талаптарына сәйкес, балалардың назарын дұрыс қозғалыс
дағдылары мен біліктерін меңгеруге аударады.



Page 6

6

3-4 жастағы балалардың даму ерекшеліктері

Үш жас – баланың мектепке дейінгі балалық кезеңіне енетін уақыты. Денешынықтыру
ісін дұрыс ұйымдастыру үшін баланың ағзасын жалпы дамытып қана қоймай, жекелеген
ағзалар мен жүйелерді дамытудың анатомофизиологиялық ерекшеліктерін есепке ала алу
қажет. Әр жас кезеңінде белгілі бір даму ерекшелігі бар екені белгілі. Өмірінің төртінші
жылына қадам басқан баланың да өзіне тән ерекшеліктері бар.
Баланың дене дамуының көрсеткіштері– бойы, салмағы, кеуде шеңбері, сүйек және
бұлшық ет жүйесінің, ішкі мүшелердің жағдайы, сондай-ақ моторика дамуының деңгейі.
Үш жастағы баланың бойы алғашқы үш жылға қарағанда баяуырақ өседі. Мысалы, екі
жаста баланың бойы орташа алғанда 10–12 см өссе, үш жаста – 10 см, ал төрт жасқа
келгенде небәрі 6-7 см ғана өседі. Үш жастағы ұл баланың бойы 92,7 см, қыз баланікі –
91,6 см, сәйкесінше төрт жаста – 99,3 см және 98,7 см, яғни бой көрсеткішінде
соншалықты алшақтық жоқ.
Үш жастан асқан баланың бойы мен қозғалыстың негізгітүрлері – секіру, жүгіру,
лақтыру, тепе-теңдік ұстау – бір-бірімен белгілі бір (оң) байланыста болады. Бойы
ұзындау балалар басқаларға қарағанда жылдам жүгіреді, ал бойы қысқаларының
қадамдары да қысқалау болғанымен, жалпы қозғалыс қарқыны жылдамырақ болады.
Жүгіруге деген бейімділік осы жас тобында әлі де көбірек байқалатын жеке ерекшеліктер
мен координациялық мүмкіндіктерге де байланысты болады.
Үш жаспен алты жас аралығында жыл сайын салмақ қосу көрсеткіштері ұлдар мен
қыздарда шамамен бірдей болады. Салмақ орташа алғанда 1,5–2 кг өсіп отырады. Үш
жаста ер баланың салмағы 14,6 кг болса, қыз баланікі – 14,1 кг. Төрт жаста бұл арақатынас
өзгереді, ер баланың салмағы – 16,1 кг, ал қыздардікі – 15,8 кг болады. Кеуде шеңбері
үлкейеді, бірақ ұлдар мен қыздардың арасында бұл көрсеткіштердің айырмашылығы
үлкен болмайды. Үш жаста бұл көрсеткіш 52,6 см (ұлдар) және 52 см (қыздар) болса, төрт
жаста 53,9 см және 53,2 см-ге жетеді.
Үш жастан асқан бала омыртқасының физиологиялық иілімдері тұрақсыз, сүйектер мен
буындар жағымсыз әсерлердің салдарынан деформацияға тез түседі. Дене тұрысы дұрыс
болмаса (иықты құрыстыру, бір иығын төмен түсіру, басты үнемі салбыратып жүру), дене
сымбатының бұзылуына әкелуі мүмкін.
3-4 жас аралығында бұлшық ет диаметрі 2–2,5 есе өседі, бұлшық ет талшықтары
дифференциацияланады (сараланады). Балалар үшін, әсіресе үш жастағыларға, қолды
толығымен қозғай отырып жасайтын жаттығулар жеңіл болады (допты домалатып
жіберу), себебі ірі бұлшық еттер кіші бұлшық еттерге қарағанда жылдамырақ дамиды.
Бірақ іс-әрекет барысында білезік буыны мен саусақ буындары біртіндеп жетіледі, бұған
сабақтағы саусақ гимнастикасы және қолға жасалатын массаж көмектеседі. Қолды жоғары
көтеру, жан-жаққа бұру, сонымен бір уақытта денені ию, теңселу, бұру баланың өз денесін
басқара білуіне септігін тигізеді.
Балалардың тыныс алу жолдары ересек адамдардың тыныс алу жолдарынан өзгеше.
Балалардың тыныс жолдары (көмей, трахея (кеңірдек), бронх, мұрын қуысы) әлдеқайда
тар. Оларды қорғайтын сілемейлі қабат өте нәзік, сол себепті тез жараланғыш. Бұл тыныс
алу жолдарының қабынып ауруына бейімділікті туындатады. Үш-төрт жастағы бала
қозғалыс барысында тыныс алуын саналы түрде реттей алмайды. Сол үшін де баланы
мұрынмен қалыпты, үзіліссіз дем алуға үйрету өте маңызды. Ерте жаста басты тыныс алу
бұлшық еті – диафрагма, сондықтан бұл жастағы балаларда ішпен тыныс алу типі
басымырақ.Жаттығу жасағанда демді ішке тарту емес, сыртқа шығару сәтіне көңіл бөлу
қажет. Жүгіру немесе секіру барысында балалар ауызбен дем ала бастаса –
бұлорындалатын тапсырманың мөлшерін азайту қажет деген белгі. Жүгіру жаттығулары
15–20 секундқа созылады (қайталанады).
Үш жастағы балалардың қоршаған орта әсерлерін талдап, қорыту қабілеттері біршама
дамиды. Баланың өз әсерленгіштігін шоғырландыра білу қабілетінің дамуы оның бүкіл


Page 7

7

назарын оқу материалына аударуды жеңілдетеді. Бірақ бұл жағдай кездейсоқ туындайтын
сыртқы алаңдатушы әсерлердің себебінен тез бұзылады – мысалы ұйымдасқан оқу әрекеті
кезінде сырттан бейтаныс адам келіп кірсе, балалардың назары бірден соған ауып кетеді.
Ми қабатындағы қозу және тежелу үдерістері тез таралады. Сырттай бұл қажетсіз артық
қимылдар беймазалық түрінде көрінеді, балалар тым көп сөйлейді немесе керісінше,
үндемей қалады. Тым қозғыштық жиі байқалады, бұл балалардың тез шаршауына әкеледі.
3–3,5 жастағы балалардың сигналдық жүйелерінің өзара ықпалдастығы әлі дұрыс жетіле
қоймаған. Талдауаралық байланыстардың даму деңгейі де төмен, сол себепті балалар
педагогтің сөзбен берген бұйрықтарын кейде түсінбей де қалып жатады. Сондықтан
балаға тікелей көмек көрсеткен тиімдірек болады: оның денесін, қолдарын бұру,
қозғалыстың дұрыс амплитудасын көрсету т.б.бұл кезеңде балаға тікелей және сөзбен әсер
етуді үйлестіру маңызды.

3-4 жастағы балалардың қозғалыстарының даму ерекшеліктері

Баланың өз бетімен әрекет жасауға деген құлшынысы арта түседі. Бірақ оның назары
әлі де тұрақсыз, ол тез алаңдап, бір әрекеттен екіншісіне тез ауысады. Сол үшін баланың
мінез-құлығын ұйымдастыруда ересектердің рөлі алдыңғы топтағыдай үлкен болады.
Бұл жаста балалардың қозғалыс қоры біршама бай, бірақ ол өз әрекеттерінің нәтижесі
қандай болатынын әлі ойламайды, оған сол әрекеттің өзі, оның эмоциялық әсері
қызықтырақ. Сонымен бірге баланың іс-әрекеті, қозғалысы алдын ала ойластырылған
сипатқа ие бола бастайды.
Бала өз қалауымен немесе педагогтің ұсынысымен қандай да бір қимылды жасап,
қайталай алады, қозғалыстың бағытын сақтап, оның кейбір тәсілдерін ажыратады. Бұл
жастағы балалар әдетте қозғалыстың алуан жаңа түрлеріне тез ауысуды қалайды. Қандай
да бір әрекетті жасағанда бала қозғалыстардың белгілі бір кезектілігін сақтай алады,
біртіндеп қозғалыстың дұрыс, біршама үнемді түрлеріне үйренеді.
Қозғалыс дағдылары мен біліктерінің қалыптасуы өзіне таныс бейнелердің
қозғалыстарына еліктеу негізінде жалғасын табады.
Қозғалыс жасалатын ортамен алдын ала танысып алу маңызды, заттарды пайдаланатын
жаттығу түрлерін жасауға деген қызығушылық сақталады.
Бала педагог көрсеткен қимылдарды саналы түрде түсіне қарап, түсіндірулерді
тыңдайды. Ол жасалатын әрекеттердің мазмұнын баяндауға бағытталған диалог түріндегі
түсіндіруді жақсы қабылдайды.
Үш жастың соңына қарай бала дербес, еркін әрекеттер мен өзіне сенімділікті бекіте
түсетін алуан түрлі қозғалыстарды меңгереді. Бұл педагогке балалардың негізгі қозғалыс
түрлерінің сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстарға назарын аударуға мүмкіндік
береді.
Басқа да топтағылар секілді, балалардың денсаулығын жақсарту және толыққанды
дене дамуына қол жеткізу міндеттеріне баса назар аударылады. Қозғалыс белсенділігі мен
балалардың жағымды эмоциялық жағдайы үшін қолайлы шарттар жасалады.
Сондай-ақ балалардың дербес қозғалыс әрекеттерін дамыту үшін қолайлы жағдайлар
туындатып, қозғалыстың алуан түрінде жеке тәжірибе жинақтауға да көңіл бөлінеді.
Екінші кіші топта ясли немесе отбасынан келген балалар да болуы мүмкін. Сол себепті
балалардың даму деңгейі әртүрлі болады. Мектепке дейінгі мекемеде тәрбие алған
балаларда бірлескен әрекет қозғалыстары туралы азды-кем дағдылары бар. Ал отбасынан
бірден келген балаларда, әдетте мұндай дағды болмайды. Сондықтан бұл топта, әсіресе
жыл басында педагог дамуы кешеуілдеген балаларды басқалардың деңгейіне жеткізу үшін
жеке балалармен жұмысты көп жүргізуі керек.
Ұйымдастырылған оқу қызметінде, ойында, дербес іс-әрекетте сөзбен түсіндірулерді
тыңдап, көрсетулерді мұқият қарау, ұсынылған қозғалыс түрлерін жеке-дара ғана емес,
топпен де бірлесіп орындау біліктері қалыптасады.Бірлесіп жұмыс істеу білігін дамытуда


Page 8

8

педагогтің балалардың назарын басқалардың жетістіктеріне аударуы бір-біріне деген
жағымды көзқарастарын тәрбиелеуге көңіл бөлгені дұрыс.
Балалар бірлесіп сапқа тұру, ойын барысында орын ауыстыруда өз орнын таба білуді,
қозғалысын тежей тұруды, оны орындауға немесе қайталауға рұқсатты күтуді, біріне-бірі
бөгет жасамауды үйренеді.
Педагог бағдарлама талаптарына сәйкес, балалардың назарын дұрыс қозғалыс
дағдылары мен біліктерін меңгеруге аударады.

Денешынықтыру барысында оқыту ісі төменде аталған дидактикалық қағидаларға
негізделеді:
- саналылық пен белсенділік;
- көрнекілік;
- қолжетімділік пен дербестік;
- жүйелілік;
- ілгерілеушілік.

Саналылық пен белсенділік қағидасы

Қозғалыс дағдылары мен біліктерін ойдағыдай қалыптастыру, дене қасиеттерді
дамыту көп жағдайда балалардың денешынықтыруға саналы көзқарасына байланысты
болады. Осы мақсатта педагог балаларға сабақтың маңызын, жаттығулардың мәнін,
оларды орындау техникасын түсіндіреді. Саналылық қағидасы балаларды
бастамашылдыққа, дербестікке тәрбиелейді. Саналылық қағидасы белсенділік
қағидасымен тығыз байланысты.
Белсенділік қағидасының мәні – балалардың сабаққа бөлінген уақыттың басым
бөлігінде түрлі жаттығулар жасап, қозғалыс тапсырмаларын қызығушылықпен
қабылдауында.

Көрнекілік

3-4 жастағы балалардың қозғалыс тәжірибесі аз. Сондықтан денешынықтыру
жаттығуларын үйрету барысында мүмкіндігінше талдауыштардың барлығын іске қосып,
әртүрлі көрнекі мысалдар пайдалану қажет: жаттығуларды жасап көрсету, көрнекі
құралдарды, имитацияларды, көретін, еститін бағдарлар т.б.

Қолжетімділік пен дербестік

Бұл қағида балаларды жас ерекшеліктері мен жеке айырмашылықтарын есепке
ала отырып оқытуды қарастырады. Әсіресе балалардың өздеріне ұсынылып отырған
тапсырмаларды орындауға күші жеткіліктілігін анықтап алу маңызды. Қолжетімділік
қағидасы бойынша баланың дене және ой-сана күшін шоғырландыру арқылы орындай
алатын қиындықтағы жаттығулар ұйымдастырылған оқу қызметінің сауықтыру нәтижесін
бұзбауы қажет. Жасы мен дайындығы өскен сайын, балалардың мүмкіндіктері де арта
түседі, сондықтан баланың дамуын жалғастыру үшін талаптарды күрделендіре беру
қажет. Оқу және тәрбие үдерісінде белгіліден белгісізге, қарапайымнан күрделіге,
игерілгеннен игерілмегенге ережелеріне сүйену қажет. Қиынырақ тапсырмаларға біртіндеп
өту керек, себебі ағзаның функционалдық мүмкіндіктері біртіндеп өсіп отырады.
Балалардың функционалдық мүмкіндіктері, денсаулығы, дене дамуы мен дене
дайындығы әртүрлі. Қозғалыстарды үйрену жылдамдығы, ағзаныңдене жүктемені
қабылдауында да дербес айырмашылықтар бар. Бұл педагогтіденешынықтыру үдерісін
дербестендіруге міндеттейді. Денешынықтырудың барлық міндеттерін орындауда әр
балаға дербес тәсілдеме қолдану қажет. Жалпы бағдарламалық талаптарды орындауда


Page 9

9

дербес тәсілдеме тапсырмаларды, жүктеме нормаларын, оларды реттеу тәсілдерін саралау,
сондай-ақ педагогикалық әсер ету әдістері түрінде көрініс табады.



Жүйелілік

Ағзадағы функционалдық және құрылымдық өзгерістер қайта қалпына келеді,
яғни денешынықтыру жаттығуларымен айналысуды тоқтатқан кезде кері бағытта
дамитын болады. Сол себепті ұйымдастырылған оқу қызметін жүргізуде әр
ұйымдастырылған оқу қызметінің нәтижесі алдындағы сабақтардың оң нәтижелерін
дамытып, бекітетіндей аралықта өтуін есепке алу қажет. Дұрыс ұйымдастырылған
денешынықтыру барлық шарттар мен талаптардың үйлесімді болуын, дене
жаттығуларының белгілі бір жүйе және бірізділікке бағынуын қарастырады.

Ілгерілеушілік

Бұл қағида денешынықтыру барысында талаптардың біртіндеп өсетінін, жаңа
тапсырмалар бұрынғыларға қарағанда қиынырақ болатынын, жүктеме көлемі мен
қарқыны да арта түсетінін білдіреді. Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында дене
жүктемесі біртіндеп көбейіп отыруы тиіс. Функционалдық мүмкіндіктердің өсуін
қамтамасыз ету үшін жүктемелердің көлемі мен қарқынын жүйелі түрде көбейту қажет.
Жаңа тапсырмалар мен соларға байланысты жүктемелер балалардың дербес
мүмкіндіктеріне сай, олардың қолынан келетіндей болса ғана, талаптардың өсуі оң
нәтижелерге жеткізеді.

Қозғалыс дағдыларын қалыптастырудың нәтижелілігі көп жағдайда оқу әдістері
мен тәсілдерінің дұрыс таңдалуына байланысты

Әдістердің үш түрі ажыратылады: көрнекілік, ауызша, практикалық.
Көрнекі әдістер – дене жаттығуларын жасап көрсету, көрнекі құралдарды
(ойыншықтар, суреттер) пайдалану, имитация (еліктеу), көруге арналған бағдарлар,
дыбыстық белгілер, көмек.

Дене жаттығуларын жасап көрсету

Балаларға дене жаттығуларын жасап көрсету арқылы түсіндіру олардың
санасында осы жаттығулар туралы түсініктерді бекіту жеңілірек болады.
Әдетте балаларға жаңа жаттығуларды үйреткенде, тәрбиеші өзі жасап көрсетеді.
Жаттығуды тәрбиешінің өзі бірнеше рет жасайды. Бала дене жаттығуын дұрыс түсініп,
оны барынша жақсы орындауға ынталануы үшін қозғалысты жоғары техникалық деңгейде
көрсету қажет, яғни күшті толығымен жұмсап, қалыпты қарқында, жеңіл жасау керек.
Содан соң жаттығуды түсіндіріп, тағы бір рет көрсетеді.
Тәрбиеші жасаған жаттығуы балалардың барлығына көрінуі үшін дұрыс орын
таңдауы керек. Мысалы, жалпы дамытушы жаттығуларды биіктеу жерде, балалардан сәл
қашықтау тұрып көрсету қажет, бойы кішкентай балалардың алдыңғы саптарда тұрғаны
дұрыс. Ең күрделі жаттығуларды (серпе лақтыру, секіру т.б.) бірнеше рет қайталап,
әртүрлі қырынан көрсету қажет, сонда ғана балаларда дененің, қолдардың, аяқтардың
қандай қалыпта болатыны туралы дұрыс түсінік қалыптасады.
Жаттығу жасауға арналған құрал-жабдық педагогтің бойы мен салмағына сәйкес
болмаған жағдайда ғана (гимнастикалық қабырғадағы жаттығулар, жіптің астынан өту,
шеңберден өту т.б.) жаттығу жасауға балаларды қатыстыруға болады.


Page 10

10






Ауызша түсіндіру

Әдістің бұл тобына жаттығудың атын атау, сипаттау, түсіндіру, балаларға бұйрық,
нұсқау беру, сұрақтар қою секілді әрекеттер жатады. Ауызша әдіс баланың ойлау
қабілетін дамытады, жаттығу техникасын дұрыс меңгеріп, қозғалыс туралы дәлірек
түсініктері қалыптасуына септігін тигізеді. Бұлшық ет-қозғалыс қоздырғышы сөйлеу-
қозғалыс қоздырғышымен үйлескен кезде уақытша байланыстар ми қатпарларына
жылдам әрі берік бекитіні белгілі. Осындай үйлесім арқылы алдағы уақытта
ауызша белгілеу ізін есте жаңғырту арқылы қозғалыстың көзбен көрген бейнесін де есте
жаңғыртуға болады. Мысалы, жаттығудың атауы ол туралы айқын түсінікті туындатады.
Сондай-ақ, дене жаттығуларын қарап тұрған кезде бала санасында ауызша белгілеу
бейнесі де пайда болуы мүмкін. Осылайша, ауызша белгілеулер дене жаттығулары секілді
жақсы қоздырғыш бола алады. Сөз арқылы балаларға білім береді, тапсырмалар береді,
оларды орындауға құлшынысын арттырады, қол жеткізген нәтижелерді талдап,
бағалайды.

Жаттығулардың атауы

Дене жаттығуларының көбінің шартты атаулары бар, олар әдетте қимыл сипатын
көрсетеді. Мысалы: «Сағат», «Ағаштар теңселеді», «М ысық ашулы», «Қаздар
ысылдайды» т.б. Педагог жаттығуды көрсетіп, түсіндірген кезде оның қандай қимылға
ұқсас екендігін қоса айтады. Жаттығу әбден меңгерілді деген кезде ғана педагог оның
атауын айтады. Атауды естіген балалар қимылды елестете алады, оны жасау жеңіл
болады. Жаттығудың атауы оны қалай жасау керекекендігін түсіндіру немесе еске салуға
кететін уақытты біршама қысқартады.

Сипаттау

Сипаттау – үйренетін қимылды орындау техникасының ерекшеліктерін егжей-
тегжейлі және жүйелі түрде мазмұндау. Ауызша сипаттау көбінесе жаттығуды көрсетумен
толықтырылады. Сипаттау қимыл техникасының негізгі элементтерін атап, олар туралы
айқын түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Түсіндіру

Түсіндіру жаттығуды үйрену кезінде қолданылады. Түсіндіру кезінде жаттығудың
ең маңызды тұсына назар аударылып, осы сабақта техниканың ерекше көңіл бөлінетін
элементі айрықшаланады. Біртіндеп балалардың көңілінде әр элемент жайлы түсінік
қалыптасады.
Түсіндіру қысқа, нақты, түсінікті, бейнелі, эмоционалды болуы тиіс. Түсіндіру
мазмұны оқудың нақты мақсаттарына, балалардың дайындығына, дербес ерекшеліктеріне
байланысты өзгеріп тұруы мүмкін. Түсіндіру барысында бұрыннан таныс жаттығуларды
еске түсіріп, мысалға келтіруге болады. Бұл баланың ойлауын дамытып, ол үйреніп
жатқан қимылды тезірек, нақтырақ қабылдайды.

Түсініктеме беру


Page 11

11

Түсініктеме қандай да бір нәрсеге назарды аудару немесе балалардың қабылдауын
тереңдету, үйренетін қимылдың қандай да бір қырын анықтап көрсету мақсатымен
қолданылады. Түсініктеме дене жаттығуларын көрсету немесе орындау барысында
жасалады. Бұл жағдайда сөз қосалқы рөл атқарады.

Нұсқау беру

Қимылдарды үйрену, дағдылар мен біліктерді бекіту кезінде сөз тапсырманы
нақтылау; қандай әрекет жасау керектігін еске түсіру; балалардың қателіктерінің алдын
алу немесе түзету; жаттығудың орындалуын бағалау (мақұлдау, мақұлдамау);
ынталандыру үшін қолданылатын қысқа нұсқаулар түрінде де қолданылады.
Нұсқауды жаттығу жасаудан бұрын да, жасау барысында да беруге болады.
Бірінші жағдайда нұсқау алдын ала түсініктемелер беру тәсілі түрінде қолданылады.
Екінші жағдайда педагог тапсырманың дұрыс орындалуын бағалайды. Орындау
сапасының бағасы балалардың қимыл туралы түсініктерін нақтылауға көмектеседі.

Командалар. Бұйрықтар

Команда дегеніміз – педагог беретін ауызша бұйрық, оның нақты формасы және
нақты мазмұны бар («Жүгір!» т.б.). Ауызша ықпал етудің бұл формасы барынша қысқа әрі
пәрмендік дауысреңкімен ерекшеленеді. Команда балалар әрекетіне тікелей басшылық
етудің (шұғыл басқару) негізгі әдістеріне жатады.
Команданың мақсаты – қимылдың басы мен соңын балалардың бір мезгілде
жасауын, қимылдың белгілі бір қарқыны мен бағытын қамтамасыз ету.
Команда екі бөлімнен тұрады: дайындық және орындау. Дайындық бөлімде нені,
қалай жасау керектігі көрсетілсе, орындау бөлімінде қимылды бірден орындау туралы
белгі беріледі.
Команданы дұрыс беруді үйрену маңызды, сөзге дұрыс акцент түсіріп, дауыстың
күші мен интонацияны дұрыс бере білу керек: «Бір орныңда қадам...» (дайындау
командасы), «Бас!» (орындау командасы). Команданың дайындау бөлігі созылыңқы
айтылып, содан соң аздап кідіріс жасалады, бұдан кейін қатты, тез, екпін сала орындау
бөлігі айтылады. Команда берген кезде педагог өзі «тік тұруы» қажет. Оның сенімді
дауысы, денесін тік ұстауы, команданың анықтығы балаларды тәртіпке келтіріп,
ұйымдастырады, оларға тапсырманы тез және нақты орындауға міндеттейді.
Бұйрықтың командадан айырмашылығы – оларды педагог өзі құрастырады
(«Терезеге – бұрыл!»), бірақ олар да пәрменді түрде айтылады. Команда мен бұйрық
бергенде дауыстың күші сабақ өткізілетін бөлменің көлеміне байланысты болады. Ең
бастысы, балалар педагогті естіп, дұрыс түсінуі, қимылды дұрыс әрі уақытылы жасауы
тиіс.
Жаттығу музыканың сүйемелдеуімен жасалатын болса, онда команданың
(бұйрықтың) дайындық бөлімі сөзбен айтылып, ал орындау бөлігін (орындауға белгі)
алғашқы музыкалық аккорд алмастырады. Балаларға сұрақ қою оларды байқампаздыққа
тәрбиелеп, ойлау және сөйлеу қабілеттерін жетілдіреді, қимыл туралы түсініктерін
нақтылауға, қимыл-қозғалыс түрлеріне деген қызығушылықтарын оятуға көмектеседі.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің мазмұны мен өткізу әдістеріне қарай типтері:
– ойындық
– сюжеттік
– аралас.
Ойындық типте тапсырмаларды орындау үшін сәйкес келетін қимылдары бар
қимыл-қозғалыс ойындар іріктелініп алынады. Бұл типтегі ұйымдастырылған оқу


Page 12

12

қызметінде таныс қозғалыс түрлері жасалады, міндет – қозғалыс дағдыларын бекіту,
өзгермелі жағдайларда дене қасиеттерді дамыту.
Сюжеттік сабақтар балалардың қозғалысқа деген қызығушылығын арттырады, үш
бөлімнен тұрады: дайындық, негізгі, қорытынды.
Дайындық бөлім балалардың эмоционалдық жай-күйін арттырады, олардың
назарын оятып, ағзаны алдағы жүктемеге дайындайды. Ұйымдастырылған оқу қызметінің
бұл бөлімінде ойындық мотивация құрылып, ойын міндеті қойылады. Бірақ кейде қимыл-
қозғалыс әрекетіне ойынға негізделіп мотивациялау негізгі бөлімнің бас жағына
ауыстырылуы мүмкін, балаларды жаттығуды жасауға шақыру үшін ортаны жасау қажет:
таныс жаттығуларды еске түсіру үшін музыкалық сүйемелдеу, асатаяқ дыбысы.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің негізгі бөлімінде балалардың қозғалыстарды орындау
дағдылары қалыптастырылып, үйретіледі, бекітіледі, дене қасиеттері, координациялық
қабілеттері дамытылады. Бұл бөлім үшін сюжеттің кульминациялық (шарықтау)
қанықтығы тән.
Қорытынды бөлімде бұлшық етке түскен қатты жүктемеден ақырындап байсалды
қалыпқа ауысу жүзеге асады, балалардың ойын кейіпкерлерімен қарым -қатынасы
жалғасып, кішкентайлар өз бетімен ойнауға дайындалады.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің аралас типі гимнастикалық жаттығулардан
(саптағы, жалпы дамыту, негізгі қимыл-қозғалыстар) және қимыл-қозғалыс ойындардан
құралады. Кіші жастағы балаларға гимнастикалық жаттығуларды ойын жаттығулары
түрінде жасатады.
Ұйымдастырылған оқу қызметініңтүрлі типтерінде бөлімдер мен олардың
кезектілігі өзгермейді, сабақтың мазмұнына тәуелді болмайды.

Ұйымдастырылған оқу қызметін өткізуге әдістемелік нұсқаулар
Екінші кіші топтағы ұйымдастырылған оқу қызметініңұзақтығы – 15 минут.
Ұйымдастырылған оқу қызметін өткізуде қажетті гигиеналық талаптар есепке алынады:
бөлмені желдету, дымқыл тазалық жұмыстарын жүргізу. Топ бөлмесіндегі ауа
температурасы +18–20 °C (жазда) және +20–22 °C (қыста) болуы керек. Орташа
ылғалдылық – 40–60 %. Ауа температурасының өзгеруін бақылау үшін бөлмедегі
термометр бала бойының деңгейінде (бірақ балалар ала алмайтын жерде) ілінуі тиіс. Жыл
басында балаларды залмен таныстырып, құрал-жабдықтарды көрсету қажет, әйтпесе
кейбір балалар үшін топ бөлмесінен шығып, нұсқаушымен танысу стресс болуы мүмкін.
Ұйымдастырылған оқу қызметіне топтағы балалар түгелдей қатысады. Балабақшаға
жаңадан келген балаларға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Алғашқы уақытта оларға қойылатын
талаптар көп болмауы керек, ең бастысы оларды қызықтырып, басқалармен бірге әрекет
етуге ынталандыру қажет.
Екінші кіші топта апта ішінде бір материалға негізделген екі сабақ өткізіледі.
Балалар үшін біршама күрделірек тапсырмалар қамтылған ұйымдастырылған оқу
қызметін 1,5–2 айда қайталап өткізуге болады. Бұл жағдайда жаттығулардың негізгі
қимыл-қозғалыстарын қайталауға негізделген дұрыс. Сабақтың кіріспе және қорытынды
бөлімдеріне аздап өзгерістер енгізуге де болады. Ұйымдастырылған оқу қызметінің
кіріспе бөлімі жан-жақты және эмоционалдық қанықтырылған болғаны маңызды.
Педагог мүмкіндігінше көп баланың жаттығу жасауға қатысуына мүмкіндік беретін
жұмыс түрлерін таңдауы керек, әрине бұл ретте қимыл-қозғалыстың сипаты сай болуына
көңіл бөлу қажет.
Балаларды фронталды және ауысымды ұйымдастыра жүру, жүгіру, секіру, еңбектеу,
лақтыру, қағып алу барысында түрлі жаттығуларды орындауда, сондай-ақ жалпы дамыту
жаттығуларда қолданылады.
Фронталды іс-әрекет, ең алдымен, балалардың жеке тәжірибесін пайдалануды
көздейді. Басқалармен бірге жаттығу жасаған кезде әр бала өз дене қасиеттеріне тән


Page 13

13

қарқында дербес қимылдайды. Өз бетімен орындауға арналған қимыл-қозғалыстардың
баланың қолынан келетіндей болуы жағымды эмоционалдық сезімдерді қалыптастыруға
көмектеседі.
Педагог топтық жатығуларда барлық балаларға тапсырманы көрсетіп, түсіндіреді,
оларды түсіндірмені толығымен, соңына дейін, сөзді бөлмей, мазасызданбай, асықпай
тыңдауды, қимылды басқалармен бір мезгілде бастауды, жаттығуды аяқтаған соң келесі
белгіні күтуді үйретеді.
Жаттығуды қайталау алдында, қажет болған жағдайда, педагог оны тағы да түсіндіріп,
көрсетеді, балалардың көпшілігі үшін жасау қиындық келтірген тұстарына ерекше
тоқталады. Балалардың қимылы педагог көрсеткен қимылмен дәл түсуіне қол жеткізу
міндетті емес, бұл жаста бала қимылды жай ғана шамалап ұқсатып қайталай алады.
Көбінесе ұйымдастырушылық қиындықтар тепе-теңдік сақтау, өрмелеу, нысананы
көздеп лақтыруда кездеседі. Бұл қимылдарды жасау дағдысы жеткіліксіз болғандықтан,
балалар баяу қимылдап, басқалардың да қимылына бөгет жасауы мүмкін. Бұл
жаттығулардың қиынға түсетін тағы бір себебі, балалар құлап қалуы мүмкін
болғандықтан, қауіпсіздік мақсатында олардың әрқайсысына жеке-жеке көмек көрсету
қажет.
Бір мезгілде екі немесе одан да көп бала қатыса алатын жаттығуды ұйымдастыруда
педагог балалардың барлығы осы жаттығудың жасалуын көріп тұратындай етіп
орналастыруы қажет. Жаттығу барысында педагог балаларға жаттығуды түсіндіріп, оған
деген қызығушылықты азайтып алмау үшін, үнемі балалармен сөйлесуі қажет. Әдетте бұл
жастағы балалар өзінің не істеп жатқаны туралы әңгімелеп, айтып бергісі келіп тұрады.
Құралдың үстіндегі балаға ескертулер жасап немесе кеңес беріп, асықтырған немесе
тежеген кезде педагог осыны ескеруі қажет. Бұл жаста біртұтас ойын мазмұнымен
байланысты бірізді қимыл-қозғалыс жасауға құлшыныс әзірге қаттыдами қоймайтынын да
жаттығуды ұйымдастыру барысында ескеру керек. Ең бастысы баланың белсенділігін,
қимыл-қозғалысты үйренуге, денешынықтырумен айналысуға деген ниетін ояту қажет.
Екінші жартыжылдықта педагог жаттығуды түсіндіре отырып, қимыл-қозғалыстың
кезектілігін, оларға қойылатын талаптарды бекітіп, бастапқы қалып түрлеріне назар
аударады.
Жалпы алғанда, бұл жастағы балалар өздерінің жаттығуға қатысуын тек қана жағымды
қабылдайды және олар тек қана осы қатысуы тұрғысынан ғана бағалайды. Бала үшін
қимыл-қозғалыстың сапасы маңызды емес, оған бастысы сол жаттығу процесі, сол үшін де
баланың қимыл-қозғалысының сапасы жайлы ескертулерді көп айтқанмен, пайдасы
болмайды. Баланың іс-әрекетін бағалағанда, ең алдымен оның белсенділігін, өзін ұжымда
ұстай білуін қарастыруы керек. Көтеріңкі көңіл күй мен эмоционалды жағымды
қабылдауды ұмытып, жоғалтып алмау керек.
Балабақшаға жақында келген балалар, әсіресе 4 жастағылар, ұйымдасу дағдылары нашар
дамығандықтан, сапқа тұру, орын ауыстыруға негізделген жаттығуларда қиналып, қимыл-
қозғалыс ойындар мен жаттығуларға бірден қосылып кете алмайды. Олар үшін бәрі жаңа,
сондықтан олар жиі алаңдайды. Оларға қайта-қайта ескерту жасаудың керегі жоқ, олар
біртіндеп балаларға арналған мекемедегі тәртіпке үйренеді, басқалармен бірге жаттығулар
жасайтын болады, бастысы педагогтің төзімі мен уақыт керек.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің мазмұны
Екінші кіші топта бірінші кіші топта өткен материалды қайталаудың маңызы зор. Ол
балалардың бұдан бұрын алған дағдылары мен біліктерін бекіту мақсатында, сондай-ақ
жаңадан келген балаларға қажетті дағдыларды игеруге мүмкіндік беру үшін қажет.
Сабақтарда қимыл-қозғалыстарды үйрету бұрынғыдан да жүйелі түрде өткізіледІ..
Бірақ балалар әлі де болса өз әрекетінің нәтижесін талдай алмайды, олар үшін қимыл-


Page 14

14

қозғалыстың өзі қызықты. Бұл жаста ең бастысы – ұсынылатын жаттығуларды көп рет,
белсенді қайталау. Балалардың педагог көрсетіп, түсіндірген қимыл-қозғалыстарды
мұқият қарау қабілеті арта түседі. Сонда да болса балалардан қимыл-қозғалыстың дәл
және сапалы болуын қатаң талап ете алмаймыз.
Үш жастан асқан балалардың бірлесіп оқу әрекеті дағдылары қалыптасады. Бірақ қимыл-
қозғалысты бірлесіп жасау әрдайым тұрақты бола бермейді, балалар тез алаңдап, өз
қимыл-қозғалысына ерекше құлшыныспен кірісіп кетеді, сол себепті педагог жеке
жұмыстарға баса көңіл бөлуі керек.
Екінші кіші топтағы ұйымдастырылған оқу қызметі әдеттегі құрылымдық сызба бойынша
құрылады: кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерден тұрады. Олардың әрқайсысының
өз міндеті бар.
Кіріспе бөлім 2-3 минутқа созылады. Педагог алдын ала қандай да бір күтпеген жағдаят
туындатуы керек (күлкілі ойыншық, қолдан бұралып қосылатын ойыншық, көңілді би
т.б.), балалардың ешқайсысы мұны білмеуі тиіс. Ұйымдастырылған оқу қызметінің бұл
бөлігіндегі жаттығулар балалардың назарын шоғырландырады, олардың ағзасын алдағы
қозғалыс жүктемесіне дайындайды.
Жүру, жүгіру, сапқа тұру, орын ауыстыру, заттармен (жалаушалар, сылдырмақтар,
текшелер) түрлі тапсырмалар орындау педагогтің нұсқауы бойынша, кейде музыкалық
сүйемелдеумен орындалады. Мысалы, балалар қолдарына текшелерді ұстап, бірінің
артынан бірі тізіліп жүреді. Педагог оларға тоқтап, қолдарын алға созып, жоғары көтеріп,
текшелерді бір-біріне ұруды ұсынады. Басқа заттармен жасалатын қимылдар да осыған
ұқсас: сылдырмақты – сылдырлату, жалаушаларды – сермеу.
Жүру мен жүгіру жаттығуларын кезектестіріп отыру қажет: балалар алдымен жүреді
(жарты шеңбер), содан соң жүгіреді (толық шеңбер). Жаттығу екі рет қайталанады.
Негізгі бөлім (10 минут) түрлі заттар пайдаланылатын немесе пайдаланылмайтын жалпы
дамытушы гимнастикалық жаттығуларды, негізгі қозғалыстарды (тепе-теңдік сақтау,
өрмелеу, секіру, лақтыру), қимыл-қозғалыс ойынды қамтиды.
Жалпы дамытушы ойындарды орындағанда балалар заттардың (кег ель, сылдырмақ,
текшелер) қасында шеңбер құрып немесе шашырап тұрады. Жыл басында балалар әлі
жылдам, ұйымдасқан түрде қозғала алмайды. Бұл кезеңде оларды шеңбер жасап тұрғызған
дұрыс. Бұдан кейінгі кезеңдерде заттардың қасына екі тізбекке, сап құрып, шашырап тұру
секілді тұру қалыптарын қолдануға болады.
Педагог балалардың дұрыс бастапқы қалыпта тұруына көңіл бөледі, себебі бастапқы
қалып ағзаға және бұлшық еттердің жекелеген топтарына түсетін жалпы жүктемеге әсер
етеді. Ұйымдастырылған оқу әрекетінің жоспарын құра отырып педагог оқуға, қайталауға
және бекітуге арналған жаттығуларды айқын белгілейді. Оқыту жаттығуларын орындауға
көбірек уақыт бөлінеді, ал бұрыннан таныс материалды қайтадан егжей-тегжейлі
түсіндірудің қажеті жоқ, тек кейбір бөліктерін нақтылап, кейбір бөліктерін ғана қайталап
көрсету керек.
Екінші кіші топта, әдетте, бір сабақта негізгі қимылдың екі түрі жоспарланады. Негізгі
қимылдың санын көбейтеміз деп, жаттығуды орындау сапасын төмендетуге болмайды. Бір
қалыпта ұзақ уақыт тұру не отыру да баланы шаршатып, тірек-қимыл аппаратының
жағдайы мен дамуына кері әсер етеді. Егер педагог жаттығу жасар алдында балаларды
ұзақ уақыт түзу тұрғызып, 1–1,5 минутқа дейін ұзақ түсіндірсе, бұл қозғалыс белсенділігін
төмендетіп, балалардың дене сымбатына, назарына, жаттығуды орындауына кері әсерін
тигізеді. Түсіндіру ұзақтығы 20–25 секундтан аспауы керек (тапсырманың күрделілігіне
де байланысты, бірақ ұзақ түсіндіру қажет болған жағдайда балаларды отырғызып қою
қажет).
Балалардың қозғалыс дағдыларын игеруіне қажетті жағдайдың бірі – әр сабақ үшін негізгі
қимыл-қозғалыстардың физиологиялық үйлесімділігі мен біртіндеп күрделенуін есепке
алына отырып іріктелуі. Бұған әр сабақты апта ішінде екі рет қайталау (кейде аздап
өзгертулер қосып), екінші негізгі қимылды дұрыс таңдау арқылы қол жеткізуге болады.


Page 15

15

Екінші негізгі қимыл дене жүктемесін өзгерту (көбейту немесе азайту) және балалардың
қозғалыс тәжірибесін байытып, жаңа тапсырманы орындауға дайындық әдісі ретінде
қолданылады. Қимыл-қозғалыс ойын – бала ағзасына түсетін дене және эмоционалдық
жүктеменің ең жоғары түрі болып есептеледі.
Қорытынды бөлім 2-3 минутқа созылады. Негізгі міндет – балаларды тыныштандыру.
Тек осыдан кейін ғана іс-әрекеттің басқа түрлеріне ауысуға болады. Әдетте қорытынды
бөлімде қарапайым жаттығулар жасалып, тыныш ойындар ойналады.

Сапқа тұру және орын ауыстыру
Балалар жылдың екінші жартысына қарай сапқа тұруда дербес, өз бетімен әрекет ете
алады.
Педагогтің нұсқауы бойынша олар шеңбер құрып, жұптарға бөлініп, бірінің артына
бірі мүмкіндігінше жылдам әрі жеңіл тұра қалады. Алғашында оларға бірінің артынан бірі
бойына қарамай кез келген тәртіпте тізбектеліп тұруға рұқсат етеді. Біртіндеп басқа
балалардың арасында белгілі бір орынды иеленіп тұруды үйретеді.Бұған қол жеткізу үшін
педагог тізбекте, сапта кім кімнің артында тұратынын, кім кіммен жұп құрып жүретінін
есте сақтау қажет екенін үнемі еске салып отырады. Егер бала өз орнын табуға қиналса,
педагог оның кімнен кейін тұратынын есіне салып, баланы орнына тұрғызады. Балаларды
бір сызықтың бойына, бірінің қасына бірін, бір жаққа қарап сапқа тұруға үйретеді. Сапқа
тұру үшін алдымен балаларды бірінің артынан бірін тізбекке тұрғызған жеңіл болады,
содан соң педагог оларды оңға не солға бұрылуға шақырады. Балалар оң мен солды әлі
ажырата алмайтындықтан, педагог тізбектің бір жағына шығып, шамамен орта шеніне
қарай тұрады да, балаларға өзіне қарап бұрылуға шақырады.Екінші тәсіл: балалар сырлы
бояумен не бормен жүргізілген сызықтың бойына тізіліп, сапқа тұрады.
Оқу жылының басында балалар шеңбер құрғанда сызық немесе жіпке қарап
бағдарланады: еденге ұштары біріктірілген жіпті шеңбер түрінде орналастырады немесе
сызық жүргізеді. Содан соң педагог саптан бірнеше қадам алшақтап, орта шеніне қарай
тұрады да, саптың шетінде тұрған балаларға бір-бірімен қол ұстасып, өзіне қарай шеңбер
құрай жақындауды ұсынады.
Бұрылыстар бір орында аяқтарын бұру арқылы жасалады. Бұрылыс кезінде көзбен көруге
болатын бағдарлар пайдаланылады (қабырғаға, терезеге, ойыншыққа қарай бұрылу).
Жалпы дамыту жаттығулары

Жалпы дамыту жаттығулары (ЖДЖ). Көзбен көруге болатын бағдарларды, ойын
түріндегі ауызша нұсқауларды (жануарлардың қимылдарын келтіру) пайдаланып,
педагогпен бірге жаттығулар орындауды үйрету.
Заттарды пайдаланып және пайдаланбай жаттығулар орындау. Қолдарға, иыққа, денеге,
аяққа арналған жаттығулар: қолды жоғарыға, жан-жаққа созу; қолын алға созып, затты
бір қолдан екінші қолға ауыстыру; қолдарын созып, шапалақ ұру. Допты бір-біріне беру;
жерге отырып, жатып, аяқтарын өзіне қарай бүгу, малдас құру, созу; бір орында тұрып,
оңға, солға, алға иілу. Отырып-тұру; жерде отырып құм салынған қалташаларды
аяқтарымен көтеру; екі аяқпен секіру.
Екінші кіші топта жалпы дамыту жаттығуларына қойылатын талаптар шамалы:
балалардан жаттығуды толығымен дәл әрі нақты жасау талап етілмейді. Бірақ
жаттығудың кейбір бөліктерінің дұрыс орындалуына мүмкіндік бар. Жалпы дамыту
сипаты бар жаттығулар барысында қолды жоғары көтергенде, жан-жаққа созғанда,
иілгенде, бұрылғанда, отырып-тұрғанда балалар денесін басқару дағдыларын меңгереді.
Бірақ қандай да бұлшық еттер тобына әсер ету үшін белгілі бір бастапқы қалып қажет. Бұл
жастағы балалар өздеріне берілген тапсырманы түсінеді – бір орында тұру, аяқтың арасын
табан не иық деңгейімен ашық ұстау. Балалар қажетті бастапқы қалыпқа тұрады – бір
орында тұру (аяқ бірге, арасы сәл ашық, арасы кеңдеу ашық), отыру, шалқасынан немесе


Page 16

16

етпетінен жату, қолды түрлі қалыпта ұстау (төмен түсіру, алға, екі жаққа созу, белге қою,
арқаға ұстау т.б.), жыл соңына қарай жаттығу барысында қолды белгілі бір қалыпта қысқа
мерзімде ұстап тұра алады (қолдарын түзу екі жаққа созу, саусақтар түзу, созылған)
педагог нұсқауымен қолдың қимылын көзбен ұзата алады. Бір бастапқы қалыптан
екіншісіне ауысу жүйелі түрде болуы керек. Мысалы, балалар тұрған қалыптан жатуы
керек болса, оларға алдымен аяқтарын бір-біріне жақындатып, жайлап отыру, содан кейін
ғана жату ұсынылады (балалардың дайындығы жақсы болса, аяқтарын айқастырып, содан
кейін жатуды ұсынуға болады). Тік тұрған қалыптан тізерлеп тұру қалпына ауысу үшін
алдымен балалар жүресінен отырып, содан кейін жайлап тізесін жерге тигізеді (тізесін
ұрып алмау үшін абайлау керек).
Тік тұрып жалпы дамыту жаттығуларды жасау барысында балалар аяқтың екі қалпын
ұстайды: табан және иық деңгейінде. «Аяқтар бірге» қалпында балалар тепе-теңдікті
ұстай алмайды, сондықтан сирек қолданылады.
Иілу мен бұрылуларды педагог балалармен бірге 1-2 рет қана жасайды. Бұдан соң балалар
жаттығуды педагогсіз, өз бетімен жасайды.
Отырып-тұру, иілу, бұрылу кезінде аяқтың, дененің қалпын дәлме-дәл ұстап тұру мүмкін
емес, сондықтан жаттығуларда қойылған міндеттерді орындау үшін еліктеу қимылдары,
бағдарлармен байланысты нақты тапсырмалар (таспаға дейін созылып жету, текшені
көретіндей бұрылу). Топтағы балалардың барлығы бірден жаттығу жасай алатындай ұсақ
заттар (жалаушалар, кегельдер, сақиналар) кеңінен қолданылады, бұл жаттығуларды
қызықтырақ етіп, бір қозғалысты әртүрлі нұсқада жасауға мүмкіндік береді.
Ұйымдастырылған оқу қызметіне қажетті барлық заттарды педагог алдын ала дайындап
алуы керек. Ойыншықтар мен құралдар балалардың өз бетімен келіп алуы және қайта
орнына қоюы үшін ыңғайлы, қолы жететін жерде орналастырылуы тиіс. 4 жастағы
балаларға екі жалауша (текше) беруге болады, педагог баланың қимыл-қозғалысын
бақылап, оң мен солды ажыратуға, қозғалыстың бағытын ажыратуға арналған
тапсырмалар бере алады (оңға, солға, алға, жоғары).
Бұл жастағы балаларға үлкендігі орташа доппен ойнаған ыңғайлы (18–20 см). Доппен
жасалатын жаттығуларды лақтыру, қағып алу, доптарды домалатып жүргізу
жаттығуларымен үйлестірген қолайлы. Егер ұйымдастырылған оқу қызметінің басында
доппен жалпы дамыту жаттығулар орындалатын болса, олардан кейін допты көлбеу
тақтайшадан домалату, қақпашаға кіргізу, бір-біріне домалату немесе доппен нысананы
көздеу секілді ойындарды ұйымдастыруға болады.
Бұл жаттығулар балалардың қозғалыс қорын байытады, жаттығуларды ұйымдастырып,
өткізуді жеңілдетеді, ұйымдастырылған оқу қызметінің моторлық (қозғалыстық)
тығыздығын арттырады.
Барлық жаттығуларды педагог өзі көрсетеді. Дегенмен, олардың кейбірін балалардың
өздеріне көрсетуге де болады. Ол үшін балалардың бірін алдын ала осы жаттығуды
жасауға үйрету керек. Жаттығуды көрсетіп, түсіндірген соң, балалар секіруді өз бетімен
орындайды. Секіру ырғағын дұрыс игеру үшін музыкалық сүйемелдеу немесе сылдырмақ,
асатаяқ пайдалануға болады.
Жалпы дамыту жаттығуларын орындағанда балалар тыныс алуын тоқтатпай, терең дем
алуы, тынысты жаттығу қозғалыстарымен үйлестіруі қажет. Педагог балаларға демді ішке
қашан тартып, қашан сыртқа шығарған қолайлы екенін түсіндіреді. Мысалы, жаттығуда
алға қарай еңкею мен қайта тік қалпына қайту қимылдары бар болса, онда демді еңкейген
кезде сыртқа шығарып, баланың кеуде қуысы кеңейіп, тік қалпына қайтқанда, демді ішке
тартқан дұрыс. Демді сыртқа шығару сәтін нақтылау үшін балаларға «ух», «уф», «ох»
секілді кейбір дыбыстарды немесе сөздерді дыбыстап айту ұсынылады. Бірақ бұл әдісті
көп қолдана беруге болмайды, себебі ол демді толық шығаруға бөгет жасайды.
Сабақта, әдетте жалпы дамыту сипаттағы 4–6 жаттығу жасалады, олардың
әрқайсысы 4–6 рет қайталанады.


Page 17

17


Қозғалыстың негізгі түрлері
Жүру
Балалардың көпшілігі қолдары мен аяқтарының қимыл-қозғалысын үйлестіруде әлі де
дұрыс теңгерім жасай алмайды. Бірақ жүрістері бұрынғыдан сенімдірек әрі айқынырақ
бола түседі: екі жаққа теңселу, қадам бағытына қарай иықтарын бұру азаяды, қолдың
қозғалысы еркіндей түседі. Аяқтың қалпы да біршама өзгеріске түседі – табандар бір-
біріне жақындап, қадам бағытына қарай тура орналасады. 3 жастан асқан баланың аяқ
басуы әлі де ауыр, бала жерді бүкіл табанымен «сарт-сұрт» етіп басады, қадам соңында
аяқтың ұшынан итеріле алмайды. Жүрген кезде аяқтар жартылай бүгілген қалыпта
болады. Бала басы мен иығын жиі төмен түсіреді, аяғының астына жиі қарайды.
Қадамдардың ұзындығы әртүрлі, бірақ қарқын тұрақтана түседі, жүру жылдамдығы біраз
артады. Жүрген кезде кеңістіктік бағдарлану да жақсара түседі, балалар ұжымда еркін
қозғалады, бірақ олар әлі де болса бөлменің, алаңның кеңістігін дұрыс пайдалана
алмайды, бір-бірінен алшақтау жүрудің орнына, сығылысып, бір-біріне тым жақын
жүреді.
Екінші кіші топтағы балалардың жүрісіне бұрынғыдан нақтырақ талаптар қойылады.
Балаларды қолдарын еркін, табиғи қозғалтып жүруге үйретеді, дененің, бастың қалпына
көңіл бөледі, аяқтарын сүйретпей жүруге үйретуді жалғастырады.
Жүрген кезде бас пен иықты ішке тығып, аяқтың астына қарау әдетін қойдыру үшін
балаларға жалаушалар, таспалар, қолорамалдар беріледі. Балалар оларды жоғары
көтеріп, сермеп, өздері соларға қарап жүруі керек. Қол ұстасып, шеңбер құра, ұйқасты
мәтіндер немесе ән айтып жүру де балаларға тапсырманың эмоционалдық жағына
қызығып, еңсесін тіктеп, жоғары-алға қарауға көмектеседі. Аяқтарын сүйретпей,
жеңілірек қадам басуға үйрете отырып, педагог балалардың аяқ, табан бұлшық еттерін
шынықтырып, тепе-теңдік ұстауға көмектесетін алуан түрлі тапсырмалар береді. Аяқ
ұшымен жүру, тізені биікке көтеріп, заттардан аттап, бағытты өзгертіп адымдау
ұйымдастырылған оқу қызметінің мазмұнында елеулі орын алады.
Аяқ ұшымен жүру және тізені биікке көтеріп жүру жаттығулары ұзақ уақытқа
созылмауы тиіс, оны жерге табанды тұтас тигізіп, жай жүрумен алмастырып отыру қажет.
Егер мұндай кезектестіру сақталмаса, бір сарынды жүктемеден балалардың аяқ бұлшық
еттері тез шаршайды (әсіресе аяқ ұшымен жүргенде), олардың тапсырмаға
қызығушылықтары азаяды.
Жүрген кезде аттау үшін жалпақ және тапал заттардан (кішкентай текшелер, сызықтар)
бөлек жерден 10–20 см-ге биік көтерілген заттар (орташа текшелерге қойылған тақтайша,
тұғырлардың арасына тартылған жіп, резеңке т.б.) қолдану ұсынылады. Оларды бір-
бірінен балалар бірнеше қадам жасап барып аттайтындай алшақтықта орналастырған
дұрыс.
Педагог жүрген кезде қолды қарқынды сермеп жүру керек екендігін балалардың есіне
салып отыруы қажет. Бірақ сақ болу қажет, себебі кейбір балалар бұл нұсқауды
орындаймын деп иықтарына қатты күш түсіріп, шынтақтарын бүйірлеріне қысып алады,
жұдырық түйіп, білектерін ғана қозғайды. Балалардың мұндай бұрыс қимыл жасамауы
үшін оларға қосымша тапсырма беруге болады: жүрген кезде қолды екі жаққа, алға,
жоғары созу, сермеу, қолдарын алға созып, жоғары-төмен қайшылау, екі жаққа созып,
алма-кезек жоғары-төмен қозғау, т.б.
Балалардан аяқ-қолдарының қимыл-қозғалысын толық әрі дәл үйлестіруді талап етуге
әлі ерте.
Мектепке дейінгі кіші жастағы балалар әлі де өз қимылдарын ұжыммен сәйкестендіре
алмайды, олар бір қарқында жүре алмай, бір-бірімен қақтығысып қалады, зал ішінде бір
сарынды жүрістен тез шаршайды. Тәрбиеші балалардың бірінің артынан бірі қатарға
тұруына көмектеседі, жүру кезінде олардың бір-бірінен қалып қоймауын және алдында


Page 18

18

келе жатқан баланы қағып кетпеуін есіне салып отырады. Жүру жаттығуы үшін ұжым
ішінде ойын әдістері пайдаланылады («Пойыз», «Жұбыңды тап!»).
Шеңбер бойымен немесе залды айнала жүргенде педагог қана емес, балалардың біреуі де
бастаушы бола алады. Балалар шеңберді тарылтпауын, сығылыспауын бақылау керек. Бұл
талапты орындау үшін кеңістіктік бағдарлар пайдалануға болады. Мысалы, педагог еденге
сызылған немесе жіптен, текшелерден, кегельдерден немесе басқа да заттардан жасалған
шеңберді бағдарға ала отырып шеңбер бойымен жүру туралы тапсырма береді. (Кейде
кіріспе бөлімнен кейін балалар осы заттармен жалпы дамыту жаттығулар орындайды. Бұл
жағдайда заттардың саны балалардың санымен бірдей болуы керек).
Залдың бұрыштарына таяу қойылған тұғырлардағы жалаушалар, орындықтар, үлкен
текшелер, спорттық таяқшаларды сыртынан айналып өту тапсырмасы біраз күрделірек
болуы мүмкін. Шашырап жүрген кезде педагог балаларды залдың барлық ауқымын
игеруге, ал бірінің артынан бірі жүргенде қалып қоймауға, алдындағы баладан озып
кетпеуге үйретеді.

Жүгіру
Бұл жаста балалардың жүгірудегі тәжірибесі жүру тәжірибесіне қарағанда аз.
Соған қарамастан, олар аяқ-қолдарын жақсы үйлестіре алады. Бірақ жалпы алғанда
баланың жүгіруі үнемді емес, қолдарының қозғалысы баяу. Қосымша қимыл-қозғалыстар,
бүйірлік теңселулер, қолдарды кең сермеу, иық буынының қатаюы байқалады. Жүгіріс
бірқалыпты емес, бала тізесін жартылай бүгіп жүгіреді, жерден итерілуі әлсіз. Ұшу
фазасының айқын болмауы және жүгіру жылдамдығының төмендігі осыған байланысты.
Балалар тік сызық бойымен жүгіре алмайды, икемділігі төмен. Жүгіру кезінде балалар
заттарға, бір-біріне қақтығысады. Олар әлі де болса өзге балалардың қимылына қарай өз
қимылдарын үйлестіре алмайды, өз бетімен немесе тапсырма бойынша жылдамдығын
өзгерте алмайды. Бұл жаста балаларға жүгірудің белгілі бір әдістерін үйретпейді. Ең
бастысы, бала өз қимылдарын басқалардың қимыл-қозғалыстарымен үйлестіре білуі,
қарама-қарсы жүгіргенде қақтығысып қалмауы, заттарды қақпай, оларды айналып өтуі
сияқты дағдыларды қалыптастыру керек.
Бұл қасиеттерді дамыту үшін педагог көрсеткен бағытқа қарай жүгірумен қатар,
шашырап жүгіру, заттар арасында жүгіру, бірінің артынан бірі жүгіру секілді жүгіру
түрлері де қолданылады. Жа ттығулардың көпшілігі бейнелеу («Ұшақтар»,
«Құлыншақтар», «Автокөліктер») немесе заттарға қатысты жаттығулар (сылдырмаққа,
ойыншыққа дейін жүгіріп жету, допты қуып жету) түрінде жүргізіледі. Балаларға қатар
түзеп, бірінің артынан бірі асықпай, бәріне ортақ қарқынды ұстап, алдағы баладан озбай
жүгіруді үйретеді. Байсалды қарқында бірқалыпты жүгіруді үйрету үшін педагог
балалардың алдында өзі жүгіреді, балалардың тезірек жүгіруге деген құлшынысын басып
отырады.
Жүгіру кезінде педагог балаларға салмақты табанның алдыңғы бөлігіне түсіріп, қысқа әрі
жиі қадамдармен, жеңіл жүгіру қажет екенін түсіндіріп, көрсетеді. Жүгірудің мұндай
әдісі шағын бөлмелердің ішінде қозғалуға ыңғайлы. Өкшеден аяқтың ұшына салмақты
ауыстырып, еркін, кең адымдап жүгіру табиғи жағдайларда жүргізілетін жаттығуларда
пайдаланылғаны дұрыс.
Жүгірудің түрлі әдістерін көрсеткенде педагог оларды балалардың дәлме-дәл
қайталауын талап етпейді, себебі үш жастан енді асқанбалалар өз шамаларына қарай ғана
жүгіреді.
Жүгіруге арналған жаттығулар мен ойындарды жүрумен, қарқынды қимыл -
қозғалыстарды салыстырмалы демалыспен кезектестіріп отыру керек, себебі жүгіру бала
ағзасына елеулі физиологиялық жүктеме салады.
Педагог белгісімен тоқтауы тиіс, жүгіру кезінде бұрылулары бар жүгіру жаттығулары
балалардың бір бағытта жүгіруді меңгеріп, спортзалының немесе алаңның кеңістігінде
бағдарлануды үйренгеннен кейін ғана беріледі. Оларға залдың кеңістігін түгел


Page 19

19

пайдалануды үйретеді. Жаттығу барысында балалар қолдарын еркін сермеп,
салыстырмалы түрде жеңіл жүгіруді үйренеді, біртіндеп қимыл-қозғалыстары ырғақты
бола түседі.


Секіру
Кіші жастағы баланың секірулері дамып, белгілі бір пішінге ие бола бастайды. Бала бір
орында тұрып, сәл алға қарай жылжып секіреді, бір орыннан ұзындыққа секіре алады
және сәл биіктеу жерден секіріп түсе алады. Қарапайым секіру – бір орында тұрып
секіруді балалар оңай орындайды. Алғашында аяғын жерден сәл ғана көтеретін олар енді
биігірек секіре алады. Бірақ көпшілік балалар әлі де ауыр секіреді, салмақты табанға
түгелдей түсіреді. Алға қарай секіре жылжыған кезде балалар, көбінесе аяқтарын бүкпей
түзу ұстайды әрі босаңсытпай қатайтып алады. Қолдар, әдетте қимыл-қозғалысқа
қатыспайды. Биіктен қорқып, аяқтарын бүкпей, салмақты табанына тұтас сала секіреді.
Негізінен үш жастан бастап балалар бір орында тұрып ұзындыққа секіргенде екі аяғын
бірдей бүге алады, бірақ әдетте бір аяғымен итеріліп немесе жай ғана қадам жасай салады.
Итерілу әлсіз, солғын, ұшу траекториясы төмен әрі қысқа. Бұл жаста ұзындыққа секіруге
қимылдың дайындық фазасының пайда болуы тән, ол секіруге мақсатты түрде дайындалу
түрінде емес, жалпы қимыл-қозғалыс реакциясы түрінде көрінеді. Мысалы, бала
ересектерге еліктеп, қолдарын ерсілі-қарсылы сермесе де, қолдарының қимылына қарамай
немесе қолдарын төмен түсіріп те секіре салады. Қолдарын дене бағытына қарама-қарсы
қозғау жағдайлары да кездеседі. Біртіндеп қана қолдарын ерсілі-қарсылы сермеу
байқалады. Секірген кезде балалар, әдетте бастарын төмен түсіріп, алға қарай еңкейеді.
Жерге түскенде балалардың денелерін басқаруы әлі де жетілдіруді қажет етеді. Балалар
түзу, бұлшық еттері қатайған аяқтарымен түседі, жерге екі аяғын бір мезгілде қоймайды,
аяқтың ұшынан өкшеге қарай иілімді түсудің орнына табанды тұтас түсіреді.
Бұл жаста секірудің кез келген түрін орындаған кезде педагогтің басты міндеті –
балаларды жерге секіріп түскен кезде аздап отырып, бірден қайта тұрғандай аяғын сәл
бүгіп, жұмсақ қонуды үйрету. Түзу, қатайған аяққа түсуге болмайды – бұл аяқ сіңірлері
мен буындарына кері әсерін тигізеді. Бастапқы қалып, итерілу, қолдарын сермеу секілді
секірудің басқа элементтеріне кіші топта соншалықты көп көңіл бөлінбейді.
Балаларға, ең алдымен, бір орында екі аяғымен секіруді үйрету керек. Бұл үшін оларға
аяқтың ұшымен жерден қатты итерілсе, биігірек секіретінін көрсету қажет. Бір орында
секіргенде жерге алдымен аяқтың ұшымен түсіп, содан соң ғана табанды жерге толық
тигізу керек. Егер бала тоқтамастан (10–15) төмен секіре берсе, ол табанын жерге толық
тигізбейді, аяқтың ұшымен ғана секіре береді.
Балалар алға қарай аздап жылжып та секіре алады.
Педагог қолын көтеріп тұрғанда оның алақанына қолын тигізу, «масаны ұстау»,
қоңырауды сылдырлату, т.б. тапсырмалары бар бір орында секіру жаттығулары балаларға
қолдарын жоғары сермеп, биікке секіруді үйретеді (27-сурет).Бұл жаттығуларды
ұйымдастырғанда педагог баланың қолын тигізуі қажет заттың қолжетімді биіктікте және
баладан сәл алға қарай ілінуін қадағалауы тиіс. Себебі зат артқа қарай ілінсе, бала секірген
кезде затты көру үшін басын артқа кенет шалқайтып, құлап қалуы мүмкін.
Секіріп түсу (тереңдікке (төменге) секіру) жаттығулары да кіші топ балаларының
қолынан келеді. Биіктік шамалы болуы қажет, себебі балалар әлі де жұмсақ қона алмайды.
Секіріп түсуде биіктікті 10 см-ден бастапбіртіндеп 15–20 см-ге дейін көбейте беруге
болады. Кішкентай балалармен жұмыста секіріп түсу жаттығулары көп уақыт алмауы
тиіс, себебі балалардың табандары әлі жетіле қоймаған. Биіктіктен секіргенде алдымен
аяқтың ұшымен, тізені сәл бүгіп, екі аяққа қатар түсу керектігін, сондай-ақ төменге емес,
алға қарау қажеттігін педагог үнемі балалардың есіне салып отыруы тиіс.


Page 20

20


Секіргенде тарс-тұрс етпей, жұмсақ, ақырын секіру қажет.
Бір орында тұрып ұзындыққа секіруді де қарапайым жаттығулардан бастау қажет.
Балалар алдымен жерге сызылған сызық, тартылған жіп, секіргіштен секіріп үйренеді.
Бұдан соң оларға бір-бірінен 10–15 смқашықтықта сызылған екі сызықтан секіру
тапсырмасы беріледі. Біртіндеп қашықтық үлкейе береді, бірақ балаларға әлі де барынша
алысқа секіру тапсырмасы берілмейді.
Секіріп өту жаттығуын жасағанда, балалар сызыққа немесе жіпке барынша жақын
келеді (аяқтарының ұшын тақайды), тізесін сәл бүгіп, аяқтарымен итеріледі де, екі
сызықтан секіріп өтіп, жерге жұмсақ қонады. Аяқтар жерге бір мезгілде, аяқтың ұшынан
бастап тұтас табанға түседі, тізе бүгіледі. Тізені тым төмен бүгуге, отыруға болмайды,
бала шалқасынан құлауы мүмкін. (Егер бала алға қарай өте қарқынды секіріп, алысқа
түссе, онда алдымен аяқтың ұшымен қону қажеттігі үйретіледі). Тепе-теңдік сақтауға
тырысқан балалар көбіне аяқтарының арасын кеңірек ашады (екінші кіші топ үшін бұлай
істеуге рұқсат етіледі).
Балалардың қолдары еркін итерілгенде және қонғанда олар қолын еркін сермейді.
Қонғанда қолдың белгілі бір қалпын талап етудің қажеттілігі жоқ, қолдың қозғалысына
назарын көбірек аударып кеткен (қолды алға немесе екі жаққа созу) балалар жерге дұрыс
қонуды ұмытып, алаңдап қалуы мүмкін.
Балалар өздеріне тән қалыпта секіруі үшін ойын әдістерін пайдалануға болады.
Мысалы, балалар «аяқтарын сулап алмау үшін, бұлақтан секіріп өтеді», «төмпешіктен-
төмпешікке (құрсаудан-құрсауға)» т.б. секіреді. Топтағы балалардың барлығы бір
мезгілде немесе жартысы секіре алады, кейде әр бала үшін жеке немесе бірнеше балаға
арналған жаттығулар орындатқан да дұрыс болады.


Еңбектеу және өрмелеу.
Шығармашылық ойындарда балалар көбінесе еңбектейді. Еңбектеу кезінде олар тізесі
мен алақандарын, табандары мен алақандарын немесе тізесі мен білектерін тірек етеді.
Балалардың еңбектеу қимылдары сенімді әрі икемді.
Тепе-теңдік сақтауға берілген жаттығулар сабақ барысында көп орындалады. Мұндай
жаттығулар кезінде еңбектеу біршама қиынырақ болады (бөрене, гимнастикалық орындық
бойымен еңбектеу, көлбеу тақтай бойымен жоғары қарай еңбектеп шығу және төмен түсу,
т.б.)
Бұл жас кезеңінде өрмелеу балалардан назарын барынша шоғырландыруды, бұлшық
еттердің күшті болуын және икемділікті талап етеді. Балалардың бұл қасиеттері әлі
дұрыс дами қоймағандықтан, олар баяу, түрлі қарқында өрмелейді. Көбінесе сүйеп
қойылған қадамды пайдаланатын балалар қолдары мен аяқтарын кезектестіруді үйрене
бастайды. Бұл баланың өрмелеу кезіндегі сенімділігін арттырады, кезектестіре
қадамдауды қолдануға жетелейді.
Екінші кіші топта ұйымдастырылған оқу қызметінде көбінесе төрттағандап еңбектеу
қолданылады: балалар тізесі мен алақандарын немесе «аю сияқты» табандары мен
алақандарын тірек етеді. Етпетінен жатып жорғалау балалардың тапал заттардың астынан
не үстінен жорғалап өткенде кездесуі мүмкін.
Үш жастағы балалардың басым көпшілігінде қимыл-қозғалыстарын басқара білу
байқалады, бірақ балалардың белгіленген қашықтықты еңбектеп өткені маңызды.

Еңбектеу, доға, жіп және басқа да заттардың астынан еңбектеп өту жаттығуларын
орындаған кезде педагог балаларға жаттығуды қай жерден бастайтынын және қай жерде
тоқтайтынын белгілеп көрсетуі керек. Әйтпесе көптеген балалар жіпке, доғаға тым жақын
келеді. Бұл жағдайда еңбектеу онша ұзаққа созылмай, балаға жүктеме аз түседі, педагогте
балалардың қимыл-қозғалыстарының дұрыстығын байқау мүмкіндігі болмайды.


Page 21

21

Кішкентайлардың еңбектеуді кедергіден 2-3 қадам бұрын бастап, шамамен осынша
қашықтықта тоқтатқаны дұрыс. Нысана ретінде балалар еңбектеуді бастайтын жерге
тартылған жіп, қойылған тақтайшаны пайдалануға болады. Кедергінің екінші жағына
сылдырмақтар, қоңыраулар қойылады, балалар соларға дейін еңбектеп жетуі керек. Басқа
топтағылар сияқты еңбектеу жаттығуларын денені тік ұстау тапсырмаларымен аяқтайды
(орнынан тұру, қолын басынан асыра көтеру, үш рет шапалақ ұру, басынан асыра
қоңырауды көтеріп, сыңғырлатут.б.).
Еденде еңбектеу, әдетте ауысымды (топтың ½ немесе 1/3 бөлігі үшін) не фронтальды
(балалардың барлығы үшін) ұйымдастырылады.
Балалар үшін горизонтальды түрде не көлбеу қойылған гимнастикалық орындық
бойымен төрттағандап еңбектеу әлдеқайда қиынырақ соғады. Бұл құралдардағы
жаттығулар педагогтің көбірек бақылауын қажет етеді. Балалар мұндай жаттығуларды
бір-бірлеп орындайды. Бала орындықтың шетіне жақындап, еңкейіп, қолдарын тірейді,
оларды сәл алға жылжытып, орындық бойымен төрттағандап жылжи бастайды.
Құралдың екінші шетіне жеткенде бала орнынан тұрады, денесін тіктеп, ақырындап
түседі немесе жерге секіріп түседі. Жаттығуды орындау кезінде педагог баланың
қасында болады, оған жаттығу барысында нұсқаулар беріп, қолдайды, балада қиындық
туса, көмектеседі, т.б. Баланың жаттығуға қызығушылығын арттыру үшін орындықтың
екінші шетіне ойыншы қояды, бала соған дейін еңбектеп жетуі тиіс.
Көлбеу тақтай не орындық бойымен төрттағандап еңбектеу үшін оның бір шетін сәл
ғана биіктетіп, гимнастикалық қабырғаның бірінші не екінші тақтайшасына арнайы
ілгіштермен бекітіледі. Биіктетілген орындықтың шетіне дейін еңбектеп жеткен бала кері
бұрылып, көлбеу орындық бойымен төмен қарай сырғанап түседі немесе жай ғана жүріп
түсе алады.
Сатымен, гимнастикалық қабырғада өрмелеуді 3 жастан асқан балалар еркін әдіспен
орындайды. Балаларға тең тақтайшаны қолмен қалай ұстау (бас бармақ төменде, қалған
саусақтар жоғарыда), аяқты тақтайшаға қалай дұрыс қою (табанның ортасын) керек
екендігін түсіндіріп, көрсетеді. Балалар алдымен кішкентай биіктікке (3-4 тақтайша)
көтеріледі. Қабырға биік болса, көтерілетін биіктікті таспамен (1,5–2 метрлік), түсі қанық
орамал, жіппен белгілеп қояды. Балалар қолдарымен келесі тақтайшаны ұстап, содан соң
аяқтарын келесі тақтайшаға қойып, белгілі бір биіктікке өрмелеп шығады. Төмен түскенде
қимыл-қозғалыстары керісінше болады, алдымен екі аяғын төменгі тақтайшаға түсіріп,
содан кейін қолдарымен төменгі тақтайшаны ұстайды. Кейбір балалар қолдарды
кезектестіріп, тақтайшаны бір аяғымен басып, екінші аяғымен бірден екінші тақтайшаға
түсе алады.
Педагог жаттығуды түсіндіргенде балалардың біреуін гимнастикалық қабырғаға
өрмелетіп, көрсетуіне болады.

Кіші топта гимнастикалық қабырғаның екі не үш сатысына ғана балалар бір мезгілде
өрмелей алады. Балалардың саны одан көп болып кетпеуі тиіс. Өрмелеу кезінде педагог
құралдың қасында болып, балаларды ынталандырып, жаттығуды қалай орындау
керектігін естеріне салып, қажеттілік туындағанда балаға көмектесуі керек.

Допты лақтыру және қағып алу
Допты және басқа да заттарды алысқа, нысанаға, ересек адамға қарай лақтыруда 3
жастан асқан, әсіресе 4-ке таяп қалған балалардың қимыл-қозғалысында айтарлықтай
өзгерістер байқалады. Балалардың қимылы әлдеқайда еркінірек, үйлестірілген, лақтыру
бағыты нақтырақ бола түседі. Балалардың лақтыру қимылының дайындық фазасы пайда
болады (қолды төменге түсіру, артқа, жанға созу т.б.). Бірақ, бұған қарамастан, баланың
лақтырған кездегі бастапқы қалыбы өте жалпылама, лақтыру ұзақтығына және
бағытына,балалар көбінесе ден қоймайды. Қолдарды сермеу босаң, келесі лақтырумен
мерзімі бойынша үйлеспейді. Қолды сермеу мен лақтыру арасындағы кідіріс әдетте ұзаққа


Page 22

22

созылады, бала нысанаға тым жақындап келуге ұмтылады. Баланың затты жоғары-алға
емес, төмен-алға алыс лақтыратыны байқалады. Бұл затты қолдан шығару (лақтыру)
кешігіп орындалатынына байланысты.

Допты және басқа да заттарды қағып алғанда балалардың қимыл-қозғалыстары
сенімсіз, олар екі қолын тым біріктіріп, допқа қарай ертерек созады, қолдары мен
иықтарын құрыстырып, саусақтарын қатты біріктіреді немесе арасын тым кең ашады.
Содан соң доптың өзі ұшып келіп қолына түседі деп қозғалмастан күтіп тұрады. Бұл ұшып
келе жатқан доптың бағытын анықтай алмау және жалпы қимыл-қозғалыстарын үйлестіру
әлсіздігімен түсіндіріледі.
Допты не басқа да заттарды лақтырғанда қимыл -қозғалысты барынша дұрыс
орындауды талап етуге әлі ертерек. Бастысы – балаларға доппен еркін жаттығу
мүмкіндігін қамтамасыз ету. Олардың доппен қозғалыстарында (ұстау, алу, салу, апару,
домалату) белгілі бір еркіндік қалыптасуы тиіс.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында доптар мен құм салынған қалташаларды
таратуда бірінші кіші топтағы әдістер қолданылады.
Доптарды домалату, бір-біріне лақтыру, қағып алу қимыл-қозғалыстарын балалар енді
педагогпен ғана емес, өзара жұптасып та жасай бастайды. Жаттығуға барлық бала бірден
қатысады. Доптарды түрлі заттардың арасымен домалатады, қақпада жүресінен отырмай,
тізесін бүгіп, алға қарай сәл еңкейіп тұрған дұрыс. Осы қалыпта тұрған бала допты күш
сала домалатып жіберіп, содан соң еңсесін жеңіл тіктеп алады. Сонымен бірге балалар
допты еденде отырып (аяқтарының арасын ашып) немесе жүресінен отырып та домалата
алады. Педагог допты қажетті бағытқа қарай күш сала домалатуға қол жеткізуі керек.
Допты домалатып отырған балалардың арасындағы қашықтық алғашқы уақытта
соншалықты алыс емес – 1,5метр.Бұл қашықтық 2метрге дейінбіртіндеп ұлғая береді,
жаттығу да күрделенеді.Балалар доптарды заттардың арасымен, 50–60 см-лік қақпаға
қарай домалатады, басқа заттарды көздейді, доптар мен кішкентай шарларды көлбеу
тақтайдан домалатып жібереді, құрсауларды домалатады.
Доптарды домалатуға қарағанда құрсаулары домалату кішкентай балалар үшін қиынға
түседі. Педагог алдымен балаларға құрсаудың қалай домалайтынын көрсетеді, содан соң
оларға домалап бара жатқан құрсауды қуып жетіп, ұстап алуды ұсынады. Осыдан кейін
ғана балалардың өздеріне құрсауды домалатып көруге, әркімнің өз қолынан келгенше
еркін тәсілмен құрсауды шағын қашықтыққа домалатып көруге рұқсат етеді.
Доптармен жеке ойындарда және сабақта балалар допты жоғары лақтырып, қағып алуды,
допты еденге ұрып, доп жоғары серпілген кезінде ұстап алуды үйренеді. Бұл
жаттығуларда балалардың допты тым биік емес, жоғары қарай тік лақтырып, қағып алуға
тырысуына көңіл бөлу керек; допты еденге бар күшімен ұру қажеттігін, сонда оның
биігірек әрі жеңілірек серпілетінін, оны ұстау оңай болатындығын балалардың есіне
салып отыру қажет.
Кішкентайлар үшін допты қағып алу жаттығуы қиынға түседі. Допты шынтақтарды сәл
бүгіп қағу қажет, қағып алған соң, оны кеудеге қыспай, еркін ұстау керек.Педагог
алғашында балаларды айналасына шеңбер құра тұрғызып, бірге ойнайды. Допты әр балаға
кезек-кезек лақтыра отырып, ол қағып алушы жерге түсіріп алмауы үшін, допты қатты
лақтырмау керектігін түсіндіреді. Содан соң балалар 0,5–1 метр қашықтықта тұрып,
допты бір-біріне лақтырады, жыл соңына қарай бұл қашықтық 1,5 метрге дейін ұзарады.
Нысананы көздеу және алысқа лақтыру сабақ мазмұнында көп орын алмайды. Негізінен
осыдан бұрынғы топта өткен материалды бекіту жұмыстары түрінде жүргізіледі.Педагог
1–1,5 метр қашықтыққа қойылған себетке не жәшікке төменнен екі не бір қолмен лақтыру
оңай болатынын көрсетеді және түсіндіреді, сондай-ақ үлкен допты кеудеден екі қолмен
қалай лақтыратынын көрсетеді. Лақтырудың барынша оңтайлы тәсілін көрсеткен
педагог балалардың барлығы қимыл-қозғалысты дәлме-дәл қайталауын талап етпейді.


Page 23

23


Алысқа лақтыру да еркін түрде орындалады, педагог иықты сәл артқа тартып, бір қолмен
қалай лақтыру керектігін алдын ала көрсетеді.Балалардың допты, қалташаны алға-төмен
емес, алға-жоғары лақтыру керектігін балалардың есіне салып отыру керек, бұл жағдайда
лақтыру қашықтығы арта түседі.

Тепе-теңдік сақтау жаттығулары
Екінші кіші топта бұл жаттығулар баланың кеңістікте орын ауыстыруы, яғни
динамикалық жаттығулар (сызық, тақтай, орындық бойымен жүру және жүгіру, айналу
т.б.) түрінде көрінеді. Осы жастағы балалар үшін бір орында тепе-теңдік сақтап тұрудағы
ең көп қолданылатыны – аяқтың ұшымен тұру. Сондай-ақ дене қалпын жылдам өзгерту
(тез отыру және тез тұру, жату және отыру т.б.), айналу, қимылды кенет өзгерту (жүгіріп
келе жатқанда белгі бойынша тоқтай қалу; жүріп келе жатып барынша төмен отыру, тұру
және жүруді әрі қарай жалғастыру).
Балаларға тіректің кішірейтілген ауданы бойымен (еденге қойылған жіптердің
арасымен немесе тақтай бойымен) жүру және жүгіру, түрлі заттардан аттау және олардың
арасымен жүру, содан кейін біктетілген тіректегі біршама күрделі жаттығулар –
гимнастикалық орындық, көлбеу тақтай үстімен жүру сияқты тапсырмалар түсінікті әрі
қолдарынан келеді. Балалар қолдарын еркін теңгеріп, сызық бойымен, жіптердің
арасымен, гимнастикалық орындықтың, тақтайдың үстімен жүре алады. Жыл басынан
қолды белге қою, екі жаққа созу секілді қосымша тапсырмалар берудің қажеті жоқ.



Балалар барлық назарын орындық үстімен немесе көлбеу тақтаймен жүріп өтуге, тепе-
теңдігін сақтауға, құлап қалмауға шоғырландыруы керек. Осылармен қатар денесінің
дұрыс қалыпта болуын бақылау олар үшін қиынға түседі. Сол үшін де балалардың дұрыс
жүрудің барлық талаптарын орындауына қол жеткізуге тырыспау керек. Бірақ еңсесін тік
ұстап, іштерін тартуды, алға қарап, бастарын төмен түсірмеу керектігін үнемі балалардың
есіне салып отыру қажет.


Жүрген кезде аяғының астына қарамау әдетін қалыптастыру үшін жаттығу барысында
балаларға орындықтың екінші шетінде бала көзінің деңгейінде орнатылған сылдырмақ,
жалауша немесе басқа да бір қанық бояулы ойыншыққа қарау ұсынылады. Бұндай бағдар
баланың жүріп келе жатқан ауданымен бір мезгілде көзге көрініп тұруы маңызды.
Құралдан балалар жай адымдап түседі. Бірақ егер секіріп түсу тапсырмасы берілсе,
онда балалардың жұмсақ секіруін қадағалау қажет. Ең дұрысы, орындықтың екінші
шетіне көлбеу тақтай қойылсын, балалар осы тақтай бойымен жай жүріп түседі. Немесе
секіру үшін мат төселуі тиіс.
Орындық үстінде, бөренеде тепе-теңдік сақтауға жаттыққан балалар бірінің артынан
бірі, бір-бірінен шағын қашықтықта жүріп өтедІ..
Тепе-теңдік сақтау жаттығулары кезінде педагог қажетті сақтандыруды жүзеге асырып,
көмек көрсетіп отыруы керек.


Қимыл-қозғалыс ойындары
Балалар дүниетанымының және қозғалыс тәжірибесінің кеңеюіне байланысты ойындар
алуан түрлі бола түседі. Негізгі мазмұн жануарлардың, құстардың қимыл-әрекеттерін,
көлік түрлерінің қозғалыстарын, адамдардың заттық іс-әрекетін қайталап көрсетуді
қамтиды.


Page 24

24

Қимыл-қозғалыс ойындарының көпшілігінің сюжеті жан-жақты және шартты түрде
алынған рөлдері бар. Ойынның аты да рөлдік атауларға байланысты болады
(«Балапандар», «Мысық пен тышқандар») – бұл балалардың ойындағы мінез-құлығы мен
қимыл-қозғалыстарын белгілейді.
Кейбір ойындарда балалардың рөлдері бірдей болады, ойындағы қимыл-қозғалыстары
да бірдей. Мысалы, «Пойыз», «Автокөлік» ойындары. Кейбір ойындарда бір жетекші рөл
болады – «Мысық», ал қалған балалардың барлығы ортақ рөлді «Тышқандар» орындайды.
Бұл жастағы балалардың қимыл-қозғалыстарын түрлендіру үшін ойынның шарттары мен
балаға берілген рөлдің мәні арта түседі. Баланың рөлді орындауға деген қатынасы
өзгереді. Мысалы, екі жастағы балаларда жетекші рөлді орындауда жауапсыздық
танылады: қасқыр бір қоянды ұстап алған соң, басқа қояндардың артынан қумай, ұсталған
қоянмен бірге жүгіре береді. Ал жыл соңында балалар өздеріне тапсырылған рөлді түсіне
бастайды: қоянды ұстаған қасқыр оны тоқтатып, басқа қояндардың артынан қуады. Бұл
жаста жетекші рөлді педагог, көбінесе өзі орындайды.
Ойын әрекеттерінің мазмұны балалар үшін түсінікті және қызықты болғанына баса
көңіл бөлу керек. Бұл олардың ойындағы белсенділігін арттырып, қимыл-қозғалыстарға
анық, эмоционалды реңк береді.
Балалардың қимыл-қозғалыс ойындарында біршама күрделі қимылдар кездеседі:
орындыққа шығу, содан соң одан түсу, керілген жіптің, доғаның астынан өту. Түрлі
қозғалыстар біріктіріледі: доптарды алысқа лақтыру, қуып жету, ұстап алу. Күрделі
мазмұны бар ойындарға қатысқан балалар әлі де тек жеке нәтижеге баса назар аударып,
әрқайсысы жеке-жеке ойнап кетеді. Қимыл-қозғалыс ойын әлі балалар тобының
бірлескен ойыны болып табылмайды.
Бұл топта ән айтып, ұйқастырып мәтін оқу әрекеті бар ойындар кеңінен қолданылады.
Мұндай ойындарда балалардың қимыл-қозғалыстары бірлескен сипатқа түсіп, бір мезгілде
орындалуына қол жеткізуге болады.
Педагог пен балалардың ойынға дайындалуы ойынды әрі қарай табысты түрде жүзеге
асыруда маңызды. Егер ойын шарттары жаңа әрі белгісіз болса, үш жастан енді асқан
балалар үшін ойын шарттарымен және қолданылатын заттармен алдын ала танысып
алудың маңызы әлі жоғары болып қала береді.
Ойынға дайындалғанда педагог оны өткізу шарттарын мұқият ойластырып, ойын
материалын алдын ала дайындап алуы тиіс. Сондай-ақ ойын барысына, балалардың
алаңда орналасуы мен орын ауыстыру мүмкіндіктеріне, рөлдерді бөлуге де көңіл аудару
қажет.
Ережелерді орындаудағы негізгі талаптар: бірлесіп әрекет ету, өздерін кідірту;
әрекеттерді ойын сюжетіне сәйкес бастау және аяқтау; берілген бағытта белгілі бір
әдіспен қозғалу; қозғалыстардың анық болуына назар аудару біліктерін тәрбиелеу.
Қимыл-қозғалыс ойындардың жүйелі түрде қайталануы арқыл ы дағдыларды
жетілдіріп, бекітуге, ұжымдық ойындарда жеңіл әрі еркін қозғалуға, ойын жағдаятында
жылдам бағдарлануға, басқа ойыншылардың қимыл-қозғалыстарына қарай жылдам әрі
саналы түрде жауап қозғалыс жасауға қол жеткізуге болады. Ойын ережелерін қайталап
орындау екінші кіші топ жасынан бастап баланың ойлау қабілетін дамытуға, оның ерік-
жігерін тәрбиелеуге көмектеседі – бұл өте маңызды.
Қимыл-қозғалыс ойындарды қайталау барысында ойын сәл түрленіп, күрделене түссе,
оның тәрбиелік және білімділік мәні артады. Ойынды жаңа ережелер қосып, оларды
орындаудағы дәлдікті талап етіп, ойыншылар санын көбейту арқылы күрделендіруге
болады. Сондай-ақ жаңа қимыл-қозғалыс түрлерін қосу (жүру емес, жүгіру, аттап өту
емес, өрмелеп екінші жағына түсу), қозғалыс қарқындылығын, балалардың сап түзеу
түрін, ойын шартын өзгерту арқылы да ойынды күрделендіруге болады.
Өзгеріссіз бір ойынды 2-3 реттен артық өткізуге болмайды, әйтпесе ол балаларды
жалықтырып жібереді. Сондықтан арагідік басқа, бұрыннан таныс ойындарды ойнату


Page 25

25

қажет. Содан кейін ғана алдымен өзгеріссіз, бірінші ойынды бір рет өткізіп алып, кейін
мазмұны мен ережелерін күрделендіруге болады.
Педагог ойын кейіпкерлерінің мінез-құлығы қандай екенін балаларға көрсетіп,
түсіндіреді, әрқайсысына тән қимыл-қозғалыстарды ерекше атап көрсетеді.
Жыл басында ойындағы қимыл-қозғалыстар ойын сюжетін жүйелі түрде түсіндіретін
ересек адамның әңгімелеуі көмегімен жүзеге асады.
Екінші кіші топтың балалары үшін ойын жағдаятын елестетудің мәні жоғары: мысалы,
қояндар торда (шеңбер ішінде) қамалып отыр, күзетші келіп есікті ашқанша, олар отыра
береді.
Бұл жас тобында балалардан ойын шарттары мен ережелерін дәлме-дәл орындауды
талап ету және соған қол жеткізу қажет. Балалардың кеңістіктік бағдарлануына
талаптарды арттырумен байланысты ойын талаптарын орындауға арнайы түрде көңіл
бөлу қажет. Олар ойын барысында саптағы орындарын таба білуі (пойызда белгілі бір
орынға тұру, өз ініне ғана жасырыну, өз орнын табу) керек. Біртіндеп балаларды ойын
барысында сығылыспай, қақтығыспай, алаңның не учаскенің өн бойына орналасуға,
бастаушыдан алысырақ шашырап жүгіруге, шеңберді тарылтпауға үйретеді. Қозғалыс
тәжірибесінің жинақталуына және дербестігінің арта түсуіне байланысты кеңістікте
бағдарлану білігі де артады.
Педагог енді ең зерек және белсенді балаларға емес, басқа балаларға да жауапты рөлді
тапсыра бастайды. Балалардың жетекші болуға деген ынтасын арттыра отырып, ол
балаларды рөлдерге тағайындауда кезектілікті сақтауға, момын, ұялшақ балаларды
көбірек қызықтыруға тырысады, оларға рөлді орындауға көмектеседі.
Ересек адамның ойынға өзі де қатысуы ойынның эмоционалдық сипатын арттырады,
тәрбиеші мен балалардың арасындағы достық қарым -қатынастың орнауына және
балалардың ұжымдық жағымды қарым-қатынастарын дамытуға көмектеседі.













Page 26

26


Ұйымдастырылған оқу қызметінің перспективалық жоспары

ҰОҚ
тақырыбы
Мазмұны Ұйымдас
тырыл-
ған оқу
қызметі-
нің саны
І жартыжылдық
1. Спорт-
залмен
таныстыру

Негізгі қимылдар: бір қатарға сапқа тұру.
Сап түзеп бір қатармен жаяу жүру.
Мақсаты:саусақ гимнастикасын қолдана отырып, дене
жаттығуларын орындауға қызығушылықтарын қалыптастыру.
Міндеттер:саптағы өз орнын таба білуге үйрету.
Саптан шығып кетпей, бағытын сақтай отырып жаяу жүруді
үйретуді бекіту.
Спортзалда жаттығуға тәрбиелеу, кеңістікте бағдарын
айқындауға үйрету, зейінін дамыту. Салауатты өмір сүруге
дайындау.
Ойын:«Маған қарай жүгір».
Мақсаты:тікелей бағытта жүгіруге жаттықтыру, зейінін
дамыту.
1
2. Спортзал-
да ойнаймыз

Негізгі қимылдар: шеңбер құрып сапқа тұру.
Сапқа тұрып берілген белгі бойынша тоқтап, бір қатармен жаяу
жүру.
Мақсаты:денсаулық сақтау технологиясын және ойын және
тыныс алу гимнастикасын қолдану арқылы балалардың дене
шынықтыру жаттығуларын орындауға қызығушылығын
қалыптастыру және қызығушылығын дамыту.
Міндеттері:сапта бағытты сақтай отырып жүруді үйрету,
педагогтің берген белгісі бойынша тоқтауды үйренуді
қалыптастыру.
Шеңбер бойына сапқа тұруды үйретіп, оны бекіту, өз іс-
әрекетін басқа балалардың іс-әрекетімен сәйкестендіре білу.
Зейінін дамыту, кеңістікте бағдарын айқындауға үйрету,
жинақылыққа тәрбиелеу, спортзалда өтетін жаттығуларға
сергек көңіл күй, оң көзқарас қалыптастыру.
Ойын:«Ең жылдам».
Мақсаты: тікелей бағытта жүгіруге үйрету, жылдамдықты
дамыту.

1
3.Қуыршақ-
тар дене
шынықтыру
ды ұнатады
(таза ауада)

Негізгі қимылдар: сапқа бір қатар болып тұру, сапта бір
қатармен жүру және жүгіру.
Тепе-теңдікті сақтапқуыршақты қолда ұстап, баспалдақпен
төбешікке (горка) көтерілу, тұтқаларынан ұстамай, төмен қарай
отырып сырғанау.
Мақсаты:денсаулық сақтау технологиясын қолдану арқылы
балалардың дене шынықтыру жаттығуларын орындауға
қызығушылығын қалыптастыру және қызығушылығын
дамыту.
Міндеттері: ойын тапсырмалары бойынша қуыршақтарды
қолдану арқылы сапқа бір қатарға тұра білуді бекіту.
Қуыршақты құшақтай жүріп, қырға баспалдақпен көтерілгенде
1


Page 27

27

және төмен қарай сырғанағанда тепе-теңдікті сақтай білуді
үйрету. Ептілікті, қозғалыс үйлесімділігін дамы ту,
ойыншақтарға ұқыпты қарауға тәрбиелеу, денешынықтыру
сабағына қызығушылықты арттыру.
Ойын:«Күлше нан».
Мақсаты: шеңбер бойына сапқа тұруға жаттықтыру, шеңберді
айнала жүруге, ойын ережелерін орындауға үйрету.

4. Қоянмен
бірге
ойнаймыз

Негізгі қимылдар:екі аяқпен секіру(аяқты қосып секіру және
екі жаққа алшақ қойып секіру).
Шеңбер бойына сапқа тұрып жаяу жүру.
Мақсаты:денсаулық сақтау технологиясын және «Қояндар»
саусақ гимнастикасын қолдану арқылы балалардың дене
шынықтыру жаттығуларын орындауға қызығушылығын
қалыптастыру және қызығушылығын дамыту.
Міндеттері: екі аяқпен секіруге үйрету (аяқты қосып секіру
және екі жаққа алшақ қойып секіру), тізені аздап бүгіп, екі
аяқпен серпіле секіру.
Бір қарқынды сақтай отыра шеңбер бойымен жүре білуді
бекіту.
Жаттығу жасау кезінде тыныс алуды тоқтатпауды
қалыптастыру.
Үйлестіру қабілетін дамыту, қарқынды сақтау, педагогтің
нұсқауымен іс-әрекетті жылдамдата және баяулата орындай
білу, мейірімділікке, ымырашылдыққа тәрбиелеу.
Ойын: «Қияр».
Мақсаты:жүгіру кезінде жалтарып кете білуге жаттықтыру,
ойын ережелерін сақтай білуді дамыту.

1
5.Доппен
танысамыз

Негізгі қимылдар:бір-біріне допты домалату(аяқты алшақ
қойып отыру, арақашықтық – 1 метр).
Екі аяқпен ептілікпен секіру (аяқты қосып секіру және екі
жаққа алшақ қойып секіру).
Мақсаты:«Қыздар және ұлдар» ойын -жаттығуынқолдану
арқылы балалардың дене шынықтыру жаттығуларын
орындауға қызығушылығын қалыптастыру және
қызығушылығын дамыту.
Міндеттері: аяқты алшақ қоя отырып, 1 метр арақашықтықта
бір-біріне допты домалатуға үйрену, доптың қозғалысының
бағытын сақтауды үйренуге қалыптастыру.
Екі аяқпен ептілікпен секіруге жаттығу (аяқты қосып секіру
және екі жаққа алшақ қойып секіру), тізені аздап бүгіп секіріп,
аяқты алшақ не бірге қойып секіруге жаттығу.
Көзбен өлшеуді, зейінін дамыту, үйлестіру қабілетін арттыру,
мейірімділікке, спортзалдағы тәртіпке тәрбиелеу.
Ойын: «Тышқандар».
Мақсаты:саптағы орнын жылдам таба білуді бекіту, тақпақ
мәтініне сай қозғалыстар жасай білуді қалыптастыру.
1
6.Қонжық-
пен бірге
ойнаймыз
(таза ауада)
Негізгі қимылдар: сызық үстінен екі аяқпен секіру, кедергілер
арасынан жүру және жүгіру.
Мақсаты:екі аяқтап секіру дағдысын қалыптастыру.
Міндеттері:екі аяқпен сызықтан секіруге үйрену. Кедергілер
1


Page 28

28

арасынан жаяу жүріп және жүгіріп өту дағдысын бекіту,
ептілікті жетілдіру.
Шектелген алаң үстінен жүргенде тепе-теңдікті сақтауды
жетілдіру. Балаларды бір-бірін қадірлеу, өзара жайлы қарым-
қатынас орнатуға тәрбиелеу, зейінін дамыту. Жарақаттанудың
алдын алу.
Ойын: «Допты домалат».
Мақсаты:допты саусақтарымен епті, шапшаң қозғау арқылы
домалата білуді бекіту

7.Балақайлар

Негізгі қимылдар: 4 метр қашықтыққа тіке бағытта еңбектеу.
Аяқтарын алшақ ұстай отырып допты бір-біріне домалату,
арақашықтық – 1 метр.
Мақсаты:төрттағандап еңбектеу дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:белгіленген бағытты сақтай отырып еңбектеуге
үйрету.
1 метр қашықтықта аяқтарын алшақ ұстай отырып допты бір-
біріне домалату әдісін бекіту, допты қолмен лақтыру күшін
дамыту. Көзөлшемін, төзімділікті дамыту, достық қарым-
қатынасқа, бірлесе ойнауға үйренуге тәрбиелеу.
Ойын: «Шеңберге шапшаң тұр».
Мақсаты: бір бағытта жүгіруге жаттығу, зейінін арттыру,
шапшаң қозғалысқа үйрету.

1
8. Марғаулар

Негізгі қимылдар: ені – 25 см, ұзындығы 2,5 метр тіке жолмен
жүру
Кез келген бағытта еңбектеу.
Мақсаты:тура жолмен жүру дағдысын қалыптастыру.
Міндеттері:тіке жолмен жүруді үйрету(ені – 25 см, ұзындығы
– 2,5 метр), ауданы шектелген заттың үстінде жүру кезінде
тепе-теңдікті сақтай білуді қалыптастыру. Кез келген бағытта
еңбектеуге жаттықтыру. Ептілікті, икемділікті дамыту,
мейірімділікке, жан-жануарларға қамқорлықпен қарауға
тәрбиелеу.
Ойын: «Орныңды тап!».
Мақсаты:зейінін арттыру, өз орнын шапшаң таба білу.

1
9.Әжемнің
ауылында(та
за ауада)

Негізгі қимылдары: ені – 20 см, ұзындығы 3 м ирек жолмен
жүру
Допты бір-біріне екі қолмен домалату (арақашықтығы – 1,5
метр). Жоғарыда ілініп тұрған затқа қолын тигізіп, биіктікке
секіру.
Мақсаты: велосипед тебу дағдысын қалыптастыру.
Міндеттері:тұрақты тепе-теңдікті сақтай отырып, шектелген
тірек аумағында жүруге жаттықтыру. Үш дөңгелекті велосипед
тебу дағдысын қалыптастыру.Ептілікті, жылдамдықты, зал
кеңістігін бағдарлауды дамыту. Балалардың ауылдағы үй
жануарлары мен құстары туралы білімдерін бекіту. Бұлшық ет
корсетін нығайтуды жалғастыру, майтабан мен сколиоз
профилактикасына ықпал ету.
Ойын: «Тауық және балапандар».

1


Page 29

29

10.Тентек
тышқандар

Негізгі қимылдары:4 метр қашықтыққа тура бағытта
еңбектеу.
Түрегеп тұрып бір-біріне допты домалату (арақашықтық – 1,5
метр).
Мақсаты:тыныс алу гимнастикасын және білекке арналған
«Тышқан» массажын қолдану арқылы балалардың дене
шынықтыру жаттығуларын орындауға қызығушылығын
қалыптастыру және қызығушылығын дамыту.
Міндеттері: белгіленген бағытты сақтай отырып, еңбектеп
жүруді үйренуді жалғастыру, қолдары мен аяқтарының
ептілігін жетілдіру.
1,5 метр қашықтықта түрегеп тұрып бір-біріне допты домалату
жаттығуларын жалғастыру, доптың қозғалысын төменнен
күшпен лақтыра отырып бағыттай білуді бекіту. Көзөлшемін,
зейінін дамыту, жинақылыққа тәрбиелеу, педагогтің
нұсқауларын орындай білуді қалыптастыру.
Ойын: «Мысық пен тышқандар».
Мақсаты: тақпақтың мәтініне сай дене қимылын жасауды
үйренуді жалғастыру.

1
11.Айгүл
есімді
қуыршақпен
танысу

Негізгі қимылдары: 4 метр қашықтыққа алақан мен тізені
тіреп, тіке бағытта еңбектеу.
Екі аяқпен секіру (аяқтарын қосып секіру, екі жаққа алшақ
қойып секіру).
Мақсаты:бір орында тұрып екі аяқпен секіру дағдысын
қалыптастыру.
Міндеттері:белгі бойынша тоқтауға үйрену, тепе-теңдікті
сақтап отыра білу, орнынан тұру және жүгіруді жалғастыру.
Алақан мен тізенітіреп еңбектегенде қимыл-қозғалыстарын
үйлестіре білуді бекіту.
Бір орында тұрып екі аяқпен секіруге жаттығу, бір мезетте екі
аяқпен секіре білуді мүлтіксіз орындауды үйрену. Кеңістікте
бағдарын айқындауды, үйлестіруді, зейінін арттыруды
жетілдіру. Денешынықтыру сабақтарына балалардың оң
көзқарасын қалыптастыру, өз денсаулығына мұқият болуға
үйрету.
Ойын: «Кеттi, кеттi орамал».
Мақсаты: ұсақ қимыл-қозғалыстарын (моторикасын) дамыту,
басқа балалармен қарым-қатынас жасағанда өз іс-әрекетін
келістіре білу.

1
12.Ертегіде
қонақта
(денешыны-
тыру
+театрлан-
дырылған
көрініс) (таза
ауада)

Негізгі қимылдары: 15 см биіктіктегі заттардан секіріп түсу.
Төрттағандап еңбектеу, доға жасап тұру, екі қолмен әртүрлі
бағытта допты домалату.
Мақсаты:биіктіктен секіру дағдысын қалыптастыру.
Міндеттері:балаларды15 см биіктіктегі заттардан секіріп
түсуге үйрету, екі аяқпен алға қарай секіру. Төрттағандап
еңбектеуге, доға жасап тұруға жаттығуды жалғастыру. Екі
қолмен әртүрлі бағытта допты домалатуды жетілдіре түсу.
Негізгі түстер – қызыл, сары, жасыл, көкті ажыратуды
жалғастыру, кеңістікте бағдарды айқындауды, зейінін
арттыруды жетілдіру. Кейіпкерлердің әртүрлі іс-қимылы мен
1


Page 30

30

пішімін, интонациясын, мәнерлеп оқуын балалардың ауызша
сөйлеуін дамытуда қолдануға ықпал ету. Балаларды ойын
ойнаудың қарапайым ережелерін сақ тауға тәрбиелеу.
Ертегілерге қызығушылықтарын тәрбиелеу.
Ойындар: «Әрбір дәнді өз қабына сал», «Көлбақа
қоңыздарды теруде», «Түлкі, тауық және әтештер»,
«Қояндар мен қасқыр».
Мақсаты: тек белгі берген кезде ғана қимыл жасауды үйретуді
жалғастыру, қимыл-қозғалыстардың үйлесімділігін
қалыптастыру.

13.Балалар
достығы –
аңдар
достығы

Негізгі қимылдары: Алға қарай екі аяқпен секіру(2 метр
қашықтыққа).
Тоқтап тұрып және тапсырманы орындай отырып (өзін айнала
отырып) жүгіру.
4 метр қашықтыққа тіке бағытта төрттағандап еңбектеу
Мақсаты:алға жылжи отырып секіру дағдысын қалыптастыру.
Міндеттері: алға қарай екі аяқпен секіруге үйрету, бір мезетте
екі аяқпен секіре білуді мүлтіксіз орындауды жетілдіру.
Тоқтап тұрып және тапсырманы орындай отырып (өзін айнала
отырып) жүгіруге жаттығу, белгі бойынша тоқтауға үйренуді
бекіту, тапсырманы орындау кезінде тепе-теңдікті сақтай білу.
Тура бағытта төрттағандап еңбектей білуді қалыптастыруды
жалғастыру. Ептілігін, күшін, зейінін дамыту. Қимыл-
қозғалыстың басында не соңында белгіні қабылдай білуді
жетілдіру. Төзімділікке, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Ойын: «Қонаққа барайық».
Мақсаты: алаңның бір жағынан екінші жағына жүруге
жаттығу, музыка ырғағымен қымыл-қозғалыс жасау.

1
14.Түрлі
түсті
доптар

Негізгі қимылдары: Допты 1 метр қашықтықта орналасқан
қақпа арқылы домалату(ені – 60 см).
2 метр қашықтыққа алға қарай екі аяқпен секіру.
Мақсаты:допты домалату дағдысын қалыптастыру.
Міндеттері: қақпа арқылы (ені – 60 см) допты домалатуға
үйрену, көзөлшемді жетілдіру.
Бір мезетте екі аяқпен секіріп және жартылай бүгілген аяқтың
ұшымен түсе білуді мүлтіксіз орындауды үйренуді бекіту.
Жаттығулардың барлығын бір қарқында орындай білуді
қалыптастыру, дене бітімінің түзу қалпын сақтай білу,
қимылдың берілген бағытын сақтау. Ептілікті, күшті, зейінді
жетілдіру, спортзалында өзін ұстай білуге тәрбиелеу.
Ойын: «Өз орныңды жылдам тап!».
Мақсаты: музыка ойнаған сәттен-ақ қимыл-қозғалысты бастай
білуге жаттығу, кеңістікте бағдарды айқындауды жетілдіру.

1
15.Сылдыр-
мақтар
қайда?(Таза
ауада)

Негізгі қимылдары: еденге қойылған тақтайшамен жүру.
40 см қашықтықта орналасқан сылдырмақтар арасынан жүгіріп
өту.
Еденде отырып сылдырмақтардан жасалған «қоршауға» тигізе
өтіп, допты домалату.
Мақсаты:жерде жатқан тақтаймен жүру. 40 см интервалмен
1


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!